- •2 Дәріс. «Тәрбие жүйесі» ұғымы
- •2.Сыртқы
- •3 Дәріс. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі.
- •4 Дәріс. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері
- •Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
- •6 Дәріс. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі.
- •7 Дәріс. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары
- •9 Дәріс. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары.
- •10 Дәріс. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің
- •11 Дәріс. Қазіргі жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер бірлестігі.
- •12 Дәріс . Сынып жетекшісінің оқушыларды денсаулық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.
- •13 Дәріс. Дарынды балалармен жұмыс әдістемесі.
- •14 Дәріс. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесі.
- •15 Дәріс. Оқушылармен кәсіби бағдар жұмыс әдістемесі.
11 Дәріс. Қазіргі жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер бірлестігі.
Мазмұны.
1.Жас ерекшеліктері бірдей оқушылардың қоғамдағы өсу деңгейінің рөлі өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің микрофакторы ретінде.
2.Жасөспірімдер және жеткіншектердің мәдениет элементтері: сән, мінез-құлық стилі, музыкаға әуестігі, би және бос уақытын өткізу ұқсастығы, жастар бірлестіктері.
3. Балалар бірлестіктерінің классификациясы. Әлеуметтік бағытталған бірлестіктер. Балалардың клуб типіндегі бірлестіктер. Кездейсоқ балалар бірлестіктері өз әрекеттерін реттеу қабілетімен ерекшеленеді (бейресми бірлестіктер).
XX ғасырды «балалар ғасыры» деп атаймыз. Оған түрлі жоспардағы халықаралық зерттеулер болғандықтан, Балалық шақ феноменінің құндылығын тануға мүмкіндік туғызды. Халықаралық қауымдастықта балаларға деген қатынас бірте-бірте жаңа сапаны иемденді. Қандай болмасын мемлекет кәмелетке толмаған балаларға өмір сүру үшін жағдайлар жасап, оларды қамқорлыққа алып және жан-жақты қорғау қажет. Бірақ ол үміттерді ақтаған жоқ. Оның барлығы елде болып жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгеру кезеңінде бастан кешірген әлеуметтік құбылыстардың яғни, балалардың қаңғыбастығы, панасыздық және қайыр сұраудың әсерінен болды. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның трансформациясы халықтың ең аз қорғалмаған бөлігіне – балалар әлеміне ерекше ауыртпалығын тигізді. Жұмыссыздық сияқты әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сақталған тұрақсыздандыру тенденциясы, балалардың жағдайларын күшейтіп отыр. Аталған жағдайлардың барлығы балаларды әлеуметтік қорғау институтының маңызды екенін көрсетіп отыр.
Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдердің мінез- құлықтары жалпы дамуында айрықша орын алады. Осы кезеңде даму - процесінің қалыптасуының жеткіліксіз деңгейлерінің нәтижесінде мінез -құлқында қиындығы бар балалар мен мұндай балалардың еркін дамып жетілмеуі оның іс-әрекетін, мінез- құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болуға, яғни өзінің іс - әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре алмайды.
Мінез- құлқында ерекшеліктер жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы, ұйқысының нашарлығымен сипатталады. Бұндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайтын, өркөкірек болады.
Ауытқуы бар балалар мен жасөспірімдердің мінез - құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар.Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады. Белгілі психолог, ғалым С.Л.Рубинштейн өз еңбегінде, мінез-құлықтан, қоршаған ортамен ағзаның байланысын жүзеге асыратын ұйымдастырылған іс-әрекетті белгілі түрде айыруға болады, - деп өз пікірін айтқан.
Дегенімен, психикалық дамудың әр кезеңіндегідей, жасөспірім үшін маңызды болып іс-әрекеттің негізгі түрлері саналады. Жасөспірімнің тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негізгі іс-әрекетпен ғана тамдамағанымен, сол негізгі әрекет оның бойында маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін анықтайды.
Жасөспірімдік жас кезеңіне тән ерекшеліктерді және олардың айналысатын түрлі іс-әрекеттерінің ықпалын зерттеу нәтижесі, көптеген ғалымдардың пікірін, яғни мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың тұлғасының қалыптасуында негізгі орынды еңбек іс-әрекеті алады, - деген қорытынды жасауға түйіндейді. Бірақ балалармен тұлғалық дамуы еңбек іс-әрекетінің бөлек түрлері арқылы іске аспай, сол іс-әрекеттерді белгілі бірлік жүйесіне байланысуын ұйымдастыру жолмен ғана жүзеге асып отырады. Мұндай ұйымдастыру жүйесі, жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына еңбектің нәтижелі психологиялық ықпалымен қамтитын, белгілі мінез-құлқы ауытқушы болған балалардың жұмыс моделін құрастыруға мүмкіндік береді.
Жасөспірімдік жас, қауіп-қатерлі топқа енетін кезең болып саналады. Белгілі кеңес психологтары мен педагогтарының, яғни Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, Л.В.Мудрик, В.А.Сухомлинский, В.Т.Властовский, И.С.Кон, И.А.Невскийдің еңбектерінде жеткіншек кезеңінің ерекшеліктері баяндалған.
Жасөспірімдік кезең, баланың психикалық сферасының барлық жағын өзгертетін кезең. Ерекше өзгерістер интеллектуалдық әрекетінің дамуында болып жатады. Жасөспірімдік кезеңге әсіресе, танымдылыққа ұмтылу, өз пікірінің қалыптасуы, инттелектуалдық мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау, тән болып келеді . Сонымен қатар, жасөспірімдік жаста өзіндік дамуына байланысты дене бітімі өзгеріп, психологиялық дисгармония пайда болады.
Бұл өзгерістер жасөспірімдердің бойына әртүрлі әрекеттердің пайда болуына әкеліп соғады, яғни оларда шыдамсыздық, дөрекілік, жиі кездеседі.
Жасөспірімдік кезеңнің ерекше зейінді аудартатын, бұл әлеуметтік-психологиялық және биологиялық жағдайы, балалалық шақтан ересектік кезеңге өтуі. Осыған байланысты, психикалық ерекшеліктердің өзгеруі және басқа қасиеттердің пайда болуы бір қатар психологиялық қиындықтарды тудырады .
Қазіргі таңда көптеген интернат, балалар үйлері мекемелерінің басшылары соңғы жылдары балалар топтарын жүйелеп-топтастыруда басқаша әдіс-тәсілдерді қолдануда. Топты құрауда түрлі жастағы балаларды бір топқа біріктіру. Топтарда ересек балалар, кіші балаларға көмектеседі, әрі әрбір топта өз қолданыстарында бірнеше бөлмелердің болады. Ол бөлмелер: жатын бөлме, ойын бөлмесі, демалыс және сабақ бөлмелері, санитарлы-гигиеналық блок, асхана – буфет. Жексенбі күндері бұл асхана-буфетте балалар өздеріне ұнайтын асты, өздері даярлауға, қажет кезде шәй ішуге, мереке және туған күндерге қонақтар-достарын шақыруға мүмкін болады.
Түрлі жастағы балалар топтарында ересек және кіші тәрбиеленушілер арасында өзара қарым-қатынастар жеңіл әрі оңай қалыптасады, ересектер кішілерге қамқор болу арқылы және жатақхананың түрлі жағдайларында тәрбиеші көмек бере отырып, әрі өмір сүрудің кейбір автономдығына орай, балалар үйлерінің барлық топтары өмірдің жалпы ритмін ұстау, сақтау арқылы бірігулері қажет. Ол жұмыс түрлері: спорт, үйірмелік, шығармашылық жұмыс тағы басқалар.
Қазіргі уақытта Ресейде балалар үйлерінде 20,5 мың балалар тәрбиеленеді, оның үштен бір бөлігі бір жастағы дамуында түрлі ауытқулары бар балалар құрайды.
Ал енді шетелде, әсіресе Ұлыбританиядағы арнай білім беру жүйесі үш нгізгі балалар тобына бөлінеді. Олар:
1) дене кемістігі бар балалар тобы;
2) оқытуда қиындық туғызатын балалар тобы;
3) эмоционалды және мінез-құлықтық аумақта проблемасы бар балалар тобы.
Дамуында ауытқуы бар кейбір нұсқалар балаларды оқыту мен әлеуметтендіруде түзету жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа бір тиімді формаларын іздеуді қажет етеді.
Ұлыбританияда мұндай форма ретінде мынаны айтуға болады, яғни олар «терапевтикалық қоғамдастық» деп аталады.
