- •2 Дәріс. «Тәрбие жүйесі» ұғымы
- •2.Сыртқы
- •3 Дәріс. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі.
- •4 Дәріс. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері
- •Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
- •6 Дәріс. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі.
- •7 Дәріс. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары
- •9 Дәріс. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары.
- •10 Дәріс. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің
- •11 Дәріс. Қазіргі жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер бірлестігі.
- •12 Дәріс . Сынып жетекшісінің оқушыларды денсаулық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.
- •13 Дәріс. Дарынды балалармен жұмыс әдістемесі.
- •14 Дәріс. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесі.
- •15 Дәріс. Оқушылармен кәсіби бағдар жұмыс әдістемесі.
7 Дәріс. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары
Жоспары.
1.Тәрбие технологиясы ұғымы, міндеттері.
2.Тәрбие технологиясының ерекшеліктері.
3.Педагогикалық технологиялардың классификациясы. Тәрбие технологияларының сипаттамасы
Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс
«Технология» -латын сөздерінен құралған «techne» -өнер, шеберлік және «logos» ғылым,ілім. Технология деп, әдетте , алдын ала берілген қасиеттері бар өнім алу мақсатында, бастапқы материалды өңдеу үрдісін айтады. Кез - келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету. Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер «технология» деген атауға ие болады. Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп. Біріншіден технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан оны дәл анықтауға мүмкіндік бар. Екіншіден мақсат сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі. Үшіншіден мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды. Төртіншіден әдістемеде сабақ жоспарлары – мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс – әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін. жасайды, демек сабақта оқушылардың іс - әрекеті де түрліше ұйымдастырылады. Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықта. Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге бөлінеді. Өндірістікке табиғи шикі заттарды(мұнай, ағаш т. б.) өңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады.
Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар. Басты айырмашылығы өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс – қимылдардың орындары алмастырылып, нәтижені төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктеліп процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор роль атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта - қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ оқушылардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды.
Оқушылар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталайды. Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір - біріне жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан «Әлеуметтік технология» ұғымын «Өндірістік технология» ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде қосымша жұмыстар істеу) болуында.
«Педагогикалық технология» термині тура аударғанда педагогикалық өнер, шеберлік туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық технологияның мақсаттары. Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат адамды жан - жақты және үйлесімді дамыту. Жақсы ұсыныс, бірақ әлде де мағынасы дұрыс ашылмаған. Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?»- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат» дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады. Технологияның кезеңдері:
Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау; Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі. Тексеру құралдары арқылы сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырады, жаңа мақсат қойылады.
Педагогикада «технология» ұғымының қолданылатын салалар. Бүгінгі педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда. • Қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В. В. Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиясы т. б.)
• Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс - тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады. Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөздің орнына екінші сөзді қойған. Бұрын В. В. Давыдов, Д. Б. Эльконин, Л, В. Занков т. б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада «технология» ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім - оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп, оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.
Оқыту технологияның ерекшеліктері:
• Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру. •Үлгермеушілерді анықтау және іріктеу. • Олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру. • Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау. Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез - келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс - әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс - әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс - әрекет дейді. Іс - әрекет үйрену репродуктивтік іс - әрекеттен басталады. Бала ереже, алгоритмдердің қолданып жаттығулар жаттығулар жазады, есептер шығарады, мәтіннен түсінгенін айтады, бір сөзбен айтқанда дайын білімдерге ештеңе қоспайды.
Өз бетімен ізденіп біліміне білім қосса, оқушының репродуктивтік іс - әрекетті продуктивті (өнімді) іс - әрекетке айналады. Оқушылар білетіндерін бір - бірімен салыстырып өздері үшін жаңалық ашады. Осы аталған екі іс - әрекет түрлері оқушының материалды түсінуіне мүмкіндік жасайды. Түсініктің 4 деңгейін В. П. Беспалько зерттеген. Енді оларға тоқталайық. 1 – деңгей (оқушылық) – репродуктивтік іс - әрекеттің ең қарапайым түрі. Оқушы бұрынғы білімдеріне сүйеніп, түрлі тапсырмалар орындайды, бұрынғы тақырыптың мазмұнын өзгертпей пысықтайды. Оқушы үлгі бойынша есептер шығарып, жаттығулар жазады.
