Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
T_1241_zhiribelik_saba_1179.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
297 Кб
Скачать
☆

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қаржы құқық туралы түсінік, пәні, әдісі.

  2. ҚР қаржы құралы.

  3. Мемлекеттің қаржы жүйесі және органдары.

  4. ҚР-ғы валюталық реттелу.

5. Сабақ өткізу әдісі: ситуациялық есептерді және тест сұрақтарын шешу

Есеп 1. Свердлов облысының зейнетақы фондының жергілікті органының қызметтік тұлғасы тексеріс кезінде маркетингтік қызмет көрсету келісімі бойынша жеке кәсіпкер Петровтан сақтандыру жарнасының 28% суммасын талап еткен.

Осындай талап қоюға зейнетақы фонд қызметкерінің құқығы бар ма?

Есеп 2. Банк қызметкері, физикалық тұлға банкке қарыз үш кәсіпорын акцияларына ие. Оның жарғы капиталында үлесі әр кәсіпорынның50%құрайды. Айтылған кәсіпорындарды өзара байланысты борышкерлер деп жіктеуге болады ма?

Тест сұрақтары:

! «finare» терминінің мағынасы:

  • дауды реттеу;

  • құқықтық қатынастарды реттеу;

  • экономикалық қатынастарды реттеу;

  • қаржыны реттеу;

  • әлеуметтік қатынастарды реттеу.

! Қаржы принципіне жатпайды:

  • заңдылық;

  • жариялылық;

  • жоспарлау;

  • орталықтандыру;

  • әкімшілік бөлініс.

! ҚР-ң қаржы құқығының басты дерек көзі:

  • ҚР-ң Конституциясы;

  • Қаржы саласындағы халықаралық келісім- шарттар;

  • Қаржылық-жоспарлау актілері;

  • Құқық нормасы;

  • ҚР-ң Азаматтық Кодексі.

! Қаржы құқығы қатынастарының субъектілері болуы мүмкін:

  • қаржы құқығына салық төлеуші ретінде қатынасатын азаматтар;

  • Мемлекет, жеке және заңды тұлғалар;

  • банкте жұмыс жасайтын заңды тұлғалар;

  • азаматтық жұмыстармен айналысатын жеке және заңды тұлғалар ;

  • шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар.

! Мемлекеттің бағалы қағаздар нарығын реттеу жүзеге асырылады:

  • ҚР- ң қаржы министрлігімен;

  • ҚР-ң Үкіметінің жаңындағы бағалы қағаздар комиссисымен;

  • ҚР Ұлттық банкімен;

  • қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттейтін және қадағалайтын агенттік;

  • салық депортаментмені.

! Қаржы құқығының пәні:

  • ақша;

  • мемлекеттің қаржы ресурстары;

  • қаржылық құқықтық қатынастар ;

  • қаржылық құқықтың субъектілері;

  • бағалы қағаздар.

! Ұлттық валютаның шетелдік валютаменарақатынасы -бұл...

  • ақшалай бірлік;

  • валюталық курс;

  • бюджет;

  • ақша белгісі;

  • ұлттық валюта.

! Ақшаны қайтарымсыз ұсыну- бұл...

  • қаржыландыру;

  • несие беру;

  • субсидия;

  • дотация;

  • аккредитация.

! Қаржы құқығы қатынастарының материалдық нысандары:

  • мемлекет;

  • ақша;

  • үй;

  • дүние-мүлік;

  • табиғи ресурстар.

! Қаржылық құқықнормалары құрылымы нелерден тұрады:

  • диспозиция және жүйенің міндеттемесі;

  • жүйенің және диспозициясының жорамалы;

  • санкция, диспозиция жәнежорамалдар;

  • жорамал, міндеттемелер, диспозициялар;

міндеттемелер, жүйелер және басқармалар.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1.Худяков А.И. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы. – Алматы, 2001.

2.Сапаргалиев Г.С. Мемлекет және құқық негіздері А.,2001

Қосымша:

1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV Кодексі (2014 жылғы толықтырулар мен өзгертулермен.)//adilet.zan.kz

7. Бақылау: сұрақтар

1.Қаржы құқық түсінігі

2.Қаржы құқық әдісі, пәнін талдау

3.ҚР бюджет жүйесінің деңгейін, түрлерін атаңыз

4.Салықтың басқа төлемдерден айырмашылығы

5.Инвестиция түрлерін атаңыз және түсініктеме беріңіз

1. Тақырып № 8: ҚР Экологиялық және жер құқығы заңнамаларының жалпы сипаттамасы

2. Мақсаты: ҚР экологиялық құқықтың жалпы жағдайымен таныстыру.ҚР жер құқық заңнамаларын жинақтау.

3. Оқу міндеті:

  1. Экологиялық құқықтың тәсілі және жүйесімен таныстыру

  2. Табиғат пайдаланушылардың негізгі ұстанымдарын білу

  3. ҚР жер заңнамасын сипаттау