- •І тарау
- •1.1 Әдістеме ғылымының шығу тарихы
- •1.2 Әдістеме ұғымының пайда болу тарихы
- •1.3 Әдебиетті оқытудың дидактикалық тірегі – пәлсапа
- •1.3 А. Екінші ұстаз Әл-Фарабидің интеллект (сөзінің) мағынасы жайындағы пайымдамасы - дидактиканың негізі
- •Потенциалды интеллект
- •Актуальды интеллект
- •Әрекетшіл интеллект
- •1.3 Ә. Қожа Ахмет Иасауи шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3.Б. Хас Хажиб Жүсіп Баласағұни еңбегіндегі дидактиканың пәлсапалық негізі
- •Халқымыздың ырысы болған ілім
- •1.3 В. Бұхар шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі Бұхар жырау шығармашылығының парадигмалық сипаты
- •Жыраулық дәуірдің тарихилық тұстарын топтастыру:
- •Жыраулық дәстүрге ғылыми тұжырым:
- •1.3 Г. Шал ақын шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3 Д. Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3 Е. Мәшһү-Жүсіп шығармоларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларын жаңаша тану
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларын жаңа амалмен (технологиямен) оқыту
- •1.3 Ж. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық сипаты
- •1.3 З. Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3 И. М. Әуезов шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •Іі тарау
- •2.1 Педагогикалық технологияның ғылыми негіздері
- •Гештальт қисыны
- •Суггестив қисыны
- •2.2 Педагогикалық технологиялар жайлы тұжырым-түйіндер
- •2.3 Оқытудың ыңғайлану жүйесі
- •2.4 Електі жоспар және өздігінен есептің графигі
- •2.5 Оқытудың әдістері
- •2.6. Педагогикалық технологияның негізгі тірек көзі, қисыны (әдебиетті оқыту үрдісінде)
- •2.7 Проза туралы түсінік
- •2.8 Прозаны оқытудың қисындық заңдылықтары
- •Технология субстанциясы – проблемальі зерттеу әдісі
- •2.9 Прозаны оқытудың тиімді жолдары
- •Шығарманың құрылым-жүйесі
- •Оқытудың қисыны
- •Ііі тарау прагматикалық жұмыстың көрінісі
- •3.1 Педагогикалық технология – санатты оқудың кепілі
- •3.2 Әдіснамалық сапасы
- •3.3 Студенттер өткенді білсін десек...
- •3.4 Маржан жырдың мәнін ұқтырған
- •3.5. «Сорос – Қазақстан» қорының «Жазу және оқу үрдісінде сыни ойлауды дамыту» атты бағдарламасымен өтілген лекция сабағының нұсқасы
- •3.6 Зертханалық жұмыстың үлгісі
- •3.7 Оқу уақытының дидактикалық маңызы
- •3.8 Дидактикалық материалды ұстаздың қызметте пайдалануының алгоритмі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Шығарманың құрылым-жүйесі
Бесінші сынып оқушыларына шығармалардың құрылым-жүйесі жайлы қарапайым ұғымдар берілуге тиіс. ІІІығарманың мұраты бойынша кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің өсу, даму барысына үнемі назар аударып, оның әрбір бөліктеріне ат қойып отырған жөн. Сөйтіп, олар кейіпкерлерді салыстыру арқылы өмірді түсіну ыңғайы ширатылуда. Шығарманың құрылым-жүйесі тек сол шығарманың тұтас табиғатынан шығады. Ол үшін мәтінді мұқият талдау қажет.
Берілген теориялық ұғымдармен образды сабақта оқушының ойлау қабілетін қалай дамытар едік? Ол үшін бағдарламаға жаңадан енгізілген Сәкен серінің «Ақан сері» романынан үзіндісін («Ақырғы бәйге») психологияға салып көрейік.
Оқушыларға шығарманың құрылым-жүйесі жайлы бастауыш ұғым беру үшін мынандай бағыттар беріледі:
Үзінді неше бөлімнен тұрады?
Әр бөлім неше азаттық жолдан тұрады?
Әр бөлімге өздеріңше жеке-жеке ат қойыңдар.
Әр бөлімдегі азаттық жолға қысқаша өздеріңнің ой-түйіндеріңді жазып, оны бөлім аттарымен байланыстырыңдар, не шығады?
Міне, жұмыстың ықтимал жауаптары былай болмақ:
Үзінді сегіз бөлімнен тұрады.
Атаулары (Атқа сыншының сын айтуы).
Бәйгеге әзірлік.
