- •«Вагон және вагон шаруашылығы» пәні бойынша
- •5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •3.6 Процедура және саясат
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестеі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Тақырыбы:Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмаған
- •9.1 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10.3 Жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Келесі шаралардың қайсысы жүк автомобиль көлігінің өнімділігін арттыруға себебін тигізбейді
- •A) Жоғарғы ыңғайлылығы.
- •C) Қажетті жүрістер қоры.
- •18. Жүккөтергіштікті пайдалану коэффициентін арттыру үшін төмендегілердің қайсысын қажет етпейді
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •«Темір жолдарды электрлендіру және электрожабдықтау» пәні бойынша
- •5В090100 «Қозғалысты, тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану Құрымбаев Саят Ғайниұлы
- •100061, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
Тақырыбы:Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
Статордың өзекшесі (84-сурет) қалындығы 0,35 немесе 0,5 мм болат тіліктерден (пластиналардан) жиналады. Тіліктерді штамптау арқылы алады, олардың ішкі жағында ойықтар (паздар) жасалынған. Құйынды токтан болатын шығынды азайту үшін тілік-терді лакпен немесе тотықтырылған қабыршақпен оқшауламайды, одан әрі жеке дестеге жинайды да қозғалтқыштың станинасының 3 табанының ішіне бекітеді. Станинаның екі жақ бүйіріне қалқан-дар бекітіледі. Қалқан ішінде ротор білігіне тірек болатын под-шипниктер орналасады. Станинаны фундаментке орналастырады. Статорды бойлай орналасқан, ойықтардан құралған науашаларына (паздарына) оның орамасының өткізгіштері 2 салынады. Орама өткізгіштерін үш фазалы жүйе құратын етіп жалғайды. Ма-шинаның қалқаншасында 4 алты қысқыштар болады, оларға әр фазаның басы мен соды жалғанады. Статор орамасы үш фазалы желіге жұлдызша және үшбұрыштан қосылуы мүмкін. Бұл жағдай қозғалтқышты екі түрлі желілік кернеуге қосуға мүмкіндік береді. Мысалы, қозғалтқыш кернеуі 380 және 220 В желіден жұмыс істей алады. Машинаның қалқаншасында қозғалтқыш арналған желінің екі кернеуі де, яғни 220/197 в немесе 380/220 В көрсетіледі.
Қалқаншада көрсетілген төмен кернеулер үшін статор орамасы үшбұрыштап ал жоғары кернеу үшін — жұлдызша қосылады. Статор орамасын үшбұрыштап қосу үшін машина қалканшасында жоғары қатарда орналасқан қысқыштарды төмендегілері мен ұстатқыш (өткізгіштен жасалған тізбектің екі нүктесін қоскыш) арқылы қосады (85 а-сурет), ал әрбір бірге қосылған қысқыштарды үш фазалы желінің желілік өткізгіштеріне қосады. Жұлдызша қосу үшін калқаншадағы төменгі үш қысқыштарды (фазалардың соңы) ортақ нүктеге ұстатқыш арқылы қосылады, ал жоғарғы катардағы қысқыштарды үш фазалы жүйенің желілік өткізгіштеріне қосады (85, б-сурет).
Ротор
өзекшесін 1 (86, а-сурет) қалыңдығы 0,5 мм
болат тіліктерден жиналады. Тіліктерді
құйынды ток шығынын азайту үшін лакпен
немесе тотыққан қабыршақпен оқшауламалайды.
Тіліктерді ойықты етіп штамптайды,
оларды дестелеп жинайды да, машинаның
білігіне бекітеді. Дестелерден науашалары
бойлай орналасқан цилиндр құралады,
оның ішіне ротор орамасының өткізгіштерін
2 салады. Орама түріне байланысты
асинхронды машиналар фазалық және кысқа
тұйықталған роторлы болып екіге бөлінеді.
Ротордың қысқа тұйықталған орамасы
тиын дөңгелегі тәрізді етіп жасалынады
(86, б-сурет). Ротор науашаларына шомбал
стерженьдер салып оның екі жақ ұштарын
мыстан жасаған сақинамен қосады (86,
а-сурет). Қысқа тұйықталған ораманы
кебінесе алюминийден жасайды. Алюминийді
ыстық күйінде ротор науашасына қысыммен
құяды. Мұндай орам әр уақытта қысқа
тұйықталынған және оған кедергі қосу
мүмкін емес. Ротордың фазалық орамасы
статордын, орамасындай етіп жасалынады,
яғни өткізгіштер бір-бірімен үш фазалы
жүйе жасайтындай етіп жалғанады. Үш
фазанын, орамалары жұлдызша қосылады.
Орама бастары ротор білігінде бекітілген
үш түйіспелік мыс сақинасына косылған.
Сакина-лар бір-бірінен және біліктен
оқшауламаланған және ротормен
бірге айналады. Сақиналар айналғанда олардың беті сакиналар үстінде қозғалмайтындай етіп бекітілген көмір немесе мыс шеткалары арқылы сырғанайды. Ротор орамасы кедергіге немесе жоғарыда көрстілген щеткалар арқылы қысқа тұйықталуы да мүмкін.
Қысқа тұйықталған роторы бар қозғалтқыштар карапайым және пайдалануда сенімді, фазалық роторы бар қозғалтқыштарға қарағанда бағасы арзан. Бірақ, төменде көрсетілгендей, фазалық роторлы қозғалтқыштардың жұмысқа қосу және реттеу сипаттамалары жөнінен артықшылықтары бар.
Қазіргі кезде асинхронды козғалтқыштардың көпшілігін қысқа тұйықталған ротормен жасайды, тек үлкен қуат немесе арнайы жағдайларда роторды фазалық орамалы етіп жасайды. Совет Одағында қуаты ондаған ваттан 15000 кВт-қа дейін, ал статор орамасының, кернеуі 6 кВ-қа дейінгі асинхронды қозғалтқыштар шыға-рылады.
Асинхронды қозғалтқыштың жоғарыда көрсетілген артықшылықтарынан басқа кемшіліктері де бар. Олардың ішіндегі ең елеулісіне куат коэффициентінің (соs ф) салыстырмалы төмендігі жатады. Асинхронды қозғалтқыштарда соs ф толық жүктеме кезінде 0,85—0,9 мөлшеріне дейін жетеді; қозғалтқыш жүктемесі толық болмаса соз ф бірден төмендеп бос жүріс кезінде 0,2—0,3 мелшерін-де болады. Асинхронды қозғалтқыштың қуат коэффициентінің төмен болуы магнит өрісін қоздыруға жүмсалатын реактивтік қуаттың үлкен болуына байланысты. Асинхронды қозғалтқышында магнит өрісі ез жолында статор мен ротор аралығында болатын ауа сақылауымен кездеседі. Ауа саңылауы магниттік кедергіні үлкейтеді, ал ол қозғалтқыш пайдаланатын реактивтік куатты өсіреді. Асинхронды қозғалтқыштьщ қуат коэффициентін жоғарылату үшін ауа санылауын азайтуға тырысады, ол кішкентай қозғалтқыштарда (2—5 кВт) 0,3 мм-ден аспайды. Қуаты үлкен қозғалт-қыштарда байланысты ауа саңылауының шамасы 2—2,5 мм-ден аспайды.
Жұмыс режимінде қозғалтқыштың роторы статордың магнит өрісінің айналу жиілігі n1-ден кіші жиілікпен n2 айналады. Ротор және статордың магнит өрісі бір бағытта айналады. Сондықтан үлкен жиілікті магнит өрісі ротормен салыстырғанда магнит өрісі мен ротордың жиілігі айырмасына, яғни ns-n1-n2 жылжиды. Ротордың айнымалы магнит өрісіне қарағанда қалып қоюы жыл-жымамен 8 сипатталады. Жылжыма, айналып тұрған ротормен салыстырғандағы статордың магнит өрісінің айналу жиілігінің ста-тор ерісінің жиілігіне қаты-насымен анықталады: S = ns/n1=(n1— n2)/n1.
Егер ротор орнында тұрған болса (n2—0), онда жылжыма бірге тең немесе 100% болады. Егер ротор магнит ерісімен синхронды, яғни бір жиілікпен (n2 = n1) айналса, онда жылжыма нольге тең болады. Сондықтан ротордьвд айналу жиілігі жоғары болған сайын жылжыма аз болады.
Асинхронды қозғалтқыштардың жұмыс режимінде жылжыма мәні аз. Қазіргі асинхронды қозғалтқыштарында толық жүктеме кезінде жылжыма 3—5% болады, яғни ротор статордың магнит өрісінің жиілігінен аздаған айырмашылығы бар жиілікпен айнала-ды. Бос жүріс кезінде, яғни білікте жүктеме жоқ кезде, жылжыма өте аз, оны нольге тең деп қарауға болады.
Ротордың айналу жиілігін мынадай қатынастардан анықтауға болады:
n2 = n1-us = n1(1-S) = (60f/р)(1-S)
Қозғалтқыш моменттер тепе-тең болған кезде ротордың айналу жиілігі тұрақты болып орнықты жұмыс істейді. Моменттер тепетең болу үшін козғалтқыштың айналдырушы моменті М оның білігіндегі тежеу моментіне М тең болуы қажет. Тежеу моментін механикалык энергия қабылдағышы, мысалы токарьлык станоктың кескіші тудырады. Сондықтан M = M2-деп жазуға болады. Қез келген жүктемеге ротордың белгілі айналу жиілігі n2 және белгілі жылжыма S сәйкес келеді.
Статордың магнит ерісі роторға қарағанда ns жиілігімен айналады да оның орамасында Е2 ЭҚК-ін индукциялайды. Осы ЭҚК-тің әсерімен тұйықталған ротор орамасында I2 тогы жүреді. Егер машина білігінде жүктеме өссе, яғни тежеу моменті көбейсе, онда моменттер тепе-теңдігі бұзылады, өйткені тежеу моменті айналдырушы моментінен артық болады. Бұл ротордың айналу жиілігін кемітеді, соның салдарынан жылжыма мөлшері өседі. Жылжыманың өсуі статордың магнит өрісінің ротор орамасыньщ өткізгіштерін жиірек кесіп өтуіне алып келеді. Ротор орамасьшда индукцияланған ЭҚҚ Е2 өседі, соның нәтижесінде ротордағы ток та, қоз-ғалтқыш дамытқан айналдырушы момент те өседі. Ротордың жылжымасы және тогы, моменттер қайта тепе-тең болғанша, яғни айыалдырушы момент тежеу моментіне тең болғанша өседі.
Қозғалтқыш жүктемесі азайғанда ротордьщ айналу жиілігі мен айналдырушы моментінің өзгеру процесі осылай өтеді. Қозғалтқыштың біліктегі жүктемесі азая бастаса, тежеу моменті айнал-дырушы моменттен кіші болып шығады, немесе ол ротордың айна-лу жиілігінің өсуіне немесе жылжыманьщ азаюына алып келеді. Мұның нәтижесінде ЭҚК және ротор орамасындағы ток, демек, айналдырушы момент азаяды, соның салдарынан айналдырушы момент қайтадан тежеу моментіне теңеледі.
Статордың магнит өрісі оның орама әткізгіштерін кесіп өтіп онда Е1 ЭҚК-ін индукциялайды. Ол желіден берілген кернеуді U1 теңгереді. Егер статор орамасындағы кернеу тусуін есепке алмасақ, онда берілген кернеудің абсолют мелшері шамамен статор орамасындағы ЭҚК-не тең деп қарауға болады, яғни U1=Е1.
Сонымен желідегі кернеу өзгермейтін болса, онда статор ора-масының ЭҚК-І де шамамен өзгермейтін болады. Демек, машинаның ауа саңылауындағы магнит өрісі, трансформатордағы сияқты, кез келген жүктемеде тұрақты болып қалады.
Ротор орамасындағы ток статор орамасының тогынын, магнит өрісіне қарсы бағытталған өзінің магнит өрісін туғызады. Машина-ның қорытынды магнит өрісі жүктеменің кез келген өзгеруі кезінде өзгермей қалуы үшін ротор орамасының магнитсіздендіруші өрісі статор орамасының магнит өрісімен теқесуі қажет. Сондықтан ротор орамасындағы ток өскенде, статор орамасындағы ток та еседі.
Сонымен асинхронды қозғалтқышта трансформатордағы сияқты екінші реттік орамасындағы ток өскенде, бірінші реттік орамасындағы ток та өседі.
Әдебиет: [1; 2; 6].
№9 дәріс
Тақырыбы:Генератор
Егер синхронды генераторға жүктеме тіркелмесе, онда статор орамасында ток болмайды. Қоздыру тогы тудырған полюстердің магнит өрісі статордың үш фазалы орамасында ЭҚК индукциялайды.
