Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АССЖДТ лекциялар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638 Кб
Скачать
☆

3.2 Сурет - Ескертуші, кіру және шығу бағдаршамдар сигнализация

Кіру бағдаршамда Н жасыл от кіру және шығу бағдаршамда максималды жылдамдықпен өту кезінде жанады. Ол басты жолға пойызды ауытқусыз өткізуіне сәйкес келеді. Шығу бағдаршамдағы НІ сары от автоблокировкадағы келесі бағдаршам жабық екендігін білдіреді, ал жасыл от келесі бағдаршам рұқсат етуші көрсеткішін көрсететінін білдіреді.

Пойызды 3П бүйір жолға тоқтаусыз өткізу кезінде Н3 шығу бағдаршамында бір сары от немесе жасыл от сигналданады, яғни ол пойыздық шығу бағдаршамында тік жол бұрмаларының ауытқуына қарамастан болады.

Бүйір жолдағы қозғалыста машинист жылдамдықты кіріс алқым бұрмаларына және бұл бұрмалардың құраманың соңғы вагонынан босағанына дейін 40 км/сағ дейін төмендетеді. Бұл жағдайларда машинист пойыздың бүйір жолға қабылдайтынын және шығыс бағдаршам артында орналасқан бұрма бойымен төмен жылдамдықпен жүруіне дайындығын біледі. Бүйір жол бойынша пойыздың аялдамасыз өту (3.2, д-сурет) кезінде шығу бағдаршамда жоғарғысы жанып-өшуші екі сары от сигналы қолданылмайды.

Крестовина маркасы 1/18 бұрма ауысуымен бүйір жолға 2П және 3П тақ пойыздың қабылдануы кіру Н сигналда бір жасыл жолақ орнатылады (3.3 сурет). Бұл жағдайда Н бағдаршамда 80 км/сағ жылдамдықпен өтуі кезінде ескертуші бағдаршамда 1 жасыл жанып-өшуші от жанады.

3.3 Сурет - Бекеттегі көлбеу бұрма ауысуының сигнализациясы

2П жолынан жөнелтілетін пойыз крестовина маркасы 1/18 бұрма бойымен өтеді. Сондықтан да 2П жолынан өтетін пойыз Н кіру бағдаршамында жанып-өшуші жасыл және жасыл жолақты сары отпен белгіленеді. Бұл жердегі жанып-өшуші жасыл от машинистке Н2 шығу бағдаршамын ν3=80 км/сағ жылдамдықпен өтуіне мүмкіндік береді, яғни ол Н2 бағдаршамында жасыл жолақтың пайда болуын болдырмайды.

3П жолынан жөнелтілетін пойыз қозғалысы қарапайым ν1 =40 км/сағ жылдамдығымен кете береді. Сондықтан да, 3П жолына қабылдау кезінде кіру сигнал Н жасыл жолағы бар екі сары отпен жанады. Шығу Н3 бағдаршамда автоблокировканың бір блок-учаскесі бос болған кезде екі үздіксіз жанатын және бірнеше блок-учаске бос болған кезде екі сары от, оның жоғарғысы жанып өшуші жағдайында болады. Н3 бағдаршамындағы жасыл оттың сигналды кешені орнатылмайды, оның орны қалпақпен (крышка) жабылып, сигналдау жоспарында креспен белгіленеді.

Үлкен қалалар маңайында темір жол жол телімдерінде үлкен көлемді қаламаңынды жолаушы тасымалдары жүкті және алыс жолаушылар пойыздары жүреді. Бұл шарттарда, үшмәнді сигнализация телімдерде қажетті өту қасиетін қамтамасыз ете алмайды. Үшмәнді сигнализация кезінде блок-учаскенің ұзындығы тежеу жол ұзындығынан аз болмауы керек.

Сондықтан да бағдаршамдарды алыс жолаушылар және жүкті пойыздардың тежеу жол бойымен орнатады.

Қаламаңы телімдерде өту қабылетінің өсуі төртмәнді, яғни қызыл, сары және жасыл отқа қосымша төртінші түрі бір уақытта екі сары және екі жасыл от жануын қосады (3.4 сурет). Төртмәнді сигнализация кезінде бағдаршамдар жедел пойыздың тежеу жолындағы екі блок-учаске шекарасында орналасады.

3.4 Сурет - Төртмәнді сигнализация

"Жасылдағы сары от" сигнал көрсеткіші қозғалысты орнатылған жылдамдықта жүруін және келесі бағдаршамның ашықтығын, бірақ оны берілген пойыз категориясына сай жылдамдықпен өтуіне талап етеді. Бір сары от, келесі бағдаршам жабықтығын көрсетеді. Алайда, сары оты бар бағдаршамды максималды жылдамдықта жүріп өтуі қарастырылмайды, өйткені блок-учаскенің ұзындығы тежеу жолынан аз болады.

Бекеттегі қозғалыс қауіпсіздігі бұрмалар мен бағдаршамдарды басқару тізбегінің шарттар ретін тексеруден қамтамасыз етіледі. Бәрінен бұрын, әр бұрманың жағдайы маршрутқа сәйкестігі және қыстырылған үшкір мен рамды рельстің арасындағы саңылау 4 мм, ал басқа үщкір рамды рельстен 125 мм қашықтықта орнатылғаның және сенімді жабықтығы тексеріледі.

Қабылдау және жөнелту маршрутының дайындалу процессінде бекеттік жолға сәйкес бостығы, ал жөнелту маршрутында - автоблокировкада бірінші блок-учаскенің бостығы немесе жартылайавтоматты блокировкадағы барлық аралық тексеріледі. Сонымен қатар, бекет алқымында орналасқан бұрмасыз телім жолдары да тексеріледі, егер ол пойыздың маршрут құрамына енсе. Бұрмасыз телімнің және маневрлік маршрутқа кіретін бекеттік жолдың бостығы тексерілмейді.

Дәріс 11. Рельс тізбектері релелік трансформаторларының кабельдік желілері.

Темір жол телімдерінде электрлі сигналдарда беру үшін арналған рельсті жіптерді рельс тізбектері деп атайды. Рельс тізбектері рельс желісінен РЛ, қорек көзінен (таратқыш) П және қабылдағыштан (жолдық реле) ПР тұрады (4.1 сурет). РЛ бойымен өтетін электр тоғы Іс сигналды тоқ деп аталады.

ЭО құрылғыларында РТ пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және автоматты локомотивтік сигнализация (АЛС) жұмысы үшін жолдан локомотивке ақпарат беру үшін арна ретінде қызмет етеді.