- •Iі. Термодинамика негіздері
- •VI. Газдағы изопроцесстер және олардың графиктерi.
- •1.Дененің ішкі энергиясы. Жылу мөлшері.
- •Меншікті булану жылуы деп 1 кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
- •2.Жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
- •3.Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік.
- •4. Термодинамиканың бірінші заңы.
- •5. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану
- •2.Ауаның ылғалдылығы және оны өлшеу.
- •3. Беттiк керiлу
- •1. Қаныққан және қанықпаған булар.
- •4.Қыл түтiктiк құбылыстар.
- •5.Кристалдық және аморфтық денелердiң құрылысы. Анизотропия
- •6. Қатты денелер деформацияларының түрлерi. Механикалық кернеу. Гук заңы. Юнг модулi
1. Қаныққан және қанықпаған булар.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды. Басқаша айтқанда, булану конденсацияға тең болған жағдайдағы бу қаныққан бу деп аталады.
Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын буды қанықпаған бу деп атайды.
Молекулалар концентрациясы- бірлік көлемдегі молекулалар саны.
Температура өзгермеген жағдайда сұйықтың қаныққан буының қысымы өзгермейді.
Температура жоғарылаған сайын сұйықтың қаныққан буының қысымы мен тығыздығы артады.
2.Ауаның ылғалдылығы және оны өлшеу.
Ауада үнемі су буы болады. 1м3 ауада t = 0 0C –та 5 г су буы, t = 20 0C –та 17 г су буы болады. Егер су буының мөлшері t = 0 0C –та 5 г-нан асып кетсе, онда ауа бұдан артық буды ұстап тұра алмайды да, жауын-шашын болады.
Ауадағы су мөлшері ауаның ылғалдылығы деп аталады. Салыстырмалы ылғалдықты өлшеу үшiн арнайы психрометр деп аталатын прибор қолданылады
Ауадағы су буы р қысымының берілген температурадағы қаныққан бу рқ қысымына қатынасы және пайызбен өрнектелетін шаманы ауаның φ (фи) салыстырмалы ылғалдылығы деп атайды.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын есептейтін формула: φ = (p/pk)· 100 %
Ылғалдылықтың маңызы →
Бу қаныққан күйге өтіп конденсацияланған (шық пайда болған) және φ=100 º⁄0 болған кездегі температураны шық нүктесі деп атайды.
1.Заттың сұйық күйден газ күйіне өтуі_______________деп аталады.
2.Заттың газ күйінен сұйық күйге өтуі _______________деп аталады.
3.Булану___________және____________ түрінде жүреді.
4.Кебу жылдамдығы 1)__________
2) __________
3) __________
4) ___________ тәуелді болады.
5.Сұйықтың барлық көлемінде және тұрақты температурада өтетін булану_______________деп аталады.
6.Қалыпты атмосфералық қысымдағы сұйықтың қайнау температурасы______0С.
7.Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын буды ............деп атайды.
8.Басқаша айтқанда, ...............................................................................................
жағдайдағы бу қаныққан бу деп аталады.
9.Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болмайтын буды ................................................деп атайды.
10. ...................................- бірлік көлемдегі молекулалар саны.
3. Беттiк керiлу
«Сұйық - газ» деп бөлiнетiн шекаралық қабаты бар болғанда, ашық беттегi молекулалар, сұйықтың iшiндегi молекулалар тарапынан, өте күштi төменге қарай тартылыс күшiне ұшырайды және де газдың молекулалары тарапынан аз ғана жоғары тартылысқа ұшырайды. Сол себептен шекаралық қабаттағы молекулалар сұйықтың iшкi жағына қарай тартылады.
Сұйықтың ашық бетiндегi молекулалардың артық потенциалдық энергиясы беттiк энергия деп аталады. Бiрлiк ауданның беттiк энергиясы σ - меншiктi беттiк энергия деп аталады:
σ = W/S ,
Беттiк қабаттың бөлшектерi, сұйық бетiне жанама жазықтықта жатқан және сұйық бетiнiң ауданын мейлiнше кiшiрейтуге бағытталған, (негiзделген) күштiң әсерiне ұшырайды. Бұл күштер – беттiк керiлу күштерi F деп аталады.