Генератор жүктелген кезде статор орамасында ток жүреді. Симметриялы жүктеме кезінде статор орамасының токтары бір-бірімен тең және олар бір-бірінен 1/3 периодқа ығысқан. Статор токтары айналмалы магнит ерісін туғызады. Оның айналу жиілігі n1=60f/р=n яғни статор орамасындағы токпен пайда болған маг-нит өрісі полюстердің магнит өрісімен синхронды айналады. Синхронды генератордың статор орамында полюстердің магниттік ағынына тәуелді ЭҚК туады. Егер полюстің магниттік ағыны өте аз болса, онда ЭҚК. те өте аз болады. Магниттік ағын өскенде, ма-шинаның ЭҚК-і де өседі. Сонымен, ротордың айналу жиілігі тұ-рақты болғанда, ЭҚК қоздыру орамасынын, өткізгіштерімен жүретін тұрақты токпен қоздырылатын магнит өрісіне тура пропорционал. Егер қоздыру орамасындағы токты арттырсақ, онда полюстердің магниттік ағыны өседі, ол машинаның ЭҚК-ін көбейтеді. Демек, қоздыру орамындағы токтың өзгеруіне сәйкес машинаның ЭҚК езгереді, ол генератордьщ қысқыштарындағы кернеуді рет-теуге мүмкіндік береді.
Синхронды генератордың бос жүрісі кезінде оның қысқышта-рындағы кернеу статор орамасындағы индукцияланған ЭҚҚ-ке тең. Генератор жүктелген кезінде кернеу ЭҚК-ке тең емес, өйткені статор орамынын, кедергісінде (активтік, реактивтік) кернеу түсуі пайда болады. Сонымен бірге токтар статор орамасынан өте оты-рып якорьдың қарсы әсерлік (реакциясы) ағынын туғызады. Ол полюстер ағынына әсерін тигізеді, соған орай жүктеме кезіндегі магнит ерісі генератордың бос жүрісі кезіндегі полюстердін, маг-ниттік ағынына тең болмайды. Сондықтан, жүктеменін, өзгеруі, яғни генератор статорындағы токтың өзгеруі, қоздыру орамындағы ток өзгермеген жағдайда, ренератор қысқыштарында кернеудің өзгеруіне алып келеді.
Синхронды генератордың активтік және реактивтік жуктемелер кезіндегі сыртқы сипаттамалары 96, а-суретте келтірілген. Бұл сипаттамалар ротордың айналу жиілігі мен қоздыру тогы тұрақты болған кездегі генератор қысқыштарындағы кернеудің жүктеме тогына тәуелділігін көрсетеді.
Активтік, индуктивтік және сиымдылықтық сипаттағы жүкте-мелер кезінде бұл сипаттамалардың әртүрлі болуы якорь реакциясы өрісінің полюстердің магниттік ағынына әрқалай әсер ететін-дігімен түсіндіріледі.
Қез келген электр энергиясын қабылдағыштың қалыпты жұмыс істеуі үшін желі кернеуі тұрақты болуы керек. Жүктеме өзгерген-де желі кернеуінің түрақтылығын қамтамасыз ету үшін синхронды генератордың қоздыру тогын да өзгертеді.
Генератордың жүктемесі өзгергенде оның қысқыштарындағы кернеу түрақты болып қалу үшін қоздыру орамасындағы токты қалай өзгерту керектігін көрсететін тәуелділікті реттеу сипаттамасы деп атайды (96, б-сурет).
Активтік жүктемеде статордағы токтьщ көбеюі кернеудің ша-малы төмендеуіне алып келеді, айткені якорь реакциясы магниттік ағынды аз дәрежеде кішірейтеді. Мұндай жүктемеде кернеу тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қоздыру тогын шамалы көбейту керек. Индуктивтік жүктемеде полюстер ағынын бәсендететін якорь реакциясының магнитсіздендіру өрісі пайда болады. Сондықтан кернеуді түрақтандыру үшін (яғни, қорытынды магниттік ағьш тұ-рақты болуы үшін) якорь реакциясының магнитсіздендіретін өрісі-нің әсерін жою керек. Сыйымдылықтық жүктеме кезінде магнит ерісі күшейеді, соған орай, кернеуді тұрақты ету үшін статор тогы өскенде қоздыру тогын азайту керек.
Синхронды генераторлар көбінесе электростанцияның немесе энергетикалық жүйенің ортақ қуатты желісіне жұмыс істейді. Мұндай желінің кернеуі Uc мен тогының жиілігі тұрақты болады.
