- •4. Дәрістер тезистері
- •Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері
- •Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
- •2. Арнайы педагогиканың пәндік салалары.
- •2. Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізі.
- •3. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі
- •4. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері
- •1. Оқыту процесі туралы түсінік
- •2.Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері
- •3. Оқушылардың білімін тексеру
- •1. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
- •2. Арнайы білім беру мазмұны
- •1. Арнайы білім берудегі технологиялар
- •2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
- •3.Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
- •1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
- •Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері
- •3. Арнайы педагог тұлғасы
- •Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу
- •Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы.
- •1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, түзету көмек көрсету мекемелері
- •2. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі.
1. Арнайы білім берудегі технологиялар
Түзету педагогикалық процесінде арнайы оқыту принциптер түрлі әдіс-тәсілдер, сондай-ақ білім беру технологиялар арқылы жүзеге асырылады.
Арнайы педагогика мүмкіндіктері шектеулі балаға білім беруде білім беру технологиялар және оқыту мен тәрбиелеу әдістерін пайдаланылады.
Білім беру технологиясы - бұл алдын ала жобаланған педагогикалық мәселені шешуге бағытталған арнайы педагогтың бір бірімен байланысты әрекеттер жүйесі . Педагогикалық технология нақты нәтиже жөнінде кепілдік беретін педагогикалық әрекеттерді ғылыми тұрғыдан жобалау.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Қазіргі дидактикада әрқилы технологиялар көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс енгізуіне байланысты. Жалпы педагогикада технологиялардың түрлі нұсқалары жүзеге асырылып нәтижелі көрсеткіштермен сипатталады.
Жаңа технологияларды іздестіру – бұл жинақталған тәжірибені беру тәсіліндегі объективті құбылыс екенін атап өткен жөн. Егер классикалық технологиялар белгілі білім мазмұның меңгеруге, оның деңгейіне сүйенсе, бүгінгі таңдағы жаңа технологиялар оқушылардың танымдық әрекетін және метатанымдық дағдыларын қалыптастырып, дамытуға негізделеді. ( мысалы, нәтижеге бағытталған оқыту технологиясы).
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
Оқытудың мақсаты оқушының адамзат тәжірибесін игеруінде. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсіл, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байлан ысты.
Оқыту процесінің нәтижесі ең алдымен оқушылардың оқыту әдістердің ұйымдастыруға тәуелді. Сондықтан мұғалімдер оқыту әдістерін жетілдіру үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады.
Оқыту әдістері арнайы зерттеу негізінде топтарға бөлінді. Оқыту әдістерін әртүрлі белгімен топтастыруға болады. Мысалы, оқыту кезеніне байланысты жіктеуге болады.
-білім алудың алғашқы кезеніндегі әдістер;
-білімді бекіту кезеніндегі әдістер;
-дамыту әдістері.
Арнайы педагогиканын дидактикасы, жалпы педагогиканын әдістерін қолдана отырып , өзінің арнайы әдістерін ажыратады. Олар:
-логикалық әдістер-бұл индукция, дедукция жолымен оқыту.
-гностикалық әдістер-іздеуге байланыстырылған әдістер
-репродуктивті әдістер – еске түсіру, қайталау әдісі
Бұл әдістер жалпы мектепте дербестілік жолымен болса, арнайы мектепте тек мұғалімнің жетекшілігімен ғана іске асырылуы мүмкін. Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жіктелуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа бөлінеді.
- сөздік әдістер тобы;
- көрнекілік әдістер тобы;
- практикалық әдістер тобы.
Бұлай топқа бөлудің білім алуда негізгі танымдық іс - әрекеттің жетекші жолы ретінде қарау болып табылады.
Балалардың білім алу процесі мұғалімнің түсіндіруі мен сөзіне сүйенсе, онда оқытудың сөздік әдістерінің тобы пайда болады. Сөздік әдістер тобы: әнгімелеу, әнгіме, түсіндру, кітаппен жұмыс істеу.
Әнгімелеу - мұғалім оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді.
Әнгімелеу әдісіне қойылатын жалпы педогогикалық талаптар :
- әнгімелеу мазмұны маңызды, оқу бағдармадағы тақырыпқа сәйкес болуы тиіс;
- мұғалім әнгімелеумен бірге сурет, көрнекілік пайдалануы тиіc.
Арнайы мектеп оқушыларының зейін ерекшкліктерін ескере отырып әңгімелеу бір маңызды оқиға туралы болуы тиіс сондықтан оқушыларды жиі сұрақпен алаңдатпау керек. Арнайы мектептерде әңгімелеу ұжыммен бірге жүргізуге болады.
Әңгіме – оқытудың ең көп тараған әдісі. Әңгіме әдісі-сабақта сұрақ-жауап түрінде және сабақтың кез – келген кезеңінде қолданылады: үйдегі және өз бетімен жұмысты тексергенде, жаңа материалды түсіндіргенде, бекіту мен қайталауда, үй жұмысын қорытындылағанда, оқушылардың сұрақтарына жауап бергенде тағы сол сияқты.
Түсіндіру – ғылыми дәлелдемелерде, ғылыми ұғымдар мен қағидаларды қалыптастыруда, заңдар мен заңдылықтарды зерттеуде қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдістегі басты мәселе – ой – пікірдің логикалық ғылыми дәлелділігі.
Оқытудың көрнекілік әдістеріне көрнекі құралдарды пайдалану жолдары жатады. Көрнекі құрал оқу материалын түсінуге елеулі ықпал жасайды, оқушы ойының мазмұны мен құрылымын анықтайды. Себебі кез – келген көрнекі құрал түсіндірмелі, талданады, зерттелген мәселе бойынша негізі не қосымша көз қайнары болып табылады. Арнайы мектеп оқушыларының қабылдауы психолгиялық қерекшіліктері көрнекілік әдәстерін жүзеге асырудағы өзгешілігін анықтайды
Шеру әдісі - тәжірибелерді, приборлар, препараттар, табиғи нысандарды, кинофильмдерді т.б. көрсету арқылы жүзеге асады. Шеру әдісі әсіресе физика, химия, биология сабақтарында жиі қолданылады.
Иллюстрация- әдісінің көмегімен оқушыларға иллюстративті құралдарды ( плакат, карталар, сурет, портреттер, карталар) көрсетуге болады.
Бақылау әдісін пайдаланып, оқушылар мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетімен жұмысын жүргізеді. Бақылау жұмысы сынып бөлмелерінде химия, биология пәндерінен, мектептің оқу-тәжірибе аймақтарында еңбек, ботаника пәндерінен берілген тапсырмалар бойынша жүргізледі. Бақылау мәліметтерін оқушы үнемі жазып отырады, ал оның нәтижесі сабақта талқыланады.
Түзету –педагогикалық жұмысының нәтижесі көрнекілік әдістерінің практикалық әдістермен бірге қолданған жағадайда жоғарлайды
Оқытудың тәжірибелік әдістеріне оқушылардың икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру процесіне байланысты әдістер жатады.
Практикалық және лабораториялық жұмыстарды оқушылар көбінде еңбек, сурет, табиғаттану сабақтарында, мектеп жанындағы бақшаларда орындайды. Жұмыстар нақты тақырыптар бойынша, оқушылардың алдын ала жақсы дайындығымен өтеді. Оқушылар алдын ала еңбек және басқа оқу құралдарымен жұмыс істеу, қауіпсіздік ережелері, еңбекті ұйымдастыру мәдениетімен таныстыру керек.
Оқушылар өз бетімен жұмыс жасау барысында практикалық тапсырманың шешілу тәсілдерін өздері іздеп табуы керек, ал сол кезде міндетті түрде мұғалім қалай орындалып жатқаның бақылауы міндет.
Арнайы мектепте практикалық жұмыстардың түрлері: еңбек және әлеуметік –тұрмыстық бағытттау, заттық-тәжірибелік оқыту сияқты сабақтарында жиі қолданады. Практикалық әрекетінде мұғалім оқушылардың біріккен әрекетін ұйымдастыру формалары өте маңызды.(мұғалім көмегін байқап мөлшерін анықтап көрсеткен жөн, сол көмек оқушылардың ынта дербестігін дамытуға кедергі жасамауы керек.
Жаттығулар- оқушылардың іскерлік қабілетті, дағдысы, жаттығу жұмыстарының процесінде қалыптасады. Жатығулардың түрлері: ауысша жаттығулар, жазбаша жатығулар, сыныпта үй жағдайында орындалатын жаттығулар. Жаттығулар арнайы мектептерде оқушылардың жасаған қателіктерін түзетуге мүмкіндік береді. Кемтар балалар үшін жаттығулардың қиыншылығын мөлшерлеу қажет, түрлі нұсқаларын пайдаланған тиімді болады.
