- •2.1 Сурет - сп-3 типті бұрмалы электрлік жетек
- •2.2 Сурет - сп-6 взрезсіз бұрмалы электрожетек
- •2.3 Сурет - спв типті бұрмалы жетек
- •3.1 Сурет - Үш мәнді сигнализация
- •3.2 Сурет - Ескертуші, кіру және шығу бағдаршамдар сигнализация
- •3.3 Сурет - Бекеттегі көлбеу бұрма ауысуының сигнализациясы
- •3.4 Сурет - Төртмәнді сигнализация
- •1 Сурет - Рельс тізбегінің құрылымдық сұлбасы
- •2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
- •1Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
- •1 Сурет – спг-3 бұрмалы электржетекпен басқару сұлбасы
- •2 Сурет – Конденсаторлар панелінің сұлбасы
- •3 Сурет – Бұрамлы электр жетектерінің іске қосылу тізбектерінің сұлбалары
- •4 Сурет – Бір тарқату жолы бар дөңестік ауқымның сұлбасы
- •5 Сурет – Дөңестік бұрмаларды тұйықтау сұлбасы
1Сурет – 50 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған рт-тің сұлбасы
Доңғалақ бандажы педальдан алыстағанда магнитті ағын азайып, катушка орамдарынан өтіп, кері полярлықты ЭҚК индукцияланады. Отцептің әрбір доңғалағынан Р релесі токтың екі импульсінен іске қосылады және қалыпты және ауыстырылған түйіспелерді тұйықтайды.
Қалыпты режимде (1 суретіне қара). ПТ трансформаторды жүктемеген және оның біріншілік орамында бос жүріс тоғы өтеді.
Бұл тоқтың өтуі кезінде R1 және R2 резисторларындағы кернеудің түсуі СП релесінің іске қосылуына жеткіліксіз болады да, оның якорі түсірілген күйде. СП релесінің тұйықталған астыңғы түйіспелерімен бұрмалы РТ-тің бос күйі бақыланады.
Тізбек еңісінің РТ-ке басып кіргенде ПТ трансформатордың орамдарындағы тоқтың артуына алып келеді. Біріншілік орамның артқан тогы R1 мен R2 резисторында кернеудің түсуін тудырады, ол СП релесінің іске қосылуына жеткілікті якорді тарта отырып, бұл реле РТ-тің бос еместігін тіркейді және бұрманың тізбектегі ауысуын болдырмайды. R2 резисторы пойыздың шунттық аз кедергісі болғанда ПТ орамындағы тоқты шектеу үшін арналған.
Тізбектің бірінші еңісінен П1 мен П2 педальдарына кіргенде педальды релелер іске қосылып, БМП блогындағы өзінің қайталағыштарын қосады.
Қайталағыш релелердің үстіңгі түйіспелері арқылы ПТ трансформатордың біріншілік орамына 1 мен 0,5 кОм қосымша резисторлары параллельді қосылады. Бұл R1 және R2 резисторларынан өтетін тоқты көбейтіп, СП релесінің іске қосылуына алып келеді.
Жиілігі 25 Гц айнымал тоқ қалыпты ажыратылған РТ-тің сұлбасы. Жиілігі 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған РТ-і екі педальмен толықтырылған, ол ұзын базды вагондардың бақылайтын фотоэлектрлік құрылғылары мен БМП блокпен байланысқан.
РТ-нде болады (2 сурет): ФП (ФП-25) жолдық фильтр арқылы Rр резисторына қосылған ИС (ИМВШ-110) жолдың релесі; РТ-тің бос күйінде тоқ астында болатын СП (НМШ1-800) жолдық релесінің кері қайталағышы; ПТ (ПТМ) жолдық трансформатор; ПЧ 50/25-150 жиілікті түрлендіргіш; 1В (АСШ-2-110) кернеуді бақылайтын реле.
2 Сурет – 25 Гц айнымалы тоқ қалыпты-ажыратылған
РТ-тің сұлбасы
СП релесінің тізбегінде бақыланады; РТ-тің бос күйі (ИС релесінің астыңғы түйіспесі); педальды релелердің қайталағыштардың сөндірілген күйі; 1В релесінің қоздырылған күйі; ФК фотобақылау релесінің қозған күйі.
Жиілігі 25 Гц РТ-і қамтамасыз етеді: нормативті шунт наложениясында (0,5Ом), балласт изоляциясының максималды кедергісі мен 105 В тең 1 ПЧ жиілікті түрлендіргіштің минималды шығыс кернеуі кезінде НС релесінің сенімді іске қосылуы; балласт изоляциясының минималды кедергісі 3 Ом және 115 В тең 1ПЧ түрлендіргіштің максималды шығыс кернеуі кезінде нормативті шунт алынған жағдайда НС релесінің жәкірінің сенімді түсуі қалыпты және шунттық режимді РТ-тің жұмысы жиілігі 50 Гц РТ-тің жұмысына ұқсас.
РТ-тің жұмыс ұзындығын басатын ұзын базды вагон астында бұрмаларды қорғау үшін фотоэлектрлік құрылғылар қолданылады.
РТ-тің алдында жарықтандырғыш, фотодатчик және РЯ-ФУ-72 релелік ячейка орнатылады. Дөңестік постта ФК (НМШ1-2000) фотобақылау релесін қосады. Жарықтандырғыш пен фотодатчик тізбектің бұрма бойымен өткенде жарықтандырғыштың сәулесін басуын қамтамасыз ететіндей орналастырылады. Вагон жоқ кезде жарықтандырғыштың жарық сәулесінің әрекетінен ФСК фотодатчигі қозады және Ф (РП-7) релесі арқылы тоқ өтеді.
Ф релесі іске қосылады да, полярлы якордің Л түйіспесінен тұйықтайды, ол арқылы VT транзистор базасына теріс ығысу беріледі. Транзистор ашылады және оның коллекторлық тізбегінде РТ-тің тізбектен бостығын тіркейтін ФК релесі іске қосылады. Жарықтандырғыш жарығының сәулесін вагонмен жабу. Ф релесінің сөнуіне және оның түйіспесінің П күйіне ауысуына алып келеді. Ауыстырылғыш түйіспе арқылы VT транзистор базасына он ығысу беріліп, транзистор жабылады және ФК релесі сөнеді. СП релесінің тізбегіндегі ФК үстіңгі түйіспесі ажырағанда бұрманың бос еместігі тіркеліп, оның ұзын базды вагон астындағы ауысуын болдырмайды.
Дәріс 13. Сұрыптау автоматтық орталықтандыру және жылдамдықты автоматты реттеудің едендік жабдықталуы.
Дөңестік бұрмалы электр жетектері (СПГ-3 мен СПБ-4М) ЭО электр жетектерінен редуктордың тарату саны азайтылғанмен (43 пен 69-70-тің орнына) ерекшеленді. Ал бұл тартым күштің 6-дан 2кН төмендеуіне байланысты бұрма ауысуының уақыты да азаяды – 5-тен 0,5с дейін. Бұрма ауысуын одан сайын тездету үшін МСП-0,25с электрқозғалтқышына (номиналды кернеуі 100В) 220В кернеу береді. Бұл оның қуатын 740Вт дейін көбейтеді. Дөңестердің басты бұрмаларында электрқозғалтқыштың жөндей аралық мерзімі 3 айдан аспайды.
Тез әрекеттілікті жоғарылату үшін жетекпен басқару сұлбасында реверсіленетін реле қолданылмайды, оның іске қосылу уақыты 0,15-0,2с, ал ПК мен МК бақылау релелерін автоауыстырып қосқыштың түйіспелеріне қосады (5.2.1 сурет).
СГ-6 блогында монтаждалған СПГ-3 дөңестік электр жетекпен басқарудың релелік сұлбасындағы бақылау тізбектің кернеу көзі 220В. Бұл өтпелі үрдіс уақытының азаюынан бақылау релелердің іске қосылуын тездетеді.
Бұл жүйе ЭО бұрмалы электржетекпен басқарудың екі сымды сұлбасына өте ұқсас. Оның ерекшелігі болып жұмыс тізбегіндегі монтажды сымдар мен блок түйіспелерінің (11-12, 13-14, 15-16 және т.с.) дубльденуі табылады, бұл бұрманың ортаңғы күйде тоқтап қалу ықтималдығын азайтады.
