- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі
- •5В010200 - «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша білімгерлердің V Республикалық пәндік олимпиадасы
- •Мазмұны
- •1.1 Тақырыптың өзектілігі
- •1.2 Мектептің аты
- •2.1 Мектептің құрылымдық мазмұны
- •2.2 Басқару құрылымы
- •2.3 Мектептің оқу- тәрбие жұмысының мазмұны
- •2.4 Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру
- •12 Жылдық білім беру жүйесі
- •3 Қорытынды бөлім
- •Ғалым- педагог:
Ғалым- педагог:
“Кәусар” мектебінің жобасы жеке тұлғаның бағдарламалы дамуына негізделініп, ұсынылып отыр. Жобада мектептің аты, басқару құрылымы, оқу-тәрбие жұмысының құрылымы, шығармашылық іс- шаралар, әлеуметтік байланыстар жан- жақты қарастырылып төмендегідей мазмұнда ұсынылып отыр. Ұсынылған жобада “Кәусар” мектебінің сұлбасы екі суретпен берілген. 1- ші суретте мектептің формасы, мектеп корпустарының орналасуы, мектеп ауласындағы шеберхана, спорттық кешен, демалыс орындары, ғылыми лаборотория бейнеленген. Мектептің оқу бөлмелерінің барлығы санитарлық- гигиеналық нормаларға сай, күншығыс бетке қараған, бөлмелері кең әрі жарық. Оқушылардың оқу шеберханалары және спорт кешені мектептің негізгі оқу ғимаратынан біршама қашықтықта орналасқан, сондықтан сыртқы шу мен түрлі әсерлерден қорғалған. Мектеп ауласында оқушылардың демалуына мүмкіндік жасалынған.
Ұсынылған сұлбаның бүгінгі мектептерден ерекшелігі жобада оқушылардың жан- жақты дамуына толық мүмкіндік жасалынады:
демалуға;
спорттық ойындармен шұғылдануына;
көркемөнермен айналысуына;
жер участігінде жұмыс жасауға;
ғылыми зерттеу жұмыстарына машықтануға;
еңбек шеберханаларында қол еңбегін үйренуіне, сол сияқты оқытудың базасын күшейту, оны көп функцияны етіп құруға мүмкіндік жасалынады.
Мектептің құрылымдық мазмұны /2 сурет/
“Кәусар” мектебінің жұмыс мазмұны оқушының дамуының және қалыптасуының тұлғалық- бағдарлы қызмет жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сол мақсатта сапалы білімге қол жеткізу үшін дамыта оқыту концепциясы негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жңғырту қолға алынған. Бұл жүйе мектепте жаңа педагогикалық технологияларды
пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. «Кәусар» мектебіақпараттық технология мен кредиттік технологияны оқу тәрбие процесінің негізгі әдістемелік құралы ретінде пайдаланады.
Ұсынылған мактеп жобаснда білім берудің сатылы мазмұны мен оқу-тірбие процесін басқарудың әкімшілік – басқару жүйесі орналасқан, онда мектеп директоры, оқу және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, психологиялық қызмет және дәрігерлік кабинеттер, т.б мектептің сол қанатында оқушылардың өзін-өзі басқару орны мен олардың бос уақытын ұйымдастыру бөлмелері орналасқан.
12 жылдық білім жүйесіне көшуде 3 сатылы деңгейде білім беру жүзеге асырылады.
1-сатысы (1-4 сыныптар) гуманитарлық білім мазмұны негізінде құрылады. Онда сауат ашу, тіл дамыту, баланың ойын дамыту секілді дидактикалық міндеттерді жүзеге асыратын базалық пәндер мемлекеттік бағдарламаға сәйкес беріледі, ал мектеп бөлігі оқушының ізгіліктік қасиетін дамытуға бағытталып («Әдепті бала ережесі», «Менің Отаным», «Ұлттық дүниетаным») ұсынылады.
2-стысында (5-10 сыныптар) оқушылар білім мазмұнының базистік негізін игереді, өзін-өзі танып білуге, адамдар және халықтар арасындағы мәдени қарым-қатынастарды меңгеруін қалыптастыруға басты көңіл бөлінеді. 7-сыныптан бастап базалық пәндер бойынша (математика, жаратылыстану, гуманитарлық, қоғамдық пәндер) дифференциялап оқыту енгізіледі. Мектеп жанындағы ғылыми зертханаларда оқушылар ғылыми-зерттеу әдістерін меңгереді. Бұл оқушылардың мамандыққа бейімделуін қамтамасыз етеді.
3-сатыда (11-12 сыныптар) оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру және оқушылардың қабілеттік ерекшеліктері бойынша мамандық тандауға даярлау жұмыстары жүргізіледі. Осы сатыда білім берудің мазмұнын саралау, ықпалдастыру және кәсібилендіру қызметтері атқарылады. Кәсіби оқуға даярлау әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық ерекшелігі мен тиімді нәтиже беруін қамтамасыз ету, оқу-тәрбие үрдісінің әдістемелік кешенін дайындау біздің «Кәусар» мектебінің негізгі мақсаты. Мектепке оқушылардың ғылыми қоғамы (НОУ) тұрақты түрде жұмыс атқарады, оның жұмысына қаламыздағы ғылыми мекемелрдің ғалымдары мен педагогикалық институттың педагогтары жетекшілік етеді.
