- •«Вагон және вагон шаруашылығы» пәні бойынша
- •5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы үшін
- •2. Күндізгі бөлімнің жұмыс оқу жоспары
- •2.1 Сыртқы оқу бөлімінің жұмыс оқу жоспары
- •3. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •3.1 Оқытушы туралы мәліметтер
- •3.6 Процедура және саясат
- •4. Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестеі
- •6. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
- •5. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- •Тақырыбы:Асинхронды қозғалтқыштың құрылысы
- •7. Практикалық сабақтар жоспары
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •Сұрақнама
- •8. Лабораториялық сабақтар жоспары қарастырылмаған
- •9.1 Пәннің оқытылуы бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •10.3 Жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •10.4 Курстық жұмыстар тақырыптары
- •12.2 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •16. Келесі шаралардың қайсысы жүк автомобиль көлігінің өнімділігін арттыруға себебін тигізбейді
- •A) Жоғарғы ыңғайлылығы.
- •C) Қажетті жүрістер қоры.
- •18. Жүккөтергіштікті пайдалану коэффициентін арттыру үшін төмендегілердің қайсысын қажет етпейді
- •12.3 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •13. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •14. Аудиториялардың, кабинеттердің және зертханалардың мамандандыру тізбесі.
- •«Темір жолдарды электрлендіру және электрожабдықтау» пәні бойынша
- •5В090100 «Қозғалысты, тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану Құрымбаев Саят Ғайниұлы
- •100061, Қарағанды қ., Гоголь к-сі, 38
Сұрақнама
Клапандардың қызметі қандай?
Егер кран жазда жабық болып, ал қыста ашық болса қандай жағдайға ұшырауы мүмкін?
Автомобильді пайдалану барысында центрден тепкіш сүзгінің ластану дәрежесін қалай тексереді?
Картерді желдету жүйесіне жататын бөлшектер?
Картерді желдету не үшін қажет?
Майлау жүйесінде қысым болмаған жағдайда қозғалтқыш жұмысы қандай салдарға әкеп соғуы мүмкін?
Тапсырма: Жұмыс барысында берілген нұсқауларды орындау. Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру. Әдебиеттермен жұмыс істеу.
Әдістемелік нұсқау:
Жұмыстың мақсаты: Майлау жүйесі аспаптарының құрылысымен тәжірибе жүзінде танысу және оқу.
Құрал-жабдықтар:
Майлау жүйесінің элементтері.
Жұмыстың реті:
Майлау жүйесі бөлшектерінің барлық аталған құрылыстарымен танысу, оқу және кескіндеп қағазға түсіру.
1 - сопло (жиклер); 2 – ротор қақпағы; 3 – май тазартқыштың күпшегі; 4 – картерді желдету түтікшесі; 5 – картерді желдету клапаны; 6 – күйентелердің осьтеріне келетін каналдар; 7 – сүзгіш элемент; 8 – май құятын қақпақ; 9 – оң жақ магистралдық канал; 10 – компрессордың иінді білігі; 11 - май поддоны; 12 – радиатордан поддонға майды әкету шлангысы; 13 – май өлшегіш щуп; 14 – май толқындарын жою қабырғалары; 15 – бөлгіш біліктің мойыны; 16 – сораптың май қабылдағышы; 17 – май радиаторын өшіру краны; 18 – май сорабының төменгі секциясы; 19 – ағызу тесігінің тығыны; 20 – майды май тазартқышқа әкелу каналы; 21 – цилиндрлер блогы; 22 – түпкі подшипниктен бөлгіш біліктің втулкасына май келтіру каналы; 23 – от алдыру бөлгіші мен май сорабы жетегінің шестернясы; 24 – сол жақ магистралды канал; 25 – май бөлгіш камера; 26 - өткізгіш клапаны; 27 – май тазартқышта тазартылған майды әкету каналы; 28 – май қысымының датчигі; 29 - орнатқыш; 30 – торлы сүзгіш; 31 - ротор; А – май сорабы; Б – центрден тепкіш май тазалағыш; В - картерді желдету сүзгісі; Г - май радиаторы
Әдебиет: [1;2]
№4 практикалық сабақ
Тақырыбы: Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
Сұрақнама
Қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің тағайындалуы қандай?
Бензинді, дизельді және газды қозғалтқыштары үшін қандай отын қажет?
Бензин мен дизельді отынның сапасын бағалайтын көрсеткіштерді атаңыз.
Қозғалтқыш жұмысының режимі және оларға қажетті отын қоспасы қандай?
Бензинді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесінің құрылысы мен жұмысын айтып беріңіз.
Дизельді қоректендіру жүйесі қалай жұмыс істейді?
Қозғалтқыштың үрлеуі дегеніміз не және ол не үшін жасалады?
Газдық қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі қалай құрылған және қалай жұмыс істейді?
Қозғалтқыштың қоректендіру жүйесін күту барысында қандай қауіпсіздік шаралары қажет?
Тапсырма: 1. Отынды беру жүйесінің құрылысымен танысу, оқу, суреттеу. 2. Қоректендіру жүйесінің негізгі тораптарын кескіндеп қағазға түсіру.
Әдістемелік нұсқау:
Жұмыстың мақсаты: Дизельді қозғалтқыштың қоректендіру жүйесімен тәжірибе жүзінде танысу және оқу.
Құрал-жабдықтар:
КАМАЗ, МАЗ, Урал қоректендіру жүйесін пайдалану.
Жоғары қысымды сорап.
Форсункалар.
Басқа отындық жабдықтар.
Жұмыстың реті:
Жұмыс барысында берілген нұсқаулықтарды орындау.
Бақылау сұрақтарына ауызша жауап беру.
1 – қатқыл тазалау сүзгісі; 2 – ағызу құбыры (форсункадан бакқа); 3 - отын багы; 4 – отын айдағыш сорап; 5 – отын өткізуші құбыр; 6 – жоғарғы қысымды отын сорабы; 7 – жоғарғы қысымды отын құбыры; 8 – тазартылған отынды отын сорабына жеткізу құбыры; 9 – отынды сүзгіге жеткізу құбыры; 10 – отынды мұқият тазарту сүзгісі; 11 – пневмо реттегіш түтігі; 12 - форсунка; 13 – шығару құбыры; 14 - турбокомпрессор; 15 – дыбыс өшіргіш (глушитель); 16 – ауа сүзгісі; 17 - ластану индикаторының түтігі; 18 – ауа сүзгісінің ластану индикаторы; 19 – дизель поршені; 20 - компрессор; 21 - турбина; 22 – шығару құбыры; 23 – отынды қолмен айдау сорабы; 24 – ауаны шығаруға арналған тесіктің тығыны; 25 – ауаны шығаруға арналған штуцер
Әдебиет: [1;2]
№5 практикалық сабақ
Тақырыбы: Карбюраторлық қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі
