- •2.1 Сурет - сп-3 типті бұрмалы электрлік жетек
- •2.2 Сурет - сп-6 взрезсіз бұрмалы электрожетек
- •2.3 Сурет - спв типті бұрмалы жетек
- •3.1 Сурет - Үш мәнді сигнализация
- •3.2 Сурет - Ескертуші, кіру және шығу бағдаршамдар сигнализация
- •3.3 Сурет - Бекеттегі көлбеу бұрма ауысуының сигнализациясы
- •3.4 Сурет - Төртмәнді сигнализация
- •1 Сурет - Рельс тізбегінің құрылымдық сұлбасы
- •2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •1Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •1 Сурет – спг-3 бұрмалы электржетекпен басқару сұлбасы
- •2 Сурет – Конденсаторлар панелінің сұлбасы
- •3 Сурет – Бұрамлы электр жетектерінің іске қосылу тізбектерінің сұлбалары
- •4 Сурет – Бір тарқату жолы бар дөңестік ауқымның сұлбасы
- •5 Сурет – Дөңестік бұрмаларды тұйықтау сұлбасы
4 Сурет – Бір тарқату жолы бар дөңестік ауқымның сұлбасы
101 бұрмасы тарқату жолын анықтайды (Г1П немесе Г2П). Ол Г1, Г2 немесе МГ3 бағдаршамдардың ашылуы кезінде тұйықталады, нәтижесінде Г1И, Г1МИ, Г2И, Г2МИ, МГ3И шектеуші релелер тоқсыз қалады (14.5 сурет). Олар 101 бұрманың іске қосылу релесінен ГМСТ қорек полюсін ажырататын 101 З тұйықтаушы релесін тоқсыз қалдырады.
5 Сурет – Дөңестік бұрмаларды тұйықтау сұлбасы
101 З тұйықтаушы релесі келесі жағдайдағы бұрманың қауіпті ауысуының ықтималдығын азайтады. 101 бұрмасы шеткі (плюстік) күйде болады, ол арқылы жылжымалы бірлік жылжиды, сондықтан да 101 СП және 101 З релелері сөндірілген. Кезекші бұрмалы рукоятканы бұрманың фактілік күйіне қарама-қайшы күйге бұрады және локомотив өткен бағдаршамды жабады. Сәйкес шектеуші релесі іске қосылады. Маневрлік орын ауыстыру бағдаршамды ашпай-ақ радиобайланыс арқылы машинистке берілген бұйрықпен рұқсат етіледі.
101 З релесінің қорғаныс қасиеті, кезекші бұрмалы рукоятканы бұрманың сәйкес күйіне ауыстыру кезінде іске қосылады. Бұдан кейін басқару сұлбасы бұрманың басқа (минустық) күйге ауыстыру бұйрығы қабылданады.
Г1 және Г2 дөңестік бағдаршамдары ашық болғанда құрамды тарқату кезінде ГАЦ-қа қосылған бұрмалар тұйықталмайды. Олар МГ4 немесе МГ5 (МГ4Н немесе МГ5Н релелері сөндірілген) маневрлік бағдаршамдары ашық кезде тұйықталады. Бұл тұйықтаушы реленің тізбегінде (23 ) іске асады.
Дәріс 14. Таратуды бақылауы бар дөңестік автоматтық орталықтандыру.
Дәріс 16. Таратуды бақылауы бар дөңестік автоматтық орталықтандыру.
Жұмыс жасайтын бекеттегі ЭО-дың посты деп бекеттік жолдарына тікелей жақын орналасқан ғимаратты айтады. Жаңа бекеттерді жобалау кезінде ЭО постын басқа қызметтік ғимараттармен бірлестіруге тырысады, мысалы, бекеттік ғимаратта орналастырады, бұл құрылыс құнын және ғимаратты ұстауға эксплуатациялық шығындарын азайтады. Сигналды кабельді экономдау үшін ЭО постын жеке тұрғын ғимарат болып салған жөн. Сондықтан да оны кабельді жүктеменің орталығында, яғни кабель шығыны минималды болатын бекет нүктесінде орналастыруға тырысады. Экономикалық және эксплуатациялық талаптар бойынша жер жұмыстардың үлкен көлемін талап ететін немесе грунтты су деңгейі жоғары, жер асты бекеттік дреннаж трассасында, автокөлікке ыңғайсыз жерде ЭО постын орнатуға рұқсат берілмейді.
