- •2 Дәріс. «Тәрбие жүйесі» ұғымы
- •2.Сыртқы
- •3 Дәріс. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі.
- •4 Дәріс. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістері
- •Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
- •6 Дәріс. Оқушылар ұжымын қалыптастырудың әдістемесі.
- •7 Дәріс. Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары
- •9 Дәріс. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының қызметі мен формалары.
- •10 Дәріс. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің
- •11 Дәріс. Қазіргі жағдайдағы балалар мен жасөспірімдер бірлестігі.
- •12 Дәріс . Сынып жетекшісінің оқушыларды денсаулық пен салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.
- •13 Дәріс. Дарынды балалармен жұмыс әдістемесі.
- •14 Дәріс. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жұмыс жүйесі.
- •15 Дәріс. Оқушылармен кәсіби бағдар жұмыс әдістемесі.
10 Дәріс. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесінің
диагностикасы.
Мазмұны.
1.Тәрбие үрдісін әдістемелік жағынан қамтамасыз ету. Тәрбие жұмысының тиімділігі мен нәтижесін зерттеу әдістемесі.
2. Психологиялы-педагогикалық диагностика ұғымы. Оқушы тұлғасы мен балалар ұжымын зерттеудің әдістері.
3.Психологиялы-педагогикалық диагностикалау әдістерінің сипаттамасы. Анкеталар, тесттер жасаудың әдістемесі.
Тәрбие – адамзат тарихының біте қайнасқан, ажырамас бөлігі. Тәрбиенің нәтижесінде талай ғасырлардан қалыптасқан ұлттық сана, іс – тәжірибе, салт – дәстүр асыл мұра ретінде осы күнге дейін жетті.
Тәрбие – қоғамдық құбылыс, оның негізгі қозғаушы күші, өркениетті елді қалыптастыратын берік «құрылыс материалы». Сондықтан адам баласы қай қоғамда болмасын ұрпақ тәрбиесін жетілдірудің тиімді үрдісін жасауды басты назарда ұстаған.
Тәрбиенің тиімділігін арттыру ісін жүзеге асыру әрбір қоғамдағы мемелекет мұқтаждығына, талаптарына тәуелді. Өйткені мемлекет талаптарының, мұқтаждығының өтелуі, оның саяси – экономикалық күш – қайратын шыңдап, бекіте түседі. Сол себепті ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты шарт – мемлекет талаптарынан туындайтын тәрбие жүйесін құру, мақсаты айқындау. Бүгінгі күннің сұранысы – сапалы біліммен қаруланған, бәсекеге қабілетті, белсенді, шығармашыл, өркениетті болашақ үшін күресуге барын салатын, жоғары мәдениетті, адамгершілік түсініктері берік бекіген, кез - келген ісінде патриоттық сезімі көрніс тапқан ұрпақ. Мұндай ұрпақты тәрбиелеу ісінде мемелекет, білім беру мекемелеріне зор талаптар қойып, үлкен сенім артады.
Тәрбиеде, қолданылған ұйымдастыру формаларының тиімділігін зерттеу - маңызы іс. Тәрбие формасының тиімділігін зерттеу дегеніміз – оның нәтижелерін анықтау және оны ұйымдастырылған жұмыстарға жұмсалған күшпен, уақыт мөлшерімен салыстыру.
Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.
«Диагностика» түсінігінің мəні «білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру» түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. «Тексеру» нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі. 1917 жылға дейін оқушылар білімі балдық жүйеде бағаланды. Баға нөлден беске дейінгі алты балдық жүйеде қойылды. Кейін нөлдік баға жойылып, бес балдық жүйе қабылданды. Оқу нəтижесін балл бойынша бағалау əрқилы көзқарастар туындатты. 1917 жылдан соң тіпті оқу жүйесінде бағалау, баға қоюға қарсылықтар да болды. Кеңестік еңбек мектебінің тұжырымдамасына орай оқу іс-əрекеттері шəкірттің қызығушылығына, дербестігіне, ынталылығына, шығармашылық сипатына негізделуі тиіс болды. Дəстүрлі келе жатқан оқушыларды баға жəрдемімен тəртіпке шақыру əдістері тиімсіз деп танылды. Қазіргі заман психодиагностикасының тарихы ХІХ ғасырдың І-жартысынан бастау алады. Яғни, сол кезеңнен бастап ең алдымен психология білімінің дамуының клиникалық дамуы басталды Психодиагностика әдістемелері сандық көрсеткіштерін алу түрі ХІХ ғ ІІ жартысында жүзеге аса бастады. Осы жылдары атақты неміс психологы Вундтың жетекшілігімен әлемде алғаш рет тәжірибелік психология лабораториясы ашылды. Мұнда психодиагностикалау мақсаттар әр түрлі құралдар мен жабдықтар қолдана бастады. «Диагностика» оқыту тәжірибесіндегі «білім, білік, дағды, іскерлікті тексеру» ұғымын қамтығанымен, одан мазмұны, мақсаты жағынан ауқымды. Білім, білік, дағдыны іскерлікті тексеру тек нәтижені, фактіні ғана көрсетеді.
