- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі
- •5В010200 - «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша білімгерлердің V Республикалық пәндік олимпиадасы
- •Мазмұны
- •1.1 Тақырыптың өзектілігі
- •1.2 Мектептің аты
- •2.1 Мектептің құрылымдық мазмұны
- •2.2 Басқару құрылымы
- •2.3 Мектептің оқу- тәрбие жұмысының мазмұны
- •2.4 Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру
- •12 Жылдық білім беру жүйесі
- •3 Қорытынды бөлім
- •Ғалым- педагог:
1.2 Мектептің аты
«Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтар. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін.» деген Елбасы жолдауын негізге ала отырып, болашақ мектебіміздің атын – «Жасstar» деп алдық. «Жасstar» деп атаған себебіміз, «жас»-мектебімізге тарыдай болып кірген жас өрендер болса, «жұлдыз» - таудай болып, жан-жақты жарқырап өзін көрсете алатын, креативті оқушы, болашағы бақытқа толы жасжұлдыз. Өмірге жан-жақты даярланып, алғашқы бастауыш мектептің жұлдызы болып, қоғамның жұлдызы болуға бағыт алады.
«Жасstar» мектебінің мұғалімге қоятын басты талабы - әр баланың талантын ашу, баланың талантын ғылым жағынан танып білу міндетті емес, техникалық мүмкіндігі немесе өнерге бейім болуы мүмкін және т.б. қабілеттерін көрсетуге жол ашу.
Болашақтың мектебі – бұл ата-ана, мұғалім, оқушының ынтымақтастығының нәтижесі, бұл білім берудегі жаңа технология, бұл мұғалімнің шеберлігі мен оқушының қызығушылығы. Бұл – қуанышқа толы мектеп.
Мектеп – халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше, егемендік алған елімізде мектептің философиялық тамыры тереңдеген, міндеттер жиынтығы молайған тұсында заман талаптарына сай білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындап отыр. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім» деп атап көрсеткендей, рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім ғана – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтушы. Ата-бабадан қалған өшпес мұра, мол қазынаны қабілеті жоғары ұрпақтың бойына дарыту – мектеп міндеті. Мектеп адами тәрбие орталығы болғандықтан, ұрпақ мәселесі – ол ел болашағының қамы. Ал ұлттық мектептің болашағы еліміздің тәуелсіздігін одан әрі нығайту жолында жетекші орын алары даусыз.
Республикамыздың бес бірдей облыс орталығында – Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Семей, Тараз қалаларында бірыңғай педагог мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарын ашу жөніндегі игілікті іске мемлекет басшысының тікелей өзі бастамашы болғаны белгілі. Бұл көп өтпей Үкімет қаулысымен бекітілді.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры М.Н. Сарыбеков «жаңа тұрпатты мұғалім нобайын» жасаған болатын. Осыған сәйкес біз ұсынып отырған «Жасstar» мектебінде тек жаңашыл, құзырлы мұғалімдер жұмыс жасауы тиіс.
Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің оқушыларына ұлттық тәрбие берудің және болашақ мұғалімдердің бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: «...Болашақ педагогтар бабалардың игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге дайын болады. Олар күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоты болады. Мұғалімдер ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды». Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: ...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, ... әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқымен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру», - делінген.
«Жасstar» мектебіндегі қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіріледі. Оқушыларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. ағылшын тілін игеру, қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады.