Ақанның батасы.
Мөңкенің жортуы.
Құлайкөктің Құлагермен тайталасы (баланы).
Елдің біресе баранды, біресе қыланды көруі.
Ақанның қуанышы.
Құлагерге қастандық.
I. Бұны өз сөзіне айналдырғанда (интерпретация):
Асқа келгендердің аузында Ақан мен Құлагер.
Жұрттың Құлагерді тосуы.
Күреңбайдың кейпі.
Күреңбайдың сыны (үзеңгі қағыстырып, тізе соғар жылқы баласы әлі бұл өлкеде туған жоқ).
Батыраштың намысы;
Қайтадан Күреңбайдың сыны (терісі мап-майда, ет пен терінің арасында жылтыраған бір май жоқ, бір жапырақ арам ет жоқ, қаны мол, талыс танау, Оқ жетпестің қайрақ тасындай, быртық бақай, ит жіліншік, тауы тізелі, бөкен санды, сіңірі бура тілерсек, екі бұттың арасынан екі адам жүрелеп өткендей, жібектей күлтеленген майда жал, жеңіл құйрық. Қасқыр жауырын, түлкі төс, қоян жонды, шапқан сайын үдей түсетін, өрге салсаң, өршелене түсер ұшқыр, нағыз құйынның құйыны – Пырақ);
Батыраштың қарсылығы;
Күреңбайдың дәлелі (он екі қабырғаның орнына он үш, міне, осыны қалай деп түр);
Қошеметшіл жұрттың пікірі;
Тағы да Күреңбайдың Құлагер портретін сипаттауы; (бұл қазір бабына келіп, сылап-сипаумен тұрған, сұлы бұлаудан шыққан сұлудай нәзік жануар емес пе. Қолдың уыты тиеді, - деп шаңқылдаған ащы даусымен көшті кейін шегіндіріп, аттың терін жаяды.
Күреңбайдың Құлагер баптаған иесіне таңдануы; (бір қисық ащы тері бойында қалмапты. Құлағында қоянның көз жасындай бір тамшы су жоқ); (11 абзац).
Ерейменнің суреті. Құсақ көлінің көз тартар әсем құбылысы (айдынында шомылып, қаздай жүзіп);
Ат үстіндегі жас баланың өнері;
Жұрттың балаға деген көтерме сөзі;
Бұл баланың өнеріне сүйсінген жұрт;
Тобықтының Қошқарбайының Шашубайы (жас баланың) екені;
Халықты алаңдату мақсаты (баланың ойыны);
Баланың жұртты тауға, ат жарысқа шақыруы;
Жар салу (Алатаудың Аласы, кіші жүздің Қарасы т.б.). (Екінші бөлімде сегіз абзац).
Жаршының бұйрығын тосып тұрғандар;
Жұрттың шуылы;
Жанкүйерлердің демеу сөздері;
III - Құлагердің топқа қосылуы;
Құлагерге таң қалған жұрт;
Жаршының бәйге жайлы мәліметі;
Ақанның Мөңкеге берген бата-тілегі;
(Ыққа түсіп, шаң жұтқызба, жел жағында отыр) (7 абзац)
IV - Бес жүз аттың шет жағын ала Мөңкенің жортуы; (1-ақабзац)
V - Бәйгешілердің шаршы орамалына қарауы;
- Айдаушының орамалды тартып қалуы;
Құлагер мен Тарбағатайдың Тарланкөзінің, Баянның бурылының т.б. қатарласа шабуы;
Мөңкенің Құлагерге күдіктенуі;
Мөңкенің жарты жолға жетуі, оның бұл безілгенінің ерекшелігін түсінуі;
Мөңкенің көңілінің көтерілуі. Ақан ағасының шалқыма әнінің қуат беруі. (ойша оралуы);
- Құлагердің Құлайкөктен озып кетуі, үстіндегі баланың оны жақтырмауы;
Төрт аттың да қара терге малынуы;
Құлайкөк пен Топайкөктің үстіндегі балалардың жымысқы келісімі. Құлагерді ортаға алып қыса беруі;
Құлайкөктің баласының Мөңкеге зәр шаша қарауы;
Құлайкөк пен Құлагердің үстіндегі баланың қатарласа шабуы; Құлайкөк үстіндегі баланың жанарындағы сәбиге тән нұрдың қалмауы;
Оның ішкі арам ойы - Мөңкенің де жеңетін өзі-өзіне ішкі сенімі;
- Бес аттың жұбын жазбауы. Төрт аттың терге малшынуы, ал Құлагердің мойнының жаңа терлеуі;
- Екі баланың Мөңкені Құлагерімен ашық қысуы;
Құлайкөктің үстіндегі баланың Батыраштың баласы болып шығуы;
Екеуінің сұхбаты;
Мөңкенің тәуекелі;
Жермен жексен болған Құлагердің құйындай ұшуы;
Мөңкенің ат үстіне жабыса түсуі;
Құлагердің 499 аттың алдына шығып, Көкөзектің сайына екпіндеуі. VІ (19 абзац).
