- •14.1. Дәрістік сабақтар
- •Белок құрамына кіретін амин қышқылдары
- •Полярсыз бейтарап амин қышқылдары
- •Полярлы бейтарап амин қышқылдары
- •Амин қышқылдарының химиялық қасиеттері
- •1. Нингидриннің қатысуымен реакция.
- •Полипептидтер
- •Ковалентті дисульфидтік байланыс – s – s – .
- •Белок молекуласында n-және c-соңғы амин қышқылдарын анықтау.
- •Белоктар құрылысының деңгейлері
- •Брініші реттік құрылым
- •Екінші реттік құрылым
- •Үшінші реттік құрылым
- •Төртінші реттік құрылым
- •Белоктардың физикалық-химиялық қасиеттері Молекулалық масса
- •Белоктардың электрофорездік қасиеті
- •Белоктардың ерігіштігі
- •Белоктарға сапалық (түрлі-түсті) реакция жасау
- •Белоктардың қызметі
- •Белоктардың классификациясы
- •Қарапайым белоктар
- •Күрделі белоктар
- •Нуклеин кышкылдарынын химиялык курамы
- •Дезоксирибонуклеин кышкылы
- •Химиялык курамы
- •Молекулалык массасы
- •Днк молекуласынын курылымы
- •Днк биосинтези мен репликациясы
- •Генин химиялык табигаты
- •Рибонуклеин кышкылдары рнк биосинтези
- •Рибосомдык рнк жане рибосома курылымы
- •Информациялык (матрицалык) рнк
- •Транспорттык рнк
- •Фермент деген не?
- •Ферменттердің химиялық құрамы және құрылымы
- •Никотинамиднуклеотидті немесе пириндік коферменттер
- •Фад және фмн флавиндік коферменттер
- •Тпф немесе гдф коферменті
- •Кобамидтік кофемент
- •Пиродоксиндік коферменттер
- •Фолаттық коферменттер
- •А коферменті –ацетильдеу коферменті
- •Липой қышқылы ферменті
- •Q коферменті –убихинон
- •Ферменттер атаулары және классификациясы
- •Оксидоредуктазалар
- •Трансферазалар
- •Гидролазалар
- •Лиазалар
- •Изомеразалар
- •Лигазалар (синтетазалар)
- •Ферметтердің практикалық маңызы
- •Ферменттік реакциялардың кинетикасы
- •Ферменттің қасиеттері
- •4. Фермент акиваторлары мен ингибиторлары ( тежегіштер)
- •Ферменттер әсерінің теориясы
- •1 Кесте
- •Химиялық табиғаты мен биологиялық маңызы
- •В2 витамині (рибофлавин)
- •Рр витамині (в5 витамині никотин қышқылы)
- •Химиялық табиғаты мен биологиялық маңызы
- •Д витамині (кальциферол, антирахиттік витамин)
- •Химиялық табиғаты мен қасиеттері.
- •Е витамині (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині)
- •Химиялық табиғаты мен қасиеттері
- •К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық витамин)
- •F витамині (қанықпаған май қышқылдары)
- •Химиялық табиғаты мен қасиеттері
- •Q витамині (убихинон)
- •Антивитаминдер
- •Көмірсулардың қызметі
- •Көмірсулардың классификациясы
- •Моносахаридтер
- •Гексозалар
- •Моносахаридтердің қасиеттері
- •Полисахаридтер
- •Майлардың физикалық қасиеттері
- •Майлардың химиялык қасиеттері
- •Қалқанша маңындағы бездерінің гормондары
- •Ұйқы безінің гормондары
- •Бүйрек үсті безінің гормондары
- •Ми затының гормондары
- •Бүйрек үсті қабығының гормондары
- •Гипофиз гормондары
- •17. Глоссарий.
Белоктар құрылысының деңгейлері
Тірі организмдегі белок молекуласының әрқайсысының өзіне ғана тән белгілі бір кеңістіктік құрылымы болады. Ондай кеңістіктік құрылымды конформация деп атайды. Өзінің конформациясына сәйкес белоктар: глобулярлы белоктар және фибрилярлы белоктар болып екі топқа бөлінеді. Глобулярлы белоктардың құрылымы шағын ғана, олардың полипептидтік тізбектері сфера немесе эллипсоид сияқты тығыздала бүктелген болады. Белок глобуласының бетіне негізінен амин қышқылдарының полярлы тобы және зарядталған атомдары жинақталады. Олар сумен әрекеттеседі. Мұндай белоктарға ферменттер, қанның, сүттің белоктары (альбуминдер, глобулиндер және басқалары) жатады.
Белок глобуласының ішкі бөлігі полярсыз ортаға жатады, ол гидрофобты және амин қышқылдарының полярсыз қалдықтарынан құралған. Гидрофобты ішкі ядроға су өтпейді, оның сумен байланысы жоқ.
Фибриллярлы белоктар тұрақты келеді. Суда және сұйық тұз ерітінділерінде ерімейді. Белоктағы полипептидтік тізбектер белдік ось бойында өзара параллель орналасады, сөйтіп ұзын талшықтар – фибрильдер түзіледі. Мұндай белоктардың молекуласы созылған жіп сияқты және одан көп полипептидтік тізбектер тұрады.
Тізбектері қатты немесе жылжымалы жұмсақ келеді және тірі организмде құрылымдық қызмет атқарады. Мұндай белоктарға коллаген – сіңір, сүйек және шеміршек сияқты тканьдердің негізі болып табылады. Шашта, жүнде қауырсында, тырнағқта кератин бар, ал оған жібек фибрионы, қан фибриногені және тағы сол сияқты белоктар да жатады.
Белок молекуласы құрылымын 4 деңгейге бөледі. Олар. 1-ші, 2-ші, 3-ші және 4-ші реттік құрылымдар.
Брініші реттік құрылым
Белоктың бірінші реттік құрылымы дегеніміз – оның полипептидтік тізбегінде амин қышықлдарының белгілі бір ретпен жалғасып орналасуы. Бұл – табиғаттың аса қажетті құбылысы. Ол жағдай генетикалық негізде детерминденген және белок молекуласының басқа 3 құрылымының түзілуіндегі негізгісі болып табылады. Амин қышқылдарының тізбектегі кездесуі барлық белоктардың, биологиялық қасиеттері, әдетте ұқсас болып келеді. Керісінше, әртүрлі қызмет атқаратын белоктардың әдетте алғашқы құрылымы да әртүрлі. Көптеген улы заттардың да белоктық табиғаты бар. Және басқа белоктар сияқты олар да сол амин қышқылынан құралады. Ал олардың у болатын себебі, полипептидтік тізбекте амин қышқылдарының орналасуы басқаша болатындығында. Мысалы, азықтық, құрылымдық, транспорттық және өзге де белоктардың амин қышқылдары басқаша ретпен орналасады.
Екінші реттік құрылым
Белок молекуласындағы полипептидтік тізбек түзу емес, спираль тектес. Спиральдың бір айналымына 3,6 шамасындай амин қышқылдарының қалдығы келеді, спиральдың әр қадамы 0,54 нм. Белоктың осындай спираль тектес түрін оның екінші реттік құрылымы деп атайды.
Полипептидтік тізбектің мұндай орамды түрі α–спираль және β-құрылымы (қатпарланған жапырақ) деп аталады.
Спираль басынан санағанда 3-ші амин қышқылы қалдығында > С = О және > N – H аралығындағы сутектік байланыс байқалады (1-сурет). Ондай сутектік байланыстар спиральдің белдігі бойымен бағытталады.
Амин қышқылдарында өзара параллель орналасқан бүйір топтардың учаскелері немесе бір полипептидтік тізбектің созылған екі учаскесі β-құрылым түзеді. β-құрылымы полипептидтегі карбоксильдік және аминдік топтар арасындағы сутектік байланыс арқылы да тұрақтандырылады (2 (а)-сурет).
Тұрақты екінші реттік құрылымның үшінші түрі – коллагендік спираль. Үш қатарлы коллаген спиралында жекеленген үш коллаген тізбек өзара параллель орналасқан және ширатылған арқанға ұқсас, бірін-бірі орап тұрады (2 (б)-сурет).