Егемен еліміздің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Сондықтан мектеп алдында шешілуге тиіс міндеттер жиынтығы мыналар деп білеміз:
мектептің жалпы құрылымын жаңарту;
мектеп басқару жүйесін өзгерту;
оқу-тәрбие үрдісін демократияландыру, ізгілендіру;
білім мазмұны мен оқытудың әдіс- тәсілдерін жаңарту арқылы білім сапасын арттыру;
ұжымда ғылыми ізденіске, зерттеу жұмыстарына жағдай жасау, педагогикалық ынтымақтастықты нығайту;
Міне, осы міндеттер негізінде біз ұсынып отырған «Жасstar» мектебінің міндеті ұлттық зиялы қауымды қалыптастыру, мақсаты – логикалық шығармашылықпен ойлауға қабілетті, ұлттық сана-сезімі жоғары, білімге құштар, азаматтық ұстанымы берік азаматты даярлау, философиясы - өзінің ұлттық тамырынан жалпы азаматтық құндылыққа ұмтылу, саясаты – бала дарындылығын анықтап қолдау және дамыту. Ал мектеп дамуының мақсаты бағдарламасы мемлекеттік тілдің дамуын, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық салт-дәстүрдің жаңғыруын, көркем-өнердің ұлттық нақышта өмірге енуін қамтиды.
«Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары.» деп Елбасы атап көрсеткендей, «Жасstar» мектебі қыз тәрбиесіне көңіл бөлетін болады.
Біз ұсынып отырған мектепте жаңа тұрпатты мұғалім, жан-жақты құзырлы, төзімді, оқушы бойына ізгілікті сіңіре алатын, ұлтжанды нағыз патриот педагог жұмыс жасай алады. Елбасы биылғы жолдауында ұсынған «Жаңа қазақстандық патриотизм». Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.
Мұғалім еңбегі мен оқушы әрекетінің басты нысаны – сапа. Мектептің даму нүктесін анықтаудағы басты өлшем – тиімділік. Қазіргі уақытта мектеп тек жаңалық енгізу арқылы, яғни инновацияны еркін меңгеру арқылы ізденіс, талпыныста болғанда ғана дамиды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыту керек болады.» деп атап көрсетілді. Біздің мақсатымыз – жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу.
Жаңа әдіс, әдістеме, технология, оқу бағдарламасы – жаңалық болса, инновация – сол әдіс-тәсілдің игерілуі, іске асуы. Біздегі бұл әдістемелік қызмет мұғалімнің ғылыми - әдістемелік ойлау шығармашылығын қалыптастыруға бағытталған. «Кәусар» мектебінде мұғалімнің кәсіби дамуына жағдай жасай отырып, олардың ерекшеліктері ескеріледі:
педагогтің білімге қажеттілігін қанағаттандыру;
білім стандартымен жұмыс;
деңгейлік тексеру жұмыстарын жүйелеу;
қорытынды, бақылау жұмыстарының әр түрлілігі (тест, шығармашылық есеп);
жаңа технологияны мектеп өміріне енгізу мәселелері;
дарынды балалармен жұмыстағы жүйелілікті анықтау, қолдау, дамыту.
«Жасstar» мектебінің оқу бағдарламалары оқу-тәрбие процесін нақты білімдермен қамтамасыз етуді қолдайды, соңғы нәтижелерге бейімделген бағалау жүйесін, балаларды қабілет деңгейлері бойынша іріктеуге, сол арқылы тереңдетіп оқытуды, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Мектеп тұлғалық–бағдарлы дамыту оқушының эмоционалды және еріктік дамуын күшейтуді ұсынады, яғни тұлғаның оқу процесі арқылы табиғи дамуын қолдайды, оқушылардың қалыптасқан әдеттері бойынша тәрбиелеу мен білім беру арқылы олардың әлеуметтік өмір мен табиғатқа араласу дәрежесін жеңілдетуге қызмет етеді және оқушының рухани өмірін ізгілендіруді қалыптастырады.
Болашақ мектебіндегі дін. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті әлсіз. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал.
«Әлем адам ғасырына еніп келеді. Қазір кейбір уақыттарға, кезеңдерге қарамастан адам жанына (рухына) не бере алатынымызды ойлауға міндеттіміз», - деп В.А Сухомлинский айтқандай, «баланың рухани өмірі» оның өзін-өзі тәрбиелеуіне, қиыншылық пен жалқаулықты жеңуіне, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиеленуіне негізгі өлшем екендігін ескеруіміз керек.
1-сурет
2. Негізгі бөлім
