- •Тығындаушы (запорлы) және реттеуші құбырлы арматуралардың түрлері.
- •Құбырларды тоттанудан пассивті және активті қорғау деп нені түсінеміз? Құбырларды тоттанудан катодтық және протекторлық қорғаудың ерекшеліктері мен маңызы.
- •Құбырлардың тоттану түрлері
- •Құбырлар желісінің ластануының алдын алу және шөгінділерді шығару тәсілдері? Парафин шөгінділерімен күресу әдістері?
- •6.8.1. Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Құбырларды таңдау қандай факторларға тәуелді болады? Құбырларда бүлкілдеу қалай пайда болады, және оның құбырлардың жұмысына әсері қандай? Бүлкілдеудің алдын алу тәсілдері қандай?
- •Бүлкілдеуін төмендету әдістері
- •Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі? Құбырларды төсеу 6.3.1. Құбырлардың сорты
- •6.3.2. Құбырлар желісін салу жұмыстарын жүргізу реті
- •6.3.3. Құбырлар желісінің трассасын таңдау
- •Құбырлар желісін қысымға сынау
- •Кәсіпшілік құбырларын қалай жіктейді ?
- •Мұнайдағы судың құрамын қалай анықтайды және қолданатын аспаптар? Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •Қандай “Спутниктерде” сұйықты өлшеу көлемдік әдіспен және массалық әдіспен жүргізіледі?
- •Ұңғы өнімін өлшеу қандай мақсатпен жүргізіледі? Әртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір. Б-Спутнигі
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Теңіз кен орындарында мұнайды жинау және тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?
- •Кен орны ауданы және мұнайдың қасиеттері бойынша ұңғы өнімдерін жинау және дайындау схемасы. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған? Олардың артықшылығы мен кемшілігі. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Мұнай эмульсияларының қасиетері. Тұтқырлығы, тығыздығы, дисперстілігі Мұнай эмульсиясының физикалық-химиялық қасиеттері
- •Мұнай эмульсияларының тұрақтығына әсер ететін факторлар. Мұнай эмульсияларының ескіруі Мұнай эмульсияларының беріктігі (тұрақтылығы) және олардың “ескіруі”
- •Мұнай эмульсиясының қандай түрін тура және қандайын кері деп атайды ? Эмульсияның инверсия нүктесі деп нені айтамыз ?
- •Эмульгатор және деэмульгатор дегеніміз не? Деэмульгаторлардың негізгі түрлерін атаңыз.
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Мұнай эмульсиясы дегеніміз не? Мұнай эмульсиясының түзілуіне және беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?
- •Қабат суларының минералдылығы деп нені айтады? рН шамасы бойынша қабат суларын қалай жіктейді?
- •Мұнайдың негізгі қасиеттері. Оларды анықтау әдістері.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •Мұнай құрамын қалай жіктейді?
- •Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз?
- •Ұңғы өнімін қалай түсінесіз? Ұңғы өнімін жинау жүйесының элементтерін атаңыз. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.
- •Кен орынды тұрғызу жобасында атмосфераны қорғаудың қандай шаралары қарастырылуы тиіс?
- •Ұңғы өнімін жинау және дайындау кезінде кездесетін қоршаған ортаны ластау көздері?
- •Теңіздегі кен орындарды пайдалану кезінде теңізді ластанудан қорғау үшін мұнай мен газды жинаудың қандай ерекшеліктері бар?
- •Теңіз беті мұнаймен ластанған кездегі тазартудың әдістерін атап, сипаттаңыз
- •Шикі және тауарлы мұнай. Тауарлы мұнайдың негізгі көрсеткіштері.
- •9.6. Тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын автоматты түрде өлшеу
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Резервуарларда мұнайды сактау кезінде көмірсутектердің шығынын болдырмайтын қандай әдістер бар.
- •Мұнай ұстағыштарының міндеттірі, жұмыс істеу принциптері.
- •Ағын суларды дайындау әдістері және қолданылатын жабдықтар
- •Айырғыштарда қандай құрылғы газ ағысымен бірге сұйық тамшыларының шығуына жол бермейді
- •Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай жүргiзедi?
- •Резервуарлардың кiшi және үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не?
- •Резервуарлардың түрлерi. Тауарлы резервуарларда қандай негiзгi жабдықтар орнатылады және олардың қызметi?
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Электродегидраторлар
- •Блокты термохимиялық қондырғылар.
- •Мұнайды жылу-химиялық деэмульсациялаудың артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз?
