Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1241_zhiribelik_saba_1179.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
297 Кб
Скачать
☆

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Еңбек құқығының жүйесі мен шығу тегі.

  2. Еңбектік құқықтық қарым-қатынас.

  3. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдері

  4. Кепілдік және орынбасушылық

  5. ҚР Еңбек Кодексі

  6. Еңбек тәртібі

  7. Еңбек қатынастары

  8. Еңбек туралы заңды сақтауды бақылау және тексеру түрлері

5. Сабақ өткізу әдісі: шағын топпен жұмыс, тестілеу, ситуациялық есептерді шешу:

Есеп 1. Слесарь Жақсықалиев 2005 жыл 26 маусымда ҚР қарулы күштеріне шақырылған. Бірақ оның орнына жұмысқа Көбеев қабылданды. Денсаулық жағдайының демобилизациясына байланысты Жақсықалиев зауытқа келіп баяғы жұмысының берілуін талап етті.Оның орнына қабылданған Көбеевтің жұмысын жақсы атқарып жатқанына байланысты әкімшілік қабылдаудан бас тартты. Әкімшіліктің Жақсықалиевті өзінің баяғы жұмысына қабылдаудан бас тартуы заңды ма? Ситуацияны қалай шешуге болады?

Есеп 2.Құрылыстағы белгілі бір объектіде бетонды тегістеу жұмыстарының аяқталуына байланысты құрылыс басшысы 10 жұмысшының алып келінген бетонның толық тегістеп болғанға дейін жұмыста қалуына жазбаша түрде бұйрық шығарды.Осыған байланысты жұмысшылар объектіде күнделікті жұмыс уақыты 6 сағаттан көп жұмыс істеді. Жұмысшылар бұл жұмыстың қалай өтелетіне қызығушылық танытты.Бетонның белгіленген уақыттан кеш алып келуіне, жұмыс уақытының көбінде жұмысшылар жұмыс істемеуіне байланысты ешқандай өтемақы болмайтынын айтты. Есептің шарты бойынша жұмыс қалай өтеледі? Осы жағдайда қосымша жұмыс жасалды ма?

Есеп 3. Андреевамен оның мекемеде қаржыгер мамандығы бойынша еңбек шарты жасалынды. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта оның жұмыстың басталу уақыты 20 наурыз екендігі, лауазымы " қаржыгер" және жалақы мөлшері көрсетілді. 17 сәуірде Андрееваны жұмысқа кірудегі сынақты өтпеуі себебімен жұмыстан шығару туралы бұйрықпен таныстырады. Бұл ұйымның басшысы дұрыс әрекет жасады ма?

Есеп 4. 16 жастағы Асанов «Пекин» мейрамханасына оны асхана жұмысшысы ретінде қабылдауға өтініш жазады. Директор одан еңбек кітапшасын, төлқұжат, алдыңғы жұмыс орнынан мінездеме, денсаулық жағдайы туралы, тұрғылықты жері туралы, отбасы жағдайы туралы анықтамалар сұрайды. Асановтың еңбек кітапшасы жоқ екенін, мектеп аяқтағаннан бері ешқайда жұмыс істемеген екенін және Астанада емес облыста тұратынын білгеннен соң оны жұмысқа қабылдаудан бас тартады. Асанов прокуратураға шағым жасайды. Жұмысқа кірер алдында қандай құжаттар тапсыру керек? Мейрамхана басшысы дұрыс жасады ма?

6. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Оспанов к. Құқық негіздері. Алматы, 2009

  2. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz

Қосымша:

  1. Шайбеков К.А. Еңбек құқығы. А.,2001 ж.

  2. Еңбек құқығы. Абузярова Н.А. А., 2002.

  3. Еңбек құқығы. Айман Т.О. М., 2002

7. Бақылау: сұрақтар, тесттер

1.Еңбек құқығы түсінігі.

2.Еңбек заңнамалары

3.Еңбек уақыты түсінігі

4.Жеке еңбек келісімінің қорытынды түрі

5. Жеке еңбек келісімінің бұзылуының жұмысшыға ескерту уақыты

6.Жұмыс уақытының қалыпты жалғасуы

7.Жұмысқа қабылдаудағы сынақ уақыты

8. Қандай жағдайда жеке еңбек келісімі тоқтатылады?

9. Қандай жағдайда жеке еңбек келісімі бұзылады?

10. Қандай жағдайда жұмыс беруші жұмысшыны жұмысынан алыстатады?