Генератор кысқыштарындағы кернеу желі кернеуіне тең әрі қарама-қарсы бағытта болады: UГ = — Гс.
Кеңістікте n1=60f/р жиілігімен айналатын статордың қорытынды магнит өрісі Фр генератордың Uг кернеуінен 90°-қа озық болады. (97-сурет).
Торап кернеуі Un тұрақты болғанда статордың қорытынды магнит өрісінің магниттік ағынының амплитудасы Фр да түрақты болады. Генератордың активтік жүктемесі кезінде статордағы токтың фазасы оның кернеуінің Uг фазасымен дәлме-дәл келеді. Якорь реакциясының ағыны Фя фаза бойынша токпен / дәлме-дәл келеді. Сондықтан олар масштабтары әртүрлі бір вектормен көрсетіледі. Қорытынды магниттік ағын полюстер ағынының Фm және якорь реакциясының
ағымының Фя әсерінен пайда болады және оны осы магниттік ағындардың геометриялық қосындысымен керсетуге болады.
Генератордың қоздыру тогыньвд өзгеруі оның актквтік қуатын өзгертпейді, өйткені оның бастапқы қозғалтқыштан алатын қуаты өзгермей қала береді (бастапқы козғалтқыштын. айналдырушы моменті және оның айналу жиілігі тұрақты). Сондықтан статор тогының активтік құраушысы түрақты және I (Фя ) векторының соңы горизонталь оське параллель АВ түзу сызығында жатады. Егер қоздыру тогын кебейтсек, онда полюстер ағыны Фm өседі, оның векторы АВ түзуі мен өзгермейтін Фрвекторы соңының аралығында жатады. Бұл кезде I' және Фя шамасымен бағыты бойынша өзгереді, яғне ток фаза бойынша генератор кернеуінен қалып қояды.
Қоздыру тогы азайғанда полюстер ағыны Ф"m да азаяды. Ол статор тогы I" мен Ф" шамаларының және фазасыньщ өзгеруіне алып келеді. Сонымен, қуатты желіге қосылған генератордың қоздыру тогының өзгеруі статордағы токтың реактивтік құрушысының өзгеруіне алып келеді, яғни генератормен өндірілетін реактивтік қуатты езгертеді.
Активтік қуатты өзгерту үшін, синхронды генератордың роторын айналдыратын бастапқы қозғалтқыштың айналдырушы моментін өзгерту керек. Алғашқы қозғалтқыштың айналдырушы моментінің М1 әрекетімен машина полюстері орналасқан роторы ми-нутына n жиілігімен айналдырылады. Статордың қорытынды өрісі де сол бағытпен n1=n жиілігімен айналады (98, а-сурет). Демек, полюстер ерісі Фm мен статордың қорытынды өрісі Фр бір-біріне қарағанда қозғалыссыз болып, синхронды айналады және осы өріс-тер арасында езара әрекеттестік орнайды. Осының нәтижесінде бастапқы қозғалтқыш моментімен теңгерілетін электр магниттік тежеу моменті Мэ пайда болады. Моменттер тепе-теңдігінде М1=МЭ магнит өрістері осьтерінің аралық бұрышы Ө өзгермей қалады.
Егер бастапқы қозғалтқыштың моментін М1 өсірсек, (98, б-су-рет), онда ол тежеу моментінен артық болады да ротор біршама үдеу алып, тұрақты n1 = 60f/р (желі тогының жиілігі) f тұрақты жиілігімен айналып тұрған статор өрісіне карағанда жылжи бастайды. Бұл жағдайда статор мен ротордың магнит өрістері осьтері
нің арасындағы бұрыш өседі. Сол себепті электромагниттік тежеу моменті Ms-де, өсіп, моменттер қайта теңгеріледі, яғни М1—МЭ. Генераторды желіге қосу үшін мына шарттар орындалуы ка-жет: генератор меы желі фазаларыньщ кезектесуі бірдей, желі кер-неуі мен генератордың ЭҚК-і мен желі тогының тен, болулары ке-рек; генераторды желіге оның әр фазасынын, ЭҚҚ-і желі кернеуіне қарсы бағытта болған сәтте қосу керек. Бұл шарттардың орындал-мауы, генераторды желіге қосқан сәтте оны істен шығаратын, үлкен ток туғызуы мүмкін. Генераторды желіге қосу кезінде арнайы құрылғы — синхроноскоп қолданылады. Ең қарапайым синхроно-скопқа генератор мен желі қысқыштары аралығына қосылған үш қылсымды қыздыру шамдары жатады. Электр шамдары екі есе-ленген желі кернеуіне есептелінеді, генераторды қосқанға дейін олар бір мезгілде жанып, бір мезгілде өшіп тұрады. Генератордың ЭҚҚ-і желі кернеуіне тең, бірақ бағыты жағынан қарсы болған сәтте шамдар сөнеді, өйткені әр шамдағы кернеу мөлшері нольге тең. Шамдар сенген сәтте генератор желіге қосылады. Генераторды желіге қосар алдында онын, ЭҚК-ін вольтметрмен елшейді. Егер ЭҚҚ желі кернеуімен тең болмаса онда оны қоздыру тогын өзгерту арқылы реттеп желі кернеуіне теңестіреді. Генератордьщ ЭҚК-інің жиілігін бастапқы қозғалтқыштың айналу жиілігін өзгерту аркы-лы реттейді.
