- •Гигиена медицинадағы негізгі профилактикалық пән ретінде. Гигиенаның мақсаты мен міндеттері
- •Оқу пәні мен мазмұны. Медициналық зерттеулер кешеніндегі гигиенаның орны, басқа ғылымдармен байланысы. Гигиенаның негізгі бөлімдері.
- •Гигиенаның даму тарихы. Қазақстанда гигиена ғылымының қалыптасуы және дамуы. Қазіргі кездегі гигиенаның әртүрлі саласының дамуының маңызы мен болашағы.
- •Гигиенаның әрі қарайдамуына үлес қосқан Қазақстанның көрнекті ғылым-гигиенистері- к.Р.Амрин, т.Ш. Шарманов, б,е.Алтынбеков
- •Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысын іске асыратын – ескертпелі және ағымды санитарлық бақылаудың маңызы.
- •Мемлекеттік санитарлық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу үшін құқықтық негіз ретіндегі санитарлық заңдылықтар
- •9. Қоршаған орта мен оның факторлары. Қоршаған ортаның экологиялық және гигиеналық мәселелері, олардың өзара байланысы. Қоршаған ортаның кешенді, аралас , қосарланған әсері.
- •10.Қоршаған орта факторын гигиеналық нормалау- алдын алу шаралар жүйесінің негізгі звеносы ретінде. Гигиеналық нормалаудың негізгі қағидалары.
- •11. Атмосфералық ауа құрамындағы , жұмыс зонасының ауасындағы, судағы, топырақтағы, тағамдық азықтардың химиялық қосылыстарды нормалау қағидалары.
- •12.Ауа ортасының гигиенасы. Ауаның физикалық қасиеттері. Темперетураның, ылғалдылықтың және ауа қозғалыс жылдамдығының гигиеналық маңызы. Адам организмі мен сыртқы ортаның жылу алмасуындағы рөлі.
- •13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
- •14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
- •15. Ауа ылғалдылығын зерттеу әдістері. Ауаның су булармен қанығуын анықтаушы көрсеткіштер. Ылғалдылықты анықтауға арналған бүрынғы және қазіргі заманғы аспаптар, құрылымы мен жұмысы.
- •16. Ауа қозғалысын зерттеу әдістері. Анемометрдің, катотермометрдің және метеометрдің құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы. «жел раушанын» құру , оның қолданылудағы маңызы.
- •17. Бөлме микроклиматын гигиеналық бағалау: инструменталды, жылу сезіну, адамның объективті жылу жағдайы.
- •18. Микроклиматты кешенді бағалау әдісі. Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерлерінің алдын алу шаралары. Әр түрлі бөлмелердегі микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау қағидаттары.
- •19. Үйлердің микроклиматын қолайлы етудегі тиімді құрал ретіндегі жылыту және желдету. Жылыту жүйелеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Желдетудің гигиеналық маңызы.
- •20. Табиғи желдету, оның маңызы. Жасанды желдетудің түрлері, қолданылуы. Желдетуді бағалау көрсеткіштерін анықтау әдістері.
- •45. Судың аммиякпен, нитритпен, нитратпен, обқ, қышқылдану органикалық көрсеткіштермен ластануын анықтау тәсілдері.
- •46. Судағы микроб санын, жалпы және термотолеранттық колиформды бактерияларды анықтау қағидасы.
- •48. Топырақтың табиғи химиялық құрамы және оның адам денсаулығына әсері. Табиғи биогеохимиялық провинциялар және геохимиялық эндемиялар туралы түсінік.
- •49. Топырақтың токсикалық мәні. Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштері. Топырақты санитарлық қорғау шаралары.
- •50. Елді- мекендерді қатты және сұйық қалдықтардан тазарту.
- •52. Топырақтағы органикалық және топырақтың ақуызды азотын анықтау, санитарлық санын есептеу қағидалары. Топырақтың бактериямен, гельминтпен ластануын зерттеу мен бағалаудың әдістемелік жолдары.
- •53. Тамақтану қызметі. Тағамдардың биологиялық әсер етуі және тағам түрлері. Рацональды тамақтану туралы түсінік. Негізгі қағидалары.
- •55. Адамның тамақтануындағы ақуыздың, майдың, көмірсудың, минералдық заттар мен дәрумендерді маңызы. Қажеттілік мөлшері. Азық түлік жеке нутриенттердің негізгі көзі ретінде.
- •56. Алиментарлық аурулар және олардың алдын алу. Негізгі тағамдық азықтардың тағами және биологиялық құндылығы.
- •58. Тамақтан улауды санитарлық гигиеналық зерттеу әдісі. Ұйымдасқан ұжымдардың тамақтануын гигиеналық бақылау және ұйымдастыру әдістері.
- •59. Тағамдық азықтарға және энергияға қажеттілікті анықтау әдістері. Тәуліктік энергия шығынын анықтаудың хронометраждық әдісі. Тамақтану статусын бағалау әдістемесі.
- •60. Тамақтанудың толыққандылығын бағалау. Нақты тамақтануды бағалау әдістері. Нақты тамақтануды мәзір жіктемесі бойынша есептеу әдісі. Мәзір жіктемесін құрастыру және бағалау әдісі.
- •61.Азық-түліктерді стандарттау және сертификаттау,санитарлық сараптама жасау және азық-түліктерді тағамдық құндылығымен қамтамасыз етудің ролі.
- •62.Тамақтанудың зертханалықзерттеу әдістері.Зертханалықсараптамаға тағамдардан сынама алу әдістері.Тағамдардың энергетикалық құндылығын және оның құрамындағы ақуыз май,с дәруменін анықтау.
- •64.Нан,ұн,жұмыртқа,шұжық,балық еттің санитарлық сараптамасы
- •65,Концентраттардың,консервілердің,суттің сапасын бағалау.
- •66.Тағамдық азықтарды консервілеу жіне олардың сапаларын қамтамасыз етудегі тағамдық және биологиялық құндылығын сақтаудағы ролі.Консервілеу әдістері.
- •67.Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.Аурухана асүйлерінің жұмысының ұйымдастырылуына,жабдықталуына ,жоспарлануна қойылатын гигиеналық талаптар.
- •68.Емдік –алдын алу тамақтану.Негізгі рациондардың қысқаша сипаттамасы,оларды тағайындау және құру қағидаттары.Емдік үстелдер.
- •69.Еңбек гигиенасы.Еңбек жағдайы-еңбек процесі мен өндірістік орта факторларыныңжиынтығы.Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары.
- •70.Кәсіби заңдылықтардың арнайы көріністері ретінде кәсіби аурулар мен уланулардың дамуы.Кәсіби аурулардың жіктелуі.
- •71.Еңбек үрдісінің факторларымен байланысты кәсіби қажу мен аурулардың алдын алу.
- •72.Еңбектің физиологиялық аспектілері.Бағалаудың эргометриялық және физиологиялық критерийлері,еңбектің ауырлығы мен кернеулігі.
- •76.Өндірістік шу,ультрадыбыс және инфрадыбыс.Физикалық сипаттамасы,Өндірістегі негізгі көздері.
- •77.Шу,ультрадыбыс,инфрадыбыстың ағзаға қолайсыз әсері және оның алдын алу шаралары.Шудың ағзаға әсерін зерттеу әдістері.Шу деңгейін бағалау және өлшеу әдістері.
- •78.Жалпы және жергілікті өндірістік діріл.Адам ағзасына әсері,сипаттамасы және шығу көздері.
- •80.Ауыл шаруашылық еңбектегі кәсіби зияндылықтар.Ауыл шаруашылығындағы кәсіби зияндылықтар мен жарақаттанулар,ауыл шаруашылығының әр түрлі саласындағы жұмыстар мен байланысты аурулардың алдын алу.
- •81.Кәсіптік уланулар және оның алдын алу шаралары . Өндіріс орындарындағы ауаның құрамындағы газ тәрізді заттарды зерттеу әдістері.Әмбебап газанализаторы арқылы жылдам анализдеу .
- •86.Иондаушы емес электромагниттік сәулелену, электрлік және магниттік өрістер. Олардың өндірістегі көздері,физикалық сипаттамасы , ағзаға әсері.Зиянды әсерлерінің алдын алу.
- •89.Аурухана участкесінің аймағында аурухана кешенінің рационалды орналасуы және оның элементтері . Аурухана учаскесінің зоналарға бөлінуі , құрылыс пайызы,көгалдардыру.
- •91.Емдеу алдын алу мекемелерінің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен мамандандырылған бөлімдерін жоспарлауға , бөлмелерінің құрамына және орн. Қойылатын гиг. Талаптар .Ауруханаіші. Инф. Алдын алу.
