Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЗАМАТТЫҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
291 Кб
Скачать
☆

10. Ортақ меншік құқығы

209-бап. Ортақ меншiк ұғымы мен оның пайда болу негiздерi

1.Екi немесе бiрнеше адамның меншiгіндегі мүлiк оларға ортақ меншiк құқығымен тиесiлi болады.

2.Мүлiк меншiк иелерiнiң әрқайсысының меншiк құқығындағы үлестерi белгiлене отырып (үлестiк меншiк) немесе ондай үлестер белгiленбей (бiрлескен меншiк) ортақ меншiкте болуы мүмкiн.

3.Мүлiкке ортақ меншiк үлестiк меншiк болып табылады, бұған мүлiкке ортақ меншiк құру заңда көзделген реттер қосылмайды.

4.Ортақ меншiк екi немесе бiрнеше адамның меншiгiне мүлiк түскен кезде пайда болады, оны өзiнiң мақсаты өзгертiлмейiнше бөлуге болмайды (бөлiнбейтiн заттар), өйткенi ол заңға сәйкес бөлiнуге жатпайды. Бөлiнетiн мүлiкке ортақ меншiк заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.

5. Бiрлескен меншiкке қатысушылардың келісімi бойынша, ал келісімге қол жетпеген жағдайда - сот шешiмi бойынша ортақ меншiкке осы адамдардың үлестi меншiгi белгiленуi мүмкiн.

6.Жылжымайтын мүлiкке меншiк кондоминиум нысанында пайда болуы мүмкiн, бұл жағдайда жылжымайтын мүлiктiң жекелеген бөлiктерi азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншiгiнде болады, ал жылжымайтын мүлiктiң бөлек меншiкте емес бөлiктерi ортақ үлестiк меншiк құқығымен жылжымайтын мүлiк бөлiктерiнiң иелерiне тиесiлi болады.

Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесi оның жылжымайтын мүлiктiң өзiне тиесiлi бөлiгiне бөлек меншiгiнен ажырағысыз.

Әрбiр меншiк иесiнiң ортақ мүлiктегi үлесiнiң мөлшерi мен оны ұстауға арналған шығындарға қатысу дәрежесi, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлiктiң дара (бөлек) меншiктегi бөлiктерiнiң мөлшерiне байланысты болады.

Бір затқа меншік құқығы бірнеше меншік иесіне қатысты болуы мүмкін, ал мұндай жағдайда ортақ меншік қатынасы пайда болады. Мұндай жағдайда меншік құқығы бірнеше меншік иелеріне бөлінеді. Ортақ меншік екі немесе бірнеше адамның меншігіне мүлік түскен кезде пайда болады, оны өзінің мақсаты өзгертілмейінше бөлуге болмайды (бөлінбейтін заттар), өйткені, ол заңға сәйкес бөлінуге жатпайды. Мысалы, шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің бірі одан шыққан кезде, шаруашылықтың өндіріс құрал - жабдықтары бөлінуге жатпайды (АК-тің 225-бабы, 2-тармағы).

Бөлінетін мүлікке ортақ меншік заң құжаттарында немесе шартта көзделген реттерде пайда болады.

Мұндай жағдайға жекелеген заттардан құралған не жинақталған заттарды жатқызуға болады (мысалы, оған кітапхана, сурет галереясы, және тағы басқа жатады). Айталық, кітапханадағы кітаптың кейбіреуі бір адамға, басқасы өзге адамдарға тиесілі болуы мүмкін, мұның өзі шартпен немесе заң құжаттарымен айқындалады.

Ортақ меншіктің құқық қатынастары бірқатар заңдық ерекшеліктерге ие болады. Меншіктің құқықтық қатынасында ортақ меншік құқығы субьектілерінің бір - біріне деген өзара қарым - қатынасы туындайды, яғни ортақ меншіктің басқа иелері мен үшінші тұлға арасында құқықтық қатынас пайда болады.

Сондықтан да ортақ меншік жалпы қатысушылары арасындағы қатынас емес, салыстырмалы құқықтық қатынас болып табылады, яғни бұл жерде олардың қатынастары нақтылы және де құқықтық қатынасқа қатысушыларының аясы белгіленген . Мысалы, оған бір мүліктің бәріне ортақ болуы дәлел, демек әрбір қатысушы бірдей мөлшерде немесе үлесіне қарай ие болуы мүмкін. Бұл жерде біріне бірі қарсы тұрған жақтар жоқ, қатысушыларды несие беруші не борышқор деп те айта алмайсың, ал олардың арасындағы келісім тек ортақ мақсатқа бағытталған. Мәселен, мұрагерлік мүлікке бірнеше адам ие.

Бірлескен меншік иелерінің арасындағы бір біріне деген қарым -қатынасының сипаты меншік түрінің сипатымен ерекшкленеді. Оның өзі меншік құқығының құрылымына сәйкес болуы мүмкін. Былайша айтқанда, бір затты иеленетін меншік иелері меншік құқығының әртүрлі субьектілері бола алады. Сондықтан да мемлекет, бір немесе бірнеше жеке тұлғалар сол мүліктің ортақ меншігіне қатысушылар рөлін атқаратын жағдай аз кездеспейді.

Ортақ меншіктің субьектілері жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде шетел азаматтары, сондай - ақ Қазақстан Республикасы мен оның әкімшілік - аумақтық бірлігі бола алады. Ортақ меншік құқығы әртүрлі заңдық көзделген өзге де реттер негізінде де жүзеге асады . Ортақ меншік ерлі - зайыпты адамдардың сатып алған ортақ мүлкінен де туындайды.

АК-тің 230 - бабына сәйкес жай серіктестік қызметінің негізгі ақшалай немесе өзге де мүліктік жарналары, сондай - ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде жасалған немесе сатып алынған мүлік олардың ортақ үлесті меншігі болып табылады.

Ортақ меншік құқығы дегеніміз бірнеше тұлғалардың мүлікті бір обьект ретінде иеленіп, пайдалану мен билік етуін бекітетін, реттейтін және қорғайтын құқық нормаларының жиынтығы.

Ортақ меншік құқығын субьективті мағынада екі немесе оданда көп тұлғалардың өздерінің қалауы бойынша қарамағандығы ортақ мүлікті белгіленген тәртіп пен заң шегінде иелену, пайдалану және билік ету мүмкіндігін заңмен немесе ортақ меншіктің басқа иелері өзара жасалған шарттарымен қамтамасыз ету деп түсіну керек.