Ал, диагностика бақылау, тексеру, бағалау, статистикалық мәліметтерге талдау, оның даму бағытын айқындау, дидактикалық үрдісті жобалау, яғни педагогикалық жүйенің тұтастығын қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Диагностика үрдісінде оқытудың нәтижесі ғана анықталып қоймай, сол нәтижеге жетудің жолдары мен амалдары талданылады. Олай болатын болса, білім жүйесіндегі өзгеріс, яғни 12-жылдық білім жүйесіне көшу, біздің алдымызға келелі міндеттерді қойып, сол міндеттерді шешудің жолын қарастыруды талап етеді. Осы қойылған міндеттерді шешу мақсатында біз, тақырыбымызды «Мектеп оқушылары тұлғасын зерттеудің педагогикалық-психологиялық диагностикасы» деп алдық.
Педагогикалық диагностиканың тарихы, мәні
Диагностика / грек. «диа»- мөлдір, таза, «гнозис»-білім, ғылым/ – объект немесе үрдістер жайында мәліметтерді алдын-ала алу тәсілі. (И.П. Подлассыйдың анықтамасы бойынша)
Педагогикалық диагностиканың тарихы педагогикалық қызметтің қалыптасқаннан бергі уақытты қамтиды. Әдебиеттерде диагностиканы ежелгі қытайлықтар б.з.д, 1000 жылдыққа дейін емтихандарында пайдаланып келген.
Педагогикалық диагностиканың объективті әдістерінің құралдары осыдан 200 жыл бұрын құрылған болатын. ХІХ ғасырдың 60-жылдары ағылшын ғалымы Дж.Фишердің ұсынған «scale books» мектептегі оқу үлгерімін анықтауға арналған тесттер қолданылған. Педагогикалық тестілеудің көрнекті өкілі ағылшын Э.Трондайк (1874-1949) болған, ол мектеп пәндерін қамтыған көптеген диагностикалық формаларды ұсынған болатын.
С.И. Ожеговтың сөздігі бойынша «диагностика-бұл диагнозды оқытудың тәсілі». «Диагностика» ұғымы медицинада ежелден пайдаланып келе жатқандықтан медицина ғылымымен тығыз байланыста қарастыруға болады. Егер аурудың себеп-салдарын дәл, уақытында анықтайтын болсақ, одан жазылып кетуге үміттенуге болады. Сол сияқты егер біз педагогикалық диагностиканың негіздерін білсек, шәкірттеріміздің оқу үлгеріміндегі немесе тәрбие үрдісіндегі ақаулықтарды дер кезінде анықтап, сол қателіктерді шешудің жолын да, яғни қажетті әдіс-тәсілдерді қолдана аламыз.
Диагностикагың негізгі міндеттері мен принциптері
Педагогикалық диагностиканың өзіндік мақсат, міндеттерінің бар болғанымен, әдістерді психологиялық диагностикадан алған. Педагогикалық диагностика қазіргі таңда қалыптасқан ғылыми пән.
Педагогикалық диагностиканың принциптері:
- Жүйелілігі
- Объективтілігі
- Беріктілігі
- Көрнекіліг,
Негізгі міндеті- оқушылармен меңгерілген білімнің тереңдігінің , көлемдігінің, дұрыстығының деңгейін анықтау.
Қуанышбаева А.Т. – педагогика-психология пәнінің оқытушысы:
Педагогикалық диагностиканың қызметтері мен әдістері
Педагогикалық диагностиканың қызметі:
-Талдамалы қызмет
-Жеке диагностикалық қызмет
-Бағалаушылық қызмет
-Коррекционалдық қызмет
-Бағытталған қызмет
-Ақпараттық қызмет
Педагогикалық диагностиканың әдістері:
- Ауызша сұрау
- Жазбаша сұрау
- Компьютерлік тексеру
- Сынақ-емтихан
Педагогикалық диагностиканың әдістері
Педагогикалық диагностиканың түрлері:
* алдын-ала –
*ағымдық –
* мерзімдік –
* тақырыптық –
* қорытынды –
* өтілген материалдардың ізімен.
Педагогикалық диагностиканың формалары: жеке-дара, топтық, сыныптық.
