- •Содержание
- •Обращение участников международной научно-практической конференции «антикоррупционная стратегия республики казахстан на 2015-2025 годы: основные положения и пути реализации»
- •Құрметті конференцияға қатысушылар!
- •Уважаемые гости и участники Международной научно-практической конференции!
- •Здравствуйте уважаемые участники международной научно – практической конференции!
- •Противодействие коррупции в сфере государственной службы
- •Профилактика коррупционных правонарушений на государственной гражданской и муниципальной службе. Практика в ульяновской области
- •Формирование уровня антикоррупционной культуры Құрметті конференцияға қатысушылар!
- •Уважаемые участники конференции!
- •Антикоррупционная стратегия республики казахстан на 2015-2025 годы: общественное мнение, реализация мероприятий, предусмотренные стратегией
- •Борьба с коррупцией – забота всего общества Добрый день, уважаемые участники конференции!
- •Понятие коррупции и ее признаки
- •Тамыры тереңге жайылған жемқорлық
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру түсінігінің мәні және оның функциясы
- •Анализ зарубежного опыта в сфере борьбы с коррупцией в свете концепции правовой политики казахстана
- •О зарубежном опыте борьбы с коррупцией
- •Актуальные вопросы обстоятельств, исключающих преступность деяния
- •Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
- •Проблемы предупреждения коррупции - как негативного социально-правового явления
- •Таможенный союз: проблемы борьбы с коррупцией
- •Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу тарихына көз жүгіртсек
- •Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегі n267 Заңы (2013.03.07. Берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
- •Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің қазіргі таңдағы өзекті проблемалары атты республикалық ғылыми- практикалық конференцияның материалдары.
- •Қазақстан Республикасының Президенті н. Назарбаевтың Қазақстан халықына жолдауларынан жиналған материалдар.
- •Сыбайлас жемқорлықтың орын алуы мен құқықтық реттелу мәселелері
- •Эвтаназия - моральные, правовые и социальные проблемы
- •Этические проблемы эвтаназии
- •Коррупция как угроза жизнедеятельности общества и государства
- •К вопросу о виновности лица в совершении преступления
- •Пути правового совершенствования государственной борьбы с коррупцией
- •Правовые основы борьбы с торговлей людьми в отдельных странах
- •Организованная преступность и ее связь с коррупцией
- •Зарубежный опыт противодействия организованной преступности и коррупции
- •Некоторые проблемы назначения уголовного наказания
- •Изменение обстановки как уголовно-правовой способ защиты прав человека: сравнительно-правовой анализ
- •Антикоррупционная политика как функция государства
- •Методы борьбы с коррупцией в казахстане
- •Сыбайлас жемқорлық соңы жок мәселелердің бірі
Тамыры тереңге жайылған жемқорлық
Жемқорлық латын тілінен аударғанда corruptio - сатып алу дегенді білдіреді. Мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері болып табылады.
Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, тағы басқа жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.
1979 жылы БҰҰ-дың Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі аймақаралық семинар (Гавана 1990 ж.) мынадай анықтаманы ұсынды: «Сыбайлас жемқорлық – бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы».
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің біріне айналып отыр. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосылу стратегиясы, Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа жолдауында ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық кешенді бағдарламаны дәйекті түрде жүзеге асырудың қажеттігін айтып, сыбайлас жемқорлық қоғамның барлық мүшелеріне, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.
Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет немесе сыбайлас жемқорлық деп түсінеміз. 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады.
Қабылданған заның 2-бабы 1-тармағына сәйкес, «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы оларды сатып алуы» сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Сыбайлас жемқорлық мәселесін зерттеген кезде мынадай сауал туындайды: сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері қандай және осы құбылыс неліктен осындай түрде жүзеге асады. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептерін зерттеу барысында бірқатар киындықтарға тап боламыз. Кейде бір фактіні сыбайлас жемқорлықтың себептері ме әлде салдары ма екенін анықтау да қиындық туғызады.Сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері жүйеленіп, мынадай жіктелім ұсынылады: әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұйымдастырылған құқықтық себептер, сондай-ақ мәдени-этикалық сипаттағы факторлар бола алады.
Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.
Жемқорлықтың көрініс табуының ең қауіпті екі түрі: мемлекеттік немесе қоғамдық мүліктерді жемқорлық жолмен ұрлау; мемлекеттік қызметкерлердің әрекетінде ұрлық белгілері байқалмаса да, олардың қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында өз қызметтік жағдайын теріс пайдалануы.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі дүние жүзінің мемлекеттері үшін өзекті әрі ортақ мәселе болып отыр.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халықына «Жемқорлық біздің өміріміздерге әртүрлі салаға терең еніп келеді, жемқорлық экономикамызды құртады» - деп айтқан болатын. Елбасы жемқорлық мәселесін көптеген жылдар бойы қатаң бақылауға алып жүр. Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, бұл барлық елін сүйетін, халқын сыйлайтын азаматтардың парызы болып саналады.
Сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау үшін төмендегідей мәселелерге назар аудару керек:
мемлекеттік институттарды реформалау, оның ішінде мемлекеттік қызмет реформалары, салық, қаржы жағдайының реттестірілуі, құқықтық және сот жүйесінің күшейтілуі;
аталған кең көлемді реформаларды іске асыруда заңдылықтың сақталуына бағытталған шаралардың ашық жолмен жүргізілуі;
құқықтық реформалау кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің сапалы және толыққанды тергелуі.
Біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлық негізінен мемлекеттік жүйеде орын алатыңдықтан, билік сенім білдіріп, құқық берген лауазымды адамдар моральдық тұрғыдан таза болулары керек.
Заң бұзушылықтар орын алса да, құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетіп жатады.
Бүгінгі таңда, мемлекетіміздің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстың алдын-алуға басты назар аударылуы тиіс.
Қаржы полициясы былтыр 96 сыбайлас жемқорлық қылмысты тіркесе, оның 54-і сотқа жіберіліп, сот 34 қылмыстық істі қарап, 18 тұлға ғана сотталған.
Ақмола облысы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің қызметкерлері таяуда Целиноград аудандық салық комитетінің 29 жастағы бас маманын пара алып жатқан жерінде бұлтартпас айғақпен қолға түсірді. Ол Б. деген жеке кәсіпкерден оның жасаған заң бұзушылықтарына көзжұмбайлықпен қарағандығы үшін 100 мың теңге талап етіп, сол ақшаны жұмыс бөлмесінде алып жатқан кезінде ұсталды.
Ал, «Көкшетау-мұнай-сервис» ЖШС-інің менеджері Т. деген азаматша үш бірдей шаруа қожалығының басшыларына литрін 70 теңгеден дизель отынын тауып беремін деп алдап, барлығы 2380000 теңгені қалтасына басып алыпты. Қолдарында ақшасы төленді деп серіктестіктің мөрі басылған қағазды ұстап дизель отынынсыз қалғак фермерлер дабыл көтеріп, бұл іске қаржы полициясы араласты. Менеджерлік қызметін пайдаланып миллионды қалтаға басқан азаматшаның үстінен қылмыстық іс қозғалуда.
Әрине, осының барлығы өкінішті..... Бірақ біз студент жастар мұндай әрекеттердің болуына жол бермейміз. Бүгінгі отырыстың мақсаты да осы емес пе?
ӘДЕБИЕТ
Кемали Е. Актуальные вопросы реализации антикорупционной политики в Казахстане на современном этапе. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі. Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстың алдын алу. // Арқа Ажары. - №7. 2008. - Б. 4.
Қапаров С.Ғ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың шетелдік тәжірибесі. Дөңгелек үстелдің ақпараты «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008 ж.
Мәмет С. Сыбайлас жемқорлықпен күрес науқандық шаруа емес. // Егемен Қазақстан. - №135-136. 2008. - Б. 2.
Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсідігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы: Білім, 2001. - 96 бет.
Бекахметова А.Д.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа
қарсы оқыту және қоғаммен өзара әрекеттесу
бөлімінің басшысы, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі
