- •Тығындаушы (запорлы) және реттеуші құбырлы арматуралардың түрлері.
- •Құбырларды тоттанудан пассивті және активті қорғау деп нені түсінеміз? Құбырларды тоттанудан катодтық және протекторлық қорғаудың ерекшеліктері мен маңызы.
- •Құбырлардың тоттану түрлері
- •Құбырлар желісінің ластануының алдын алу және шөгінділерді шығару тәсілдері? Парафин шөгінділерімен күресу әдістері?
- •6.8.1. Парафин шөгінділерімен күресу әдістері
- •Құбырларды таңдау қандай факторларға тәуелді болады? Құбырларда бүлкілдеу қалай пайда болады, және оның құбырлардың жұмысына әсері қандай? Бүлкілдеудің алдын алу тәсілдері қандай?
- •Бүлкілдеуін төмендету әдістері
- •Құбырларды төсеу кезінде жұмыс тәртібі қалай жүргізіледі? Құбырларды төсеу 6.3.1. Құбырлардың сорты
- •6.3.2. Құбырлар желісін салу жұмыстарын жүргізу реті
- •6.3.3. Құбырлар желісінің трассасын таңдау
- •Құбырлар желісін қысымға сынау
- •Кәсіпшілік құбырларын қалай жіктейді ?
- •Мұнайдағы судың құрамын қалай анықтайды және қолданатын аспаптар? Мұнайдағы су мөлшерін анықтау
- •Қандай “Спутниктерде” сұйықты өлшеу көлемдік әдіспен және массалық әдіспен жүргізіледі?
- •Ұңғы өнімін өлшеу қандай мақсатпен жүргізіледі? Әртүрлі “Спутниктермен” ұңғы өнімдерін өлшеудің жұмыс принципін түсіндір. Б-Спутнигі
- •5.3.Сурет. Б-40 - Спутнигінің жалпы сұлбасы.
- •Теңіз кен орындарында мұнайды жинау және тасымалдау жүйесінің ерекшеліктерін атап беріңіз?
- •Кен орны ауданы және мұнайдың қасиеттері бойынша ұңғы өнімдерін жинау және дайындау схемасы. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Жетілдірілген технологиялық сұлбада қандай операциялар қарастырылған? Олардың артықшылығы мен кемшілігі. Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі
- •Мұнай эмульсияларының қасиетері. Тұтқырлығы, тығыздығы, дисперстілігі Мұнай эмульсиясының физикалық-химиялық қасиеттері
- •Мұнай эмульсияларының тұрақтығына әсер ететін факторлар. Мұнай эмульсияларының ескіруі Мұнай эмульсияларының беріктігі (тұрақтылығы) және олардың “ескіруі”
- •Мұнай эмульсиясының қандай түрін тура және қандайын кері деп атайды ? Эмульсияның инверсия нүктесі деп нені айтамыз ?
- •Эмульгатор және деэмульгатор дегеніміз не? Деэмульгаторлардың негізгі түрлерін атаңыз.
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Мұнай эмульсиясы дегеніміз не? Мұнай эмульсиясының түзілуіне және беріктігіне қандай факторлар әсер етеді?
- •Қабат суларының минералдылығы деп нені айтады? рН шамасы бойынша қабат суларын қалай жіктейді?
- •Мұнайдың негізгі қасиеттері. Оларды анықтау әдістері.
- •Мұнайгазының тығыздығын көбінесе қалыпты жағдайға арнап, газдың компоненттік құрамынан шыға отырып мына формула бойынша анықтайды:
- •Мұнай құрамын қалай жіктейді?
- •Мұнай кен орнын игерудің төрт сатысына (этапына) сипаттама беріңіз?
- •Ұңғы өнімін қалай түсінесіз? Ұңғы өнімін жинау жүйесының элементтерін атаңыз. Ұңғы өнімін жинау жүйесінің элементтерін атап беріңіз.
- •Кен орынды тұрғызу жобасында атмосфераны қорғаудың қандай шаралары қарастырылуы тиіс?
- •Ұңғы өнімін жинау және дайындау кезінде кездесетін қоршаған ортаны ластау көздері?
- •Теңіздегі кен орындарды пайдалану кезінде теңізді ластанудан қорғау үшін мұнай мен газды жинаудың қандай ерекшеліктері бар?
- •Теңіз беті мұнаймен ластанған кездегі тазартудың әдістерін атап, сипаттаңыз
- •Шикі және тауарлы мұнай. Тауарлы мұнайдың негізгі көрсеткіштері.
- •9.6. Тауарлы мұнайдың мөлшерi мен сапасын автоматты түрде өлшеу
- •(А) технологиялық қондырғысының техникалық сипаттамалары
- •Резервуарларда мұнайды сактау кезінде көмірсутектердің шығынын болдырмайтын қандай әдістер бар.
- •Мұнай ұстағыштарының міндеттірі, жұмыс істеу принциптері.
- •Ағын суларды дайындау әдістері және қолданылатын жабдықтар
- •Айырғыштарда қандай құрылғы газ ағысымен бірге сұйық тамшыларының шығуына жол бермейді
- •Резервуарларды тазалау мен оларды тоттанудан сақтауды қалай жүргiзедi?