Посттар монтаждың кросстың жүйесін ескере отырып типтік жобалар бойынша карнас-панельді типті құрады. Орталықтандыру бұрмалардың санына қарай көлемі мен бөлме ауданы бойынша ерекшеленетін ЭО посттардың бірнеше типтері қолданылады; 30 бұрмаға дейін – І тип, 100-ге дейін – ІІ тип, 150 дейін – ІІІ тип.
Бірақ та барлық типті ғимараттар үшін негізгі бөлмелердің құрамы бірдей болады және аппараттық, релелік, аккумуляторлық, байланыстық пен шеберлік бөлмелерден тұрады. Аппаратныйда (6.1.1-сурет) 1 пульт манипуляторы, 2 шығу таблосы бар немесе мозаика типті пульт-табло және де телефондық пен 4 радиобайланыс құралдары бар 3 операторы пульті орнатылады. Релелік бөлмеде: релелік аппаратураның 10 мен 11 стативтері, тоқ таратушы щиттік қондырғылары орнатылады. Ол келесі панельдерден тұрады: 5 кіріс, 6 түзеткіш және 7 реле қорегі; бағдаршам лампаларын және таблоны қоректенедіретін 9 трансформаторлары; электрлі жетектің жұмыс тізбектерінен және 8 РТ-ін жиілікті түрлендіргіштері.
Аккумуляторныйда бақылау батареясының аккумуляторы мен байланыс құралдары үшін 12 стелаждар бар. Апатты жағдайда ЭО постының құрылғылары 13 электрстанциясының резервті қорек алады. Ол ДГА дизель-генераторлы агрегаттан, 14 автоматика щитогынан, 15 жанар және 16 май бактарынан және П түзеткіштен тұрады. Байланыс бөлмесінде КАСС бекеттік байланыстың 18 аппаратурасын, 19 шкаф, 20 күшейткішін орнатады.
Шеберханада ағымды жұмыстар жүргізіледі, ол үшін 21 верстан, 22 қайрау мен 23 бұрғылау станоктары, аспаптарға арналған 24 шкафы болады; электр механиктік бөлмесі болады.
ЭО постының бөлмелері технологиялық талаптарға сәйкес өңделді. Аккумуляторныйда еденінің цемент сүртілуі және қабырға мен төбе қышқылға төзімді бояумен боянады, релелік пен байланыс бөлмелеріндегі қабырға мен төбелері май бояумен краскіленеді.
ЭО постының жылуы, әдетегідей сулы болады, олар аз метражды су қайнататын қазандарды қолданады. Бөлменің вентилляциясы приточно-вытяжная. Қазіргі кезде кондиционерлер де қойылуда.
Жарықтандыру мен күштік аспаптары энергиясы су панелінен берілген жарықтандырғыш пен күштік (380В) щиттерінен қоректенеді. Электрлік жарақтануы ортақ, жергілікті және апатты болады. Апатты жарақтану кернеуі 24 В аккумуляторлы батареядан тұрақты тоқпен жүзеге асырылады. Апатты жарықтану лампалары аппаратныйда, аккумуляторныйда және де резервті электростанция бөлмелеріне орнатылады.
Монтаждық кросттың жүйесі бар ЭО блокты жүйесі кезінде кросстық (СККМУ), релелік-блокты (СРБКМ) және релелік (СРКМ) стативтері қолданылады.
Постқа енгізілетін жер үсті брондалған кабельдерді релелік немесе кросстық бөлмеде орнатылған кросстық стативтердің шығыстарына қосылады. Кросстық стативтерден объекттерге дейін пост ішілік кабельдер салынады, олар релелік стативтермен қосылған. Басқа постішілік қосылыстар да кабельтрост қолдануымен орындалған.
Кросстық стативтің клеммді панель ұяшығының жұптары арасындағы жері үсті мен посстың кабель-өзекшесін қосу үшін дужкалар орнатылады. Монтаждың бұл жүйесі уақыт пен монтажды жұмыстың еңбек шығынын қысқартады және кабель эксплуатациясының ыңғайлығын қамтамасыз етеді.
