Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АССЖДТ лекциялар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
638 Кб
Скачать
☆

1 Сурет - Рельс тізбегінің құрылымдық сұлбасы

РЛ қабылдаушы элемент болып табылады, өйткені оның құрылымы мен параметрі өзгеріп отырады. РЛ-ға тигізетін әсер түрлері бойынша РТ келесі жұмыс режимдері бар:

- қалыпты (РТ бос және ақаусыз);

- шунтты (РТ қозғалмалы бірлікпен бос емес);

- бақылау (РТ-де ақау бар).

Барлық көрсетілген РТ режимдері дискретті жолдық қабылдағышта кернеу мен сигнал фазаларының өзгеруі пайда болады. Қалыпты жағдайда жолды қабылдағыш ашық және "бос" деген дискретті ақпарат береді, ал шунттық пен бақылау режимдерінде жабық және "бос емес" деген дискретті ақпарат береді.

РТ телемеханикалық арна ретінде қолданған кезде рельстерде сигнал деңгейі нормаланады - АЛС режимі.

Қорек соңында РЛ пойызбен шунттау кезінде қорек көзінің жұмысы РТ тексеріледі - қысқа тұйықталу режимі.

Олай болса, РТ жұмысы 5 режимде қарастырылады. Алғашқы 3 жолды қабылдағыштың жұмысымен сипатталады, АЛС режимі - локомотивтік қабылдағыштың жұмысы, қысқа тұйықталу режимі - генератор немесе қорек көзінің жұмысымен сипатталады.

Қалыпты режимде қабылдағыштың сенімді іске қосылуы немесе РТ релесінің тарату сигналының қолайсыз шартында - қорек көзіндегі минималды кернеуде Umin, рельстердің максималды кедергісінде Zmax, оқшаулағыштың (изоляция) минималды кедергісінде rи min қамтамасыз ету керек.

РТ қалыпты режимдегі жұмысын жүктеме Кпер коэффициентімен бағаланады, ол сигналдың жұмыс мәнін Uрн жолдық қабылдағышта сигналдың фактілі кернеуіне қатынасын білдіреді.

, Минималды мәні Кпер =1, ал максималды мәні қалыпты режимдегі сигналдың қолайлы тарату шартына: Umax, Z min және rи max байланысты. Максималды Кпер жолдық қабылдағыштың техникалық шартымен анықталады.

Шунтты режимде қабылдағыштың немесе реленің сенімді өшу кернеуі Uр выкл сигнал таратудың қолайсыз шартында - қорек көзінің максималды кернеуі Umax , рельстің минимал кедергісі Z min , оқшаулағыштың максимал кедергісінде rи max =Д қамтамасыз етеді. Техникалық талаптарға сай пойыз шунтының кедергісі 0,06 Ом-нан кем болмауы керек. Шунтты режимнің бағалау критериі болып пойыз шунтының сезімталдық коэффициенті Кш қызмет етеді, ол қабылдағыштың сенімді өшу кернеуінің жолдық қабылдағыштағы фактілі кернеуге қатынасымен анықталады.

,

кез-келген РЛ-да шунт нормативі Кш 1 болғанда, шунтты режим орындалады.

Бақылау режимінде қабылдағыштың немесе реленің сенімді өшу кернеуінде қолайсыз шартында - қорек көздің максималды, рельстің кедергісі минималды және оқшаулағыштың кризистік мәнінде қамтамасыз етіледі. Оқшаулағыштың кризистік мәні деп - жолдық қабылдағыштағы кернеудің максимал мәнін айтамыз. Қысқа РТ-да rи min кедергі rи min =1,0 Ом·км-ге жақын.

Бақылау режимнің сандық бағалауын орындау РТ-ң сынуға сезімтал коэффициентін енгіземіз. Ол қабылдағыштың сенімді өшу коэффициентін Uр выкл фактілі кернеуге Uр кер қатынасымен анықтаймыз:

,

кез - келген нүктеге РЛ-ң толық сынған кезінде Кк 1 шартында бақылау режимі жүргізіледі .

АЛС режимінде РТ-ң кіріс соңындағы қабылданатын локомотив орамаларындағы фактілі тоқты Іф анықтаймыз. Режимнің орындалуы Кл коэффициентімен бағаланады.

,

мұндағы, Ілн - локомотив құрылғыларының тұрақты жұмыс істейтін АЛС-тың норматив тоғы. Кл 1 РТ-ң соңында және шығыс соңында ұлғаяды. Ілн сигнал тоғының жиілігі өскен сайын азаяды.

Қысқа тұйықталу режимінде РЛ-ң басында орын тепкен пойыз шунты кезіндегі қорек көзінің параметрлері анықталады. Бұл режимнің кризисі болып ток Ікз және қуат Sкз табылады. Олардың орындалуы келесі қатынастардан анықталады Ікз І ном және Sкз S ном, мұндағы , Іном және Sном - РТ қореқ көзінің техникалық шарттарына сәйкес тоқ пен қуатын номинал мәні.