- •Тұндырғыштың міндеті және жұмысы.
- •Мұнай-газ айырғыштарының жұмысына қандай факторлар әсер етеді
- •Деэмульсация процесінің үш негізгі кезеңін және қолданылатын әдістерін атаңыз
- •Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар?
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы
- •Мұнай-газ айырғыштарының міндеті. Айырғыштардың жіктелуі.
- •7.2. Айырғыштардың жіктелуі (классификациясы)
- •Құбырларда қолданылтын бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері мен қызметі.
Теңіздегі кен орындарды пайдалану кезінде теңізді ластанудан қорғау үшін мұнай мен газды жинаудың қандай ерекшеліктері бар?
Теңіздегі мұнай кен орындарын игеруде жалпы қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен қатар өзіне тән талаптар жүреді. Қоршаған ортаны қорғау барысында негізгі қиыншылықтар болып, теңіз бен көлдерді кейде күкірт сутегі мен беттік-әрекеттік-заттардан тұратын мұнай, мұнай өнімдерімен, сондай-ақ қабат суларымен ластануына жол бермес үшін жүргізілетін күрес болып табылады.
Су бетіне түскен мұнай және мұнай тауарлары су мен ауа кеңістігінің арасындағы оттегі алмасуын айтарлықтай қиындататын үлкен аудандарды жұқа қабықшамен (пленкамен) қаптайды. Бұл сулы ортадағы биологиялық объектілердің өміріне зақым келтіреді.
Судың
мұнаймен ластану концентрациясы 800мг/м
асқан кезде суда оттегінің негізгі
өндірушісі болып табылатын фитопланктон
өмірінің жойылуына әкеледі. Кейбір
балықтар құрамында мұнайы бар суға
бейімделуі мүмкін. Олардың ағзасына
түскен мұнай қан құрамы мен көмірсутегінің
алмасу деңгейін өзгертеді, мұның
салдарынан балық еті өзіне тән иіс пен
дәмге ие болады.
Мұнайды өндіруде және дайындауда қолданылатын беттік-әрекеттік-заттар да суға түссе аса қауіпті болып табылады, олар су бетін көбіктендіріп осы арқылы ортадағы биохимиялық алмасуды азайтады. Сонымен қатар, БӘЗ өсімдіктер мен балықтарға да тікелей әсер етіп олардың өліміне әкеледі.
Су тоғандарының мұнаймен, ілеспе сулармен және де технологиялық сулармен ластануын болдырмау үшін мұнай, газ жинауды ұңғыдан мұнай жинау пунктіне дейін толық саңылаусыздығын қамтамасыз ету керек. Тізбек головкаларының, фонтанды арматураның, құбырлар мен арматуралардың фланецті және бұрандалы қосылыстарының саңылаусыздық жағдайын жүйелі түрде қадағалап, барлық ақауларды тез арада жою керек. Құйылатын сұйықтықтарды жинау үшін ұңғы сағасы ағынды (ақаба) суларды жинайтын ыдыспен біріктірілген поддонмен жабдықталады.
Мұнайды құюға қатысы бар фланецті қосылыстарды ажырату жұмыстары кезінде тасымалдағыш поддон қолданылуы қажет, ал жиналған сұйықтық ағынды (ақаба) суларды жинайтын резервуарға құйылады. Құбырларды парафиннен, тұздан тазартқан кездегі қалдықтарды контейнерге жинап, сонан соң оны көму үшін жағаға шығарады. Егер эстакада алаңында немесе өзінің жеке платформасында жоғары қысымда жұмыс істейтін ыдыстар болса, онда сақтандырғыш клапаннан келетін құбыршалар қалдықты факел мен ағынды (ақаба) суларды жинау ыдысына шығаруы тиіс. Мұнай жинау үшін резервуарлардың құю құбыршалары да ағынды (ақаба) суларды жинау ыдысымен қосылады.
Қазіргі уақытта су бетінің үлкен аумағынан мұнай мен мұнай өнімдерін кетірудің, яғни тазартудың әдіс-амалдары баршылық, бірақ олар көбінесе арнайы құрылғыларды, қымбат адсорбенттерді қолдануды және көптеген шығындарды талап етеді. Бұл кездегі тазару дәрежесі әр уақытта жоғары емес.
