Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арн.пед лек.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85 Кб
Скачать
☆

3. Оқушылардың білімін тексеру

Арнайы мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау таным процестерін дамытады, түзету-дамыту амал- тәсілдерімен таныстырады.

Оқу материалын оқушылардың игеруін тексерудің түрлі тәсілдері мен формалары танымдық құштарлықты дамытуға көмектеседі, материалды нәтижелірек игеруге жетелейді. Оқушылар мұғалімге қалай жауап беру, тапсырманы қалай дұрыс орындауға ойланады.

Дәстүрлі білімді тексерудің төмендегідей түрлері қалыптасқан.

Күнделікті тексеру. Әр сабақта мұғалім оқушылардың жаңа білімдерді игеруге даярлығын тексереді, бүкіл сабақ барысында оқу материалының мазмұнын балалардың игеруін бақылайды.

Қорытынды тексеру. Оқушылардың білімдерді игеруін мұғалім бірнеше апта, тоқсан, жарты немесе толық оқу жылы бойынша сегіз жылдық немесе орта мектеп көлемінде тексереді.

Тақырыптық тексеру. Мұның мақсаты жеке сабақтар мен тапсырмалар емес, оқушының бүкіл тақырыпты түсінуін тексеру. Бұл тексеріс тақырып бойынша білімдерді жүйеге келтіру және жинақтауға көмектеседі.

Тексерудің бұл көрсетілген түрлері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Барлық тексерулерді өткізуде арнайы мектеп мұғалімдері оқушылардың бойындағы кемістіктің түрі және даму ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Оқушылар білімін қорытынды тексеруде ең қолайлысы бақылау жұмыстарын жүргізу (арнайы ауызша және жазбаша тапсырмалар арқылы). Бақылау жұмысы алдын ала ескертілмесе, оқушы бойында өте күшті сезімдік қобалжу туады. Жұмыстың оқушылар мүмкіндіктеріне сай және қол жетерлігіне сенімді болу үшін мұғалім оқушылардың даму деңгейін жақсы білу керек..

Қазіргі арнайы мектептерде білімді бағалаудың жаңа жүйесі енгізілген. Ол Білім алушыларды аттестаттау “әдістемесінің ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы «2» наурыз № 166 бұйрығымен бекітілген.

Білім алушыларды аттестаттау әдістемесінің ережесі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 – бабының 6 – тармағына сәйкес әзірленді. Қазіргі уақытта арнайы білім беруде оқушылардың білімін тексеру, бағалау арнайы білім беру бағдарламаларда бекітілген талаптарға лайықты. Сонымен бірге, дәстүрлі бағалармен бірге, бастауыш сыныптарда “+”,” –“, түсті дөнгелек, төртбұрыштар пайдаланады. Баға қою кезінде арнайы мектеп мұғалімдері міндетті түрде, не үшін, қандай баға қойылғанын оқушыларға түсіндіруі тиіс.

Дәріс № 12-13

Арнайы білім берудің мазмұны

Жоспары:

1. Білім беру мазмұны түсінігі, мәні

Жалпы білім беру мазмұны – оқыту процесінде оқушылар меңгеруге тиісті білім, икемділік пен дағды көлемін білдіреді. Білім беру мазмұны педагогикалық үндеу ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырмасының нұсқасы ретінде қарастырылады, яғни баланың білім, икемділік пен дағдыларына қойылатын талаптар ретінде. Ал оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар нақты тарихи және әлеуметтік-экономикалық шарттармен анықталады. Арнайы мектептегі білім мазмұны – арнайы мектептің мақсат-міндеттерімен, сондай-ақ оқушылардын таным әрекет ерекшеліктеріне тәуелді. Арнайы білім мазмұны мектепте берілетін ғылыми білімдер жүйесін қалайды. Баланың болашағы, оның зият дамуы, мүддесі және оқуы, келешекте еңбек іс - әрекетіне қатынасы көп жағдайда білім беру мазмұнымен анықталады.

Мүмкіндіктері шектеулі баланың белсенді әлеуметтенуі үшін кемістіктерді түзету, нақты екеншілік реттегі кемістіктің алдың алу және білім беру арқылы кемістіктің орнын толықтыру. Бұл жағдай психикалық немесе дене кемістікке байланысты бала бойында туындаған білім алудағы ерекше қажеттіліктерін толық қанағаттандыруды білдіреді.

Шектеулі даму мүмкіндіктердің (есту, көру, қозғалыс, т.б) сапалы сипатта екенің ескерген дұрыс. Бұл жерде тұлғалық қалыптасу толығымен өзгереді және даму үшін, білім алу үшін ерекше жағдайларды қажетсінеді. Ең біріншіден білім беру бағдарламалын меңгеруімен тоқтамай, жеке өмір сүру дағдыларын қалыптастыру қажет. Өмір сүру біліктері қоршаған ортада кеңістікті немесе уақытты бағдарлау болсын, түрлі қарым-қатынас жасау, әлеуметтік бейімделу, өз мінез-құлқысын саналы түрде тәртіпке келтіру және болашақ өмірге деген позитивті көз қарасын қалыптастырады.

Арнайы оқыту мен тәрбиелеу бір бірмен тығыз байланыста болғандықтан арнайы білім беру жағдайларын қамтамасыз етуді қажет етеді. Арнайы білім беру жағдайлары:

  • арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз ету, сонын ішншде жалпы білім беру оқу бағдарламалары және түзету-дамыту бағдарламалары;

  • әр баланың дамуындағы ерекшеліктерін ескеру, арнайы түзету құралдар мен (техникалық) тәсілдерді пайдалану арқылы түзетушілік-педагогикалық процесті өзгеше ұйымдастыру;

  • толыққанды өмір сүру үшін барабар жағдайларды қамтамасыз ету;

  • түзетушілік - педагогикалық процесті арнайы педагогтардың өткізуін талап ету, яғни тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, логопед және арнайы психологтардың психологиялық қолдау көрсетуі;

  • психологиялық, медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

Балалар кемістіктің деңгейі мен таным мүмкіндіктеріне сәйкес және білім алу үшін арнайы жағдайлардың сапасына тәуелді, білімнің түрлі деңгейлерін меңгере алады. Біздің елімізде білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде келесі білім беру деңгейлерін қамтиды:

  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

  • бастауыш білім беру;

  • негізгі орта білім беру;

  • орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);

  • орта білімнен кейінгі білім беру;

  • жоғары білім беру;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

Ал мүмкіндіктері шектеулі түлғалар уақытымен түзеу арқылы қолдау көрсетілген жағдайда білім берудің өз дамуына сәйкес деңгейлерін меңгере алады. Кейбір естімейтін, нашар естийтің, көрмейтін, нашар көретін және тірек-қимыл қозғалысында, эмоция-ерік дамуына, сөйлеу тілінде ауытқуы бар тұлғалар жалпы орта білім беру деңгейін меңгеруге қабілетті және жоғары оқу орнында оқи алады.

Сонымен арнайы білім берудің мазмұны тек даму кемістіктеріне ғана емес сонымен қатар білім алушының жас ерекшеліктерін ескеру қажет.