- •Iі. Термодинамика негіздері
- •VI. Газдағы изопроцесстер және олардың графиктерi.
- •1.Дененің ішкі энергиясы. Жылу мөлшері.
- •Меншікті булану жылуы деп 1 кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
- •2.Жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
- •3.Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік.
- •4. Термодинамиканың бірінші заңы.
- •5. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану
- •2.Ауаның ылғалдылығы және оны өлшеу.
- •3. Беттiк керiлу
- •1. Қаныққан және қанықпаған булар.
- •4.Қыл түтiктiк құбылыстар.
- •5.Кристалдық және аморфтық денелердiң құрылысы. Анизотропия
- •6. Қатты денелер деформацияларының түрлерi. Механикалық кернеу. Гук заңы. Юнг модулi
4. Термодинамиканың бірінші заңы.
Термодинамиканың бірінші заңы:
Q=∆U+A
Q - жылу мөлшері
∆U – ішкі энергия өзгерісі
A – жұмыс
А= p·(V2-V1) = p·ΔV
Бiр атомды газдың iшкi энергиясы:
U = 3mRT/2M.
1.Тұрақты 2 МПа қысымдағы газ 2 л-ден 12 л-ге дейін ұлғая отырып, қанша жұмыс жасайды?
2.Газдың көлемі 0,3 м3 –тен 600 л-ге дейін ұлғайғанда, 400 Дж жұмыс жасалған. Егер газ жұмыс жасау процесінде өзгермесе, онда оның қысымы қандай?
3.Газ ұлғайғанда 600 Дж жұмыс жасалған. Процесс барысында тұрақты қысым 4·105 Па-ға тең және өзгермеген болса, газдың көлемі қанша шамаға өзгерген?
4. Көлемі 20 л, қысымы 80 кПа-ға тең газ ұлғайғанда, 496 Дж жұмыс жасалған. Газдың соңғы көлемін анықтаңдар.
5. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану
Процестің аталуы |
Процесс кезінде өзгермей-тін шама |
Термодина-миканың бірінші заңының қолданылуы |
Процестің сипаты |
Изобаралық |
... |
Q=∆U+A |
Газдың қысымы өзгермейді.Газға берілген жылу мөлшері осы газдың жұмыс атқаруы мен ішкі энергиясының өзгерісіне жұмсалады |
... |
... |
...
|
Газға берілген жылу мөлшері газдың жұмыс атқаруына жұмсалады |
... |
... |
...
|
...
|
... |
Q=O |
...
|
Жылу алмасусыз өтеді |
6. Жылу машиналарының пайдалы әсер коэффициенті ( ПӘК- ή -эта):
ή=(Q1-Q2) /Q1
A=Q1 - Q2 , ή = А / Q1,
мұндағы Q1 – қыздырғыштан алынған жылу мөлшері,
Q2 – тоңазытқышқа берілген жылу мөлшері
|
|
мұндағы Т1 – қыздырғыштың температурасы,
Т2 – тоңазытқыштың температурасы
ή<1 немесе ή<100 0/0 болады.
ІЖҚ - іштен жанатын қозғалтқыш
1878 ж.неміс механигі Николай Отто ең алғашқы ІЖҚ ойлап тапты (газбен жұмыс істейтін ІЖҚ)
1885 ж. Даймлер бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы қозғалтқыш ойлап тапты.
1892 ж. Р. Дизель дизельді қозғалтқышты ойлап тапты.
ІЖҚ-ның бір жұмыс циклі:
1-такт: сору тактісі- қақпақша ашылып,цилиндрдің ішіне жанғыш қоспа сорылады.
2-такт: Сығу тактісі- поршень жоғары қарай қозғалып, бензин мен ауа қоспасы электр оталдырғыштан тұтанады.
3-такт: жұмыс тактісі-жоғары температура мен қысымдағы газ поршенді үлкен күшпен қысып, төмен қарай итереді. Поршень бұлғақ пен қосиіннің көмегімен тегершік пен иінді білікті қозғалысқа келтіреді.
Шығару клапаны ашылып, қысым азаяды.
4-такт: шығару тактісі-қалдық газ сыртқа шығады.Шығару клапаны жабылады.Сору клапаны ашылып, цикл қайталанады.
ІЖҚ жанар-жағар майын мұнайдан алады. Бензиннің құрамы С5 - С12көмірсутектектерінен тұрады. Жанған кезде ауамен қоспа поршенге ұрылып, қопарылыс (детонация) береді. Ол қозғалтқыштың уақытынан бұрын қызып, тозып кетуіне әкеледі. Бензиннің детонацияға төзімділігін октан санымен анықтайды, ал ол сан неғұрлым үлкен болса, детонацияға төзімділігі жоғары болады. Бензин маркалары: А-72, А-76, А-93, А-96 т.б.
|
|
ІІІ.Газ тектес, сұйық және қатты денелердiң қасиеттерi
