- •І тарау
- •1.1 Әдістеме ғылымының шығу тарихы
- •1.2 Әдістеме ұғымының пайда болу тарихы
- •1.3 Әдебиетті оқытудың дидактикалық тірегі – пәлсапа
- •1.3 А. Екінші ұстаз Әл-Фарабидің интеллект (сөзінің) мағынасы жайындағы пайымдамасы - дидактиканың негізі
- •Потенциалды интеллект
- •Актуальды интеллект
- •Әрекетшіл интеллект
- •1.3 Ә. Қожа Ахмет Иасауи шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3.Б. Хас Хажиб Жүсіп Баласағұни еңбегіндегі дидактиканың пәлсапалық негізі
- •Халқымыздың ырысы болған ілім
- •1.3 В. Бұхар шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі Бұхар жырау шығармашылығының парадигмалық сипаты
- •Жыраулық дәуірдің тарихилық тұстарын топтастыру:
- •Жыраулық дәстүрге ғылыми тұжырым:
- •1.3 Г. Шал ақын шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3 Д. Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3 Е. Мәшһү-Жүсіп шығармоларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларын жаңаша тану
- •Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің шығармаларын жаңа амалмен (технологиямен) оқыту
- •1.3 Ж. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық сипаты
- •1.3 З. Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •1.3 И. М. Әуезов шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
- •Іі тарау
- •2.1 Педагогикалық технологияның ғылыми негіздері
- •Гештальт қисыны
- •Суггестив қисыны
- •2.2 Педагогикалық технологиялар жайлы тұжырым-түйіндер
- •2.3 Оқытудың ыңғайлану жүйесі
- •2.4 Електі жоспар және өздігінен есептің графигі
- •2.5 Оқытудың әдістері
- •2.6. Педагогикалық технологияның негізгі тірек көзі, қисыны (әдебиетті оқыту үрдісінде)
- •2.7 Проза туралы түсінік
- •2.8 Прозаны оқытудың қисындық заңдылықтары
- •Технология субстанциясы – проблемальі зерттеу әдісі
- •2.9 Прозаны оқытудың тиімді жолдары
- •Шығарманың құрылым-жүйесі
- •Оқытудың қисыны
- •Ііі тарау прагматикалық жұмыстың көрінісі
- •3.1 Педагогикалық технология – санатты оқудың кепілі
- •3.2 Әдіснамалық сапасы
- •3.3 Студенттер өткенді білсін десек...
- •3.4 Маржан жырдың мәнін ұқтырған
- •3.5. «Сорос – Қазақстан» қорының «Жазу және оқу үрдісінде сыни ойлауды дамыту» атты бағдарламасымен өтілген лекция сабағының нұсқасы
- •3.6 Зертханалық жұмыстың үлгісі
- •3.7 Оқу уақытының дидактикалық маңызы
- •3.8 Дидактикалық материалды ұстаздың қызметте пайдалануының алгоритмі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
Оқытудың қисыны
Оқыту – ең маңызды және ең тиімді тәсілі. Ортаның ақиқатына қатысты субъектінің санасындағы күрделі де көп қырлы үрдістердің ұтымды көрінісі. Оқыту шұғынасатын үрдіске сәйкес таным, педагогтарды басқару амал-тәсілдері.
Оқыту – қойған мақсатқа жетудің бағыты, қатынасының тәртібі.
Оқыту – танымдылық үрдісін басқарудың, тарихи-қоғамдық тәжірибені меңгерудің, нақтылы әрекетті меңгерудің, тұлғалық дәрежеге жету жолы.
Оқыту үрдісі – ұстаз бен оқушының мақсаттылыққа құрылған қарым-қатынасы. Ол оқушының білім алу үрдісіндегі міндеттерді шешеді.
Жаңа кезеңдегі оқу үрдісі – мақсаттылыққа, өзара қарым-қатынасқа, жүйелілікке құрылған ұстаз бен оқушының әрекеті, қызметі. Мұның өзі білім алу жүйесін қалыптастырады, оған бағыттайды, ғылыми танымның негізін жасайды, еңбек және адамгершілік тәрбиесіне бағыттайды, шығармашыл белсенді, жан-жақты дамыған оқушыны сомдайды.
Оқыту – әр оқушының ғылыми білімінің іскерлігін ширатудың танымдық қызметі. Шығармашылық қабілетін дамытады. Адамгершілікті-эстетикалық дүниетанымын және сенімін алға ұмтылдырады.
Оқыту – білім алу үрдісін ұйымдастырудың тәсілі. Барлық білім алу жүйесінде оқытудың жүйесі оқыту және оқу әрекетінен тұрады.
