- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Неке – отбасы заңнамалары
Некені қию және бұзу.
Жұбайлардың міндеті, мүліктік және жеке құқықтары
Ата-ана және бала құқықтары мен міндеттері
5. Сабақ өткізу әдісі: дискуссии, ситуациялық есептерді және тест сұрақтарын шешу
Есеп 1. Анастасия Никифорова (19 жас) және Виктор Кузнецов (17 жас) тұрмыс құрмақшы. Некелерін тіркету үшін АХАЖ бөліміне келді, бірақ қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған Кузнецовқа тұрғылықты мекен-жайы бойынша өзін-өзі басқару жергілікті органдарынан некеге тұруға келісім керек екендігін айтты. Кузнецов бұндай келісім керек емес деп ойлайды, себебі ол сот шешімі бойынша жұмысқа қабілетті деп танылған.
АХАЖ қызметкерлерінің іс-әрекеті негізделген бе?
Есеп 2. Е.Ю.Мадиев 2 рет көп мөлшерде мұрагерлікке ие болды,алайда ішімдікке салынып барлығын жұмсап тауысты. Олардың ішінде «Мерседес»автокөлігі, ауылдағы үй, ақша. Мадиевтің пәтерінде болатын маскүнемдік жиын әйелін қорлаумен, физикалық күш көрсету, өлтіремін деп қоқан лоққы жасаумен аяқталады. Некені бұзу кезінде жұбайы Мадиева Асем Акибаева жоғарыда айтылған мүліктердің құндылығын ескере отырып жұбайлардың ортақ меншігін анықтауды сұрады. Оның айтуынша Мадиев отбасы мүддесіне зиян келтіре отырып шығындалды.
Соттың іс- әрекеті?
6. Әдебиет:
Негізгі:
Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
Айтжан Б.Е. Отбасы құқығы. Оқу әдістемелік құралы. Алматы,2003.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz
Қосымша:
1. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz
7. Бақылау: тест, сұрақ
1.Ерлердің некеге тұру жасы
2.Әйелдің некеге тұру жасы
3.Неке қию үшін не қажет?
4.Неке туралы түсінік
5.Қандай мемлекеттік орган некені жарамсыз деп тани алады?
6.Қай жағдайда ата-ана құқығынан айырылады?
7.Баланын нәсілі ата-анасының нәсілі бойынша анықтала ма?
8.Баланың құқықтарын кім қорғайды?
9.Қай сәттен бастап алимент жүктеледі?
10.Қандай жағдайда баласын асырап алуда ата-анасының рұқсаты керек емес?
11.Қамқорлыққа алуға болатын бала жасы?
12.Асырап алу және қамқорлыққа алу органдарының құқықтары
! Неке бұл...
ер мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ, заңда белгіленген тәртіппен екі жақтың ерікті және толық келісімінің нәтижесі;
ешқандай міндеткерлік алмайтын одақ;
отбасын құру, ерлі –зайыптылардың арасында мүліктік және мүліктік емес қатынастарды туғызады;
туыстар арсындағы одақ;
экономикалық мақсаттарға жету үшін отбасын құру.
! Отбасылық қатынастардың заңмен реттелуі:
некеге тұру туралы шарттарды қарастырады;
балалардың отбасыға орнығуын қарастырады;
ерлі-зайыптылардың азаматтық құқығы және міндеттерін реттейді;
азаматтың тіркелу актісін реттейді;
ерлі-зайыптының әлеуметтік жағдайын реттейді.
! ҚР-ның неке және отбасы заңнамасы негізге алады:
Президенттің бұйрықтарына;
жергілікті атқарушы органдардың нұсқауын;
Конститутцияны;
Үкіметтің бұйрықтарын;
Парламенттің бұйрықтарын.
! Некеге тұру үшін қажет:
некеге тұратын ер мен әйелдің неке жасына жетуі және ерікті келісімі;
туысқандарының келісімі;
бір жақтың келісімі;
некеге тұратын ер мен әйелдің ерікті келісімі және 6 жасқа толуы;
екі жақтың ата-аналарының келісімі.
! Некенің бұзылуы әйел келісімінсіз қандай жағдайда мүмкін емес:
аяғы ауыр және 3 жастағы баласы болған жағдайда;
аяғы ауыр және 2 жастағы баласы болған жағдайда;
аяғы ауыр және жасқа толмаған баласы болған жағдайда;
әйелі ауру болған жағдайда;
егер әйелі келіспеген жағдайда.
! Некенің бұзылуы АХАЖ органдарында қандай жағдайда жүргізілмейді:
екі жақтың өзара келісімі болған жағдайда;
ортақ балалары болмаған жағдайда;
мүліктік және мүліктік емес қатынастар болмаса;
некенің бұзылуына бір жақ келіспесе;
неке келісімі болған жағдайда.
! Неке жарамды болып табылады, егер:
мәжбүрлі жағдайда қосылу;
бір жақтың ауру екенін жасырғанда;
алдаған жағдайда;
екі жақтың келісімімен;
ата-ананың келісімімен.
! Некеге тұрған ерлі-зайыптылардың жеке меншіктері болып табылмайды:
некеге тұрғанға дейінгі жекелей жинаған мүліктері;
некеге тұрған кездегі сыйлықтар;
күнделікті қолданыстағы заттар;
бөлек тұрғандағы жиналған заттар;
бірге тұрған кездегі жинаған ортақ мүлік.
! Неке тіркелгенге дейінгі жасалған неке шарты қай кезден бастап күшіне енеді:
некеге тұрған күні;
некеге тұрғаннан 3 күннен соң;
некеге тұрғаннан айдан соң;
некеге тұрғаннан кейін 7 күннен кейін;
некеге тұрғаннан кейін 5 күннен кейін.
! Неке шарты өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін:
ерлі-зайыптының келісімімен кез келген уақытта;
неке келісім шартына тұрғаннан кейін жылдан соң;
неке келісім шартына тұрғаннан кейін 2 жылдан соң;
неке келісім шартына тұрғаннан кейін 3 жылдан соң;
неке келісім шартына тұрғаннан кейін 5 жылдан соң.
1. Тақырып № 6. Қазақстан Республикасы Еңбек құқығы. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамаларының ерекшеліктері
2. Мақсаты: Пәнмен танысу, әдістерін, еңбек құқығының жүйесі мен шығу тегін үйрету. Еңбекпен қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін білу. ҚР Еңбек Кодексінің негізгі принциптері мен еңбек заңнамаларымен таныстыру.
3. Оқыту міндеттері:
Еңбек құқығының негізгі түсінігімен, пәнімен, белгілерімен таныстыру.
Еңбектік қарым-қатынастың пайда болуын , өзгерістер енгізілуін және тоқтатылуын білу.
Еңбек құқығының негізгі нормативтік-құқықтық актілерін білу.
Еңбек құқықтарының негізгі принциптерімен таныстыру
ҚР Еңбек Кодексін сипаттау
Еңбек қатынастарының негізгі ережелерін білу.
