Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Олимп ГЫЛЫМИ.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148 Кб
Скачать
☆

3 Қорытынды бөлім

«Болашақтың мектебі» жобасын мынадай мазмұнда ұсынып отырмыз:

«Жасstar» мектебінің ірге тасы психологиялық-педагогикалық теорияларға, педагогикалық концепцияларға (тұлғалық-бағдарлы дамыту, дамыта оқыту, гуманистік сипат қалыптастыру, отандық патриотизм, т.б.) және мемлекеттік мүддеге негізделіп қаланып отыр.

  1. Мектептің білімдік мазмұны бірнеше құрылымнан тұрады және оларда оқу-тәрбие процесінің барлық сатыларының мазмұндары мен ұйымдастыру формалары айқындалған. Негізгі сатының (5-10 сыныптар) соңына таман оқушыларда тұлғалық қалыптасу аяқталады және ғылыми дүниетаным тұрақталынады, олардың бағдарлы дамуына алғашқы қадамдар жасалынады: бейінді (профильді) оқуға дайындық басталады.

  2. 10-сынып оқушысының тұлғалық қалыптасу деңгейін көрсететін шешуші кезең ретінде қарастырылады. Оқушының өз мүмкіндігін есептей алу, болашағына болжам жасау дайындығы тексеріледі.

11-12 сыныптарда тұлғалық дамудан бағдарлық дамуға көшу процесі жүреді. Білім беру және тәрбие мазмұндары толық дифференцияланады. Мамандық таңдау, ғылымға бағдарлану жұмыстары жан-жақты жүргізіледі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев мұғалімдердің II-съезінде сөйлеген сөзінде былай деген болатын: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында». Қорыта келе, мектеп ел болашағы үшін қажетті, аса маңызды міндеттерді арқалаған, жауапкершілігі зор, бейнеті бел қайыстыратын күрделі және қажетті орталық. Сондықтан, оның мәселелері де сан салалы, сан қилы. Оны тек бүгінгідей қамқор көзқарас, біріккен іс-қимыл, бел шешіп кіріскен білімді жанашырдың іс- әрекеті ғана шеше алады. Өткен XX ғасырдың басында алаш ардақтыларының бірі М.Жұмабаев : «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді сау, таза, берік, һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. Сондай негіз құра алмасақ, болашақ, келешегіміз күңгірт», - деген болатын.

Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек. Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Олар – әлемнің азаматтары. Олар саяхаттап жүреді. Олар жаңа білім меңгеруге құштар. Олар еңбексүйгіш. Олар – өз елінің патриоттары.

Мектеп бұл тек білім ордасы, сабақтар мен сыңғырлаған қоңырау емес, бұл өмірдің 12 жылы. Біздің қолымыздан келетін мақсат осы уақыттың 4015 күннің білім беруде сәтті болуына ат салысу. «Жасstar» атты болашақтың мектебіндегі сабақ сәттілікке толы болмақ.

«XXI ғасырдағы Қазақстан мектебі» жобасы тақырыбына орындалған үй тапсырмасының сценарийі

Өткізілу формасы: Ғылыми- педагогикалық Кеңесте ұсынылған жобаны талқылауды ұйымдастыру.

Қатысушылар: Кеңес төрағасы, кеңес мүшелері, педагог- ғалымдар, мектеп директорлары, озат тәжірибелі мектеп мұғалімдері.

Жабдықталуы: электронды проектр, слайдтар, мектеп моделінің сызба- үлгісі.

Жобаны қорғау барысы:

  1. Кеңес төрағасы:

Мемлекеттік құжаттар мен тапсырыстарға сәйкес ХХІ ғасырдың жаңа мектебіне сұраныс, оның ұлттық мазмұнын ашып көрсету және мектептің жұмыс жүйесін анықтау мақсатына сай біздің ғылыми Кеңеске жобасы келіп түсті.

Жоба мазмұнын таныстыру үшін сөз кезегі Ғалым- педагогке беріледі.