Оқыту - бұл әрекет мұғалімнің мынандай іс-қимылынан тұрады:
- ақпараттарды жинау;
- оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру;
- оқу үрдісіндегі қиындықтарды шешу;
- қызығушылықты марапаттау, оқушының дербес және шығармашылық жұмысын дамыту;
- оқушылардың қол жеткен табыстарын бағалау.
Бір сөзбен айтқанда, оқытудың негізгі мақсаты әр оқушының мағлұмат жию үрдісіндегі ұйымдастырушылық қабілетін ұштастырудағы ұстаздың әдістері, бағалау өлшемдіктері, ынтымақтастық үрдістегі ұстаздың тиімді амалы, жеке дербес жұмысты өздігінен орындау үрдісіндегі өзін-өзі басқару шеберлігін шыңдауы. Оқу – оқушының әрекеті. Ол мынандай іс-қимылдан тұрады:
- ізденіске өзін-өзі ынталандыру, оқу міндетін шешу, өзінің табысын бағалау;
- тұлғалық болмысты түйсіну; мәдени құндылықтың әлеуметтік мәнін ұғу, азаматтық тәжірибешілікті, қоршаған ортаны көре білу.
Оқытудың мақсаты – танымдык қызметті ісіне қосу, әлемдік ортадан жиған мағлұматты саралау.
Ііі тарау прагматикалық жұмыстың көрінісі
3.1 Педагогикалық технология – санатты оқудың кепілі
Технология – амал-әдістердің жиыны, іс-қимыл, қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі, өнері. (Түсіндірмелі сөздікте)
педагогикалық технология оқу үрдісіне аддын ала ықпал жасау (Б.Т.Лихачев);
педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың техникасы (В.Т.Беспалько)
технологиялық оқу – дидактика жүйесіндегі үрдістің бір бөлігі (М.Шошанов)
педагогикалық технология - істі жүзеге асырудың жүйелі әдісі. Оқытудың қолданымы мен айқындау үрдістерінен тұратын және адамға пайдалы білімнің міндеттерін ұтымды жолмен шешу (ЮНЕСКО).
Аталған анықтаманы Г.К.Селевко өзінің «Бүгінгі педагогикалық жүйенің жәйі жайлы іс-тәжірибе» деген ғылыми пайымында келтіріп өткен.
20-25 жылдан бері Одақтық деңгейде жарық көрген орыс тіліндегі педагогикалық технологиялар мен жалпы әдіс-тәсілдерге қатысты жаңалықтарды қисындық-тәжірибешілік ісімізде іліп алып қолданғандық. Оған ғұмырларымыз кетті. Сол ағымнан ұлттық менталитетке ұмтылдық.
Деңгейліктер жайлы көптеген ғалым-педагогтардың тұжырым-түйіндерін жоғарыда келтіріп өттік. Соның ішінде көзіміздің жеткені әр ғалымның өзінің деңгейіне орай деңгейліктерге жіктеу қағидасы бар. Міне, соның бір мысалы Г.К.Селевко алдыңғысын І ғылымилық деп алады. Оған мынандай анықтама береді: «Педагогика ғылымының бір бөлігі, нысананың мақсатын зерттейді, сипатын құрастырады. Оқыту үрдісінің жобасын алдын-ала қарастырады.
II. Екіншісін кәсіптік-сипаттамалық.
Мұнда белгілі нысандағы дерексіздік пен құбылыстар жайлы мазмұн, құралдар мен әдістерінің оқудың нәтижелілігіне ыңғайлана сұрыпталуы.
Үшінші кәсіптік - өзара әрекеттестік. Мұнда педагогика қоғамындағы барлық тұлғалардың даралық қабілеттіліктерін дамыту тұрғысындағы техникалық әдіснамалар мен жабдықтардың жиыны.
Педагогикалық технология деген ұғымның өзі үш түрлі деңгейде:
1. Жалпы педагогикалық. Бұл К.Я.Вазинаның Ұ.О.А. атты технологиясында мынандай жүйемен беріледі. Мақсат + мазмұн + құрал және әдістер + субъект + үрдістің нысанасы. Дәл осы сипатты Б.Селевконың тұжырымынан аңғарамыз.
2. Жеке әдістемелік. Бұл әр пәннің ішкі қағидасына болмысты сомдайды. Педагогикалық технологиялардың құрылым-жүйесі:
а) тұғырнамалық негіз;
ә) оқытудың мазмұны (жалпы, жалқы);
б) кәсіптік-техникалық үрдіс.