Су тоғандарының мұнаймен ластануын жою үшін келесі әдістер қолданылады:
механикалық
физика-химиялық
химиялық
биологиялық
Механикалық әдіс –мұнайды жоюдың бұл әдісі мұнайды қолмен сүзіп алудан бастап мұнай жинағыш машиналар кешенін қолдануға дейінгі алуан түрлі жұмыстар мен құрылғыларды қамтиды. Су бетінде қалқып жүрген мұнайды алдын-ала бір жерге жинап, оқшаулап, қоршау үшін бондық қоршау көмегіне сүйенеді.
Бондық қоршаудың құрылысы қалқымалы, экрандаушы және балластық бөлімдерден тұрады. Қоршаудың қалқымалы бөлімі ауамен толтырылған жеке қалтқылардан жасалуы мүмкін. Ал экрандаушы бөлімі бонның қалқымалы бөліміне бекітілген және балласты бөліміне тұрақтылық беру үшін шынжырмен, құбырмен немесе керіп тұратын белбеулермен жүктелген майыспалы немесе қатты пластина түрінде болады.
Төгілген мұнайды жинау үшін ластанған бетпен қозғала алатын және ластаушы заттарды әр түрлі құрылғылар (сораптар, гидроциклондар, жылжымалы ленталар және т.б.) көмегімен жинай алатын арнайы кемелер мен жүзбелі құралдар қолданылады.
Механикалық әдістердің біріне ластанған суды сеппелі және шаймалы құмды сүзгілер арқылы сүзуді де жатқызуға болады.
Физика-химиялық
әдістер
–бұл әдістерге адсорбциялайтын заттарды
қолдануды жатқызамыз. Адсорбенттер
ретінде пенополиуретан, көмір тозаңы,
резина ұнтағы, ағаш қиқымы, пенопласт
және т.б. қолданылады. Байланысты
жоғарылату, жақсарту үшін мұнайды жақсы
адсорбциялау қабілеті бар синтетикалық
маталар қолданылады. Сонан соң мұнайды
сіңіріп алған маталардан мұнайды
ажыратып алу мақсатында сығу валиктері
арқылы өткізеді. Сорбциялайтын заттар
өз салмағынан 10
40
есе үлкен мөлшерде мұнайды сіңіру
қабілетіне ие.
Химиялық әдіс –пленкалы мұнайды тұнбамен бірге шөктіру қабілетіне ие коагулянттарды қолдануға негізделген. Бұл әдіс су бетін басқа әдістерден кейін одан да тереңірек тазарту үшін қолданылады.
Биологиялық әдіс –мұнайды қорек ететін микроорганизмдер мен арнайы бактерияларды қолдануды қарастырады.
Мұнай кен орындарын пайдалану платформаларының игеру кезіндегі негізгі қауіп қондырғылардың толып кетуінен, саңылаулардың болуынан немесе апат жағдайларының болу салдарынан болатын мұнайдың кездейсоқ немесе бірте-бірте ағып кетуі болып табылады.
Технологиялық тізбектің бірінде апат болған жағдайда қауіпсіздік жүйесі технологиялық процесті толығымен немесе оның бір бөлігін тоқтатуы тиіс. Өрт кезінде қауіпсіздік жүйесі өртті сөндіру жұмыстарынан басқа барлық жұмыстар мен қондырғыларды тоқтатуды қамтамасыз етуі қажет. Мұндай жағдайлар табиғи құбылыстардың, кемелермен қақтығысуының, қондырғылар ақауының, сонымен қатар, қызмет көрсету ұжымының қателіктерінің салдарынан болуы мүмкін. Технологиялық қондырғылардың сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін теңіз платформаларын жобалау кезінде келесі жағдайлар ескерілуі тиіс:
қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету мүмкіндігі және табиғатты қорғау шараларының орындалуы технологиялық қондырғыларды таңдаудың негізгі талабы болуы қажет;
әр түрлі бағыттағы қондырғылар алаңы құбырлардың ұзындығын қысқарту мүмкіндігі есебінен таңдалуы қажет;
қондырғылардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету жүйелері қорғаныстың бір-біріне тәуелсіз екі сатысын қамтуы қажет;
қондырғылардың әрбір түрі оның ең төмен, қолайсыз шарттарда жұмыс істеу мүмкіндігінен есептелуі қажет;
кез-келген технологиялық режимдердің бұзылыстары орындау механизмдерімен қосылған датчиктердің көмегімен сәйкесінше көрсетілген ауытқулармен анықталуы қажет;
әр апатты жағдайды келесі тәртіпте қарастыру қажет: себеп, салдары және анықталу белгілері, қауіпті жағдайды жою қорғанысы.
