Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9_MR_PZ_gos.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214 Кб
Скачать
☆

«Жалпы тәжірибедегі дәрігердің жұмысындағы анемиялық синдром және гемобластоздар» тақырыпқа арналған ситуациялық есептер:

1 есеп

Ер адам 55 жаста, есептегі дәрігерге шамалы жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, тілдегі ауру және күйдіру сезімдерге, әсіресе қышқыл тағамды ішкеннен кейін, эпигастрий аймағындағы ауырлығына, аяқтағы «түйреуіш, ине сұққандай» ауру сезімдеріне, қол-аяқтардағы жансыздануына, суық сезімі, «мақта аяқтар» шағымданып келді. 1 жылдай өзіңде аурумын деп санайды.

Қарағанда тері және көзге көрінетін шырыштар сарғайған. Өкпеде везикулярлы тыныс. АҚҚ 140/70 мм с.б.б., ЖЖЖ-92 рет минутына. Жүрек тондары ритмді, жұмсақ систолалық шу естіледі. Іші пальпацияда жұмсақ, аурусезімі жоқ. Бауыр қабырға асты доғадан 1,5 см-ге шығып тұр. Көкбауыр ұлғаймаған.

ЖҚА: Нв-70 г/л, ЦП-1,4, тр-110 мың., лейк-2,5 мың, т/я-5%, сегм/я-56%, мон-10%, лимф-29%, СОЭ-12 мм/сағ, макроцитоз, нейтрофилдердің гиперсегментациясы.

  1. Диагнозды қойыңыз

  2. Диагнозды растау үшін керекті зерттеу тізімін атаңыз

  3. Емдеу принциптері

  4. Еңбек қабілеттілігін экспертизасын жасаңыз

  5. Науқасты диспансерлік бақылау кезінде қажетті зерттеулерді атаңыз.

2 есеп

Жүкті әйел, жүктіліктің 30 аптасы, кезекті қараудан өткенде ЖҚА: Нв-105 г/л, эр-3,0 млн, қанның жағындысында микроциттер, анизоцитоз, пойкилоцитоз.

  1. Диагнозды құрастыр.

  2. Дұрыс диагнозды қою үшін қажетті зерттеуді тағайындаңыз.

  3. Емдеу тактикаңызды және алдын алу шараларын анықтаңыз.

  4. Емнің нәтижесін көрсететін критерийлерін атап шығыңыз.

3 есеп

Ер адам 30 жаста, мұрыннан, қызыл иектерінен қан кету, айқын әлсіздік, ентігу деген шағымдармен клиникаға түсті. Қарап тексергенде: тері жамылғылары боз, бүкіл денесінде көгергендер (синячки) бар. Шеткі лимфотүйіндер ұлғаймаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, барлық тындау нүктелерде систолалық шуыл. ЖЖЖ-100 рет минутына. АҚҚ-100/70 мм с.б.б. басқа мүшелерде өзгеріссіз. Қан анализі: эр. 2,0 млн, Нв-60 г/л, ЦП-0,9, лейк.-1,5мың, тр-50 мың. Трепанобиопсия жасағанда – майлы сүйек кемігі көбірек.

  1. Диагнозды құрастыр.

  2. Дұрыс диагнозды қою үшін қажетті зерттеуді тағайындаңыз.

  3. Емдеу тактикаңызды және алдын алу шараларын анықтаңыз.

  4. Емнің нәтижесін көрсететін критерийлерін атап шығыңыз.

4 есеп

Әйел 28жаста, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, соңғы жарты жылда меноррагияларға шағымаданады. Қарағанда: тері және көзге көрінетін шырыштар бозарған, тырнақтарда көлденең сызықтар. Жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритр - 3,2 млн, Нв – 86 г/л, лейк.-4,0мың, СОЭ-15 мм/сағ, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз++. Миелограммада сидеробласттар-12%. Сарысулық темір-7,0 мкмоль/л.

  1. Диагнозды құрастыр.

  2. Дұрыс диагнозды қою үшін қажетті зерттеуді тағайындаңыз.

  3. Емдеу тактикаңызды және алдын алу шараларын анықтаңыз.

  4. Емнің нәтижесін көрсететін критерийлерін атап шығыңыз.