- •Резервуарлардың кiшi және үлкен “тыныс алуы” дегенiмiз не?
- •Резервуарлардың түрлерi. Тауарлы резервуарларда қандай негiзгi жабдықтар орнатылады және олардың қызметi?
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Тауарлы парк резервуарларының саладағы қызметi мен көлемi.
- •Электродегидраторлар
- •Блокты термохимиялық қондырғылар.
- •Мұнайды жылу-химиялық деэмульсациялаудың артықшылығы мен кемшілігін айтыңыз?
- •Тұндырғыштың міндеті және жұмысы.
- •Мұнай-газ айырғыштарының жұмысына қандай факторлар әсер етеді
- •Деэмульсация процесінің үш негізгі кезеңін және қолданылатын әдістерін атаңыз
- •Мұнайды деэмульгациялаудың қандай тәсілдері бар?
- •8.2.1. Деэмульгаторлардың жіктемесі және оларға қойылатын талаптар
- •Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы
- •Мұнай-газ айырғыштарының міндеті. Айырғыштардың жіктелуі.
- •7.2. Айырғыштардың жіктелуі (классификациясы)
- •Құбырларда қолданылтын бақылау-өлшеу аспаптарының түрлері мен қызметі.
Тұндырғыштың міндеті және жұмысы.
Тұндырғыштар - оларға толықтай немесе бір бөлігі ғана бұзылған эмульсиялар түскен кезде мұнайдан суды бөлуге арналған. Тұндырғыштар қатты суланған мұнайды өндіру кезінде оның суын алдын-ала бөліп алу үшін немесе мұнай эмульсияларын блокты не тұрақты пештерде қыздырғаннан соң мұнайды толық сусыздандыру үшін қолданылады. Олар (тұндырғыштар) аппараттан шығар кездегі өнім құрамындағы су мен тұздың мөлшері тауарлық мұнайдың сапасына қойылатын стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз етуі керек.
Қазіргі кезде үздіксіз және жартылай үздіксіз жұмыс істейтін цилиндр пішінді саңылаусыз тұндырғыштар көп қолданылады. Тұндырғыштарда эмульсиялардың бөліну процесі статикалық немесе ламинарлық режим жағдайында жүреді (Re=12).
Эмульсияларды тұндырғыштарға енгізу тәсілі бойынша, бұл аппараттарды ағыс қозғалысының бағыты тігінен немесе көлденеңінен жүретін тұндырғыштар деп бөлуге болады. Тұндырғыштарға эмульсиялар үш түрлі тәсілмен енгізіледі (8.9-сурет): тарату коллекторлары 2 арқылы үстінен- а немесе астынан- б немесе эллипс тәрізді жасалған түбі жағынан -в. Эмульсияларды енгізу тәсілі эмульсияның бұзылу дәрежесіне, тұндырғышқа келіп түскен мұнай мен судың тұтқырлығы мен тығыздығына және мұнайдың сулану дәрежесіне байланысты:
салыстырмалы түрде тұтқырлық жоғары болса (10 мПа·с), онда төменгі тарату коллекторы арқылы немесе эллипстік түбі арқылы енгізіледі;
ал, мұнайдың тұтқырлығы төмен болса (1-2 мПа·с) және сулану дәрежесі жоғары (>10%) болса, жоғарғы тарату коллекторы арқылы енгізіледі.
Эмульсияны аппаратқа жоғарыдан енгізгенде су тамшылары мұнайдың астына шөгеді, ал төменнен енгізгенде мұнай тамшылары су қабатынан көтеріледі.
|
8.9. Сурет. Тұндырғышқа эмульсияны беру мүмкіндігінің сұлбасы. 1-ағын жылдамдығын теңестіруге арналған решетка; 2- тарату коллекторы; 3-кедергі; 4-қалтқыма |
Тұндырғыштарды есептеу. Су тамшыларының мұнайда шөгуі (с) немесе мұнай тамшыларының судан көтерілуі (м) жылдамдығын есептеу үшін келесі формуланы қолданады:
(8.8)
мұндағы ρт, ρд, кг/м3 және μт, μд Па·с – көтерілетін (немесе шөгетін) сұйық тамшыларының және осы тамшылар көтерілетін (шөгетін) дисперсті ортаның тығыздығы мен динамикалық тұтқырлығы; d– сұйықтық тамшыларының диаметрі, м; g – еркін түсу үдеуі, м/с2.
Сұйықтық тамшыларының шөгу немесе көтерілу жылдамдығын есептеуде фазалар бөлінетін сұйықтық қабатының биіктігін h білу қажет, онда мұнайдың судан толық бөлінуіне қажетті уақытын τ табуға болады :
(8.9)
Тұндырғыштарды есептеу реті әртүрлі болуы мүмкін. Егер тұндырғыштардың өлшемдері D мен L, м; және тұну уақыты τ, сағат; белгілі болса, онда МДҚ-ның жалпы өнімділігі Q, м3/сағат белгілі болған кезде тұндырғыштардың санын анықтауға болады:
(8.10)
мұндағы Q0 – бір тұндырғыштың көлемі, м3.
