- •Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері
- •Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері.
- •Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
- •Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
- •Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын іске асыратын – ескертпелі және ағымды санитарлық бақылаудың маңызы.
- •Мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін құқықтық негіз ретіндегі санитарлық заңдылықтар
- •9. Қоршаған орта мен оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері, олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның кешенді, аралас , қосарланған әсері.
- •10.Қоршаған орта факторын гигиеналық нормалау- алдын алу шаралар жүйесінің негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары.
- •11. Атмосфералық ауа құрамындағы , жұмыс зонасының ауасындағы, судағы, топырақтағы, тағамдық азықтардың химиялық қосылыстарды нормалау қағидалары.
- •12.Ауа ортасының гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттері. Темперетураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалыс жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі.
- •13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
- •14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
- •15. Ауа ылғалдылығын зерттеу әдістері. Ауаның су булармен қанығуын анықтаушы көрсеткіштер. Ылғалдылықты анықтауға арналған бүрынғы және қазіргі заманғы аспаптар, құрылымы мен жұмысы.
- •16. Ауа қозғалысын зерттеу әдістері. Анемометрдің, катотермометрдің және метеометрдің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы. «жел раушанын» құру , оның қолданылудағы маңызы.
- •17. Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау: инструменталды, жылу сезіну, адамның объективті жылу жағдайы.
- •18. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. Әр түрлі бөлмелердегі микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау қағидаттары.
- •19. Үйлердің микроклиматын қолайлы етудегі тиімді құрал ретіндегі жылыту және желдету. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдетудің гигиеналық маңызы.
- •20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.
- •45. Судың аммиякпен, нитритпен, нитратпен, обқ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері.
- •46. Судағы микроб санын, жалпы және термотолеранттық колиформды бактерияларды анықтау қағидасы.
- •48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.
- •49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.
- •50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.
- •52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.
- •53. Тамақтану қызметі. Тағамдардың биологиялық әсер етуі және тағам түрлері. Рацональды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •55. Адамның тамақтануындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың, минералдық заттар мен дәрумендерді маңызы. Қажеттілік мөлшері. Азық түлік жеке нутриенттердің негізгі көзі ретінде.
- •56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
- •58. Тамақтан улауды санитарлық гигиеналық зерттеу әдісі. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын гигиеналық бақылау және ұйымдастыру әдістері.
- •59. Тағамдық азықтарға және энергияға қажеттілікті анықтау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын анықтаудың хронометраждық әдісі. Тамақтану статусын бағалау әдістемесі.
- •60. Тамақтанудың толыққандылығын бағалау. Нақты тамақтануды бағалау әдістері. Нақты тамақтануды мәзір жіктемесі бойынша есептеу әдісі. Мәзір жіктемесін құрастыру және бағалау әдісі.
- •61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
- •62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.
- •64.Нан,ұн,жұмыртқа,шұжық,балық еттің санитарлық сараптамасы
- •65,Концентраттардың,консервілердің,суттің сапасын бағалау.
- •66.Тағамдық азықтарды консервілеу жіне олардың сапаларын қамтамасыз етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі.Консервілеу әдістері.
- •67.Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.Аурухана асүйлерінің жұмысының ұйымдастырылуына,жабдықталуына ,жоспарлануна қойылатын гигиеналық талаптар.
- •68.Емдік –алдын алу тамақтану.Негізгі рациондардың қысқаша сипаттамасы,оларды тағайындау және құру қағидаттары.Емдік үстелдер.
- •69.Еңбек гигиенасы.Еңбек жағдайы-еңбек процесі мен өндірістік орта факторларыныңжиынтығы.Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары.
- •70.Кәсіби заңдылықтардың арнайы көріністері ретінде кәсіби аурулар мен уланулардың дамуы.Кәсіби аурулардың жіктелуі.
- •71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.
- •72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.
- •76.Өндірістік шу,ультрадыбыс және инфрадыбыс.Физикалық сипаттамасы,Өндірістегі негізгі көздері.