Елдің дүрлігуі;
Шаң көрінді;
Жұрттың қошемет сөздері;
Жұрттың біресе қылаң, біресе баранды көруі;
Аканның түймедей қараны тануы; (метонимия) (Ақанның қанаты, Ақанның пырағы) (метафора)
Ақанның екі беті алаулап, көзінен бір тамшы жастың домалап түсуі; (сүйінші)
Төрт аттың қатарласуы;
Тағы шаңның көрінуі;
Терең ойпаттағы қап-қара түтін, аспандағы қызыл шапақ;
Төрт аттың қайта шығуы, қараның көрінбеуі; (метонимия)
Жұрттың күмәні;
Ақанның төрт атты көргенде, арқасынан мұздай тердің шығуы; (теңеу)
VIII - Тосыннан адамның қосылуы;
Шылбырыңды жи деп, Құлагерді айбалтамен шабуы; (жауыздық)
Құлагердің мерт болуы; (шарықтау шегі)
Ақанның көзінің қарауытуы;
Құлагерді балалардың жоқтауы;
Ақанның көзі қарауытып, теңселіп кетуі;
Құлагердің ішкі ойы, оның жан дәрмен тұрғысы келуі;
Құлагердің тынысының тарылуы, тұла бойының сіресуі;
Ақанның Құлагерді ақтық жолға «арулап» жөнелтуі; (ұлттық нақыш) Екеуінің қоштасуы;
Ақанның жоқтау зары.
Берілген бөлім-бөліммен шығарманың құрылым-жүйесінен оқушыға іздендіретін мынадай тапсырмалар берген жөн:
- Шығарма қандай оқиға көріністерімен басталады?
Күреңбай сыншы Құлагерді неше мәрте сынап тұр, бұл құбылыстан жазушының қандай ойын, мақсатын аңғарамыз?
Жалпы асқа келген адамдардың бәйгеге көзқарасы қандай?
Құлагер сипатынан бейнелікті, көркем суреттілікті байқадыңдар ма? (образдылық)
Ерейменнің, Құсақ көлінің сұлулығы жайлы автор нені айтпақ?
«Цирк» деген ұғым жоқ болса да, «цирк» өнерін меңгерген баланық өнерлі екеніне көз жеткіздің бе?
Жар салу дәстүрінің мәні неде?
Бәйге қосу алдындағы әзірліктен нені байқадыңдар?
Ақанның Мөңке мен Құлагерге берген бағасын қалай қабылдадыңдар?
Неліктен Мөңкенің көңілі көтерілді?
Балалардың арасындағы егесті қалай түсіндіңдер?
- Құлайкөктің үстіндегі бала жайлы автор ойын аңғардыңдар ма, ондағы құбылысқа мінездеме бер.
Батыраш пен баласының қандай қаскөйлік іс-әрекеттерін аңғардыңдар? Оған мінездеме беріңдер.
Құлагердің барлық аттарды басып озуы.
Елдің қошеметінен Ақан мен Құлагерге деген жылы сезімді аңғаруға бола ма?
Ақанның қуаныштан толқуы.
Жұрттың бір аттың жоқ болып кетуіне күмәндәнуін қалай қабылдадыңдар?
Құлагердің айбалтадан мерт болғанын қандай іс-әрекетіне жатқызасындар?
Мөңкенің жоқтауынан нені байқадыңдар?
Құлагердің ішкі ойы арқылы автор нені негізгі нысанаға алған?
Оқиғаның шешуі немен аяқталды?
Сұрақтарға жауапты мәтінге сүйеніп жазыңдар. Оның бәріне жауап тапқан соң, өз ойларыңды не өлеңмен, не әңгіме түрінде баяндап шығыңдар.
Алдын ала берілген мұндай эмпирикалық тапсырмалар оқушының мәтінді бірден мақсаттылықпен оқуына, қажетті бөліктерін бір-бірімен ұштастыра меңгерулеріне мүмкіндік алады.
