Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Олимп ГЫЛЫМИ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148 Кб
Скачать
☆

12 Жылдық білім беру жүйесі

Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының мазмұны қазіргі талаптарды есепке алған. Атап айтқанда, оқушының жалпы дүниетанымын қалыптастыру, зерттеу жұмыстарын жүргізуге машықтандыру барлық мүмкіндік айтылған. Аталған мәселелер білім сапасын арттыруға жол ашады. Алайда, қазіргі техника жетістіктеріне оқу құралдары, мектептің оқу-тәрбие процесін компьютерлендіру, оқулықтарды пайдалану, базалық пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерін дайындау арқылы оқуға қызығушылығын арттыру деп санаймыз. Білімді бағалау жүйесінің модульді-рейтингтік формасын меңгеру арқылы бағалау мен тексерудің шындыққа жақындығын енгізген жөн. Білім сапасын тексеру және бағалау түрлеріне байланысты мынадай тиімді нормаларды ұсынуға болады:

Күнделікті тексеру /5 балл/

Мерзімді тексеру /15 балл/

Қорытынды тексеру /пайыз арқылы/. Мұндағы- 85% дан жоғары “өте жақсы”, 65% дан жоғары “жақсы”, 51% дан жоғары “қанағаттанарлық”, 50% дан төмен “қанағаттанарлықсыз” деп саналады.

2.4 Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру

«Жасstar» мектебінің оқу-тәрбие жұмысының тағы бір ерекшелігі сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыруда бірнеше блоктардың қатар жұмыс атқаратынында. Оң қанаттағы бастауыш мектеп блогында оқушының адамгершілік, имандылық тәрбиесінің ізгіліктік компоненттерін қалыптастыру, оларды әлеуметтік өмірге араласуға дайындау жұмыстары мұғалімдердің жетекшілігімен ұйымдастырылады.

Атап айтқанда:

  1. «Ойнайық та, ойлайық!» блогы. Бастауыш мектеп оқушылары түрлі ойындар арқылы жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен қатігездік, адалдық пен жауапкершілік, ұят, т.б. сезімдерді меңгереді.

  2. «Ұқыпты бала» блогы. Оқушыларды гигиеналық талаптарды сақтауға үйрету: киімін, бөлмесін, аяқ киімін тазалауды үйрету және ұқыптылықтың қайырым элементтерін меңгерту.

  3. «Табиғат сақшысы» блогы. Оқушылар табиғат мүйістерінде жұмыс істеуді үйренеді, табиғат қорғауға, өсімдіктер мен жануарларға, құстарға қамқорлық жасауды, экологиялық мәдениетті меңгереді

Жасstar мектебінің негізгі буынында (5-10 сыныптарда) оқушылар сыныптан тыс жұмыстар арқылы пайдалы еңбек элементтерін меңгереді:

  1. «Атамекен» (негізгі мектеп (5-10) оқушылары қатысады: олар өз мекенінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, өнерін жинақтайды, зерттейді).

  2. «Жасыл ел» (қоршаған орта табиғатын қорғау, экологиялық білім мен тәрбие туралы білім алады, өзі өскен ортаны көгалдандыру, тәжірибе үлескісінде жұмыс жасау іскерліктерін меңгереді).

  3. «Эрудит» (негізгі орта мектеп оқушыларын білім сайыстарына дайындау, қызықты білімдік, танымдық кештер, олимпиадалар ұйымдастыру).

  4. «Театр» (көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысу, қуыршақ театры, қуыршақтар дайындау, музыка, би өнерлерін меңгеру).

  5. «Шебер қолдар» (түрлі табиғи материалдардан құрастырулар, ағаш, темір бұйымдарын жасайды. Қолданбалы сәндік заттарын дайындайды).

«Жасstar» мектебінің 11-12 сынып оқушыларының сыныптан тыс жұмыстары екі бағытта жүргізіледі:

  1. «Интеллект» блогы. Оқушылардың ғылыми қоғамын құру және түрлі ғылыми бағыттар бойынша лаборатория жұмыстарына қатысады, теориялық білімдерін кеңейтеді, жоғары білім алуға даярланады.

  2. «Еңбек» блогы. Жұмысшы мамандығына даярлау, оператор, хатшы-референт, іс-қағаздарын жүргізуші, аспаз, ағаш ұстасы, зергер, т.б. мамандықтар бойынша алғашқы қарапайым іскерліктерді меңгереді.

Бітіруші түлек қандай болмақ?

«Жасstar» мектебінің түлегі жоғары білімді азамат болып, алған білімін ЖОО-да тәжірибеде оңайлықпен жүзеге асыратын болады. Бітіруші түлек психологиялық және физиологиялық тұрғыдан дамыған және жұмысқа қабілетті. Сонымен қатар оқушы әлеуметтенген, мектептен тыс ортамен кездесуге дайын, рухани бай азамат.