Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9_MR_PZ_gos.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

5. Білім беру және оқыту әдістері (кіші топтар, дискуссия, ситуациялық есептер, жұптарда жұмыс істеу, презентациялар, кейс-стади және т.Б.)

6. Әдебиеттер:

негізгі:

  1. Руководство по первичной медико-санитарной помощи + СD/ А.А.Баранов, И.Н.Денисов, А.Г Чучалин редакцияда – М., 2006. – 1584 б.

  2. Практическое руководство для врачей общей (семейной) практики /РМҒА академиктің И.Н. Денисовтің. – М.: ГЭОТАР-МЕДИЦИНА, 2001. – 720 б.

  3. Сторожаков Г.И., Чукаева И.И., Александров А.А. Поликлиническая терапия. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2007. – 704 б.

  4. «Руководство по гематологии» Воробьева А.И. редацияда, т.1 және т.2, 2002

қосымша:

1. Денисов И.Н., Мовшович Б.Л. Общая врачебная практика: внутренние болезни-интернология. М., 2001

2. Полный справочник участкового терапевта /Под ред. Елисеева Ю.Ю.- М.: Изд-во Эксмо, 2003. – 896 б.

3. Поликлиническая терапия./ В.А.Галкин редацияда – М.: Медицина, 2000. – 256 б.

4. Внутренние болезни /Под ред. Мартынова А.И., Мухина Н.А., Моисеева В.С.-М.:Мэотар-Мед., 2004.-т.1.-600с.

5. Козинец Г.И. «Атлас клеток крови и костного мозга» М., 1998

6. Козинец Г.И., Макарова В.А. «Исследование системы крови в клинической практике» М., 1997

7. Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов: Т.5-М.: Мед. Лит., 2003. – 512б.

8. Окороков А.Н. Лечение болезней внутренних органов: Т.2-М.: Мед. Лит., 2000. – 608б.

9. Шулутко Б.И., Макаров В.С. Стандарты диагностики и лечения внутренних болезней. – Спб.: Эрба, 2004

7. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.Б.)

  1. Түрлі анемиялардың (теміртапшылықты, В12-тапшылықты, гипо-аплатискалық) және гемобластоздар этиологиясы, патогенездің негізгі бөлімдері және қауіп-қатер факторлары туралы қазіргі көзқарастары;

  2. Анемиялардың, жедел және созылмалы лейкоздардың классификациясы;

  3. Теміртапшылықты, В12-тапшылықты, гипо-аплатискалық анемиялар кезінде клиникалық көрінісі, жасқа және жынысына байланысты ағымының ерекшеліктері;

  4. Амбулаторлы жағдайда теміртапшылықты, В12-тапшылықты, гипо-аплатискалық анемиялардың диагностикалық критерийлер;

  5. Амбулаторлы жағдайда анемиялық синдромы бар науқастарды жүргізудің қазіргі тактикасы;

  6. Теміртапшылықты, В12-тапшылықты, гипо-аплатискалық анемиялар кезінде дәрілік-еңбектік экспертизасы және динамикада байқап тұру.

«Жалпы тәжірибедегі дәрігердің жұмысындағы анемиялық синдром және гемобластоздар» тақырыпқа

5 Курс студенттерге арналған тесттік тапсырмалар:

1 нұсқа

  1. Теміртапшылықты анемияға тән:

A)ретикулоцитоз

B)макроцитоз эритроцитов

C)тіндерде темірдің қорлануы

D) гипохромды анемия

E)гиперхромды анемия

  1. Қандай ауру кезінде қанның анализі: эр-2,9 млн, Нв – 78 г/л, ЦП- 0,8, лейк-4,0 мың, тромб-200 мың:

A) теміртапшылықты анемия

B) В12-тапшылықты анемия

C) гемолитикалық анемия

D) гипопластикалық анемия

E) сидероахрестикалық анемия

  1. Терінің құрғауымен, тынақтың сыңғыштығымен, шаштардың түсуі мен ерте ағаруымен, дәмнің және иістің бұрмалауымен жүретін синдром?

А) циркуляторлы-гипоксиялық

В) сидеропениялық

C) интоксикациялық

D) геморрагиялық

E) гиперпластикалық

  1. ТТА диагностикалық критерийлерге жатпайды:

A) гемоглобина деңгейінің төмендеуі (110 г/л төмен)

B) түстік көрсеткіштің төмендеуі (0.85 төмен).

C) сарысулық темірдің түсуі

D) сарысудың жалпы темірбайланыстырушы қабілеттің төмендеуі

E) сарысудың жалпы темірбайланыстырушы қабілеттің жоғарлауы

  1. Студент қыз 22 жаста, есептегі дәрігерге ентігуге, жүрек қағуына, бас айналуына, құлақтың шуылдауына, тәбеттің бұрмалауына (борды, ұнды жейді), тәбіттің жоғалуына, әлсіздікке шағымданып келді. 2 жылдай ауырады, соңғы 1,5 жылда гиперполименоррея. Қарағанда: арық, тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары боз, тырнақтары деформацияланған, ішке қарай майысқан. Өкпе және жүрек – айырмашылығы жоқ, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қанның анализі: эр-2,9 млн, Нв-72 г/л, ЦП-0,7, лейк- 4.0мың, ЭТЖ-26мм/сағ, анизоцитоз++, пойкилоцитоз+.

Диагнозды дәлелдеу үшін орынды зерттеуді тағайындаңыз:

A) қанның протеинограммасы

B) сарысулық темірге қан

C) Кумбс сынамасы D) цитохимиялық реакцилар

E) Хем сынамасы

  1. Қандай анемия кезінде фуникулярлы миелоз анықталады:

A) гемолитикалық

B) гипопластикалық

C) талассемия D) теміртапшылық

E) В12-тапшылық

  1. Гастроэнтерологиялық, неврологиялық және циркуляторлы-гипоксиялық клиникалық синдромдармен көрінетін анемия?

A) теміртапшылықты

B) В12-тапшылықты

C) гемолитикалық

D) гипопластикалық

E) сидероахрестикалық

  1. Әйел 78 жаста, есептегі дәрігерге жалпы әлсіздікке, ентігуге, тамақ ішкеннен кейін пайда болатын эпигатрийдгі ауырлығына, сасық иісті кекіруге, оң аяқтағы «құмырсқа» жүргендей сезімдерге шағымданып келді. Қан анализінде: эрит-2,5 млн, Нв – 80 г/л, ТК-1,3, лейк.-3,5 мың, тромбоцит- 150 мың, жалпы билирубин-45 мкмоль/л. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A) вирусты гепатит

B) темір жетіспеушілік анемия

C) гипопластикалық анемия

D) гемолитикалық анемия

E) В12-жетіспеушілік анемия

  1. Қандай гематологиялық белгі В12-тапшылықты анемияны дәлелдейді:

A) мегалобластты типті қан түзілуі

B) сүйек кемігінде эритрокариоциттер санның төмендеуі

C) түстік көрсеткіштің төмендеуі

D) түстік көрсеткіштің жоғарлауы

E) миелокариоциттер санның азаюы

  1. Әйел 28жаста, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы жарты жылда меноррагияларға шағымаданады. Қарағанда: тері және көзге көрінетін шырыштар бозарған, тырнақтарда көлденең сызықтар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритр - 3,2 млн, Нв – 86 г/л, лейк.-4,0мың, СОЭ-15 мм/сағ, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз++. Миелограммада сидеробласттар-12%. Сарысулық темір-7,0 мкмоль/л.

Сіздің болжама дигнозыңыз қандай?

A) ТТА

B) В12-тапшылықты анемия

C) аутоиммунды гемолитикалық анемия

D) гипопластикалық анемия

E) орақ-жасушалы анемия

  1. Темірдің латентті тапшылығы бар науқастар жылына қанша рет диспансерлік бақылауда болады:

A) «Д» қарау жылына 2 рет

B) «Д» қарау жылына 4 рет

C) «Д» қарау жылына 3 рет

D) диспансеризацияға жатпайды

E) «Д» қарау жылына 1 рет

  1. Апластикалық анемияға тән критейрийлері:

A) панцитоз

B) бластемия

C) қан түзудің мегалобластты түрі

D) гемосидероз

E) панцитопения

  1. L-аспаргиназа цитостатикалық препараттардың қандай тобына жатады?

A) антракиноин

B) глюкокортикоид

C) ісікке қарсы антибиотик

D) фермент

E) антиметаболитикалық

  1. Ер, 58 жаста, иық сүйектің сынығымен емханаға қаралды. Зерттегенде - ЭТЖ-55 мм/сағ, гиперпротеинемия, миелограммада – плазмоциттер -30%. Қандай болжама диагнозы?

A) жедел лейкоз

B) созылмалы миелолейкоз

C) созылмалылимфолейкоз

D) көптеген миелома (миеломдыауру)

E) Верльгофа ауруы

  1. Жедел лейкозы бар науқасқа аллогенді трансплантацияға оптималды кезең қандай:

A) бірінші атака

B) бірінші ремиссия

C) рецидив

D) екінші ремиссия

E) терминалды сатысы

  1. Ер, 53 жастаесептік терапевтке қаралды, шағымы сол жақ қабырға астындағы ауру сезімі.Зерттегенде - айқын спленомегалия. Анализ қанның: эр- 4,1 х1012 /л , Нв-120 г/л, лейк.-130х109 /л, промиелоциттер – 3%, миелоциттер – 5%, жас жасушалар – 9%. п/я-17%, с/я-48%, эоз.7%, баз.-3%, лимф.-8%, тр- 350х109 /л, ЭТЖ-28мм/ч. Қандай болжама диагнозы?

A) жедел лейкоз

B) созылмалы миелолейкоз

C) созылмалылимфолейкоз

D) остеомиелосклероз

E) эритремия

  1. АҚҚ жоғарлауы, эритромелалгия, «қоян көздер» симптомы қандай синдромға тән?

A) анемиялық

B) геморрагиялық

C) гиперпластикалық

D) плеторикалық

E) ДВС-синдром

  1. Ер бала, 16 жаста лимфоаденопатиямен айқын әлсіздікпен келді. Канның анализінде: эр-2,5 х1012 /л, Нв-79 г/л, ТК-0,8, лейк.6,0 х109 /л, бласттар -80%, тромбоциттер – 100 х109 /л. Қандай зерттеу әдісі диагноз қоюға көмектеседі?

A) лейкоконцентратты зерттеу

B) трепанобиопсия

C) лимфотүйіннің биопсиясы

D) стерналды пункция

E) компьютерлік томография

  1. Сүйек кемігінің плазмалық инфильтрациясы қандай ауруға тән?

A) жедел лейкоз

B) миеломды ауру

C) апластикалық анемиялар

D) созылмалы миелолейкоз

E) созылмалы лимфолейкоз

  1. Жедел лейкозды нақтылап дигнозды қою үшін бластты клеткалардың деңгейі қандай болуы керек?

A) 5%

B) 10%

C) 15%

D) 30%

E) 50%

  1. Ер, 53 жаста, мал дәрігері, айқын спленомегалиямен түсті. ЖҚА: эр. 3,2 х1012 /л, Нв – 98 г/л, лейк.- 120 х109 /л, промиелоциттер – 12%, миелоциттер – 10%, п/я-12%, с/я-32%, лимф.-19%, баз.-7%, эоз.-8%, ЭТЖ-42 мм/ч. Реакция Райта және Хеддельсона- теріс. Болжамалы диагноз қандай?

A) жедел лейкоз

B) соызлмалы лимфолейкоз

C) созылмалы миелолейкоз

D) созылмалы бруцеллез

E) эритремия

  1. Ер, 65 жаста, лимфоаденопатия. Қан анализінде - лейкоцитоз абсолютті лимфоцитозбен, Боткина – Гумпрехта денешіктері. Болжамалы диагноз қандай?

A) жедел лейкоз

B) лимфогранулематоз

C) лимфосаркома

D) созылмалы лимфолейкоз

E) созылмалы миелолейкоз

  1. Науқас, 45 жаста әлсіздікке, тершендікке, салмақ тастауына, сол жақ қабырғаастындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті қарағанда: терісі бозарған, ылғалды. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Бауыры үлкейген +3 см, көкбауыры кіндік деңгейінде, тығыз, ауру сезімі жоқ. Қанда: эр - 3,0млн, лейк.-96 мың, миелобласттер- 2%, промиелоциттер – 4%, метамиелоциттер-8%, таяқ.-12%, сегм-52%, эоз.-5%, базоф.-5%, лимф.-12%, тромб.-200мың, ЭТЖ-60 мм/сағ. Сіздің диагнозыңыз?

A) жедел миелобластты лейкоз

B) созылмалы миелолейкоз

C) созылмалы лимфолейкоз

D) миелоидты типті лейкемоидті реакция

E) эритремия

  1. Науқаста созылмалы миелолейкоза клиникалық және лабораторлы түрде дәлелденген .

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу жасау қажет?

А) өкпе рентгенографиясы В) көкбауырды УДЗ С) көкбауыр биопсиясы D) Ph‘-хромосоманы цитогенетикалық анықтау Е) ЭКГ

  1. Ер адам, 28 жаста 3 апат бойы стоматит бойынша ем алып жатыр, бірақ ешбір өзгеріссіз, сонымен бірге әлсіздік, тершендік пайда болды. Қарағанда: дене температурасы 38,0 С, тері жамылғылары боз, ылғалды. Қызыл иектердің гиперплазиясы, ойық-некроздаушы стоматит. Жақ асты лимфатүйіндер ұлғайған, ауырмайды. Қанда: эр.-3,0 млн, Нв – 95 г/л, ЦП,9, лейк. – 14,5мың., бласт -32%, таяқ.-1%, сегм.-39%, лимф.-20%, мон.-8%, тр - 90 мың., ЭТЖ-24 мм/сағ. Цитохимиялық зерттеу: гликогенге реакция оң гранулалар түрінде. 3 күннен кейін– бас ауруы, лоқсу; құсу, аяқтардың парезі. Сіздің болжама диагнозы?

A) жедел лимфобластты лейкоз

B) жедел миелобластты лейкоз

C) жедел дифференциацияланбаған лейкоз

D) жеделмонобластты лейкоз

E) жедел промиелоцитарлы лейкоз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]