Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАМАТТЫҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

2. Азаматтық құқықтық қатынастар

Азаматтар - (жеке тұлғалар) азаматтық құқық қатынастары субъектілері ретінде. Азаматтардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі. Азамат есімініњ, оныњ тұрғылықты жерінің азаматтық өрісіндегі ұғымы мен рөлі. Азаматты хабар ошарсыз кеткен деп тану және өлді деп жариялау. Азаматтық айналымдағы азаматтың жағдайы туралы актілердің рөлі. Азаматтардың, заңды тұлға қарамастан, кәсіпкерлікпен айналысу әрекеттері.

Заңды тұлға - азаматтық құқық субъектісі ретінде. Заңды тұлға ұғымы мен белгілері. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі. Заңды тұлғаны құру және тарату. Заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің сипаттамасы.

Мемлекет пен єкімшілік-аумақтық бөліністер - азаматтық құқық қатынастары субъектілері ретінде.

Бұл тақырыпты оқу кезінде, азаматтық құқық қатынастарының анықтамасын білу қажет. Ол азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар. Азаматтық құқық қатынастарының түрлеріне мүліктік және өзіндік мүліктік емес, абсолюттік және қатысты, заттық және міндеттемелік қатынастар жатады. Азаматтық құқық қатынастарының элементтері – ол азаматтық құқық қатынастарының тараптары, мазмұны, субъектілері мен объектілері болады. Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны оның субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінен тұрады. Жәнеде олардың құқықтары мен міндеттері өзара тығыз байланысты болады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары (субъектілері): құқылы жақ (несие берүші) пен міндетті жақ (борышкер) болып бөлінеді. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі белгісі - қатысушыларының құқықтық теңдігі болады.

Азаматтық құқық қатынастарының объектісі - олардың пайда болуына себеп болатын, және субъектілерінің әрекеттері бағытталатын нысана болып танылады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндік құқықтар мен игіліктер болады. Объектілердің негізгі түрлері ҚР АК 115 бабында аталған.

ҚР АК 7 бабында аталған заңдылық фактілер азаматтық құқық қатынастарының пайда болу негіздері болып танылады. Сонымен бірге осы баптың бірінші тармағында айтылғандай, азаматтық құқық қатынастары азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына негіз болатын субъектілердің басқа да әрекеттерінен туындауы да мүмкін. Заңдылық фактілер, ерікті белгілерге байланысты, оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді.

3. Азаматтар азаматтық құқық субъектілері ретінде

Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі әр түрлі уақытта пайда болады.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің анықтамасы Азаматтық кодексте берілген. Құқық қабілеттілігі дегеніміз – ол азаматтың құқықтарға ие болып, міндеттерді атқару қабілеті. Ол барлық азаматтарда бірдей болады, туғанда пайда болып, қайтыс болғанда тоқтатылады (ҚР АК 13 б.).

Бірде бір адамды құқық қабілеттілігінен айыруға немесе шектеуге болмайды, тек ғана кейбір жағдайларда құқық бұзушылық (қылмыс) жасағаны үшін сот үкімімен (шешімімен) құқық қабілеттілігі шектелүі мүмкін. Құқық қабілеттілігін шектеуге бағытталған мәмілелер жарамсыз болып танылады.

Және де азаматтардың өздерінің өз құқықтарынан бас тартуы, олардың тоқтатылуына әкелдірмейді (ҚР АК 8, 18 баптары). Азаматтың құқық қабілеттілігінің мазмұны – ол мүлікке, меншік құқығына ие болу, тұрғылықты жерін таңдау, кәсіпкерлікпен айналысу, заңды тұлғалар құру, заң тиым салмаған кез келген мәмілелерді жасау, мүлікке өсиет қалдыру, мұрагер болу, өз міндеттемелері бойынша жауап қайтару және т. б. құқықтар мен міндеттерден тұрады (ҚР АК 14 б.).

Құқық қабілеттілігін жүзеге асыру, яғни азаматтық құқық қатынастарына қатысу қабілеті, ол азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты болады. Әрекет қабілеттілігі – ол өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу, оларды жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеті болады.

Бұл қабілет азаматтарда толық мөлшерде кәмелетке толғанда ғана пайда болады (ҚР АК 17 б.). 18 жасқа толған азаматтар өз бетімен заң тиым салмаған кез келген мәмілелерді жасауға, өз міндеттемелері бойынша мүліктік жауаптылық шегуге қабілетті болады. Бұл әрекет қабілеттілігінің мазмұны болып танылады.

Бірақта, егер жеке тұлға жүйке ауруымен ауыратын болса, немесе оның ес ақылы кем болса, сол себептен өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмай, не істегенін білмесе, онда ол мүдделі тұлғалардың өтінішімен, сот шешімі арқылы әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады.

Оған қорғаншы тағайындалады (ҚР АК 26 б.). Ал 14 жасқа толмаған жас өспірімдер сот шешімімен емес, заң бойынша, әрекетке қабілетсіз деп танылады (ҚР АК 23 б.). Олар өз бетімен, тек қана жасай салып орындалатын, өздерінің жасына лайықты орындалатын, тұрмыстық ұсақ мәмілелерді жасауға құқылы болады.

Ал олардың мүліктік жауаптылығы ата аналары мен қамқоршыларына жүктеледі. 14 пен 18 жас аралығындағылар сот шешімімен емес, заң бойынша, әрекетке жартылай қабілетті деп танылады. Олар өз бетімен өз жастарына сай, кішігірім тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы болады, ал қалған мәмілелерді тек өз табыстарының (кірістерінің) мөлшерінде ғана жасай алады. Өзге мәмілелерді олар ата аналарының, қорғаншыларының келісімімен жасайды. Ол келісімнің нысаны, мәміленің нысанына байланысты болады. Бұл жасөспірімдер, жауапты өз бетімен, табыстары (кірістері) мөлшерінде ғана атқаратын болады, ол болмаған жағдайда, немесе жеткіліксіз болган жағдайда, олармен бірге ата аналары, қорғаншылары атқаратын болады, егер зиян келтірілуде олардың кінәсі жоқ екендігін дәлелдей алмайтын болса (ҚР АК 22 б.).

Азаматтың есімі оны басқа тұлғалардан дараландыру құралы болып танылады. Ол туғанда тіркеуді қажет етеді (ЌР АК 15 б.). Азаматтық құқықта адамның есімі ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, оның есімінен, әкесінің атынан және тегінен тұрады.

Азаматтың атын өзгерту де, қайтыс болуы сияқты, тіркеуден өткізүді қажет етеді. Бұл жағдайда, маңызды рөльды Азаматтық хал актілерді жазу органдары атқарады (АХАЖ).

Азаматтың тұрғылықты жері де азаматтық өрісте, әсіресе кәсіпкерлік саласында, аса маңызды рөль атқарады. Азаматтың тұрғылықты жері болып, ол тұрақты немесе көбінде тұратын жер саналады (ҚР АК 16 б.). Егер азамат азаматтық айналымнан шығып қалған болса, онда ол заңда көзделген негіздер болған жағдайда, хабар ошарсыз кеткен (ҚР АК 28 б.) немесе өлген деп танылуы мүмкін (ҚР АК 31 б.).

Азаматтар тіркеүді қажет ететін кәсіпкерлікпен айналысуға құқылы болады (ҚР Конституциясының 26 б. 4 т., ҚР АК 19 б.). Кәсіпкерліктің ұғымы мен түрлері ҚР АК 10 бабында келтірілген. Кәсіпкерлікпен занды тұлға құру арқылы және заңды тұлға құрмастан айналысуға болады. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысу үшін, Күәлік, патент алу, немесе бір мәрте төлем төлеу қажет болады.

Кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері ҚР АК 10 бабында және де басқа заңдарда көрсетілген. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысу тәртібі ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде бекітілген.