5 есеп

Ер адам 40 жаста, асқазанның ойық-жара ауруы бар, әлсіздікке, бастың айналуына, ентігуге, физикалық жүктемеден кейін пайда болатын жүрек қағуына шағымданады. Бір рет үлкен дәреттің түсі қара болды. Қарап тексергенде: тері және шырыштар бозарған. Жүрек тондары бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалық шу. ЖЖЖ – 102 рет минутына. Эпигастрий аймағы ауру сезімді. Бауыр және көкбауыр ұлғаймаған. Қанда: эр. – 2,6 млн, Нв-70 г/л, ЦП-0,8, лейк. – 3,8 мың.

  1. Диагнозды құрастыр.

  2. Дұрыс диагнозды қою үшін қажетті зерттеуді тағайындаңыз.

  3. Емдеу тактикаңызды және алдын алу шараларын анықтаңыз.

  4. Емнің нәтижесін көрсететін критерийлерін атап шығыңыз.

6 есеп

Ер 70жаста, әлсіздікке, тершендікке, жүрген уақытта ентігуге, сүйектердің ауруына шағымданады. Объективті: тері жамылғылары боз петехиалді-бөртпелер. Ауыз қуысы гиперемирленген, бадамша бездері борпылдақ. Бауыр +3.Көкбауыр кіндік деңгейінен 2 см төмен, тығыз, ауырады. Қанда:эр-2,7 млн, Нв 90 г/л, ТК 1,0, лейк.122 тыс., бласттар 19%, промиелоциттер 7%, миелоцитер 17%, метамиелоциттер 10%. т/я2%, с/я 22%, эоз.9%, базоф.7%, лимф5%, тр-49 тыс, СОЭ 39 мм/ч.

  1. Диагнозды қойыңыз

  2. Диагнозды нақтылау үшін қажетті зерттеуді атаңыз

  3. Емдеу принциптері

  4. Еңбекке жарамсыздық экспертизаны жүргізіңіз

  5. Диспансерлік бақылауда болған науқасқа ұсынылатын зерттеу лерді атаңыз.

7 есеп

Ер кісіде 52 жаста, шағымдары сол жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне келген науқаста гепатоспленомегалия анықталды. Қан анализінде – лейкоцитоз формуланың бласттарға қарай ығысуымен, көп промиелоциттер, миелоциттер. Цитогенетикалық зерттеуде t (9; 22) және 32 % жасушалар Ph‘-хромосомамен

  1. Диагнозды қойыңыз

  2. Диагнозды нақтылау үшін қажетті зерттеуді атаңыз

  3. Емдеу және алдын алу тактиканы анықтаңыз

  4. Емдеу нәтиженің критерийлерін атап шығыңыз

8 есеп

Әйел, 58 жаста 3 жыл бойы жайылмалы лимфоаденоатиямен дәрігерде бақыланады. Лимфотүйіндер қамыр тәрізді, 2х3 см, ауру сезімсіз, мойын, қолтық асты және шап аймағындағы топтармен. Зерттегенде ЖҚА: эр. — 4,0 • 1012/л, Hb — 140 г/л, ретик. — 1 %, тромб. — 220 • 109/л, лейк. — 35 • 109/л: э — 1, п — 3, с — 31, л — 63, м — 2, СОЭ — 8 мм/ч. Лейколиздің жасушалары аздаған мөлшерде.

  1. Диагнозды қойыңыз

  2. Диагнозды нақтылау үшін қажетті зерттеуді атаңыз

  3. Емдеу және алдын алу тактиканы анықтаңыз

  4. Емдеу нәтиженің критерийлерін атап шығыңыз

9 есеп

Әйел, 47 жаста, арқадағы ауру сезімі, қимылдаған уақытта, жүргенде, кез келген жүктемеден кейін күшейетін. 1 жылдай ауырады, жағдайы нашарлағаан. Радикулит бойынша ем алып жатыр. Рентгенограмма жасалды. Тһ12, L1 деструкциясы көрінеді: омыртқалар денсінің биіктігінің төмендеуі, сыналы компрессиясы.

  1. Диагнозды қойыңыз

  2. Диагнозды нақтылау үшін қажетті зерттеуді атаңыз

  3. Емдеу және алдын алу тактиканы анықтаңыз

  4. Емдеу нәтиженің критерийлерін атап шығыңыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]