Бекеттегі басты және бүйір жолдар рельс жібінің жағдайын және ақаусыздығын бақылау үшін пойыздардың аялдамасыз өтуі үшін арналған РТ қалыпты, шунтты және бақылау режимдеріне есептелінуі керек. Бекеттің бүйір жолдарында және сұрыптау төбешіктеріндегі РТ-ға бақылау режимі саналмайды. Бекет жолдарының РТ АЛС режимінде локомотивке сигналды тарату үшін арна ретінде қолданылады. Барлық РТ қорек соңының шунтталуында (қысқа тұйықталу режимі) қорек көзінің жұмыс режимі тексеріледі.

РЛ-ң біріншілік параметрлері қорек кернеуінің өзгеруі кезінде РТ мезгілдік реттеусіз жыл бойы сенімді жұмыс істеуі керек. Есептеу кезінде келесі меншікті мәні РТ оқшаулағышының минималды кедергісі rи Ом·км, магистрал желілерінде 1,0; біржіпті бекетте 0,5; сұрыптау төбешіктерінде 0,37.

Темір жолдың бөлек телімдері үшін оқшаулағыштың минималды кедергісін нормативті мәнінен аз орнатады. Оқшаулағыштың масималды кедергісі барлық РТ-ға бірдей орнатылған - 50 Ом·км.

РТ түрлері. Бекетте, сонымен қатар аралықта РТ-ң бірнеше түрлері пайдаланады. РТ-ң түрін анықтаудың басты факторы сигналдық тоғының тасушы жиілігі, жиілік модуляциясы жолдық қабылдағышытың типі, өзара әсерлерден сақтану тәсілдері болып табылады. Кеңінен жиілігі 50 Гц айнымалы тоқты ДСШ-15 фазасезімталды релесі бар РТ қолданылады.

Дербес тартымда және тұрақты тоқты тартымда жиілігі 25 Гц ДСШ- 13А релесі бар РТ қолданылады. Бұл РТ жиілігі 50Гц РТ-дан мынадай көрсеткіштермен ерекшеленеді: қуаттың аз пайдаланылуы, балластың төмен кедергіде қалыпты жұмыс қабілеттілігі, адасу (блуждающий) және тартым тоғының әсерлерінен сенімді сақтануы, фазалық реттегіш элементі жоқ және қоректенуші кернеудің тұрақтылығы.

Жедел темір жолдарда пойыз қозғалысының автоматты реттеуін өндіру облысында 100-20000 Гц тональды жиілікті пайдаланады. Соңғы жылдары тональді жиілікті РТ бекеттерде де пайдалана бастады.

Әсіресе бекеттерде пайдаланылатын РТ-ң негізгі проблемасы - жол телімдерінің электрлі бөлінуі болып табылады. Бекетте көбіне оқшаулағыш түйіспелері бар төменжиілікті РТ кеңінен пайдаланыла бастады. Ол барлық бекет үшін сигналдық тоқтың тек бір жиілігін пайдаланылуына рұқсат береді, бірақ оқшаулағыш түйіспелердің қысқа тұйықталуы кезінде жолдық реленің жалған іске қосылуынан арнайы сақтау шараларын қажет етеді. Бұл РТ-да оқшаулағыш түйіспелерді қысқа тұйықталудан сақтау үшін аралас РТ-ң қорек көзінде фазаның немесе полярлықтарының кезектелу әдісі қолданылады.

Тоналды РТ оқшаулағыш түйіспелер және оларсыз да жұмыс жасай алады. Оқшаулағыш түйіспе - РТ әлсіз буыны болып табылады, сенімділігі төмен және жүйелі техникалық қызмет көрсетуді талап етеді.

Тоналды түйіспесіз РТ нақты физикалық шекарасы жоқ, өйткені көмекші шунтты зона туады. Көмекші шунтты зонаны төмендету үшін РТ қорек және қабылдау соңдарының аппаратуралардың қосылу орындарында электрлі түйіспелері орнатылады, ол рельстер арасында, рельс бөлігінде және конденсаторда орнатылған белгілі пішіні бар мысты тросты ұсынады, электрлі түйіспелердің барлық элементерінде резонанстық контур құрады (4.2 сурет, 4.3 сурет).

Тоналды РТ қорек көзі ретінде жолдық генератор ПГ қызмет етеді (4.2 сурет). ЭО-дан сәйкестіруші құрылғы СУ арқылы қорек рельс желісіне беріледі. Әрі қарай сигналды тоқ реле соңына өтіп СУ арқылы жолдық қабылдағышқа өтеді.

Тоналды РТ электрлі түйіспесіз құру нұсқалары мүмкін. РТ ұзындығының тұрақтылығын рельске индуктивті қосылатын тоқты қабылдағыштарда ТП1 және ТП2 іске асырылады (4.4 сурет). Мұндай РТ- да қабылдағыш ЭҚК көмегімен іске қосылады, яғни рельске бекітілген жолдық орамаларда пайда болады. РТ шекті ұзындығына пойыз түскен кезде ТП кірісіне сигнал берілмейді.