- •94.Денсаулық тобын анықтау әдістемесі. Физ.Даму –денс.Нег. Көрс.Бірі.Балалар дамуындағы био.Және әлеум.Жас кезеңдері. Денсаулық топтары.
- •97.Балалар мекемелерінің орн, жосп, ,жабдықталуынажәне жабд.Қойылатын гигеналық талаптар . Балалар саулығын сан-эпид. Қамтамасыз етуді санитарлық бағалау.
- •98.Балалар мен жасө. Оқуы мен еңбек тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Жасөспірімдерді мамандыққа бағыттау және кәсіби – дәрігерлік кеңес беру туралы түсінік.
- •99. Радиациялық қауіпсіздікті ұйымдастыру үшін кешенді алдын алу шаралары. Техногенді сәулеленуді гигиеналық нормалау. Мед. Сәулеленудің алдын алу.
- •101.Иондаушы сәулеленулер.(ис).Адам ағзасына ис детерминерленген және стохастикалық әсер етуі.Ис көздерімен жұмыс істеген кезде радияциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі қағидалары.
- •113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:туф-200,вфс-10,мафс-3.
13. Микроклимат , оны қалыптастырушы факторлар. Микроклимат түрлері, адам организміне әсері
Микроклимат (грек. mіkros – кіші және климат) – жер бетінің шағын аймағына (мысалы, жотаның беткейі, көлдің жағасы, орман, т.б.) және оны қоршаған ауа қабатына ғана тән климаттық жағдай. Жер бетінің микромасштабтық айырмашылықтарына байланысты, мысалы, қалың орманды алқап климатынан сол орман ішіндегі жеке ашық алаңдар, бөлек шоқ тоғайлар Микроклиматын немесе үлкен қаланың қалыптасқан климатынан ірі кәсіпорын төңірегінің, не жасыл бақтың Микроклиматын ажыратуға болады. Жер бетінен жоғарылаған сайын Микроклимат ерекшеліктері сейіле береді. Микроклиматтың сақталуы ауа райына тығыз байланысты; тынық, ашық кезінде Микроклимат өте айқын байқалады, бұлыңғыр кезінде онша сезілмейді. Микроклиматтық жағдай жергілікті климат элементтерін бақылайтын метеорологиялық станциялардың деректері мен Микроклимат ерекшеліктерін салыстыру жолымен зерттеледі. Егістік жерді дұрыс таңдау, жерді мелиорациялау, өнеркәсіптік және жәй құрылыстар салу кезінде Микроклимат ерекшеліктерін ескеру қажет.
Микроклимат қалыптасатын жеріне байланысты, жабық бөлмелердегі( түрғын, қоғамдық, өндірістік, арнайы қондырғылардың, әскери техниканың, көліктің) және жеке аумақтардың (елді мекендердің, жердің, ықшам аудандардың және т.б) микроклиматы деп бөледі. Адамның жылу тепе теңдігіне әсер етуіне байланысты комфортты, дискомфортты – салқындататын және қыздыратын деп бөлінеді.
Комфортты микроклимат жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайды. Жылу сезінуі жақсы және орталық жуйке жүйесінің жұмысы да оңтайлы, дене және ой жұмысына қабілеттілігі, сонымен қатар қолайсыз факторлардың әсеріне төзімділігі де жоғары болады.
Дискомфортты микроклимат, керісінше, жылу реттейтін үрдістердің зорлануымен, жүйке жуйесі мен анализаторлардың жұмыс көрсеткіштерінің нашарлауымен, әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайының бұзылуымен , ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуңмен сипатталатын, сонымен қатар әр түрлі жұқпалы аурулардың пайда болуына себепші болады. Қыздыратын дискомфортты микроклимат жедел және созылмалы гипертермиялардың пайда болуына, ал салқындататын дискомфортты микроклимат жергілікті және жалпы гипертермияларға және олармен байланысты ауруларға және ағзаның функционалдық жағдайының бұзылуларына әкеледі.
Микроклиматтық жағдайлардың адам ағзасына қолайсыз әсерлерінің алдын алу үшін гигиеналық нормативтер мен талаптарға сай шаралап орындау қажет. Яғни жылыту, желдету, ауаны кондиционерлеу, бөлменің қызуын немесе салқындатуын төмендетуге мүмкіншілік беретін терезелердің дұрыс бағытталуы, ғимараттардың қабарғаларын қалыңдату, күннен қорғайтын құрылыстарды орнату, жалюзилерді, перделерді пайдалану және т.б.