Әдебиеттің қисынынан образдылық пен ұғымдар жайлы түсінікті мәтіннен мынадай көріністер арқылы меңгертуге болады:
«...Тегі күн еңкейе самал да басылса керек. Ат тұяғынан ұшқан шаң тез сейілмей, жеңіл қоңыр түбіт шәліше ұзақ қалықтап тұр. Оның үстіне құйрық тістесе шапқан он шақты ат та қалар емес. Кейде бастары озып, кейде амал жасағандай кейінден, қалмай келе жатқан кейбір аттардық жобасын да Мөңке таниды.
... Шүңірек қап-қара көзі болмаса бет әлпеті тура әкесінен аумаған Батыраштың ұлының жүзін Мөңке жаңа аңғарды. Батырашта кеткен кегін алмақшы боп, тістене түскен балаға айғай салды:
- Әй, бала, атың болдыра бастапты, қинамасайшы, қараөкпе боп қалмасын.
Бала күреңітіп, үнсіз тістене түсті... Көкөзекке жақындағанда үзіліп шыққан түймедей қараны Ақан жазбай таныды. Талай тойда сан мәртебе жүлде алып, алыстан талай танытқан Құлагердің өзі. Баяғы шабыс, баяғы қарқын. Үдей-үдей соғады. Жалтыр мұздың үстінен сырғаната жіберген... кенейдей зулап келе жатқан сол... Аспанға көтере салған тәтті әндей, тұла бойды шымырлатып, шырқап келеді. Жыландай шұбатылған шуда шаң Көкөзекке құлап көрінбей кетті. Екі беті алаулаған серінің көзінен бір тамшы мөлдір шық домалап түсті».
Аталған көріністен екі баланың екі түрлі қарама-қарсы мінез-құлқын оқушы аңғаруға тиісті. Эстетикалық талғам, мінез тек жақсы, ізгі кұбылыстармен тәрбиеленбейді, керісінше, оның қарсы мәністерін байқап отырғанда, оңтайлы істерді ажыратады. Бейнелі көріністер мен қисындық ұғымдар жайлы оқушының тұтастықта қабылдау ыңғайларын мәтіндегі нысаналар арқылы дамыту ұтымды. Пәнді оқытудың өзектілігі де осында. Ойымызды нақтылай түсу үшін тағы да бірер көріністерді мысалға келтіріп өтелік:
«...Құлагер қамшылар жағынан ұшыртып, жанамалай келіп қосылған қара қасқа атты біреуді көзі шалып қалды. Әлібектің қарабедеуіндей ұшқыр неме екен. Жер астынан шыққандай тосын тоспадай пайда болған аузы-мұрны тұмшаланған сұсты адамнан Құлагер үріккен жоқ. Орта жолда белгі алуға тұрған біреу шығар деп ойлады (аттың монологы).
- Шылбырыңды көтер, шылбырыңды жина, шылбырыңды, - деп әлгі адамның мыңқылдағанын ашық естіді.
О ғажап! Жат адам қатарласа шауып, қолын шылбырға соза берген.
Созылған қол - адамның қолы емес, айбалта құсап кетті Құлагерге. Жарқ еткен айбалта аспанға көтеріле бергендей болып еді, құлақ шекесінен бірдеме сарт етті. Басы шың етіп, көзінің алды жарқ етіп, есі ауып қалай омақаса түскенін білмей қалды. Бел омыртқасы да кілт еткендей болды. Ғұмырында бірінші рет сүрінуі, бірінші рет құлауы. Ағындап келе жатқан бойы аяғы оқыс шалысып, мойны қайырыла оңбай түсті. Мөңке қайда? Аман ба екен о байғұс? (монолог)
Құлагер жан дәрменде дүр сілкініп атып тұрды. Қалай кісінеп жібергенін аңғармай қалды. Жалбарынған ащы үнге кең өзек жаңғырықты. Анадай жерде домаланған Мөңке де сүйретіле тұрып жатып қолтығы дірілдеп, балаға қарай тізгіні шұбатылып аттай беріп еді, тағы құлады. Басы зеңіп, астындағы жер дөңбекшіп, өзін шыр көбелек айналдырып әкетіп барады. Үрейлі кезіне Есілдің мұзындай көгілдір аспан түсіп, үстіне жақындап қалғандай болып еді, енді алаулап жанып, қып-қызыл қанға айналып кетті. Шекесінен шып-шып аққан жылымшы қан көзіне құйыла берді. Тынысы тарылып, көмейінен өзі бұрын естімеген қырыл шықты. Кеңсірігі бітеліп, танауы желп-желп ететіні несі... Ақпанның қызыл шұнақ аязындай тер қатқандай, тұла бойы жыбырлап, дірілдеп барады ғой...
Құлагердің тынысы тарылып, демі таусылып, қарылдап, қырылдай бастады. Қап-қара бұлт төніп селдете өткен қатты жауын көзіне ұйыған қанды шайып, караңғы аспанға соңғы рет қарады. Иесін іздеп соңғы рет кісінегісі келді. Бірақ ерні ғана жыбырлап, дыбысы шықпады... (Құлагердің мерт болуы, оның ішкі жан дүниесі ізгілікті иесінің пырағымен бірге құлазуы еді).
Осы кезде шапқылаған ат дүбірі еміс-еміс естілгендей болды да, іле: «Қарағым! Қанатым!» - деген иесінің дірілдеген даусы дәл құлағының түбінен шықты. Ақтық рет ышқынып, басын көтеріп алған Құлагер сары аттан домалай түсіп, тізерлеп отыра кеткен Ақанның қүшағына жағын төседі. Иесінің үсті де шылқылдаған су екен (Табиғатта жылап тұр). Ағыл-тегіл боп аққан көз жасына малып алғандай. Құлагердің монологы:
«Айдалада жалғыз қалдырмай жеттің бе, үлгердің бе? Менің қазам енді жеткен шығар, ризамын саған, батыл бол!» деп кісінегендей болды. Бірақ, тағы да үні шықпай, ерні жыбырлаған күйі көзі жұмылмай қалды. Оқыс тұяқ серпіп, қинала керілген Құлагердің ашық қалған көзінде мөлтілдеген жас төгілмей тұнып тұр. Ақанның көзінен бір тамшы жас өлі көзге үзіліп гүскенде, жан біткендей дір етті. Ақан аһ ұрып, он жыл серік болған аяулы досының көзін жапты».
Міне, бұл көріністі оқушы тұтас мәнерлеп оқып, мәнісіне түсінуі керек.
Бала мен баланың, Батыраш пен Ақанның арасындағы қайшылықты жұқалап аңғартатын дәрежеге әкелу қажет. Ізгілікті адамның ат баптауы, бәйгеге баласын тәрбиелеуі де ерекше:
Қамшыламау;
Баптау;
Сүю;
Бәйге үшін ұстамау;
5) Қарапайым аттың ішкі сезімін өзінің сезімімен ұштастыру, түсініктерінің деңгейлестігін ұштау;
Бәйгеде шаңды жақпен жүрмеу. (Тактикалық әдіс)
Бәсекелестік сезімді болдырмау т.с.
Әрине, бесінші сыньт оқушысына халқымыздың басынан өткен осындай қайғылы тарихын оқыту қиын. Компьютердің «құлағында» ойнайтын қаланың, кейбір ауылдың балалары үшін кешегі үлкен Асқа жиналған адамдардың арасындағы қақтығыс, іштарлық, көре алмаушылық, қаскөйлік, өнерге деген өштік, ізгіні жоюшылық сияқты жағымсыз әрекеттер туралы білім меңгерту, үйрету әр мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тіпті осы жазып отырған әдістемеміздің өзін ғана қолданған мұғалім оқушының жүрегіне жетпейді. Әр ұстаз барлық мәтінді тұтасымен оқып шығуы керек. Өзінің сынып оқушыларының мінез-құлқын, әлеуметтік жағдайын, қатысым, сөйлесім құралдарының деңгейін, қажеті мен қабілетін мұқият зерделеуі көзделеді. Ал бұл әдістемелік құрал тек бағыт-бағдар. Әр ұстаздың сабағы өзінің бойынан шыққан «дастаны», «әні», «романы» т.б.
Міне, осындай әрекетті іске қосқанда ғана оқушының шығармадан эстетикалық-ассоциативті ойлау қабілеті шыңдалады;
Әдеби бейнелі, қисындық ұғымдарды түсінетін, оны танитын деңгейге көтереді;
- Эстетикалық анализ жасауға ыңғайлайды. Бұның бәріне тек эвристикалы және эмпирикалы әдістер қол жеткізетінін іздендіретін сұрақтардан байқадыңыздар.
Сәкен серінің Ақан сері психологиясын Құлагердің мерт болғандағы кезімен ұштастыра беруі асқан шеберлік. Мөңке Батыраштың баласынан әлдеқайда тәлімді, тәрбиелі, ізгілікті екенін танытты.
