- •«Вагон және вагон шаруашылығы» пәні бойынша
- •5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •3.6 Процедура және саясат
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестеі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Тақырыбы:Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмаған
- •9.1 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10.3 Жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Келесі шаралардың қайсысы жүк автомобиль көлігінің өнімділігін арттыруға себебін тигізбейді
- •A) Жоғарғы ыңғайлылығы.
- •C) Қажетті жүрістер қоры.
- •18. Жүккөтергіштікті пайдалану коэффициентін арттыру үшін төмендегілердің қайсысын қажет етпейді
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •«Темір жолдарды электрлендіру және электрожабдықтау» пәні бойынша
- •5В090100 «Қозғалысты, тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану Құрымбаев Саят Ғайниұлы
- •100061, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
10.3 Жазбаша жұмыстардың тақырыптары
Рефераттардың тізімі
1. Автомобиль көлігінде жылжымалы құрамның жіктелуі.
2. Автомобиль құрылысы туралы жалпы мәліметтер.
3. Мамандандырылған автомобильдердің түрлері.
4. Жартылай тіркемелердің құрылысы.
Ескерту: Сыртқы бөлім студенттері курс бойынша жазба жұмыстарын «Факел» автоматтындырылғын алыстан оқыту ілеспе программасы бойынша жіберу қажет.
10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
(оқу жоспарында жоспарланбаған)
11. Құжаттардың есеп түрі, оқу, өндірістік және диплом алды пратикаларының әдістемелік нұсқаулары (қосымша 2)
12.1 Студенттердің білімін бағалау критериі
Бақылау түрі |
50 - 100 30 10 |
Ағымдық |
50 - 100 |
Аралық |
50 - 100 |
Қорытынды |
50 - 100 |
Барлығы: |
50 - 100 |
12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
1. Тиеу және түсіру тәсілі бойынша автомобильді қалай анықтауға болады?
A) Автомобиль қозғалтқышының қуатын.
B) Тежеу жүйесінің жұмысын.
C) Кузовының түрін.
D) Автомобильдің алдыңғы шықпасы.
E) Шассидің түрін.
2. Автобустар, шағын автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері, автомобиль тіркемелері, жартылай тіркемелер, сондай-ақ арнайы мамандандырылған автомобильдер (жүктердың белгілі бір түрлерін тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдер ... болып табылады
A) Автокөлік жүйесі.
B) Көлік құралдары.
C) Автокөлік құралы.
D) Көліктік жүйе.
E) Автокөлік кешені.
3. Ұзын өлшемді жүктер деп габарит өлшемдерінің кемінде ..., рұқсат етілген өлшемдерден (ені 2,5 м, биіктігі автомобильмен есептегенде 3,8 м, контейнермен қоса 4 м, ұзындығы 2 м, ал жалпы автопоездардың ұзындығы 24 м-ден артпауы керек) артық болған жүктерді айтады.
A) Біреуі.
B) Екеуі.
C) Үшеуі.
D) Төртеуі.
E) Бесеуі.
4. Жүккөтергішті пайдалану коэффициентінің мәндері бойынша жүктер неше сыныпқа бөлінеді
A) Бір.
B) Екі.
C) Үш.
D) Төрт.
E) Бес.
5. Жылжымалы құрамды пайдаланудың ұйымдастыру-техникалық шарты
A) Пайдалану тәртібі.
B) Қозғалысты ұйымдастыру.
C) Маршруттарда тасымалдауды ретімен орындау.
D) Сақтау жағдайлары, техникалық қызмет көрсету және жөндеу.
E) Жүргізушілердің жұмысын ұйымдастыру және жұмыс тәртібі.
6. Автомобиль көліктерінде тасымалданатын жүктердің тығыздығы, (т/м2)
A) 0,02…0,1.
B) 0,05…0,25.
C) 0,08…0,33.
D) 0,15…0,5.
E) 0,1…0,4.
7. 3-ші класқа кіретін жүктер жылжымалы құрамның жүк көтергіштігін пайдалану коэффициентінің қайсысын қамтамасыз етеді
A) 0,41…0,6.
B) 0,81…0,9.
C) 0,71…0,8.
D) 0,51…0,7.
E) 0,31…0,5.
8. Жылжымалы құрамның қозғалыс графигін құру барысында тасымалдау маршруттарының келесі техника-пайдалану көрсеткіштерін есептеу қажет
A) Жылжымалы құрамның отын үнемділігі.
B) Тасымалдау арақашықтығы.
C) Маршрут бойынша қозғалыс жылдамдығы, жылжымалы құрамдардың саны.
D) Жылжымалы құрамдарды техникалық баптауға кеткен шығындар.
E) Жылжымалы құрамның нольдік жүріс уақыты.
9. Жылжымалы құрамның үлкен арақашықтықтарда қозғалысын ұйымдастыру барысында ... жағдайларына басты көңіл аудару қажет
A) Паромдық және мұз өткелдердегі қозғалыс.
B) Автомобильдердің дұрыс пайдалануын қамтамасыз етуші қондырғылар мен ғимараттар, жолдарды жарықтандыру.
C) Автомобиль жолдары мен теміржолдардың бір деңгейдегі қиылысуы.
D) Жасанды ғимараттар.
E) Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары.
10. Жол жағдайы бойынша жылжымалы құрамды таңдауда келесідей қасиеттердің қайсысын қарастырмайды
A) Өткізгіштік.
B) Жүріс жайлылығы.
C) Динамикалылық.
D) Басқару ыңғайлылығы (эргономикалылық).
E) Маневрлік.
11. Тығыздығы … (т/м2) артық болған ақтара тиелетін жүктерді (құм, топырақ, щебень, гравий т.б.) тасымалдау барысында барлық түрдегі жылжымалы құрамдардың жүк көтергіштігін толық пайдалану мүмкін
A) 1,8.
B) 1,6.
C) 1,4.
D) 1,2.
E) 1,0.
12. Тиеу және түсіру механизмдерінің түрі және өнімділігін анықтауда төмендегілердің қайсысын қарастырмайды
A) Автомобиль кузовының түрі.
B) Автомобильдің жылдамдық қасиеті.
C) Жүккөтергіштігі.
D) Беріктігі.
E) Арнайы құрылғылардың қажеттігі.
13. Ыдыстар, оларда тасымалданатын жүктердің түріне қарай … бойынша стандартталады
A) Пайдалану саны.
B) Өлшемдері.
C) Пішіні.
D) Дайындалған материалы.
E) Қаттылық дәрежесі.
14. Автомобильдердің жүккөтергіштігінің, оның өзінің массасына қатынасын … деп атайды
A) Массасын пайдалану коэффициенті.
B) Жүк сиымдылығы.
C) Кузов еденінің жүккөтергіштігі.
D) Жүккөтергішті пайдалану коэффициенті.
E) Ықшамдылық коэффициенті.
15. Жылжымалы құрам қозғалыс маршрутының жолын таңдау барысында … есепке алынады:
A) Тасымалдау аймағындағы климаттық жағдайы.
B) Тасымалдау аймағындағы жол тармағының жағдайы.
C) Жүк пайда болатын және жүк жойылатын пунктердің географиялық орны.
D) Жүк айналымы және оның құрылымы.
E) Тасымалдаудың үздіксіздігі.