2 - деңгей (алгоритмдік)- репродуктивтік іс - әрекеттің күрделі түрі.
Оқушылар алгоритм бойынша түрлі тапсырмалар орындайды. Мысалы, мұғалім құбылыстарды оқушылардың қалай түсінгенін мынадай жоспармен анықтайды: • Құбылыстың сыртқы белгілері.
• Ол өткен кездегі жағдай.
• Құбылыс мәні, оның өту механизмі (құбылысты ғылыми теорияларға сүйеніп талдау).
• Осы құбылыстың басқа құбылыспен байланысы.
• Құбылысқа сандық тұрғыдан сипаттама беру
• Құбылыстың зиянды ықпалдарының алдын алу тәсілдері.
3 - деңгей (эвристикалық)
Эвристика грек сөзі - іздеп табамын, ашамын деген мағынаны білдіреді. Эвристикалық оқыту мақсаты – оқушыға барлық оқу пәндері бойынша білімдік өнімдер жасату, проблемаларды жасату, проблемаларды өз бетімен шешуге үйрету.
4 - деңгей(шығармашылық)
Шығармашылық жұмыстардың түрлері. Оқу пәндеріне қорғалатын білімдік өнімдердің 3 түрі бар. Дәстүрлі оқу курстары бойынша жасалатын пәндік өнімдер: шығарма, ертегі, құрастырылған есеп, тұжырымдалған ұғым, ереже немесе заңдылық, бұйымдар, белгі, таңба, ойын, викторина, қойылым, сценарий, газеттің мазмұны. тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу.
Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты – оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету. Оқушының оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай
болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін.
Пән аралық және пәннен тыс өнімдер – бір пән шеңберінен шығатын іргелі білімдік объектілерді зерттеу нәтижелері.
Методологиялық өнімдер( талдау тәсілдері, құрастырылған есеп, тұжырымдалған жорамалдар; жауаптарды іздеу технологиясы, өздік
жұмысының жоспары, жұмыстың мақсатын анықтау, жеке білімдік бағдарламалар, оқу іс - әрекеттерін талдау, өзіне - өзі баға беру, пікірлер, сын - пікірлер жазу).
8-ДӘРІС . Оқушылардың ата-аналармен педагогикалық өзара іс-әрекет технологиясы.
Жоспары.
1.Мұғалім – отбасы мен мектептегі ынтымақтастықты қалыптастырушы. 2.Сыныпта ата-аналар кеңесіне педагогикалық басшылық жасау әдістемесі. 3.Балалар тәрбиесіндегі әріптестік ата-аналармен жұмыс жасау принциптері. 4.Отбасылармен жеке жұмыс жасауға дайындық әдістемесі. Ата-аналар жиналысын өткізу әдістемесі.
Біздің балалар — біздің болашағымыз. Дұрыс тәрбиелеу — бақытты болашақ, дұрыс тәрбиелемеу – біздің болашақ мұңымыз, көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдардың алдында, еліміздің алдында үлкен кінәміз.
А. С. Макаренко
Бала туралы пікіріңіз әділ, әрі дәл болса, оның әлемін біздің ортаға ауыстырып керегі жоқ, біз өзіміз оның ішкі дүниесін танып білуіміз керек
П. И. Пирогов
Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы балалардың білімін көтеруге көмектесу
Міндеттері: - Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру; - Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу; - Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында, баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.
Мұнда оқушы өзінің оқу қызметінің субъектісі болып табылады. Бұл технология арқылы ынтымақтастық ұжымның әкімшілікпен, мұғалімдермен және оқушылар ұжымымен, сондай-ақ қоршаған әлеуметпен – ата-аналармен,отбасымен, қоғамдық ұйымдар арасында туындайды.
Ынтымақтастықта оқытудың басты мақсаты оқушылардың ішкі күштері мен қабілеттерін ояту, тұлғаны жан-жақты дамыту мақсатында баланың бар мүмкіндігін пайдалану.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы дегеніміз - бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің бірін-бірі толықтыруы, өзара хабарласа, келісе әсер етуі, ықпал жасауы деген қорытындыға келдік.
Баланың негізгі тәрбиешісі-өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы-жастан…» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Жасөспірімдердің білім алуында, тәрбиесінің дұрыс қалыптасуында мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болуы қажетті жағдай болып отыр.
Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті. Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі мәселесі әлемдік деңгейде қарастырылуда. Оған: «Балалар құқығы туралы Конвенция» (1995), Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» (1999), «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» (2004), Қазақстан Республикасының «Балалардың құқығы туралы заңы» (2002).
2004 жылы ақпан айында Үкіметтен қолдау тапқан «Білім тұжырымдамасы» үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы балабақшадан бастап, мектеп аяқтағанға дейінгі балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселесін жоспарлы түрде шешіп, отбасына педагогикалық көмек беруді мақсат етеді. Ал ата-ананың педагогикалық білімінің неғұрлым жоғары болуы олардың қоғам алдында өз балаларының тәлім-тәрбиесі үшін жауапкершілігін арттырады. Сондықтан да баланы жағымды ортада тәрбиелеу мен оқыту қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Ата-аналардың мақсаты ұстаздармен тығыз қатынаста болып солардың ақыл-кеңестерін тыңдап балаға тиянақты білім, жақсы тәрбие беруге өз үлестерін қосу, тікелей ат салысу.
Ата-ана немесе жанұя-қоғамның негізі. Қоғам жанұядан басталады. Әрбір жанұя болашақ қоғам мүшелерін дұрыс тәрбиелесе қоғам мықты болады. Бұл қағида ғасырлар бойы қалыптасып келеді. Себебі бала өмірі жанұяда басталады, ол бала үшін ең жақын орта. Бала жанұяда ата-тегін біліп жанұяның, әулеттің жағымды өнегелерінен, мұраларынан сусындап өседі. Жанұяда басты мәселердің бірі-баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн тәртібі, міндеттері, қойылатын талаптар: оның үй еңбегіне қатысуы, оқу іс-әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.
В.А.Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді.
Психологтың жұмыс барысында ата-аналармен әрекет етуінің табыстылығының міндеттері:
1.Тұлғаны қалыптастырудағы жанұяның рөліне педагогтар мен ата-аналардың психологиялық бағыттылықтарын өзгерту. Баланы жанұяға қайтарып, жанұяға «үй академиясының» рөлін, ал ата-аналарға – басты тәрбиешілердің қызметін бекіту қажет;
2. Психологиялық-педагогикалық дайындыққа деген ата-аналардың дәстүрліжағымсыздықтарын жағымды арнаға бұру: бақытты жанұя өмірін үгіттеу.
3. Ата-аналардың педагогикалық мүмкіндіктерін кең түрде қолдану. Психолог ата-аналармен жұмыс істегенде жанұяның қызығулары мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет, олардың қоғамдық ойларын қалыптастыруы керек. Қазіргі ата-аналар мектептің міндеттерін түсініп қана қоймайды, сонымен қатар оның жоспарын, жақын және алыс мақсаттарын біледі. Оларға педагогикалық әрекеттің кең таралған түрпішіндерінің технологиясын меңгертіп, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру қажет;
Ата-аналар кодексінде: «Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті. Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес. Баланы жақсы көргендігінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз. Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар» делінген.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында сынып жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады. Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Жанұя, отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Сынып жетекшісінің жұмысы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болу. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы байланыс тек жиналыс өткізу деп есептесе, қателеседі. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы жайында сөз болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмыс бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейді. Сол себепті мұғалім ата-аналар жиналысында осы проблеманы да «Сізді тәрбиелеймін» деп емес, сіздерге «көмек» деп түрлі формада өткізсе , баланы ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді. Бала мектептен көрі үйде көп болады. Ендеше, отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл- ой және интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті.
Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланған сияқты, ата-аналарға көмек ретінде ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес жұмыс формасын пайдаланған өте тиімді.
Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата – аналарымен жұмыс істеудің мазмұнына ерекше назар аударып: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», - дейді. Олай болса, отбасы мектеп пен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтанда педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің кеңдігіне қарамастан ата – аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
Ата – аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата – аналар комитеті мен ата – аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата – аналар жиналыстарында оқу – тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізі жолдары белгіленеді. Кейбір ата – аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата – аналарды сынып ұжымының оқу – тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата – аналар комитетінің іс – жоспарларымен таныстырады.
Мектеп өмірінде тақырыптық ата – аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата – аналарды психологиялық – педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.