Тұндырғыштарды тізбектей жалғап, мұнай эмульсияларын эллипстік түп жақтан енгізу кезінде ағынның жылдамдығы:
(8.11)
Тұндырғыштарды параллель жалғағанда
(8.12)
Анықталған жылдамдықтар берілген мұнай үшін берілген жағдайдағы мүмкін етілген тұну жылдамдығынан көп болмауы керек:
немесе
(8.13)
мұндағы L – бір сұйықтықтағы екінші сұйықтықтың көтерілуін (қалқып шығуын) (м) немесе тұнуын (с) қамтамасыз ететін тұндырғыштардың ұзындығы, м; h – дисперсті қабаттың биіктігі, м.
Егер мұнай эмульсиясы тұндырғышқа таратқыш коллекторы арқылы енгізілсе, онда тұндырғыштың өткізгіштік қабілетін есептеу келесі формуламен жүргізіледі:
(8.14)
мұндағы Q – тұндырғыш арқылы өтетін сұйықтық мөлшері, м3/тәул; F – көлденеңді (горизонталды) тұндырғыштың ұзындығы бойынша көлденең қимасының ауданы, м2.
МДҚ-да тұндырғыштарды параллель жалғау олардың мұнаймен және сумен ретсіз жүктелуіне әкеліп соғады, нәтижесінде МДҚ-ның технологиялық жұмыс режимі бұзылып, олардың жұмысының тиімділігі азаяды.
Практикада шикізатты төменнен енгізуді және оның тұндырғышта тік бағытта қозғалуын қамтамасыз ететін тұндырғыштар кең таралған (ОГ-200, ОГ-200С, ОВД-200). 8.10-суретте ОГ-200С тұндырғышы көрсетілген, ол құрамындағы күкіртсутек және басқа да агрессивті компонентерінің мөлшері аз, жеңіл және орташа мұнайларды дайындауға арналған.
|
8.10. Сурет. ОГ-200С көлденең орналасқан тұндырғышы. 1-айыру бөлігі; 2-тұндыру бөлігі; 3-тесігі бар коллектор; 4-эмульсияны таратқыш; 5-мұнайды жинағыш; 6-«мұнай-су» деңгей реттегіші; I-эмульсияны енгізу; II-газды алу; III-таза мұнай; IV-суды шығару.
|
Бұл тұндырғышта мұнай эмульсиясын қыздыру кезінде және жүйедегі жалпы қысымның төмендеуі барысында бөлінген еркін газды аппараттан шығару қарастырылған. ОГ-200С тұндырғышы екі бөлікке (айыру және тұндыру) бөлінген цилиндрлі сыйымдылық болып табылады, бұл екі бөлік тұндырғыштың төменгі жағында орналасқан коллектор–таратқышы арқылы байланысқан.
Айырғыш бөліктің жоғарғы жағында ағызу сөрелері бар эмульсияны таратқыш және газ айырғышы орналасқан.
Тұндыру бөлігінің төменгі жағында екі құбыршалы тесілген коллектор бекітілген, олардың үстінде бүйір қабырғаларында тесіктері бар қорап пішінді эмульсияны таратқыш орналасқан. Бөліктің жоғарғы жағында таза мұнайды аппараттан шығаруға арналған штуцермен өзара байланысқан төрт мұнай жинағыш орналасқан. Бөліктің алдыңғы (топсалы) жағында фазааралық деңгейді реттейтін құрылғысы бар су жинау камерасы орналасқан.
Реагент-деэмульгатор қосылған қыздырылған мұнай эмульсиясы айыру бөлігіндегі 1 эмульсияларды таратқышқа келеді де ағызу сөрелері және тұрықтың (корпустың) қабырғалары бойымен бөліктің төменгі бөлігіне ағып түседі. Мұнайды қыздырудың және қысымның төмендеуі әсерінен бөлінген газ айырғыш арқылы өтіп, газ жинау торабына жеткізіледі.
Мұнай эмульсиясы тесігі бар коллектор (маточник) 3 арқылы тұндыру бөлігіне 2 келіп түседі, одан әрі қорап тәріздес таратқыштардың тесіктері арқылы өтіп бөліктің жоғарғы жағына көтеріледі. Бұл кезде мұнайдың қабат суымен шайылуы және сусыздануы жүреді. Таза мұнай жинағыш коллекторға 5 түсіп, аппараттан шығарылады.
Мұнайдан бөлінген су құйылу құрылғысы арқылы су жинау камерасына түседі және “мұнай-су” деңгей реттегішінің 6 көмегімен ағын (ақаба) суларды дайындау жүйесіне ағып түседі.
ОГ-200С тұндырғышының техникалық сипаттамасы.
Өткізгіштік қабілеті, т/тәул |
6000-ға дейін |
Жұмыстық қысым, МПа |
0,6 |
Ортаның температурасы, ºС |
100-ге дейін |
Аппараттың сыйымдылығы, м3 |
200 |
Габариттік өлшемдері, мм |
25 420 х 6 660 х 5 780 |
Массы, кг |
48 105 |