Ағылшын психотерапевті Мелвин Роуз былай деп жазады: «Арнайы мектеп пен терапевтикалық қоғамдастық арасындағы негізгі айырмашылық эмоционалды ауытқу мен тұрақсыз мінез-құлық себептерін түсінуде болып табылады. Терапевтикалық көзқарас ең бірінші жоспарға балалар мен жасөспірімдердің санадан тыс ұмтылыстарын анықтау міндетін қояды.
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас) ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жасөспірімдердің мінезіндегі мұндай қылықтардың негізі осы жастағы соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Жасөспірім үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді. Өз құрбыларымен қарым-қатынаста болуға деген қажеттіліктің орнын ата-аналары толтыра алмайда, ол баланың бойында 4-5 жасында басталады да, жасы өскен сайын дамиды. Құрбы – құрдастарымен қарым — қатынастың болмауы мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғалық коммуникативті мүмкіншіліктері мен ақыл ойының дамуының кешеуілдеуіне айтарлықтай әсерін тигізеді. Жасөспірімдердің мінез-құлықтары мен іс — әрекеттері өз мәні жағынан ұжымдық — топтық болып табылады.
Жасөспірімдер қоғамдық — өндірістік еңбекке қатысады. Ол тек еңбек арқылы ғана қоғамдық өмірде өз орнын таба алады, өзін бекітеді. Білім жасөспірім үшін еңбектің бастысы болып табылады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірімдердің оқу пәндеріне деген ықыласының төмендеуінің әсерінен сабақ үлгерімі нашарлайды. Ғылым мен мәдениеттің әртүрлі саласымен қызыға айналысу негізінен жасөспірімдерге тән.
Жасөспірімдермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея: іс — әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау, бұл сынып ұжымы алдында өзін-өзі ұстауына мүмкіндік береді; құндылықтарын қалыптастыру; мінез — құлқы мен рухани дамуына қарым — қатынастарын ұлғайтады.
Жасөспірімдер тәрбиесі, бірінші кезекте, олардың физиологиялық дамуына байланысты белгілі бір қиындықтар туғызады, бұл олардың танымдық процесіне және тәрбиесіне ықпал етеді. Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктерін және бұл ерекшеліктердің баланың жетілуінде көрініс табуын, жақсы ортаның, мектеп ұжымындағы достар мен жолдастарының болуын ескере отырып дұрыс ұйымдастырылған тәрбие арқылы және отбасындағы жағдайы арқылы жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастыруға педагогикалық басшылықтың шамасы жетеді.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Жастар мен балалар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу
Мемлекет қызметі жастардың қоғамдық - саяси процестердегі рөлін көтеруге, демократиялық, азаматтық қоғам құруға жәрдемдесетін үкіметтік емес жастар мен балалар ұйымдарын дамытуға және олармен ынтымақтасуға мүдделі.Жастардың оң нышандағы қоғамдық бастамаларын қолдау мен ынталандыру демократиялық мәдениет деңгейін көтеруге, отаншылдық сезімін, жетекші сапасын тәрбиелеуге жәрдемдеседі, жастарды әлеуметтендіру процесіне оң ықпал жасайды. Тек қоғамдық ұйымдар жүйесінде ғана жас ұрпақтың экономикалық, жаңашылдық, шығармашылық белсенділігін жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдайлар қалыптасады. Қолданыстағы заңдарда балалар мен жастар бірлестіктерін мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық қызметтің айрықша түрлерінің ұйымдары ретінде жастар мен балалар бірлестіктерінің мәртебесі айқындалатын болады.
Барлық жастар және балалар бірлестіктері мемлекеттік қолдауда тең мүмкіндіктерге ие. Балалар және жастар бірлестіктеріне мектептердің, мектептен тыс мекемелердің, мәдениет мекемелерінің үй-жайлары, спорттық және өзге де құрылымдар берілуге тиіс.
Мемлекеттік жастар саясаты шеңберінде өткізілетін шараларды қаржыландыруда жастардың әлеуметтік жағынан аса маңызды қоғамдық бастамаларына басымдық берілетін болады. Жастар мен балалар бірлестіктерінің қызметін қолдау оларды халықаралық жастар ынтымақтастығына, халықаралық жастар алмасуына енгізуд ікөздейді.