Стативтер зауыт-өндірушіде мыс көп өзекшелі сым болып, кескіні 0,7мм2 аз емес, принципиалды сұлбаға сәйкес құрастырылған монтажды сұлбалар бойынша сенімді изоляциясы болатындай монтаждалады. Стативтер қатарына бес-бестен орнатылып, реле жағынан солдан оңға қарай нөмірленеді. Аспаптың әрбір түйіспесіне 2 сымнан көп емес қосылады. Сенімді электр қоректенуі үшін барлық қоректендіруші кабельдер щиттік қондырғыдан статив пен статив ішінде қоректі тарату сымдарына дейін байлап, сақиналайды.
ЭО бекеттерінде бұрмамен жергілікті басқару үшін маневрлік будкалар, посттар және вышкалар қолданылады. Маневрлік будкалар бұрмалау саны көп емес аудандарда пайдаланады. Будкада бұрмамен басқару пультін, телефон және дауыс зорайтқышты сөйлесу құрылғысын орнатады. Бір қабатты маневрлік постты маневрлік жұмыс ұзақ уақытқа созылатын және посттан ауыстырылатын бұрмалар жақын көрінетін аудандарда қондырылады. Бұндай постта бұрмамен басқару пульті, хабарлама байланыстық телефон-күшейткіші және маневрлік локомотивпен байланыстың радиостанция бар. Екі қабатты маневрлік вышкалар жергілікті басқарылатын бұрмалардың саны көп болғанда қолданады. Вышканың бірінші қабатында бұрмамен орталықтандырылған басқару және байланыс құралдардың аппаратурасы қолданылады, ал екінші қабатта – басқару пульті.
Пойыздың үзіліссіз, тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз ету үшін ЭО-да сенімді сыртқы жоғары категориялы электрмен қамтамасыздандырылуы тиіс.
ЭО әрекетінің электроэнергия жоғаның себебінен тоқталуы адам өміріне тікелей қауіп алып келмейді. Бірақ та қызметкерлер қозғалысты техникалық құралсыз реттеуге тура келеді, ал қозғалыс графигінің бұзылуы, әсіресе жолаушылар пойыздары, бұл жылжымалы құрамның техникалық қарау сапасын төмендетеді. Бұл себеппен ЭО посттары екі фидер бойынша энергиясының екі тәуелсіз көзінен қорек алу керек. Электрмен қамсыздандырудың екі пункті бір-бірімен тәуелсіз деп саналады, егер біреуінің сөнуі екіншісінің сөнуіне алып келмесе.
Сыртқы электрқамсыздандырылуы жоқ кезде ЭО құрылғыларын қоректендіру үшін екі фидер бойынша посттары сәйкес қуатты ДГА дизель-генераторлы агрегат орнатылады.
Көліктің жаңа электроқаруландырылуымен байланысты барлық жерде қорғануы қоректенудің батареясыз жүйесі деп аталады. Релелеік аппаратура мен лампалардың кейбір лампалардың резервтік қорегі болады. (кернеуі 24 В жұмыс батареясынан). Буферлік подзарядымен жұмыс істейтін бақылау бататерясының сиымдылығын аккумуляторлы резервті қамтамасыз ету қажеттілігінен шығатын 2 сағат ішінде анықтайды, ал кіріс бағдаршамның батареясының сыйымдылығы – 24 сағат ішінде.
1 Сурет – Электрқоректенуші қондырғының құрылымдық сұлбасы
Орта мен ірі бекеттер үшін ЭО құрылғыларының қоректенуі унификацияланған электрқоректендіру қондырғысынан жүзеге асырылады. Олар айнымалы тоқ бұрмалы электр жетектің бар болуы мен жиілігі 25 Гц бес панельден тұратын рельс тізбектерінен комплекттеледі.
Панельден тыс екі арнайы ТС-0,5/25 (негізгі және резервті) трансформаторларын орнатады. Олар кернеуі 220 В (күндізгі режим), 180 В (түнгі) және 127 В (кернеудің екілік төлемдеуі) бағдаршам лампаларын қоректендіру үшін арналған.
