Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эко.лек.тезистері.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850 Кб
Скачать
☆

2. Ереше бөлімде қаралатын институттар:

  • жердің құқықтық режимі;

  • жер қойнауының құқықтық режимі;

  • судың құқықтық режимі;

  • ормандардың құқықтық режимі;

  • жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі;

  • атмосфералық ауаны құқықтық қорғау;

  • ерекші қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі.

3. Арнайы бөлімде қаралатын институттар:

- қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау қатынастары қаралады.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық құқықтың түсінігі.

2.Экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипаты.

3.Экологиялық құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.

4.Экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы.

5.Экология құқықтың әдістері, қағидалары.

6.Экологиялық құқықтың жүйесі.

Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы мен қайнар көздері.

Жоспар:

1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы.

2. Экология құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері және классификациясы.

3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы және экологиялық құқықтық ережелер мен талаптар.

4. Үкіметтің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың экология-құқықтық актілері.

5. Экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы.

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықағаның тарихын, қайнар көздерінің түсінігін, түрлерін, экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін оқытып, үйрету.

Лекция мєтіні

1. “Экология” деген сөзді ғылымға алғаш рет 1866 жылы неміс биологы Э.Геккел ендірген болатын. ХХ ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық ахуалдың нашарлауынан, соған орай экологияның қамтитын тақырыптарының күрделенуінен өз кезегінде экология ғылым саласы, яғни маман-биологтардың зерттеу пәні ғана емес, қазіргі таңдағы ең маңызы зор ғылымның кешенді саласына айналған.

Заң әдебиеттері экологиялық мәселені екі аспектіде қарастырады, яғни табиғатты тиімді құқықтық пайдалану және қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау. Табиғатқа әсер етудің бір-бірімен байланысты бұл екі түрі экология құқығы пәнін оқытудың негізгі мазмұнын құрайды. Сонымен бірге бүгінгі таңдағы қалыптасқан экологиялық жағдай, табиғатқа әртүрлі жолдармен әсер етудің жағымсыз салдарлары тікелей адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр.

Сондықтан республикамызда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау мәселесі экологиялық қауіпсіздіктің негізін құрайды, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық басым салаларының бірі және халықаралық интеграциялық процестерде еліміздің мүддесі мен басым құқықтарын қорғауда маңызды критерий болып табылады. Бұл негіздер ҚР Конституциясында және Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында басты бағытта заңдастырылған. Осы міндеттердің құқықтық тұрғыдағы түсіндірілуі мен оқытылуы экологиялық құқықтың алға қойған мақсаттарының бірі болып танылмақ.

Экологиялық құқық - “құқықтану” мамандығы бойынша жоғарғы заң оқу орындарында оқытуға арналған ҚР Білім жєне ғылым министрлігінің типтік оқу жоспарында бекітілген жеке кешенді оқу пәні ретінде саналады. Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеудің кешенді саласы саналатын бұл құқықтың ерекшеліктері осы оқу жоспарының жүйесінде ескерілген. Оның жүйесі жалпы, ерекше және арнайы бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімде барлық оқу пәндеріне ортақ экологиялық құқықтың қарастыратын құқықтық институттар жүйесі қамтылған. Ал, ерекше бөлім табиғи және аумақтық кешендерді, жекелеген табиғат объектілерін қорғаудың, қалпына келтірудің және пайдаланудың экологиялық-құқықтық режиміне арналса, арнайы бөлімде қоршаған ортаны халықаралық қорғаудағы ынтымақтастық қатынастарын реттеуге маңыз берілген.

Бұл құқықтың қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған қарай қатынастардың да бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шыға бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар біртұтас. Сонымен қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы пайда болады. Экология құқығын-экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық актілерімен реттеледі.

2. Экология құқығының қайнар көздері - айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, спасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің жиынтығы болып табылады. Экология туралы заңдарды мазмұны жағынан, заң қабылдайтын огандардың түрлері немесе олардың заң шығару өкілеттігі жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

Экология құқығының негіздері ішінде ҚР конституциясы ерекше орын алады. ҚР Конституциясы табиғи ресурстар қорларының құқықтық жағдайын және оның аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға болмайтынын, табиғи қорларды мемлекет атынан иемдену құқығын жүзеге асыру жолдарын, заңдарын, соның ішінде экологиялық заңдардың, өзге де құжаттардың Конституция ережелеріне қайшы келмеуін, азаматтардың өмір сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы табиғи ортада тұру құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттерін белгілейді.

Экология құқығының экологиялық қатынастарды реттеудің мазмұнына қарай, оның жүйесін құрайтын қатынастарға және соларға байланысты нормативтік құжаттардың мазмұнына қарй мынадай турлерге бөліп қаруға да болады. Жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер және оның құрамдас бөлігі болып саналатын салалық нормативтік құқықтық актілер:

Жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілердің өзі екіге бөлінеді:

1. негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;

2. туынды жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;

Негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілерге төмендегілер жатады:

  1. ҚР Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 қаңтардағы.

  2. ҚР Экологиялық сараптамасы туралы 1997 жылғы 18 наурыздағы заңы.

  3. ҚР Азаматтарының денсаулығын сақтау туралы 1997 жылғы 19 мамырдағы заңы.

  4. ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы 1994 жылғы 8 шілдесінде қабылданған заңы;

  5. ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 жылғы 5 шілдеде қабылданған заңы.

Туынды жалпы экологиялық нормативтік құқықтар актілеріне жататындар;

1. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі туралы ереже ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуірдегі N481 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, N15,154-құжат);

2. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы Ереже ҚР Үкіметінің 2005 жылғы14 қаңтардағы N14 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 2005 ж. N1, 64-70 б.б.

Салалық негізгі нормативтік құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Жер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

2. Жер қойнауы және он пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

3. Ормандар мен басқа өсімдіктер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

4. Су жөніндегі негізгі нормативтік құқықтық актілер;

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

7. Атмосфералық ауаны қоғау туралы негізгі нормативтік құықтық актілер;

8. Экология саласында халықаралық экологиялық ынтымақтастықтар туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

Осы аталған негізгі салалық нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері де бар.

3. Республикамызда азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау мәселесі экологиялық қауіпсіздіктің негізін құрайды, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық басым салаларының бірі және халықаралық интеграциялық процестерде еліміздің мүддесі мен басым құқықтарын қорғауда маңызды критерий болып табылады. Бұл негіздер ҚР Конституциясында басты бағыттардың бірі екендігі атап көрсетілген. Сондай-ақ ҚР Конституциясында табиғи ресурстарды мемлекеттік меншік арқылы пайдалану, оны қорғау, оны басқау табиғат туралы заңның бастамасы болып табылады.

4.

5.

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы.

2. Экология құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері және классификациясы.

3. Қазақстан Республикасының Конститутциясы және экологиялық құқықтық ережелер мен талаптар.

4.Үкіметтің, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың экология-құқықтық актілері.

5.Экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы.