- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Экологиялық құқықтың жүйесі мен әдіс, пәні
Экологиялық заңнамалардың жалпы сипаттамасы
Табиғатты пайдаланудағы жеке және жалпы құқықтық сипаттамалар
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктер
5. Сабақ өткізу әдісі: ситуациялық есептерді шешу
Есеп 1.Алматы облысының табиғатты қорғау басқармасының атсалысуымен энергетикалық бірлестіктер арасында табиғатты бақылау шарасы өткізілді. Белгілі қалалық ЖЭС-тің бірі құқықтық рұқсатнама бойынша қала көлдерінің біріне зиянды қалдықтар бөліп шығарып жатқанын табиғат қорғау инспекторлары бекітті. Дегенмен төгілетін зиянды қалдықтардағы хлоридтер көрсеткіші заңнама бойынша бекітілген мөлшерден 2,4 есе артық. Бұл мәселе бойынша кәсіпкерлік орталық табиғатты ластау заңнамасы бойынша қандай құқықтық жауапкершілікке тартылады? Сіздің пікіріңізше,қандай заңнамалық талаптар қойылады? Табиғатқа келтірілген зиян мөлшері қалай өлшенбек?
Есеп 2. Жеке кәсіпкер Н., қала жайындағы пунктердің бірінде тұратын тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік органға келіп,өзінің жер телімінің статусының өзгерісін баян етті.Осы уақытқа дейін жеке меншікте болған,ауылшаруашылық дәрежесіндегі жерді дербес қосалқы шаруашылықта игеру мақсатында осы жер теліміне кафе немесе демалыс аймақтарын салуды жоспарлап отырғанын мәлім етті .Әкімшілік бұл мақсатын заңнамалық тұрғыда қабыл алмады.
Әкімшіліктің бас тартқаны заңды деп ойлайсыз ба?
Мемлекеттік билік қатысушыларының инстациядан бас тартуын қалай түсінесіз?
6. Әдебиет:
Негізгі:
Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz
Қазақстан Республикасының Жер кодексі 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz
Қосымша:
1. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. – Алматы,2001.
7. Бақылау: сұрақтар
Экологиялық құқық түсінігі
Экологиялық құқық объектері
Табиғи ресурстарға меншіктік құқық
Экологиялық құқық механизмі
Экологиялық құқық бұзушылық
Жеке меншіктің негізгі ұғымдары және экологиялық-заңнамалық жауапкершілік түрлері
Тақырып № 9. ҚР Қылмыстық құқығының жалпы сипаттамасы
Мақсаты: Қылмыстық құқықтың негізгі міндеті және принциптерімен танысу. Қылмыс, қылмыстық жауапкершілік,жаза түсінігін және белгілерін анықтау.
3. Оқыту міндеті:
Қылмыстық құқық түсінігі және міндеті,жүйесімен таныстыру.
Қылмыстың белгілерін, қылмыс құрамын,түсінігін,жазалау мақсатын, қылмыстық жауапкершілік негізін білу.
Қылмыстық құқықтың заңды-құқықтық актілерін сипаттау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қылмыстық құқықтың міндеті және принциптері.
Қылмыс заңы, оның жүйесі мен құрылымы.
Қылмыс түсінігі және белгілері.
Қылмыстық жауапкершілік.
Сабақ өткізу әдісі: дискуссия, ситуациялық есептерді шешу
Есеп 1. Мухин өз бақшасында жұмыс жасап жатқан кезде, көршінің иті бақшадағы құлпынайдың үстінде жүргенін көріп тас лақтырды. Иттің иесі көріп қойып Мухинді балағаттады. Араларында ұрыс-керіс басталып Мухин көршіге тас лақтырып,басына тиіп денсаулығына орташа ауырлықта зиян келтірді.Мухиннің іс-әрекетін түсіндіріңіз және бұл шиеленісті қандай жолмен шешуге болады?
Есеп 2. Төлеубаев Қайдаров деген кісіге Бекмырзаны өлтір деп ұсыныс жасады және оған 5 мың доллар төлейтінін айтты. Қайдаров Бекмырзаның үй алдына жақындағанын көріп аяқ астына граната лақтырды. Алайда граната жарылмай,Бекмырза жарақаттанбады. Қайдаров қолында екінші гранатаның бар болуына қарамастан оны лақтырмады,себебі Бекмырза жарылмай қалған гранатаны өзіне лақтырады деп қорықты.
Қайдаровтың іс-әрекетін түсіндіріңіз және ол қылмыстық жауапкершілікке тартыла ма?
6. Әдебиет:
Негізгі:
