- •Iі. Термодинамика негіздері
- •VI. Газдағы изопроцесстер және олардың графиктерi.
- •1.Дененің ішкі энергиясы. Жылу мөлшері.
- •Меншікті булану жылуы деп 1 кг сұйықты қайнау температурасында буға айналдыруға қажетті жылуды айтады.
- •2.Жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
- •3.Жылу берілудің түрлері. Жылуөткізгіштік.
- •4. Термодинамиканың бірінші заңы.
- •5. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану
- •2.Ауаның ылғалдылығы және оны өлшеу.
- •3. Беттiк керiлу
- •1. Қаныққан және қанықпаған булар.
- •4.Қыл түтiктiк құбылыстар.
- •5.Кристалдық және аморфтық денелердiң құрылысы. Анизотропия
- •6. Қатты денелер деформацияларының түрлерi. Механикалық кернеу. Гук заңы. Юнг модулi
4.Қыл түтiктiк құбылыстар.
Қатты дене бетiмен үлдiр секiлдi ағып-жайылатын сұйық жұғатын сұйық деп аталады, ал тамшыға айналып, жиылып тұратын сұйық жұқпайтын сұйық деп аталады. Жұғу және жұқпау эффектерi қатты қабырға маңындағы ашық беттердiң қисаюымен бiрлесiп (қатар) жүредi. Өте тар түтiкшелер – капиллярлар қарастырылған жағдайда, ондай қисайған беттер мениск деп аталады.
|
|
|
|
r - қылтүтiк радиусы,
5.Кристалдық және аморфтық денелердiң құрылысы. Анизотропия
кристалдың физикалық қасиеттерiнiң ондағы таңдалған бағытына байланыстылығы анизотропия деп аталады.
Барлық кристалды денелер анизотропты болып келедi.
Көптеген кiшкентай кристаликтерден тұратын қатты дене поликристалдық дене деп аталады
Аморфтық денелер қатты денелер қатарына жатады, бiрақ оларда кристалдарға тән, стуктураның сол фрагментiндегi барлық бағыттар бойынша қайталанушылық жоқ. Тек көршi атомдар ғана белгiлi бiр тәртiппен орналасқан.
Аморфтық денелерге шыны, пластмасса, шайыр, смола және т.б. жатады. Барлық аморфты денелер изотропты болып келедi, яғни олардың физикалық қасиеттерi барлық бағытта бiрдей деген сөз. Аморфтық денелердiң кристалдық денелерге қарағандағы бiр ерекшелiгi сонда, олардың белгiлi бiр балқу температурасы болмайды.
6. Қатты денелер деформацияларының түрлерi. Механикалық кернеу. Гук заңы. Юнг модулi
Қатты денелер әрқашанда өздерiнiң сыртқы пiшiндерiн сақтап тұра алмайды.
Сыртқы күштердiң әсер етуiнiң нәтижесiнде дененiң сыртқы пiшiнi мен көлемiнiң өзгеруi деформация деп аталады Сыртқы күштердiң әсерi тоқтатылғаннан кейiн жоғалып кететiн деформациялар – серпiмдi деформациялар деп, ал жоғалмайтын деформациялар- пластикалық деформациялар деп аталады.
Созылу деформациясы мынадай екi шамамен сипатталады:
абсолюттi
Δl = l | – l
және салыстырмалы
ε = Δl / l
ұзарулары, мұндағы l - стерженнiң бастапқы ұзындығы, ал l |- соңғы ұзындығы.
Механикалық кернеу деп Fсер серпiмдiлiк күшi шамасының дененiң көлденең қимасының S ауданына қатынасын атайды:
Деформация аз болғанда, кернеу салыстырмалы ұзаруға тура пропорционал болады. Бұл Гук заңы деп аталады. Оны мына түрде жазып көрсетуге болады.
Е серпiмдiлiк модулi немесе Юнг модулi деп аталады.
1.
Механикалық кернеу:
;
2.
Юнг модулі: Е=
;
3.
Салыстырмалы деформация:
;
4.
Гук заңы:
;
Қатты денелерге тән қасиеттер
Жауабы: белгілі пішіні болады. көлемін сақтайды
Қатты денелердің қандай екі тегін білеміз?
Жауабы: кристалл және аморф .
Аморф денелердің кристалл денелерден айырмашылығы
Жауабы:анизотроптылығы
Аморф денелердің физикалық қасиеттері барлық бағытта бірдей ме?
Жауабы: иә, аморф денелер изотропты.
Анизотропия құбылысының мағынасы:
Жауабы: кристалдардың әртүрлі бағытта физикалық қасиеттері түрліше болады.
Кристалл қатты денелерге жатпайтыны
Жауабы: шыны, пластмасса
Кристалдану кезінде дененің температурасы
Жауабы:өзгермейді, тұрақты бір мәнде болады
ДЕФОРМАЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ:
Деформацияның түрлері |
Анықтамасы |
Мысалдар |
Созылу деформациясы |
Түсірілген күштің әсерінен дене ұзындығының бір бағытта созылуы |
Түсірілген күштің әсерінен резеңкенің, жіптің, серіппенің созылуы т.с.с. |
Сығылу деформациясы |
Түсірілген күштің әсерінен дене ұзындығының кемуі |
Ғимараттар, үйлердің іргетастары, рельстер, орындықтардың аяқтары т.с.с.
|
Майысу деформациясы |
Оське перпендикуляр үсірілген күштің әсерінен дененің майысуы |
Кереуеттердің тақтайлары,орындықтардың отырғыштары, көпірлер т.с.с.
|
Бұралу деформациясы |
Дененің екі ұшына қарама-қарсы түсірілген күштің әсерінен дененің бұралуы |
Бұрандалы шегелер, жүк көтершіш крандардың тросы т.с.с. |
Ығысу деформациясы
|
Дененің параллель қабаттарының бір-біріне қатысты салыстырмалы түрде параллель орын ауыстыруы |
Қайшымен кескендегі қағаз, горизонталь бағыттағы сейсмикалық тербелістер кезіндегі Жер қабаттары т.с.с. |
