- •4. Дәрістер тезистері
- •Арнайы педагогиканың пәні, мақсаты және міндеттері
- •Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
- •2. Арнайы педагогиканың пәндік салалары.
- •2. Арнайы білім берудің әлеуметтік мәдени негізі.
- •3. Арнайы педагогиканың психологиялық негізделуі
- •4. Арнайы білім берудің құқықтық негіздері
- •1. Оқыту процесі туралы түсінік
- •2.Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері
- •3. Оқушылардың білімін тексеру
- •1. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні
- •2. Арнайы білім беру мазмұны
- •1. Арнайы білім берудегі технологиялар
- •2. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
- •3.Арнайы оқытуда түзетушілік жұмысты қамтамасыз ету жағдайлары
- •1. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
- •Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері
- •3. Арнайы педагог тұлғасы
- •Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу
- •Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы.
- •1. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға әлеуметтік, медициналық, педагогикалық, түзету көмек көрсету мекемелері
- •2. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі.
Арнайы педагогиканың негізгі ұғымдары мен түсініктері
Арнайы педагогиканың ұғымдар және терминдер шеңбері өте кең. Болашақ арнайы педагог кемістіктің пайда болудың негізгі себебі мен сипатын ерекшеліктерін оларды түзетудің әдіс-тәсілдерін және барлық арнайы терминдерді білуі тиіс.
Алғашында, арнайы педагогиканың өзіндік терминдері болмағандықтан кемтар балалардың патологиялық, анатомиялық-физиологиялық ерекшелітерін білдіретін медициналық терминдер пайдаланылды. Арнайы ғылыми терминдердің пайда болуы медицинадан туындаған олар: диагностика, ақау, соқыр, түзету, ақыл-есі кемтар, кереңдік, мылқау т.с.с.
Арнайы психологияның дамуымен психологиялық терминдер мен ұғымдар қалыптасқан, олар диагнозды сипатқа ие болған, нақты психологиялық тексеру нәтижесін білдіреді. Мысалы: 1) дамуы уақытша тежелген балалар 2) танымдық әрекеті төмен балалар 3) психомоторикасындағы ауытқу сияқты ұғымдар тексерудің қорытынды сипатын білдірген. Кейіннен дефектологтар бұл ұғымдарды өз тәжірибелерінде пайдаланып, диагноздың сипатына назар аудармай, дефектологиялық терминдер ретінде қалдырған. Тарихи, әлеуметтік өзгерістерге тәуелді дефектологияның орнына “түзету педагогика” термині пайдалану құбылыстар байқалды. Ал педагогикалық ғылымдар жүйесінде арнайы педагогикалық ғылымдар бөлек аталатын, олар: сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.
Арнайы педагогика қазіргі уақытта мүмкіндіктері шектеулі тұлға, ал білім алушылар үшін – білім алуда ерекше қажеттіліктері бар деген аңықтаманы пайдаланады, сол ерекше қажеттіліктерді арнайы жағдайды қамтамасыз ету арқылы қанағаттандыруға болады. Шетелдегі қазіргі заң және әлеуметтік саласында еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға деген ұғымдар жиі пайдаланады, ол бұрынғы “мүгедек” терминңнің орнын басады, өйткені “мүгедек” деген адамның ештеңеге жарамайды, яғни қабілітсіздікті білдіреді.
Соңдықтан мүмкіндіктері шектеулі тұлға, еңбек ету мүмкіндіктері шектеулі тұлға, білім алуда ерекше қажеттіліктері бар тұлға терминдері біршама тиімді және адам намысын қорламайтын болып саналады.
Сөйтіп дамұында кемістігі бар тұлғаларды көп жыл бойы қалыптасып дәстүрлі жіктеу бойынша келесі топтарын ажыратуға болады:
- естімейтіндер
- нашар еститіндер
- көрмейтіндер
- нашар көретіндер
-тіл кемістігі бар
-ақыл-ойы кем
-психикалық дамуы тежелген (шет елдерде оқуында қиыналатын балалар)
- тірек-қимыл-қозғалысында ауытқуы бар
-сезім-ерік аясында ауытқуы бар
Ал 2002 жылы қабылданған ҚР “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Заң отандық арнайы білім беруде пайдаланатын негізгі терминдер мен аңықтамаларды занды түрде бекітіп тәжірибеге ұсынды.
2. Арнайы педагогиканың пәндік салалары.
Қазіргі өз бетімен дамыған, өз пәні мен мақсат-міндеттерін, өзінің тарихын, дидактикасын, тәрбиелеу теориясы мен практикасын және арнайы әдістемесін ажырататын педагогикалық салаларды біріктіреді, олар:
- тифлопедагогика (көрмейтіндер мен нашар көретіндер)
- сурдопедагогика (естімейтіндер мен нашар еститіндер)
- тифлосурдопедагогика (күрделі кемістігі бар яғни естуімен қатар көруінде ауытқуы бар )
- логопедия (сөйлеуінде ауытқуы бар)
- олигофренопедагогика (зиятында ауытқуы бар).
Соңғы жылдары арнайы педагогикада тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар тұлғаларға педагогикалық көмек көрсету саласы бөлініп – ортопедагогика деп аталған және ерік-сезім саласында кемістігі бар тұлғалар үшін өзіндік пән саласы ретінде дамып жатыр.
Соңғы жылдары созылмалы ауруы және көптеген ауыр ауытқулары бар балалалар үшін арнайы педагогиканың жаңа өзіндік саласы ретінде қалыптасуда.
Арнайы педагогиканың әр бір пәндік саласы жалпы педагогика сияқты құрастырылған, нақты мектепке дейінгі және мектеп жастаындағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жақсы зерттелген болып саналады (мектепке дейінгі сурдопедагогика, мектепке дейінгі олигофренопедагогика, т.б.)
Бірақ сонымен қатар арнайы білім беруде мүмкіндіктері шектеулі жастар мен ересектерді арнайы оқыту және ерте жастан педагогикалық көмек көрсету мәселелері әлі күнге дейін ғылыми зерттеулерді қажет етеді.
Дәріс № 5 - 8 (4 сағат)
Тақырыбы: Арнайы педагогиканың ғылыми негізделуі
1. Арнайы педагогиканың философиялық негіздері
Арнайы педагогиканың толық жүйелі теориясын құру үшін, дамуында кемістігі бар балалардың ерекшелігі туралы үздік мәліметтердің механикалық түрде бірігуі емес, керісінше арнайы педагогиканың ішіндегі бірлікті қолдауға бағытталған ғылыми тұрғыдағы мәліметтердің жүйелілігімен мазмұндылығы қажет екені сөзсіз.
Бұл мәселені шешуде маңызды рөлді философия алады, ол біліммен әр түрлі ғылымның әр саласы арқылы арнайы педагогиканың мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Арнайы білім беру үшін философия – ең алдымен, педагогикалық құбылыстардын эволюциясын реттейтін, адамның әлеуметтік табиғи болмысын және адам туралы жалпы түсініктерді бір жүйеге біріктіретін дүниетаным негізінде алға шығады және екіншіден арнайы білім беру процесін игерудегі әдіс тәсілдер негізінде әмбебап принциптерді қолданудың әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.
Философиялық жіктеумен сәйкес арнайы педагогиканың мәселелерін зерттеуде мынадай дүниетанымдық аспектілерді көрсетуге болады: онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философия-антропологиялық, тарихи және әлеуметтік философиялық.
Арнайы білім берудің болмыс құрамындағы орны онтологиялық аспектімен анықталады. Оқыту мен таным арасындағы байланысты анықтау үшін гносеологиялық аспекті, ал педагогикалық құндылықтарды анықтауда аксиологиялық аспект қызмет етеді.
Арнайы білім беру ол өзі ерекше әлеуметтік институт және оның дамуы өркениетке байланысты шартталған. Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін әлеуметтік философиялық тұрғыдан қарастыру жөн.
Нақты мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайы көбіне әлеуметтік қатынастар әлеміне арнайы білім алу деңгейімен анықталады. Әлеуметтік философиялық аспектісінің өзектілігі дамудағы пайда болған кемістіктердін қазіргі экологиялық, әлеуметтік дағдарыстарға тәуелді.
Дамуында ауытқушылықтары бар тұлғалардын өмір сүру, емдеу, оқыту мәселелері ұзақ уақыт бойы философтардын назарадында болғанына қарамастан, бұл білім философиялық тұрғыдан жүйеленбеген.
Арнайы педагогиканың философиялық негіздерін әзірлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың білім алуының күрделі жағдайларын шешу үшін ықпалын тигізеді.
Арнайы педагогиканың жаңа парадигмасы үш негізгі бағытта қалыптасады, олар:
- гуманизация, яғни адамшершілікке бас бұру;
- фундаментализация, жалпы теориялық негіздерді қайта қарастыру;
- интеграция. Бұл бағыт қазіргі уақытта өте өзекті, ол мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты балалармен барлық түрде біріктіру жолдарын білдіреді..