- •77.Шу,ультрадыбыс,инфрадыбыстың ағзаға қолайсыз әсері және оның алдын алу шаралары.Шудың ағзаға әсерін зерттеу әдістері.Шу деңгейін бағалау және өлшеу әдістері.
- •78.Жалпы және жергілікті өндірістік діріл.Адам ағзасына әсері,сипаттамасы және шығу көздері.
- •80.Ауыл шаруашылық еңбектегі кәсіби зияндылықтар.Ауыл шаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар,ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстар мен байланысты аурулардың алдын алу.
- •81.Кәсіптік уланулар және оның алдын алу шаралары . Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зерттеу әдістері.Әмбебап газанализаторы арқылы жылдам анализдеу .
- •86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
- •89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.
- •91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.
- •94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
- •97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
- •98.Балалар мен жасө. Оқуы мен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және кәсіби – дәрігерлік кеңес беру туралы түсінік.
- •99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
- •101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
- •113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
Гигиенаның пайда болу мен дамуының көп ғасырлық тарихы бар. Гигиенаның эмпирикалық дамуы кезеңінде адамдар инстинкт арқылы өздерінің денсаулығын және өмірін сақтауға тырысатын. Археологиялық зерттеулер мен қазбалар ежелгі дәуірден бастап адамдардың денсаулықты сақтау жөніндегі ережелерді білгендігін және де тамақтануға, жеке бас гигиенасына, тұрмыс жағдайларына көп көңіл бөлінгенін анықтайды. Әсіресе гигиенаға көп көңіл бөлген индустар, қытайлар, вавилондар, мысырлықтар және де ортаазиялық тұрғындар болып саналады.Б.з.б 1500 жылы Мысырда, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Адам денсаулығын жақсартып, нығайтатын – таза ауа мен су екенін, табиғи факторлардың адам денсаулығына әсерін сипаттайтын “Ауа, су және елді-мекендер туралы” еңбегінде ежелгі грек дәрігері Гиппократ атап көрсеткен. Гиппократтың сол көзқарасын ортағасырлық ғұлама ғалым Әбу Әли ибн Сина жалғастырды. Оның әлемге әйгілі “Дәрігерлік ғылымның каноны” деген энциклопедиялық еңбегінде денсаулықты күні бұрын сақтап, дұрыс тамақтана білудің теориялық негіздері баяндалған. Сол кезде Үргеніш, Самарқанд, Отырар, Тараз т.б. қалаларда мал сою, сүт сату, балық сақтау, ауыз суды тазарту істеріне жергілікті билік органдары тарапынан бақылау жасалып отырған.
Гигиена қазіргі кезде кең түрде дифференциалданған ғылым ретінде сипатталады. Бастапқыда жалпы гигиена ретінде пайда болып, ары қарай зерттелетін мәселелердің және қоршаған орта объектілерінің кеңеюіне байланысты жеке бөлімдерге мынадай бөлініп дами бастады; еңбек гигиенасы, коммуналды гигиена, тағам гигиенасы, балалар және жасөспірімдер гигиенасы және т.б. Гигиена ғылым ретінде XVII ғасырдың соңында құрыла бастады.1788 жылы П.Франканың “Полная система медицинской политики” дген еңбегі жарыққа шықты.Онда сол кезеңдегі санитария туралы мәліметтер және де бірінші рет болып денсаулықтың маңызы,оны қорғау мақсатында түрлі мемлекеттік шаралар жүргізу керектігі туралы ойын білдірді.1797 жылы неміс ғалымы Гуфеланд жеке гигиенаға қатысты мәселелерді қозғаған өзінің “Макробиотика или искусство продления жизни” атты еңбегін басып шығарды. Кітапта салауатты өмір-салтын сақтау арқылы денсаулықты нығайтуға және өмірді ұзартуға болатыны жайлы нұсқаулар берілген.Бұл кезеңдерде гигиена эмперикалық ғылым ретінде қалды,яғни тек бақылауға ғана бағытталған болатын. XIX ғасырдың орта кезінде гигиенада қоршаған ортаны зерттеудің экспериментальды және статистикалық әдістері қолданыла бастады. Бұған биология, физика, физиология және т.б. ғылымдардың дамуы әсер етті. Бірақ ең басты рөлді жұқпалы аурулар қоздырғыштарының адам ағзасына ену жолын зерттеген және олармен нәтижелі түрде күресуге мүмкіндік берген Л.Пастер, Р.Кох, Н.Ф.Гамалей, И.И.Мечников т.б. ғалымдардың ашқан жаңалықтары атқарды.Экспериментальды гигиенаның дамуына көп үлес қосқан М.Петтенкофер болды. Ол өзінің көп жылғы лабораториялық және статистикалық зерттеулерінің нәтижесінде гигиенаны нақты ғылымға айналдырды. Осы кезеңде көптеген елдерде бірінші қоршаған орта факторларын зерттеумен айналысатын гигиеналық басқармалар, лабораториялар пйда болды.