11.Ұжымдық келісім қанша уақытқа жасалады?

12. Еңбек ақы түсінігі

13.Еңбектік қарым-қатынасқа байланысты сотқа шағымданғанда соттық шығындарды жұмысшы төлейма?

! Еңбек шарты жасалады:

  • жазбаша түрде;

  • ауызша түрде;

  • екі жақтың келісімімен;

  • жұмыс берушінің келісімімен;

  • ерікті түрде.

! Азаматтардың демалыс уақыты туралы ҚР- сы Конституцияның мына бабында бекітілген:

  • № 37 бап;

  • № 47 бап;

  • № 33 бап;

  • № 24 бап;

  • № 22 бап.

! Жыл сайынғы еңбек демалысының минималды мерзімі:

  • 36 күн;

  • 28 күн;

  • 24 күн;

  • 44 күн;

  • 38 күн.

! Еңбек келісім шарты бұзылған жағдайда жұмыс беруші жұмысшығатиесілі ақшаны қанша мерзімде түсіруге міндетті:

  • апта;

  • 3 күн;

  • 2 күн;

  • ай;

  • 2 ай.

! Адамның еңбек қызметін реттейтін құқық саласы:

  • азаматтық іс- жүргізу құқығы

  • қылмыстық іс- жүргізу құқығы

  • азаматтық құқық

  • еңбек құқығы

  • қаржы құқығы

! Еңбек құқығының реттейтін әрекеттері:

  • жалақының төленуі;

  • демалыс үйіне жолдаманың сатып алынуы;

  • дүние-мүлікті басқару;

  • тауар сату;

  • мүлік сатып алу.

! «Жұмыс беруші жұмысшының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырып, оның өміріне және денсаулығына зиян келтірмеуге, еңбек құқығын сақтауға міндеті туралы» заңы қай жылы қабылданды:

  • 2005ж.

  • 2000ж.

  • 2000ж.

  • 2004ж.

  • 2002ж.

! «ҚР-ң мемлекеттік қызмет туралы» заңықай жылы қабылданды?

  • 1995ж.

  • 1999ж.

  • 1998ж.

  • 1997ж.

  • 1993ж.

! «Еңбекті қорғау туралы» заң қашан қабылданды?

  • 1993ж.

  • 1994ж.

  • 1995ж.

  • 1996ж.

  • 1997ж.

! «ҚР-ң ұжымдық шарттар туралы» Заңы қабылданды:

  • 1990ж.

  • 1999ж.

  • 1992ж.

  • 1993ж.

  • 1994ж.

! «ҚР еңбек Кодексі» қай жылы қабылданды:

  • 2000 ж.

  • 2004 ж.

  • 2007 ж.

  • 2008 ж.

  • 2009 ж.

! Еңбектің негізгі атқаратын қызметтеріне жатпайды:

  • әлеуметтік қызметі;

  • тәлімдік қызметі;

  • шаруашылық қызметі;

  • қорғаныстық қызметі;

  • императивті функция.

! Депутат еңбек (кызмет) тәртібін бұзған жағдайда қарастырылады:

  • әкімшілік жауапқа тарту;

  • еңбектік жауапқа тарту;

  • тәртіптік жауапқа тарту;

  • азаматтық жауапқа тарту;

  • қылмыстық жауапқа тарту.

! Заңды тұлғаны жабу кезінде еңбекақыны төлеу жүргізіледі:

  • -ші кезекте;

  • 4-ші кезекте;

  • 3-ші кезекте;

  • 2-ші кезекте;

  • 5-ші кезекте.

! Егер қауіпсіздік ережелері, өндіріс санитариясы немесе басқа еңбек құқықтарын қорғау бұзылған кезде, сол ережелердің қадағалануы жүктелетін тұлға тарапынан дұрыс қарамау салдарынан денсаулыққа орташа немесе ауыр зиян келтірсе, қарастырылады:

  • Еңбек кодексімен;

  • Қылмыстық кодексімен;

  • Азаматтық кодексімен;

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

  • Салық Кодексімен.

1. Тақырып № 7. Қазақстан Республикасы Қаржы құқығының негіздері

2. Мақсаты: Қаржы құқық қызметі, қаржы құқықтық қарым-қатынас сипатымен таныстыру.

3. Оқыту міндеті:

  1. ҚР қаржы құқық қызметі, белгі, түсініктерімен таныстыру.

  2. Қаржы құқығының заңды негізін білу.

  3. Қаржы құқықтық қатынасты сипаттау.