2 Сурет - Түйіспесіз рельс тізбегінің сұлбасы

3 Сурет - Айқаспалы съездің (а) және біреулік

бұрманың (б) оқшаулағыш сұлбасы

4 Сурет - Тоқты қабылдағышы бар түйіспесіз рельс

тізбегінің сұлбасы

Түйіспесіз тармақталған РТ құру потенциалды қабылдағышты пайдалану арқылы мүмкін (4.5 сурет).

5 Сурет - Оқшаулағыш түйіспе орнатылмаған бұрмалы

секция телімін бақылау сұлбасы

Сигнал тоғының жиілігін көтеру арқылы көрші РТ болу және шунттардың әсерлеу зонасын азайту сұрақтарын оңай шешеді. Бірақ жиілікті 3.0 кГц-тен жоғарлатуымен РТ ұзындығы бірдей қысқарады. 100-300 м рельс жолдары арқылы конденсаторлардың қосылуымен рельс желісінің сыйымдылық компенсациясының индуктивті кедергісі сигналдардың өшуін азайту үшін орындалады. Түйіспесіз тоналды РТ темір жолдарда кеңінен қолданылады. Оқшаулағыш түйіспе орнатылған РТ бекетте қолдану төмен жиілікті РТ- мен салыстырғанда артықшылығы бар.

Дәріс 12. Сұрыптау дөңестері туралы жалпы мағлұмат.

Бұрмалардың ағытпа кезінде ауыстыруды болдырмау үшін және тарқату маршруты бойынша олардың қозғалысын қадағалау үшін тарату аймағында қысқа бұрманың немесе бұрма аралық РТ-тері пайдаланылады. Дөңестік РТ-теріне сенімділік пен тұрақты жұмыс бойынша қатал талаптар қойылады.

РТ-тері ағытпаның бір доңғалақ жұбы болғанда да жолдық телімнің бос еместігін сенімді тіркеу керек. РТ-тің тұрақты жұмысы кез-келген келеңсіз факторлар кезінде қамтамасыз етілуі керек: тоқ өткізбейтін пленкалардың рельс бастарын кірлетуі, бұл өтпелі кедергіні 0,5 Ом-ға дейін және одан да көп арттырады, ал бұл шунттың қысқа уақытқа жоғалтылуына алып келеді; балласт оқшаулау кедергісінің 3 Ом-ге дейін төмендеуі және т.б.

Бұл шарттарға ең төзімді болып жиілігі 50 жіне 25Гц қосымша магнитті педаль мен фотоэлектрлі құрылғылары бар айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған РТ-тері табылады.

50Гц айнымалы тоқ қалыпты ажыратылған РТ-тің сұлбасы. РТ-тегі магнитті педальмен толықтырылған. П1 педалі бұрма острягінен 4 м қашықтықта орнатылған, ал П2 педалі – 5,5-6 м қашықтықта орнатылған, (14.6, а-сурет).

РТ-те бір периодты түзеткіштің сұлбасы бойынша қосылған СП жолдық релесі бар. РТ-гі ПТ (ПТМ-А) жолдық трансформатордан қорек алады. ПТ трансформатордың біріншілік орам тізбегіне тогы 0,2 А кедергісі 400 Ом R1 және R2 резисторлары тізбектей қосылған, ал R1-ге СП бұрмалы жолдың релесі параллель қосылған. Сұлбада В кернеуді бақылайтын релесі қосылған, ол нормалды қоздырылған. В релесі сөнгенде бұрма ауысу мүмкіндігі жоққа шығарылады.

Педальдардың жұмысын педальды релелер мен олардың ақырын әрекетті ППСП1 (ППСП2) және ПППСП1 (ПППСП2) қайталағыштары тіркейді (14.6 сурет көрсетілмеген), олар БМП блогында орнатылған. Педальды релелердің қайталағыштарындағы түсіге бояулату уақыты 1,9-2,1 с құрайды. Бұл релелердің түйіспелері көп ПТ біріншілік орамына қосынды кедергісі 1,5 кОм екі резистор параллель қосылған.

ПБМ-56 түйіспесіз магнитті педаль (14.7 сурет) – бұл қорек көзі жоқ МД магнитоиндукционды точкалы жолдың датчик МД датчигінің тұрақты магниті және соған кигізілген орамдары болады. Датчикті рельс басынан 10 мм төмен колеяның ішінде рельсте орнатады да, ішкі рельске бекітеді. Педальдан сигналды қабылдауыш РЯ релелік ячейкада орнатылған.

Р (РП-7) полярлы реле қызмет етеді. Р релесінің түйіспесіне R резисторы мен С конденсатордан тұратын шоқ басушы күйлердің контуры қосылған.

Доңғалақ бандажы педальден өткенде тұрақты магниттің магнитті өрісі тағайындалуы мен бағыты бойынша өзгереді. Өсетін магнитті ағын тура полярлықты э.қ.к тудырады. Р релесі іске қосылып, БМП ячейкасында педальды реле қосылатын қалыпты түйіспені тұйықтайды.