Синхронды қозғалтқыштың синхрондық генераторлардан кұрылысы жағынан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Генератордағы сияқты синхронды қозғалтқыштың статорында үш фазалы орама орналасқан. Оны үш фазалы айнымалы ток желісіне қосқакда минутына n1=60f/р жиілігімен айналатын айналмалы магнит өрісін Фр туады. Қозғалтқыш роторында тұрақты ток кезіне қосылатын қоздыру орамасы орналасқан. Қоздыру тогы полюстердің магнит өрісін Фm туғызады. Статор орамасының токтары жасалған айнал-малы магнит өрісі ротор полюстерін өзімен бірге ілестіреді. (98, в-сурет). Мұнда ротор магнит өрісімен бірге тек қана синхронды түрде яғни статор өрісінін, айналу жиілігіне тең жиілікпен айнала-ды. Сонымен синхронды козғалтқыштыа айналу жиілігі, қоректендіруші желі тогының жилігі өзгермесе, қатаң түрде тұрақты болады.
Синхронды қозғалтқыштардьщ негізгі артықшылығына олардын, озық ток тұтынып жұмыс жасау мүмкіндіктері жатады, яғни қозғалтқыш желі үшін сиымдылықтық жүктеме болып табылады. Мүндай қозғалтқыш кәсіпорны энергия қабылдағыштары тұтынатын реактивтік қуаттын, орнын толтырып бүкіл кәсіпорынның соз гр-ін жоғарылатады.
Генератордағыдай синхронды қозғалтқыштарда реактивтік куатты өзгерту үшін, яғни соs φ-ді өзгерту үшін, қоздыру тогын реттеу керек. Қалыпты жағдайдағы қоздыруға сәйкес келетін белгілі бір қоздыру тогы кезінде соsφ=1. Қоздыру тогының азайтылуы статорда артта қалатын (индуктивтік) токтың пайда болуына, ал қоздыру тогы көбейгеиде (артық қоздырылған қозғалтқыштар) озық (сиымдылықтық) токтың пайда болуына алып келеді.
Синхронды қозғалтқыштың асинхрондық қозғалтқыштарға қарағанда артықшылығына желі кернеуінің өзгеруіне сезімтал еместігі де жатады.
Синхронды қозғалтқыштарда айналдырушы момент желі кернеуіне бірінші дәрежеде пропорционал болса, ал асинхронды қозғалтқыштарында ол кернеудін, квадратына пропорционал.
Синхронды қозғалтқыштардың айналдырушы моменті статордың магнит өрісі мен полюстердің магнит өрістерінің өзара әрекеттесуімен жасалынады. Қоректендіруші желінің кернеуіне статор ерісінің магниттік ағыны ғана тәуелді болады.
Синхронды қозғалтқыштар көбінесе полюстері айқын кескінделген түрінде жасалынады. Қалыпты жағдайда олар соы φ —0,8-ге тең озық токпен жұмыс істейді. Олар қоздырғыш арқылы, не шала өткізгіштік түзеткіштер арқылы айнымалы ток желісінен қоздыры-лады.
Синхронды қозғалтқышты желіге тікелей қосу арқылы жүргі-зіп жіберу мүмкін емес, өйткені статор орамасын желіге қосқанда айналмалы магнит өрісі пайда болады, ал ротор қосу сәтінде де қозғалыссыз, сонық салдарынан статор мен ротордын, магнит өріс-тері өзара әрекеттеспейді, яғни қозғалтқыш айналдырушы момен-тін дамыта алмайды. Сондықтан қоздырғышты іске қосу күшін ротордьвд айналу жиілігін алдын ала синхронды не болмаса соған жақын жиілікке жеткізу керек.
Қазіргі уақытта көбінесе синхронды қозғалтқыштарды асин-хронды жүргізіп жіберу деп аталатын тәсіл қолданылады. Оның мәнісін былай түсіндіруге болады. Синхронды қозғалтқыш рото-рының полюстерінің үштарында тиін дөңгелегіне үқсас асинхронды машинаның қысқа тұйықталған орамасы тәріздес, жүргізіп жіберу орамасы салынған. Қозғалткыштың статор орамасы үш фазалы желіге қосылады, ал оны қысқа тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыш тәрізді жібереді. Қозғалтқыш жиілігін синхронды мөл-шерге дейін (шамамен 95%) дамытқанда коздыру орамасы тұрақты ток желісіне қосылады да, қозғалтқыш синхронизмге кіреді, яғ-ни ротор жиілігі синхрондық шамаға дейін еседі.
Қозғалтқышты жүргізіп жіберерде қоздыру орамасы езінің кедергісінен 10—12 есе көп кедергіге түйықталады. Жүргізіп жі-берерде қоздыру орамасын ажыратулы күйінде, немесе қысқа тұ-йықталу күйінде қалдыруға болмайды. Егер жүргізіп жіберерде коздыру орамасы ажыратылған болса, онда орамада ете үлкен ЭҚК. индукцияланады. Ол орама оқшауламасына қызмет көрсету-шіге қауіп туғызады. Мұны статор өрісінін, жүргізіп жіберу кезінде коздыру орамасынық еткізгіштерін үлкен жиілікпен кесіп етуімен түсіндіруге болады.
Егер жүктелген қозғалтқышты жүргізіп жіберу кезінде оның қоздыру орамасы қысқа тұйықталса, онда ол синхронды жылдамдықтың жартысындай ғана жылдамдық дамытып синхронизмге ене алмайды.
Желіден озық токпен жұмыс жасайтын синхронды машинаны машинаны компенсатор (теңгергіш) ретінде қолдануға болады. Компенсатор ретінде жүктемесіз жұмыс жасайтын синхронды коз-ғалтқыш қолданылады. Ол кәсіпорнының соз ф-ін жоғарылатуға арналады. Сонымен, компенсатор, реактивтік қуат генераторы бо-лып табылады. Компенсатордың құрылысы жағынан синхронды қозғалтқыштан айырмашылығы шамалы: ол механикалық жүкте-месіз жұмыс істейді, сондықтан оның білігі және роторы жеңілірек, ал ауа саңылауы қозғалтқыштыкіне қарағанда аз болады.
Синхронды қозғалтқыштардың негізгі кемшілігіне оның жұмыс жасауы үшін әрі айнымалы, әрі тұрақты ток көздерінің қажеттігі жатады. Синхронды қозғалтқыштың қоздыру орамасын тұрақты ток көзімен қоректендіру қажеттігі, әсіресе, шағын қуатты қоз-ғалтқыштарды ете тиімсіз етеді. Сондықтан тұрақты токпен қоз-дырылатын қуаты кіші синхронды қозғалтқыштар қолданылмай-ды. Бұл жағдайларда реактивтік синхронды қозғалтқыштар кеңі-нен пайдаланылады. Мұндай қозғалтқыштың роторының полюстері айқын кескінделген болады. Қуаты өте кіші қозғалтқыштарда ро-тор алюминийден цилиндр түрінде жасалынады. Роторды құю үстінде жұмсақ болаттан жасалған стерженьдер салынады, олар айқын кескінделген полюстер функциясын атқарады. Цилиндр формалы ротор оны өядеуге, теңгеруге жеңілдік береді, оньщ үсті-не жұмыс кезінде ауамен үйкелу шығынын азайтады, мүның қуаты өте шағын қозғалтқыштар үшін маңызы зор.
Реактивтік синхронды қозғалтқыштарда айналдырушы момент ротордың магнит өрісінде осы әріс үшін ең кіші магниттік кедергі жасайтындай болып орналасуға тырысуынан туады. Сондықтан ротор кеңістікте статордың айналушы өрісінщ магниттік сызықта-ры ротордың болаты арқылы тұйықталатындай орын алады, ол үшін ротор статордың магнит өрісімен бірге айналады.