Қазақстан жерінде гигиенаның пайда болуы мен дамуы да, ғасырлар тереңіне кетеді және өзіндік ерекшеліктері бар. Аурулардың алдын алуда халықтың салтын, әдет-ғұрыптарын, жөн-жосықтарын орындаудың маңызы зор болды. Мысалы, ұл балалар сүндетке отырғызылды, ер адамдарға әйелінің етеккірі келген кездерде жыныстық қатынасқа тусу рұқсат етілмеді, дәретке барғаннан кейін дәрет алу міндетті түрде болды, туыстардың арасында жеті атаға дейін некелесу рұқсат етілмеді. Өлген малдың етін тағамға қолдануға тиым салынды. Жылына бірнеше рет ораза ұстап отырды. Алдын алу жөнінде мәліметтерді молдалар беріп отырды, себебі, олар сауаттылау болды және қалай емдеу, шөппен емдеу мәтіндерінің мазмұнын білді. Бірақ шешектің, тырысқақтың, алапестің және басқа да жұқпалы аурулармен ауырған кезде халық дәрменсіз болып қалатын. Халық емшілері аурудың ауа арқылы, ауру адаммеен және оның заттарымен жанасқанда жұғатынын білген. Әль-Фараби жеке бас гигиенасын сақтауды, тұрғын үйді таза ұстауды, қызуы көтерілген науқастардың ыдыстарын бөлек ұстауды ұсынды.
Қазақ жерінде тазалық сақтау туралы мағлұматтар ертеден белгілі. Атап айтқанда XV ғасырда жазылған Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” атты энциклопедиялық анықтамалық қолжазбасында халық медицинасы, адамның он екі мүшесін күту, тазалық сақтау туралы көп мәліметтер келтірілген. Х.Досмұхамедұлының “Оқушылардың саулығын сақтау”, “Адамның тән тіршілігі” атты еңбектерінде айтылған.Қазақстанда гигиеналық зерттеулер 1925 жылы Қызылорда қаласында Өлкелік санитарлық бактериология иституты ашылды.
Сонымен, ғылым және практикалық іс-әрекет саласы ретіндегі гигиена Қазақстанда ұзақ үақыт даму жолынан өтті. Басты бағыты сақтық бақылау болып табылатын пәрменді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі құрылды. Кадрлардың әлеуеті шексіз өсті. Гигиена ғылымының көптеген салалары бойынша, проблемаларды шешу жолдарын дайындайтын ғылыми-зерттеу мекемелерінің қуатты жүйесі құрылды. Қазіргі кездегі, 21 ғ.дағы, алдын алу жөніндегі медицинаның даму кезеңіне экологиялық контекст және гигиена ғылыми мен клиникалық медицинадағы жеке мамандық салаларының бағыттарын интеграциялау идеясын іске асырылуы тән. Оған, мысал ретінде, осы саладағы көп түрлі мәселелерді бәрін қамтуға мүмкіндік беретін, еңбек медицинасы және қоршаған ортаның медицинасы деп аталатын пәндерді айтуға болады.
