Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАМАТТЫҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

12. Міндеттемелік құқық

268-бап. Мiндеттеме ұғымы

Міндетгеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268-бабында: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамнын, (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етугеқүқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті", — деп атап көрсетеді.

Демек, міндеттеме — азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме — несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екіжақты құқықтық қатынасқа жатады. Екіжақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып карағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Заңгерлер: талап етуді "міндеттемелік құқық" деп атайды. Бұл — "екіжақты құқыктық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше жауапкершілікке шақыруға, яғни, талап етуге құқылы" деген сез. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар — субъект, мазмұн және объект.

Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші деп жазылған. Осы екі субъектіге нақтылы анықтама беретін болсақ, борышқор — белгілі бір әрекетгі жүзеге асыруға міндетті, немесе, одан түрлі себептерге байланысты бас тарта тұратын жақ; несие беруші — борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер зан құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар — азаматтар, занды тұлғалар және мемлекеттің міндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атауларымен нұсқаланады.

Азаматтық кодекстің 269-бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Мұның аты — көп тұлғалармен жасалған міндеттеме. Мұндай жағдайда, Азаматтық кодекстің 286-288 - баптарында көрсетілгендей, үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.

Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға өздерінің ортақ меншік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі басқа біреуге зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардын бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер занды түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышкор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысады.

Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышкор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.

Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын толық өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар үшін күшінде қала береді.

Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтык кодекстің 287-бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әркайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жақ қатысатын міндеттемені ортақтасқан міндеттеме деп атайды. Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады: 1) бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны — ортақтасқан міндеттеме;

2) бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны — ортақтасқан талап етуші;

3) бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны — аралас ортақтасу, — делінеді.

Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе зан құжаттарыңда нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міндеттеменің мәні бөле-жарып анық нұсқаланбаса — ортақтаскан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талапгары, егер зан құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, — ортақтасқан міндет болып табылады.

Несие беруші ортақтасқан міндетті барлык борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез келгенінен де, сондай-ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар.

Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді.

Борышқорлардың бірінін ортақтас міндетті толық орындалуы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады.

Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы.

Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады.

Ортақтаскан міндет болған ретте борышқордың несие берушінін талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осындай катынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ.