- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Abstract
- •In part of calculation shown different methods , formulas and diagrams мазмұны
- •1.1 Конденсатор туралы жалпы мәлімет
- •Конденсатордың негізгі түрлері
- •Конденсатор параметрлері
- •2 Технологиялық бөлім
- •2.1 Электролитикалық конденсаторлардың сыйымдылығын өлшеу
- •2.2 Конденсатор параметрлерін өлшеу
- •2.3 Сыйымдылықтарды вольтметр-амперметр тәсілімен өлшеу
- •2.4 Тізбекті және параллельді микрофарадметрлер өлшеу схемасы
- •2.5 Бірдей өлшемді шкалалы микрофарадметрлер
- •2.6 Сыйымдылықты салыстыру әдісімен өлшеу
- •2.7 Айнымалы токты өлшеу көпірлері
- •2.8 Конденсатор параметрлерін өлшеудің көпірлік әдісі
- •2.9 Сыйымдылықты резонансты өлшеу әдісі
- •3 Есептеу бөлімі
- •3.1 Конденсатордың сыйымдылығын анықтайтын аспаптың негізгі параметрлерін есептеу
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 Конденсатордың сыйымдылығын өлшегішті мультиметрге қосымшасымен жобалау
- •4.2 Конденсатор сыйымдылғын өлшегішті мультимтрге қосымша құруға кететін капиталды шығындар
- •4.3 Қосымшаны өндіруге кететін шығындар
- •4.4 Автоматты басқару жүйесін ендірудің экономикалық тиімділігін анықтау
- •5 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- •5.1 Өндірістік жарықтану
- •5.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •5.3 Ұйымдастыру шаралары
- •5.4.1. Адамдарды өрт кезінде эвакуациялау
- •5.4.2 Өрт сөндірудің химиялық құралдары
- •5.4.3 Өртке қарсы су құралы
- •5.4.4 Өрт байланысы және дабыл беру
- •5.5 Жалпы техникалық талаптар
- •5.6 Үйлестірілген стандарттар тізімі:
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.1 Конденсатор туралы жалпы мәлімет
Әр аттас электр зарядтарын толыққанды жинақтау үшін конденсаторлар пайдаланылады. Конденсатор деп қалындығы өткізгіштердің мөлшерімен салыстырғанда аз диэлектрикпен бөлінген астарлар деп аталатын екі өткізгіштен тұратын жүйені айтады. Жазық конденсатордың сыйымдылығы пластиналар ауданына және пластиналарды бөлетін диэлектриктің салыстырмалы диэлектрлік өтімділігіне тура, ал пластиналардың ара қашықтығына кері пропорционал екендігі тәжірибе арқылы анықталған.
Конденсаторлар техникалық құрылғыларда электр зарядын жинақтау үшін кеңінен қолданылады. Конденсатордың электр зарядтарын жинақтау және сақтау қасиеті, мысалы, электрондық фото жарқыл алуда пайдаланылады. Бұл аспапта конденсатор гальваникалық элементтер батареясынан ұзақ зарядталады да, арнайы шам арқылы тез разрядталады.
Лейден банкасы - алғаш рет XVIII ғасырда жасалған конденсатор, сыртқы және ішкі жағынан станиолмен (станиоль-қалайының жұқа қабаты) желімделген банка түрінде болады. Қағаз конденсаторда астар ретінде станиоль жолақтары, ал өткізбегішке - парафин сіңдірілген қағаз қиындылары алынады. Электролиттік конденсаторларда астардың бірінің қызметін атқаратын фольга жолағы екінші астардың қызметі атқаратын электролит ерітіндісіне салынады. Диэлектрик ретінде фольганы жабатын тотық алынады. Кейде конденсатордың сыйымдылығын өзгерту қажет болғанда, айнымалы сыйымдылықты конденсаторлар пайдаланылады.
Сипаттық тағайындалуына қарай конденсаторларды шартты түрде жалпы және арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп бөлуге болады. Жалпы қолданыстағы конденсаторларға кең тараған төмен вольтты конденсаторлар жатады және олар құралдар мен аппараттардың көптеген түрлерінде қолданылады Ал қалған конденсаторлардың барлығы арнайы қолданыстағы конденсаторлар деп аталады. Оларға жоғарғы вольтты, импульстік, бөгетті жойғыш, дозиметриялық және т.б конденсаторлар жатады. Конденсатордың негізгі сипаттамасы оның электрсыйымдылығы болып табылады. Ол конденсатордың электрзарядын жинақтау қабілетін көрсетеді. Сыйымдылықтың анықтамасы бойынша конденсатордың жапсарларындағы заряд оның жапсарларының арасындағы кернеуге тура пропорционал.
(1.1)
Конденсатордың сыйымдылығы әдетте 1 пФ – тан жүздеген мкФ – қа дейін, сонымен бірге сыйымдылығы ондаған Ф – қа дейінгі конденсаторлар да кездеседі. Сонымен қатар конденсаторларды жапсарларының пішініне қарай жазық, цилиндр тәріздес, шар тәріздес және т.б деп бөледі. Егер өткізгіштер жазық болса және параллель орналасса, онда конденсатор жазық деп аталады.
– кесте. Конденсатордың пішініне байланысты түрлері
Аталуы |
Сыйымдылығы |
Электр өрісінің кернеулігі |
Схемасы |
Жазық конденсатор |
|
|
|
Цилиндр тәріздес конденсатор |
|
|
|
Шар тәріздес конденсатор
|
|
|
|
Конденсатор электр энергиясын және электр зарядтарын жинақтау үшін қолданылады. Конденсатордың екі өткізгішін оның жапсарлары деп атайды. Ол жапсарларды шамасы жағынан тең, таңбалары жағынан қарама –қарсы зарядтпен зарядтайды. Бұл құрал өзіміз көріп жүрген телевизорларда, радиоқабылдағыштарда, магнитофонда және т.б электр құралдарында қолданылады. Конденсатор – электронды компоненттердің кең тараған түрі. Әр түрлі қасиеттерімен жіктелетін конденсаторлардың көп түрі бар. Негізінде конденсатор түрлерін келесідей бөледі:
Сыйымдылықтың өзгеру сипатымен – тұрақты, айнымалы және реттелетін сыйымдылық.
Диэлектрик материалымен - ауа, металданған қағаз, слюда, тефлон, поликарбонат, оксидті диэлектрик (электролит).
Монтаждау әдісімен – баспа немесе көтерме монтаж үшін.