14. Қоршаған орта факторларының адам организміне әсерін гигиеналық (донозологиялық) диагностикалау қағидалары. Бөлме температурасы жағдайын зерттеу әдістері.
Донозологиялық диагностика ол жаңадан пайда болған тексеру, адамның гигиеналық жағдайын, аурушаңдық пен денсаулықтықтың шекарасын, әр түрлі арнайы әдістер және адамның функционалдық жағдайын сипаттайтын құралдар арқылы тексеру.
Донозологиялық диагностиканың түбірі адамның физикалық және физиологиялық жағдайын, сапасын, психофизиологиялық жағдайын, интелектуалдық және жеке адамның сапасын, сандық және сапалық денсаулық көрсеткіштерін, организмнің бейімделу мүмкіндіктерін және қандай аурумен ауыратындығын қорытындылайтын әдіс.
Донозологиялық диагностиканың алдында тұрған тапсырмасы ауырған жағдайда профилактика жүргізу кезіндегі сұрақтарға жауап береді.
Донозологиялық диагностиканың негізгі әдісі скриниг – ол жалпы адамның жағдайының бағасын береді, қауіпті ауралармен ауру қауіпі барма жоқпа анықтайды, аспаптық және лабораториялық зерттеулерді тез орындайды. Әдістің қағидалары:
Қауіп факторларына баға беру;
Физикалық және функционалдық денсаулық жағдайына баға беру;
Анторметриялық көрсеткіш: бой, салмақ, қозғалысты өлшеу;
Әрбір ағзаның функционалдық көрсеткіші;
Жүрек қан тамыр жүйесінің көрсеткіші: журектің жиырылу жиілігі, қан қысым, диастолалық қысым, систолалық қысым, пульстық давление.
Психофизиологиялық жағдайға баға беру;
Интелектуалдық және жеке бас сапасы
Пульстық диагностика
Бөлме температурасының қолайлы болуы әр адамға әр түрлі, кейбір адамдар Цельсий бойынша17градусты қолайлы деп санаса, кейбіреуі 27 градусты қолайлы дейді. Қытай зерттеулері бойынша қыстағы қолайлы темп-16-20 градус десе, ал жаздағы темп-26-27 градус дейді. Ал Швецияда мектептер үшін қолайлы температура -22 градус деп санайды.
Бөлме температурасы негізінен ауа райына, киімге, желдетуге, куннің түсуіне, мезгілге, ауруға, ыстық тамаққа, қимылға және тамақты дайындап жатқанға байланысты.
Ауа температурасы Цельсий градусымен өлшенеді. 1 Цельсий градусы (оС) судың қайнау (100 оС) және қату (0 оС) нүктелері арасындағы температуралық шкаланың жүзден бір бөлігіне тең. Мәні бойынша Цельсий градусы Кельвин (К) градусына – температураны өлшеудің қазіргі бірлігіне тең. СИ жүйесі бойынша 0 оС – 273,15 К, ал 100 оС – 373,15 К тең.
Фаренгейт бойынша шкала градусын Цельсий градусына айналдыру үшін келесі формулаларды қолданады:
F = 9/5 · C + 32
С = 5/9 · (F - 32)
Ауа температурасын анықтау үшін сынапты, спирттік және электрлі термометрлерді қолданады.
Сынапты термометрлер кең тараған, олардың дәлдігі өте жоғары және –35 тен 375оС аралығындағы температураны өлшеуге болады. Спирттік термометрлердің дәлдігі төменірек, бірақ сынапты термометрлермен анықтауға мүмкін болмайтын (сынап –37,4оС температурада қатып қалады) –70оС дейінгі төменгі температураларды өлшеуге мүмкіндік береді.
Кез-келген уақыт аралығында барынша жоғары және ең төмен температураны тіркеу үшін арнайы минимальды, максимальды және аралас максимальды-минимальды термометрлер болады.
Максимальды термометрлер (сынапты) бақылау кезеңінде ауаның максимальды температурасын көрсетеді. Минимальды термометр (спиртті) бақылау кезеңіндегі минимальды температураны көрсетеді. Аралас максимальды минимальды термометр температура ауытқуларын өлшеу үшін қолданылады. Термометр екі жағы иілген түтік түрінде болады, оның оң жақ ұшы шар тәрізді кеңейген, ал сол жағы цилиндр тәрізді болады.
