Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дарис Биохимия ТМА.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

Гипофиз гормондары

Гипофиз безі немесе төменгі ми қосалқысы бас сүйегінің “түрік ері” деп аталатын сүйегінде орналасқан. Ол омыртқалы жануарлардағы ішкі секрециясының аса маңызды безі. Гипофиз мидың астында орналасқан. Құрылысы жағынан гипофиз 3 бөліктен тұрады: алдыңғы, ортаңғы, артқы бөліктер. Алдыңғы және ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Аденогипофизде 7 гормон түзіліп қанға құйылады.

Тиреотропты гормон (ТТГ). Бұл гормон бұқа гипофизінен бөлініп алынған. Өзі гликопротеид. Бұл гормонда күкірт көп, молекула құрамында 2 дисульфидтік байланыс бар. Ол ағзадағы бүкіл зат алмасуға үлкен әсер етеді.

Гонадотропты гормон (ГТГ). ГТГ жануарлардың және адам жыныс бездерінен бөлініп алынған. Бұл гликопротеид, құрамында көмірсулар көп.

Пролактин немесе лактогенді гормон(ЛТГ). Пролактинбелок, ол кристалды түрінде алынған, құрамында көмірсу жоқ, амин қышқылы қалдықтарынан тұрады. Бұл гормон сүтқоректі жануарлардан бөлініп алынған. Яғни сүттің шығуына қолайлы жағдай жасайды.

Простагдандиндер (ПГ). Жоғары активті органикалық заттар, олар бір жерде әсер ететін гормондар. ПГ сүтқоректі жануарлардың эритороциттерінен басқа, барлық клеткаларынан табылды, бірқата өсімдіктерден де алынды.

Қазіргі кезде 20 шақты ростагланиндинер белгілі. Олардың бәрі – полиқанықпаған арахидон қышқылының туындысы, молекуласында 20 көміртегі атомдары және 4 қос байланысбар. Сонымен, ПГ дегеніміз полиқанықпаған гидроксимай қышқылы. Клеткалардағы зат алмасуды реттеуші қызмет атқарады.

Дәріс 15. Өсімдік гормондары

Өсімдіктердің өсу процесі орта жағдайлары мен өсудің ішкі жағдайларының қатынасынан тұрады. Өсімдіктерде болатын амин қышқылдары гормондар түзуге қатысады.

Фитогормондар. Өсімдіктің өсу процестері арнаулы заттардың әсерімен реттеліп отырады. Олар өсуді реттеуші заттар деп аталады. Кейбір өсуді реттеуші заттары ағзаның өзінде түзіледі, сондықтан оларды фитогормондар дейді. Оларға ауксиндер, гиббереллиндер, цитокининдер, этилен, абсциз қышқылы (АБҚ) жатады. Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды қосылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп атайды.

Гибберелиндер. Күріш пен жүгері өскіндерінің өсуіне әсері бар екендігін анықтады. Гибберелиндердің 60-тан аса түрі белгілі. Олардың молекулалық құрылыстары өте ұқсас, құрамында 19 немесе 20 көміртегі атомдары бар екі алты мүшелі және екі бес мүшелі сақиналардан тұрады.

Цитокининдер немесе кининдер. Цитокининтамырдың ұшында түзіліп, су ағынымен қоса жоғары қарай жылжиды.

Абциз қышқылы мақтаның қауашағы мен жапырақтарынан бөлініп алынған. Бұл зат гормондық ингибиторлық қызмет атқарады. Оның құрамында спирттік және карбоксилдік, кетонды және қос байланысы бар қосындылардан тұрады.

Гормонның әсер етуінен екі кезеңді атап көрсетуге болады. Бірінші кезеңде гормон клетка мембранасының бетіне орналасқан арнаулы рецепторлармен әрекеттеседі. Екінші кезеңде – рецептор мен гормон комплексінің әрекетінен туған биохимиялық, физиологиялық, морфологиялық өзгерістер байқалады. Осыған орай тез арада өтетін қайтымды және баяу өтетін ұзақ уақытты реакциялар пайда болады. Сонымен өсімдіктердің өсуін жылджамдатушы қосындылармен қатар тежеушілер де кездеседі.

Этилен аздаған мөлшерде барлық өсімдіктердің клеткаларында түзіледі. Ол қарапайым органикалық зат болса да, гормондық тәсері күшті. Ол өсімдік организмінде газ түрінде кездеседі, сондықтан этилен оңай диффузияланады, өсімдіктің түрлі мүшелеріне жетеді, ал артық мөлшері сыртқы ортаға шығарылады. Гормон ретінде этилен өсімдіктердің өсу процесін, клеткалардың дифференциясын,өсімдіктің сыртқы ортаның әсеріне жауап реакцияларын қалыптастырады. Этилен жемістердің пісуін тездетіп, өсімдіктердің барлық мүшелерінің қартайуына әсер етеді.