Техникалық қызмет етеудің (ТО) мақсаты болып, ЭО жүйесінің оның әрекет сапасының берілген деңгейінде жұмыс қабілеттігін қолдау, яғни пойыз қозғалысын қауіпсіздігін қамтамасыз ету және маршруттардың дайындалуының өз уақыттылығы табылады. Эксплуатация кезінде ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен құрылғылардың қауіпті отказдардың пайда болу себептерінің сипаттамасы өзгереді.
ТО негізгі параметрлері – стратегия, құрам, периодтылық, жұмыс орындарының технологиясы мен ұйымдастырылуы. ТО стратегиясы – бұл жүйе эксплуатациясының мерзімі кезіндегі жұмысты таңдау ережелер жинағы. Қолданылатын ТО стратегиясы профилактикалық, жөндеу және қайта қалыптастыру жұмыстарын құрайды.
Профилактикалық жұмыстар алдындағы профилактиканың аяқталуынан кейін белгілі бір уақыттан кейін жасалады. Жөндеу жұмыстары белгілі бір мерзімдегі құрылғылардың сөнуі мен құрылуымен орындалады. Қайта қалыптастыру жұмыстары отказдың тез арада жойылуын қамтамасыз етеді.
ТО ұйымы сигнализация мен байланыс дистанциясында мүмкін және ПТЭ мен СЦБ құрылғыларына техникалық қызмет ету бойынша нұсқаумен регламенттеледі.
ТО бойынша бірегей жұмыс регламеттің орнатылуы үшін технологиялық карталар бар. Барлық негізгі жұмыстар үш топқа бөлінеді: құрылғыларды сөнумен байланысқан жұмыстар, ДСП келісімімен шығарылатын жұмыстар және ДСП келісіміне қарау журналында жазылымсыз жұмыстар. Бірінші топқа жататын жұмыстар: электржетек немесе жеке түйіндердің, бұрмалы гарнитура түйіндерін ауыстыру, электржетектегі монтаждау және де т.б. жұмыстар. Жұмыстың ІІ тобына: жоспарлық тексеру мен құрылғыларды тексеріп қарау. Үшінші топқа сигналды трансформатордың бағдаршамында лампаларды ауыстыру, лампадағы кернеуді реттеу, штенсельді аспап, табло лампаларын ауыстыру және т.б. Әр топтың жұмысының толық тізімі СЦБ (ЦШ/4397) құрылғыларына техникалық қызмет бойынша өндіріс кезінде қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша нұсқауда келтірілген.
Тексеру журналында тексеру нәтижелері, табылған ақаулар, жұмыстың басталу мен аяқталу уақыты, орындаушы және жұмыстың жауапты жетекшісі көрсетіледі. Бір ЭО посттың көлемінде сигналды пайдалану сақталынғанда жөндеу үшін бір бұрмадан көп емес және екі РТ-тен көп емес бір мезгілде қосуға болады. Бұрмаларды сөндіргенде блок-макеттер қолданылады.
Посттық аппаратураның периодты тексерілуі мен оның жөнделуі технологиялық карта бойынша жөндей-технологиялық телімдерде (РТУ немесе КИП) орындалады. Оларда бұйымның немесе түйіннің типі, орындалатын пункттер, өлшеу аспаптары, саймандар, материалдар, орындаушы көрсетіледі. Дистанцияларда ТО-ның околотковый және бригадалық әдістері кең қолданыс тапты. Околотковый әдіс кезінде барлық құрылғыларға қызмет етуді электрмеханик және бір немесе екі электромонтер жүзеге асырады. Околоток аралығы бар бір кішігірім бекетті қамтиды; ірі бекеттер бірнеше околоткаға бөлінеді.
Алты-сегіз околоткалар телім құрайды; телімдегі электромеханик пен электромонтерлардың жұмысын аға электромеханигі ұйымдастырып, бақылайды. Бригадалық әдісте телімде ТО бойынша бір кешенді немесе екі-үш арнайланған бригада құрылады. Құрамында алты-он адам бригадасын электромеханик-бригадир немесе аға электромеханик басқарады. Бұл жағдайдағы жұмыстар құрылғыларға қызмет етудің жылдық және төрт апталық жоспар-графигін қамтиды.
