- •Ақпараттық бөлім
- •1.Азаматтық құқыққа кіріспе
- •2. Азаматтық құқықтық қатынастар
- •3. Азаматтар азаматтық құқық субъектілері ретінде
- •4. Заңды тұлғалар
- •5. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
- •6. Мәмілелер
- •7. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
- •8. Өкілдік және сенімхат
- •9. Меншік құқығы
- •10. Ортақ меншік құқығы
- •11. Мемлекеттік меншік құқығы
- •12. Міндеттемелік құқық
- •13. Сатып алу-сату шарты
- •14. Заем шарты
- •15. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты
- •16. Сақтау шарты
- •4)Меншік құқығы
- •5)Сақтау шарты
- •Тестжауаптары:
- •Глосарий
5. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері
Азаматтық құқық объектілерінің жалпы сипаттамасы. Материалдық және материалдық емес құқықтар мен игіліктер. Жұмыстар мен қызметтер. Заттардың жіктелуі. Ақшалар, құнды қағаздар және басқа игіліктер - азаматтық құқықтың ерекше объектілері ретінде. Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері.
Азаматтық құқықта объекті ұғымы өте даулы мәселеге жатады. Жалпыға таныс анықтамасы келесі болады: азаматтық құқық объектісі дегеніміз - ол азаматтық құқыұ қатынастарының пайда болуына себеп болатын және субъектілердің әрекеттері оған бағытталатын (ықпал ететін) заттар болып танылады. Рим құқығынан бастап азаматтық құқық объектілеріне материалдық игіліктер: мүлік (мүліктік құқықтар мен игіліктер), жұмыстар мен қызметтер жатады. Азаматтық кодекс жоғарыда аталған қосымша объектілерге: шығармашылық қызмет нәтижелерін және материалдық емес, яғни мүліктік емес жеке құқықтар мен игіліктерді де жатқызады. Сонымен, заттар (мүлік) азаматтық құқық объектілерінің тек бір түрі ғана болып табылады. Дегенмен, заттар басқа объектілермен салыстырғанда ең кең тараған түрі болады. Заттардың жіктелүі өз бастамасын рим құқығынан алады және де ол жаңа түрлерімен толықтырылған (оқұлыққа қосымша схемада көрсетілген). Заттардың жіктелуінің тәжірибелік маңызы өте зор мәселе. Мысалы: жалға алу шартының объектісі - жеке анықталған, тұтынуға жатпайтын зат болса; ал несие шартының объектісі – ол тектік белгілерімен анықталған, тұтылатын заттар болады. Жылжымайтын мүлік әр қашан жеке анықталған зат болып танылады.
Мүліктік емес өзіндік құқықтар мен игіліктердің жіктелүі Б Қосымшасында келтірілген. ҚР Конституциясының екінші бөлімінде адам мен азаматтың ажыратылмас құқықтары белгіленген. Олар: өмір сүру құқығы, денсаулығын қорғау, жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығы, өзіндік және отбасы құпиясын сақтау құқығы, өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау, тұрғын үйге қол сұқпаушылық құқығы, ар-ождан бостандығы, және т.б. құқықтар болады. Бұлардың сипаттамасына: экономикалық мазмұны жоқ, иесінің жеке басынан ажырағысыз, қолданыстағы заңдар таныған, реттейтін және қорғайтын игіліктер ме бостандықтар жатады. Аталмыш объектілерді қорғау құралдарының бірі болып моральдық зиянды өтеу танылады, сонын ішінде ақшалай өтеу көзделеді. Азаматтық құқық қатынастарының ерекше объектілеріне заң шығарушы интеллектуалдық меншік объектілерін (ҚР АК 125 б.), қызметтік және коммерциялық құпияны (126 б.), ақшаны (127 б.) және валюталық құндылықтарды (128 б.), құнды қағаздарды да (129-139 б., б.) жатқызады. Қазақстан заң шығарушысы ҚР АК 130 бабында келтірілген құнды қағаздар тізімінен вексель мен чекты алып тастаған болса да, азаматтық құқық теориясында олар жалпыға танымал құнды қағаздар болып танылады.
6. Мәмілелер
Азаматтық өрістегі мәмілелер ұғымы жєне маңызы. Мәмілелер нысаны және түрлері. Мәмілелердің міндетті нысаны. Мәмілелердің жарамды болуының шарттары. Жарамсыз мәмілелер. Мәмілелерді жарамсыз деп тану салдары.
Мәмілелер - азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкелдіретін негізгі және өте жиі кездесетін заңдылық фактілердің бірі болып табылады.
Азаматтық құқықтағы мәмілелер ұғымы тұрақтандырылған және әдетті болады: мәмілелер – ол азаматтық құқықтар мен міндеттерді (құқық қатынастарын) белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттері (ҚР АК 147 б.). Мәміле деп тек қана заңды әрекеттер аталады.
Мәмілелердің саралануы, оларды әр түрлі негіздер бойынша нысандар мен түрлерге бөлүден тұрады. Мәмілелердің нысандары ауызша және жазбаша болуы мүмкін.
Жалпы ереже бойынша, заңдарда арнайы көзделмеген жағдайларда ғана, әрбір мәмілелерді ауызша жасауға болады, әсіресе жасалған кезде атқарылатын мәмілелерді.
Мәмілелерді ауызша жасау дегеніміз - ол мәмілелерді сөзбен немесе конклюденттік әрекеттер арқылы жасау. Жазбаша нысандағы мәмілелер жай және мамандырылған болып бөлінеді. Мәмілелерді жазбаша мамандырылған нысанда жасау дегеніміз – оларды нотариалдық күәландыру және (немесе) мемлекеттік тіркеуден өткізү болады. Мәмілелердің заң талап еткен жай жазбаша нысанын сақтамау екі қолайсыз жағдайдың туындауына әкелдіреді.
Біріншісі – ол, мәміленің жасалу фактісі: оның мазмұны, бағасы мен т.б. жөнінде дау туындаған жағдайда, оларды күәгер айғақтарымен дәлелдеу, растау мүмкіншілігінің болмауы. Бұл шаралар кәсіпкерлік саласында жасалған және құны жүз есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асатын сомаға жасалған азаматтар арасындағы мәмілелерге қолданылады (егер ол мәмілелер жасау кезінде орындалмайтын болса, орындалуы кейін көзделсе (ҚР АК 152, 153 б., б.)).
Мәмілелердің жай жазбаша және мамандырылған нысанын орындамау нәтижесінде туындайтын екінші қолайсыз жағдай - ол оның жарамсыз деп танылуы. Мысалы: кәсіпорынды сату, кепіл туралы келісім, сыртқы экономикалық мәмілелер және т.б., заң талап етуі бойынша жазбаша жай нысанда жасалуы; өсиет, рента шарты және т. б. нотариалдық күаландырылуы, ал жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер - жылжымайтын мүлік орталығында тіркеуден өткізілүі қажет. Бұл мәмілелер үшін заң талап еткен нысанды орындамау олардың жарамсыз деп танылуына әкелдіреді.
Мәмілелердің түрлері құралдың Д Қосымшасында келтірілген. Мємілелердіњ әр түрін сипаттап өту кажет болады. Мәселен, қатысушыларының санына қарай мәмілелер бір жақты, екі жақты және көп жақты болады.
Бір жақты мәмілелер – ол бір тұлғаның еркіне байланысты жасалатын және басқа біреумен келісімге келүді қажет етпейтін мәмілелер болады (өсиет, қарызды кешіру, мұраны қабылдап алу, жариялы түрде сыйақы төлеу жөнінде үәделесу, конкурс өқткізу туралы хабарландыру және т. б.). Екі жән
е көп жақты мәмілелер шарт деп аталады. Олардың жасалуы екі немесе одан да көп тұлғалардың келісімге келуіне байланысты болады. Мәмілелердің көбі шарт деп аталады. Мәмілердің өзге түрлеріне: нақтылы, консенсуалды, мерзімді, мерзімсіз, шартты, шартсыз, биржалық, трастық, каузальдық, абстрактілік, т.б. жатады
Мәмілелер өздері бағытталған заңды салдарға жетуі үшін жарамды болуы қажет. Жарамды мәмілелердің келесі төрт ақауы болмауы тиіс: нысанының ақауы, субъектілік құрамының ақауы, мазмұнының ақауы және еркінің ақауы.
Аталған элементтердің кем дегенде біреуі жарамсыз болса бүкіл мәміленің немесе оның бір бөлігінің жарамсыз болуына әкелдіреді. Сондықтан, мысалы: алдау, қорқыту, қанау, күш көрсету арқылы жасалған мәмілелерді, заң жарамсыз деп таниды.
Сонымен бірге жалған және бүркемелі мәмілелер де жарамсыз болып танылады (ЌР АК 160 б.). Бүркемелі мәмілердің кең тараған түрлерінің біріне автокөлікті сату шартының орнына, оны жүргізүге сенімхат беру жатады.
Мұндай мәміле жарамсыз болып табылады, себебі, бұл мәміленің шынайы мақсаты – екінші тараптың меншік құқығына ие болу, осы мақсат тек ғана сату мәмілесінен туындайды, ал сенімхат беру мәмілесі екінші тарапқа меншік құқығын ауыстырмайды, меншік иесі болып бірінші тарап қала береді.
Мәмілені жарамсыз деп тану сот шешімі арқылы жүзеге асырылады және екі жақты реституцияға әкелдіреді (жақтарды бастапқы жағдайларына қайтару). Кейбір жағдайларда сот бір жақты реституцияны және ҚР АК 9 бабында көзделген басқа шараларды қолдануы мүмкін.
