- •4. Дәрістер тезистері
- •Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері
- •Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
- •2. Арнайы педагогиканың пәндік салалары.
- •2. Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізі.
- •3. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі
- •4. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері
- •1. Оқыту процесі туралы түсінік
- •2.Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері
- •3. Оқушылардың білімін тексеру
- •1. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
- •2. Арнайы білім беру мазмұны
- •1. Арнайы білім берудегі технологиялар
- •2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
- •3.Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
- •1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
- •Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері
- •3. Арнайы педагог тұлғасы
- •Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу
- •Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы.
- •1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, түзету көмек көрсету мекемелері
- •2. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі.
1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, түзету көмек көрсету мекемелері
Арнайы білім беру ұйымдарының үлгілері:
Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу түзету ұйымдары;
Түзету білім беру ұйымдары;
Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім берудің түзету ұйымдары;
Арнайы білім беру ұйымдары;
Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған кемтар балаларға арналған білім беру ұйымдары.
Арнайы білім беру ұйымдарының мақсат - міндеттері, оның принциптері:
1.. Арнайы білім беру мекемелерінде кемтар балаларды оқыту жұмыстары, ол кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді медициналық, психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік тексеру мен кәсіби диагностика жүргізу, оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, медициналық, педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы жүргізіледі.
2 Арнайы білім беру мекемелерінің мақсаттары:
1) туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды, қалыпты дамудан ауытқушылықтарды ерте бастан (туған кезден) анықтау; балалардың дамуындағы кенжелеп қалу мен бұзылыстардың алдын алу, мүгедектіктің ауыр түрлерінен сақтандыру;
балалар мүгедектігінің деңгейін төмендетпеу;
4) кемтар балалардың дене, психика және өзге де қабілеттерінің орнын толтыру немесе оларды қалпына келтіру, олардың әлеуметтік құқықтарын іске асыру,неғұрлым толық әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу болып табылады.
3. Арнайы білім беру мекемелерінің міндеттері: кемтар балаларды анықтау мен оларды есепке алу; арнайы білім беру және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету; кемтар балаларды әлеуметтік бейімдеу; кемтар балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау; халықты әлеуметік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарымен арнайы білім беру ұйымдарын сабақтастыру болып табылады.
4. Арнайы білім беру мекемелердін қызметі келесі принциптерге негізделеді:
1) кемтар балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтік қолдау және оңалту көмегін көрсету кепілдігі;
2) кемтар баласы бар отбасы мен арнайы білім беру ұйымдар мамандарының ынтымақтастарына;
3) балалардың қабілеттердің шектелу дәрежесіне, жасына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, ерте қолдау мен білім алуға қол жеткізуіне және тең қүқықтылығына;
4) әрбір балаға жеке тұрғыдан қолдау көрсетуді саралауға
“Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заңында кемтар балаларға білім беруді ұйымдастыру келесідей көрсетілген психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі білімді – үш жастан бастап, бастауыш және негізгі жалпы білімді жеті-он жастан бастапалуына болады.
2. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі.
Мемлекеттік мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі совет одағында ХХ ғасырдың 20-30 жылдары құрыла бастаған. Біздің елімізде алғақы арнайы балабақшалар өткен ғасырдың 60-шы жылдарында ашылды.
Мектепке дейінгі арнайы білім беру мекемелердің кеңейген жұйесі:
- бөбекжай
- балабақша
- мектепке дейінгі балалар үйлері
- сонымен бірге жалпы балабақшадағы арнайы топтар.
Мектепке дейінгі арнайы мекемелердің қағидалары.
- арнайы мекемелерді дамуындағы жетекші бұзылуына сай іріктеп жинақтау. Соған сай келесі мектепке дейінгі мекемелердің типтері бар:
1. есту қабілеті бұзылған (естімейтін және нашар еститін балалар)
2. көру қабілеті бұзылған (көрмейтін және нашар көретін амблиопиясы бар балалар)
3. сөйлеу қабілеті бұзылған (тұтықпасы, жалпы тілінің дамымаушылығы бар балалар)
4. зияты зақымдалған (ақыл-ойы кемтар)
5. тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған
- арнайы балабақшалардағы топтардың жалпы балабақшаларымен салыстырғанда толықтыруының аздығы (15 балаға дейін)
- мектепке дейінгі арнайы мекемелерге қосымша олигофренопедогог, сурдопедогог, тифлопедогог, медициналық қызметкерлердің штатын енгізу
- дефектологтар мен тәрбиешілердің сабақтарын қайта бөлу, тіл дамыту сабақтарын математикалық ұғымдарды қалыптастыру сабақтарын тәрбиешілер емес, дефектологтардың жүргізуі
- сабақтарының арнайы түрлерін ұйымдастыру (есту қабілетінің қабылдауын дамытуға, көру қабілетін дамытуға, кеңістікте бағдарлау сабақтары)
- мекемелер қызметінің тегін болуы.
Арнайы мекемелердің барлық жұмысы бір мақсатқа бағытталған отбасына дамуында ауытқуы бар баланы тәрбиелеуге көмектесу, оның потенциялды мүмкіндіктерін дамыту.
Баланы бөбекжайға тек 2 жастан, бала-бақшаға 3 жастан ғана беруге болатын. Ерте жастағы балалар тек денсаулық сақтау ұйымының зейінінде ғана балатын және ешқашан психологиялық – педагогикалық көмек ала-алмайтын.
Арнайы мектепке дейінгі білім берудің мазмұның мемелекеттік стандарт пен арнайы балабақшаларың бағдарламар қамтиды. Бұл жерде арнайы балабақшалар бағдарламаларына жаңа өзгерітер енгізу мәселесі өз өзектіліген білдіреді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы білім беру мекемелеріне жіберу психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия арқылы жүзеге асады. Ата-аналары өз беттерімен ПМПК-ға бара алады. Бірақ көбіне олар емдік-профилактикалық мекемелердің бағыттауымен барады.
Комиссия баланың психологиялық және дене дамуының жағдайы туралы қорытынды мен келешек білім алу түріне нұсқамалар береді.
