- •2 Дәріс. «Тәрбие жүйесі» ұғымы
- •2.Сыртқы
- •3 Дәріс. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі.
- •4 Дәріс. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері
- •Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
- •6 Дәріс. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі.
- •7 Дәріс. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары
- •9 Дәріс. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары.
- •10 Дәріс. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің
- •11 Дәріс. Қазіргі жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер бірлестігі.
- •12 Дәріс . Сынып жетекшісінің оқушыларды денсаулық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.
- •13 Дәріс. Дарынды балалармен жұмыс әдістемесі.
- •14 Дәріс. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесі.
- •15 Дәріс. Оқушылармен кәсіби бағдар жұмыс әдістемесі.
14 Дәріс. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесі.
Мазмұны.
1.Қиын балалардың пайда болу себептері және олардың негізгі ерекшеліктері. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу және дамыту жолдары. 2.Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері. 3.Қиын балаларды тәрбиелеуде педагогикалық тұрғыда талдау және дамытужолдары. Қиын балаларға көмек беруде мұғалімнің ролі және қызметі.
Қазіргі ХХІ ғасыр табалдырығын аттап отырған кезеңде «қиын балалар» мәселесі бізді әлі де ойландыруда. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын». «Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл 1950-1960 жылдары қайтадан қолданысқа енді. Қазір бұл мәселе ғылымда нақты орын алып отыр. Қиын балалар қайдан шығады?- деген сұраққа былай жауап берсе де болады. Ең басты себеп отбасы тәрбиесінде жатыр: ата-ананың ішімдікке салынуы немесе екеуінің біреуі болмауы. Осының бәрі баланың мінез-құлқына, ішкі жан дүниесіне әсер етеді.
Кейбір тәрбиесі, мәдениеті өте төмен ата-ана баласын ұрып-соғып, жаман сөзбен балағаттап, тіпті баласына қайыр-садақа сұратқызады. Мұнда бала ертеңгі күні кекшіл, жасқаншақ, төбелескіш келеді. Сонда оның тағдыры, болашағы қандай болмақ.
А.Макаренконың мына бір сөзіне көңіл қою артық болмас еді. «Бала тәрбиесі біздің өміріміздің саласы. Біздің балаларымыз мемлекетіміз бен әлемнің болашақ азаматтары. Олар ертеңгі әке мен шеше, олар да өз балаларын тәрбиелейтін болады. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әке, жақсы шеше болып өсуі керек.Бірақ мұнымен де бітпейді. Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз. Дұрыс тәрбие - бұл бақытты қарттығымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдармен бүкіл ел алдындағы кінәміз».
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.
Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрады
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Бiрiншiсi – тән кемтарлығы және жан жарақаты бар балалар.
Екiншiсi – отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптастыруда сыртқы керi факторлардың, әлеуметтiк жағдайдың әсерi болған және өтпелi кезеңнiң күрделiлiгiнен мiнезi дұрыс қалыптаспай қалған балалар.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917ж., 1924ж.) болды, ол өз мінез-құлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған балаларды қарастырды. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады.
Осы қиын балалар мәселесі бойынша, жоғарыда аталған ғалымдарымыздың ішінде А.С.Макаренконың қиын балалар мен жасөспірімдерге арналған еңбектері отандық педагогикалық алтын қорына енді.
Қиын балалардың жекелік ерекшеліктерін өмір жағадайымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді құрама түрінде зерттеп, іске асырған П.П.Блонский (1986ж) болды. Оның зерттеуінің негізгі мақсаты – қиын балалардың өмірін нақтылау. П.П.Блонский қиын балалардың мінез-құлық тарихын мектеп, отбасы арқылы ашып көрсетеді. Ол қиын балаларға әлеуметтік педагогтің қатынасы арқылы «қиын оқушы» терминін нақтылауды жөн көрді. Бұл балаларға былайша мінездеме берді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, ол әлеуметтік педагогтің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – мынадай, онымен әлеуметтік педагогқа жұмыс істеу өте қиын, әлеуметтік педагогтен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы»..
«Қиындықпен тәриелену» мәселесі Г.А.Фортунатовтың (1935 ж) еңбектерінде зерттеген. Өзінің зерттеулерінде «қиын бала» ұғымына былайша түсінік беріп, оларға үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына көнбейтін балаларды жатқызады. «Қиын балаларға» ол психикалық бұзылудан жапа шеккендерді жатқызады. Г.А.Фортунатов қиын балаларға тек анықтама беріп қана қоймай, ондай балалардың пайда болуының себептеріне түсіндіреді және осындай себептің екі тобын табады. Бірінші топқа ол ескінің әсерін, ал екіншіге оларды қиналатын ішкі дау-жанжалдарды жатқызады. Дау-жанжалдардың тууы негізінде балаларда көбінесе мынадай мінез-бітістер: қозушылық, ұстамдылық, кейде ақылға сыймайтын қасарғыштық, кекшілдік, мейірімсіздік тағы басқа пайда болады.
Қазіргі уақытта мінез-құлықтың бұзылу себебі түбегейлі түрде зерттеліп, жаңа сипатқа ие болуда және әлеуметтік-психологиялық, клиникалық, криминалогиялық тұрғыда қарастырылуда.
Мінез-құлықтағы қиындық – бұл шексіз ұғым, тәрбиелік және әлеуметтік педагогтік әсерге қиындықпен көнетін, қайталанбайтын психологиялық ерекшелік. Мұндай жасөспірімдер өсе келе ауыр қылмыстық істер жасауға бет бұрады. Егер талдау жасап, жасөспірімдер қылмысын тізе берсек, тізім созыла береді. Ал балалардың сол қылмысқа бару себебін іздеп, қиын балалар қалай шығатынын зерттесек, біріншіден, баланың қарны тойып тамақтануы, үйде жанжал шыққан күннің ертесінде мектепке бару, бармау мәселелері тұрады. Осы және тағы басқа мәселелерді реттеу, шешу жолдары тиісті адамдар тарапынан ұсынылған. Бала – біздің болашағымыз, елді өсіретін де, өшіретін де, осы келешек ұрпақ.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымын зерттеу және бақылау 1920-30 жылдары пайда бола бастады. Бастапқы ғылым саласында емес, күнделікті өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт қолданысталған ғылым ұмтылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан қолданысқа енді.
басында олардың шығу себептерін, мінез-құлықтағы таңқаларлық ауытқушылықтарды, жеке адам дамуының динамикасымен байланысын терең зерттей бастады.
1950-70 жылдары зерттеушiлер негiзгi зейiндерiн «Қиындықпен тәрбиеленетiн » балалар мен жасөспiрiмдерге себепшi болатын әлеуметтiк-психологиялық және психо-педагогикалық факторларға бөледi.
1970-80 жылдары «Қиындықпен тәрбиеленетiн» мәселесi отандық ғылымда жан-жақты зерттелiндi.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында девиантты мінезді оқушыларға мынадай анықтама берілген: «балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан үнемі жалтаруы, отбасынан немесе балалардың оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай-ақ қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы».
Олардың әр кезеңде әртүрлі аталғаны бізге белгілі: «тәртібі нашар», «қиын», «тәрбиесі қиын» тағы басқа.
Ғылыми тұрғыдан зерттегенде, дәл осы балалардың оқуға қызығуларының жоқ екені, олар мектепке де сыймай, үйге де сыйлы болмай, мұғалімдердің берекесін кетіріп, түптің түбінде олардың басым көпшілігінен дайын заң бұзушылар мен қылмыскерлер шығатыны бұрын да дәлелденген.
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер ететін жағдайларына жеке-жеке тоқталып көрелік
Қиын балалардың «қиындығы» неде екенін білу үшін оның себебін табу керек:
Біріншіден, оның жүйкесі мен психикасында ауытқушылық бар-жоғын анықтап білу керек. Мамандардың пікірінше, ондай ауытқушылығы бар оқушылардың 10-15 пайызы жүйке немесе психикалық ауру жағдайына байланысты болады екен. Мұндай оқушыларды тәрбиелеуден бұрын емдеу керек. Екіншіден, сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер ететінін анықтап алу үшін ақпарат жинау. Ол үшін әңгімелер, бақылау сауалнама жүргізу, құжаттарды зерттеу әдістері қолданылады. Олардың бәріне дұрыс талдау жасау дегеніміз – қиын балаларды анықтауда қателікке бой ұрмау жағын қарастыру болып табылады «Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі» деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз де: мектеп, ұстаз, ата-ана, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз. Ата-бабаларымыз бізден бұрын бала психологиясын танып, адамның жан дүниесіне үңіле білген. Ал, бұл қасиет дәл қазіргі уақытта бізге өте қажет: баланың ішкі дүниесіне үңіле білу, жан-сезімін түсініп, ұғыну, оған көмектесу. Мысалы, «Балаңды 5-7 жасқа дейін патшадай сыйла, 10-15-ке дейін құлша жұмса, 15-17 жасынан ақылға-ақыл қосар дос, жолдасыңдай сыйла»деген ғибаратты баланың даму психологиясын жас ерекшеліктеріне қарап, сипаттап, саптап бөліп қойғандай. Осы кезеңдердің бірінен аттап кетсек тәрбиенің күрт бұзылуы даусыз.
Осынау өмірдегі әрбір жасөспірімге тән қасиет яғни, көңілінің қамауы – ешкімге бағынышты болмай, қатар-құрбыларымен бірге ойнап, бірге күліп, ішкі жан сырларын да бірге бөлісіп, балалық бал дәуренін көңілді өткізу. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне үлескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, қиын балалардың болашаққа ұстанған бағыты басқа жасөспірімдерден өзгешелеу болып келеді. Тәрбиесі «қиын» балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, көп ретте ерік-күшінің аздығынан, берік қалыптаспауынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкігіне түсіп кете барады.
«Қиын» оқушылардың ерекшеліктері. Ең біріншісі олардың дара ерекшеліктерін зерттеу қажет.
Темпераменті, жыныс және жас ерекшеліктері (физиологиялық ерекшеліктері)
Адам дамуындағы психологиялық процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері ( ес, қиял, ерік, түйсіну, эмоция қабылдау және ойлау биологиялық ерекшеліктері)
Баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі.
