Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osimdikter anatomiyasy jane morfologiyasy lekci...doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Лекция № 10 Тақырыбы: Сабақ.

Жоспар:

1. Сабақтың морфологиясы.

2. Өсімдік сабақтарының пішіні.

3. Өсімдік сабақтарының консистенциясы

1. Сабақ - жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік органдардың бірі.Ол өсімдіктің денесін жоғарғы көтеріп тұру,тамырдың топырақтан қабылдаған суы мен минерал тұздарды жапыраққа қарай,ал жапырақта пайда болған органикалық заттардың ерітінділерін тамырға қарай өткізіп отыру қызметтерін атқарады, сол сияқты түрлі өркендер, гүл және шоғырларын шығарады; өсімдіктің тіршілігіне қажетті қор заттарын жинайды т, т.

Өсімдік сабақтарының еңсесі. Өсімдік сабақтары кеңістікте орналасуына қарай әр қилы болады; бірі – тік өседі, екіншісі жерден көтеріңкі келеді . 2); үшіншісінің сабағы жерге төселе жатады. Төртінші бір топ өсімдік сабақтары шырмалып өседі, бесіншілерінің сабақтары бір нәрсеге өрмелеп өседі және бір топ өсімдік сабақтары өте қысқа болып, тырбиып өседі . т, с, с. Міне , өсімдік сабақтарының кеңістікте орналасу өсімдік сабағының еңсесі деп атайды.

Өсімдік сабақтары олардың түріне қарай және көлемі жағынан да әр қилы болады ; кейбір драба, балықот дейтін бір жылдық шөптесін өсімдіктер сабағының ұзындығы не бары бірнеше миллиметрден және сантиметірден, жуандығы бір ғана миллиметрден аспайтын болса, ал кейбірінікі ондаған және жүздеген метрге барады. Мысалы, Америкадағы секвойяның биіктігі 140 метрге, диаметрі 10 – 11 метрге дейін , Австралияда өсетін эвкалипттің биіктігі 155м , ал тіпті кейбір пальманың биіктігі 200- 350м болады. Біздің жердегі шырша мен қарағай діңінің биктігі 40 – 50м ғана шамасында болады.

Осы сияқты әр қилы ұзындықта болатын өсімдік сабақтарының барлығы бірдей өздерінің ұшынан өсіп ұзарады. Бұл өсу - өсімдікке әсерін тигізетін ішкі және сыртқы ортаға байланысты.

Өсімдік сабағының ұзарып өсуі, орташа мөлшермен алғанда , минутына 0,005 мм-ге жетеді, ал кейбіреулердікі мысалы бамбуктікі, қолайлы жағдайда минутына 0,6 мм өседі; сөйтіп, ол тәулігіне кейде 30 -90 сантиметірге де жетеді. өсімдіктің ұзарып өсіуі тек бой конусында орналасқан жасуша ткань клетлкларына ғана емес, сонымен қатар кейбір өсімдік сабағындағы буын аралығының түп жағындағы меристема клеткаларының бөлінуіне де байланысты болады. Мұндағы өсуді қыстырмалы бой, яғни интеркалярлық өсу деп атады. Бұл – злак тұқымдас өсімдіктерге тән . Өсімдік сабағының осы сияқты жолдармен бойлап өсуін арнаулы аспаппен өлшеп отыруға болады.Ондай аспапты ауксанометр деп атайды.

2. Өсімдік сабағы да, жапырағы сияқты, морфологиялық жағынан түрлі болады. Бір өсімдіктің сабағы жердің бетінде, екіншісінікі жердің астында, үшіншісінің сабағы биік,басқа біреуінің сабағы жатаған, бірі – жіңішке, бірі – жуан, бірі – ұзын, бірі – қысқа, бірі – қаты, бірі – жұмсақ болады. Әр қилы өсімдіктердің сабақтары көпнесе тік, көтерінкі болып өседі, жатаған төселмелі , шырмалғыш, өрмелегіш және қысқарған сабақтар да кездеседі, пішіні жағынан – жұмыр, көп қырлы, төрт қырлы, үш қырлы және қос қырлы сабақ болып, ал консистенциясы жағынан алғанда шөптесін, бұта, жартылай бұта және ағаш болып жіктеледі.

Тік сабақтар - әрқашан да оң фототропизм гелитропизм және теріс геотропизм бағытынымен өсетін сабақтар. Бұған жер бетінде өсетін көп өсімдіктердің сабақтары жатады. Солардың арасынан күнбағысты қарастырамыз.

Күнбағыс- күрделі гүлдер түқымдасына жататын бір жылдық шөптесін м айлы өсімдіктердің бір түрі. Мұның сабағы тік өседі. Тік сабақта өсімдіктер кеңістіктен қолайлы орын алады және тіршілік жағдайына әрқашан да бейімді келеді. Жапырақ тақталары күнге қарай ентелеп, фотосинтез процесінің бөгетсіз жүруіне себеп ші болады.

Тік сабақтар туралы өткенде басқада шөптесін және сүректі өсімдік түрлерін пайдалануға болады.

Жатаған сабақтар. Жер бауырлап өсетін өсімдіктерді жатаған сабақты өсімдіктер деп атайды. Мысалы бұған бүлдіргенді алуға болады.

Бүлдірген ( земляника) - раушан гүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Оның бір түрі – бақ бүлдірген (земляника садовая).

Әдетте бүлдіргендерді қатарлап, әрбір қатардың аралығы 80 – 90 см, жеке өсімдіктердің аралары 15 -25 см етіп отырғызады.

Бүлдіргеннің бойында көбінесе 3- 4 жапырағы бар, тамырлары жақсы жетілген бір жылдық мұртшалары ерте көктемде, ал кейде күздің бас кезінде отырғызады. Жатаған сабақты өсімдіктерді кейде желі сабақты өсімдік деп те атайды. Жатаған желі сабақты өсімдіктерге бүлдіргеннен басқа – қияр, қауын, қарбыз, асқабақ т,б, жатады

Лианалар деп сабақтары әрі жіңішке, әрі жеңіл , әрі ұзын болып өсетін өсімдіктерді айтады.

Кейбір лианалар ұзындығы 200 – 350м, ал жуандығы 2 – 4 см ғана болып ротанга пальмасы , өте ұзарып өседі.

Лианалар систтематикалық жағынан алғанда, өзінше таксономикалық ерекше топ құрмайды, оларға әр қилы тұқымдастардың өкілдері жатады. Бұлардың арасында сүректі өсімдіктер де жүзім, ротанга пальмасы т б , шөптесін өсімдіктерде құлмақ, шырмауықтар т б , бар. Лианаларды шырмалғыш лианалар кәдімгі шырмауық , у шырмауық, құлмақ т б және өрмелгіш лианалар жүзім, ротанга пальмасы, пүліш, қара бұрыш т б, деп, екіге бөлінеді.

Бұлар бір нәрсеге жармасыпі өрмелеп немесе оның бойына шырмалып барып жоғары көтерілмесе, өз бетімен өсе алмайды.

Кейбір ауыл шаруашылақ дақылдары қатарына енетін лианаларды кез келген тік сабақты өсімдіктермен қатарластыра немесе оның түбіне егеді. Мысалы, үрмебұршақты жүгерімен қатарластыра егеді, олай етпегенде .рмебұршақ өз бетінше өсе алмай, аяқ астында тапталып қалады.

Шырмалғыш лианаларға лианалардың ішіндегі шырмалғыш өсімдіктер, мысалы, құлмақ, кәдімгі шырмауықә мыңбас шырмауық т б жатады.

Құлмақ – тұт тұқымдастарына жататын шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Бұл туысқа жататын өсімдік түрлері бір жылдық та және көп жылдық та болады.

Барлық лианалардікі сияқты құлмақтың да сабағы әрі ұзын, әрі жіңішке болады және оның ұшы күн сәулесі түскен жаққа қарай бейімделіп, сонымен бағыттаса немесе сағат тілінің бағытымен жарыса өседі . Құлмақ өркенінің ұшын шырмауықтікімен салыстарғанда екеуінің шырмалу бағытында өзгешелік бар екені байқалады, яғни олар біріне – бірі қарсы бағытта шырмалып өседі.

Шырмауық - өзі аттас өсімдіктер тұқымдасына жатады, оның кәдімгі шырмауық және мыңбас шырмауық деген түрлері бізде жиі кездеседі.

Шырмауықты, салыстыру мақсатымен , құлмақ егілген жердің қасына отырғызған жөн. өніп шыққан құлмақ пен шырмауықтың түбіне жіңішке қазық қағып, оның ұшвна бір – бірден ұзын жіп байлап, олардың бір шетін бел ағашқа іліп қояды. Сонда өсіп шыққан әрбір құлмақ пен шырмауық жіпті бойлап жоғары қарай шырмала өседі.

Өрмелегіш лианалар. өрмелегіш лианаларға жататын өсімдіктер бір нәрсеге шырмалып өспейді, олар жармасып, жоғары қарай тік өрмелеп өседі. Бұлардың жармасып өрмелеуге икемделіп біткен мұртшалары болады. Мұртша – метаморфозданған өзгерген жапырақ немесе өркен. Мұртшалар қасында өсіп тұрған өсімдіктердің жанаса біткен бұтақтары мен сабағына немесе әдейі қағылған қадалар мен тартылған сымға жармасып, жоғары қарай өрмелеп кете береді. Бұған бір – екі мысал келтірейік.

Ж ү з і м – жүзім тұқымдасына жататын, өрмелеп өсетін сүректі өсімдіктердің бір туысы.

Жүзімнің жабайы түрлері де бар. Олардың гүлдері дара жынысты және екі үйлі болып кездеседі, ал мәдени сорттарының көпшілігі қос жынысты болады.

Қысқарған сабақ . Кейбір өсімдіктердің сабағы түрін өзгертіп, қысқарып кетеді де, бірден олардың сабағының бар – жоғын ажырату қиын болады. Мысалы, бұндай өсімдіктерге тартаржапырақ, бақ – бақ жатады.

Бақ – бақ , тартаржапырақ түрлерінің жер бетіне сойдиып шығып тұрған бөлімдері – г ү л с и д а м цветонос деп аталатын гүл сағағы. Олардың ең ұштарында бірінде – реңді бақ –бақ , екіншісінде – реңсіз тартаржапырақ гүлшоғырлары болады. Сыртынан қарағанда ттартаржапырақ пен бақ- бақ жапырақтары жертағандап, жан – жағына дегелектеніп өседі де, жермен – жексен болып жатады.

3. Өсімдік сабақтарының пішіні. Өсімдік сабағының пішіні оның көлденең қимасына және сыртқы құрлысына қарай – жұмыр сабақ, көп қырлы сабақ, төрт қырлы сабақ, үш қырлы сабақ, қос қырлы сабақ болып ажыратылады.

Жұмыр сабақ. Сабағының көлденең қимасы дөңгеленіп көрінген түрлері жұмыр сабаққа жатады. Бұл өсімдіктердің басым көпшілігінде кездеседі. Мысалы, еменді, жөке ағашын, үйеңкіні, теректі т б алуға болады.

Т е р е к - талдар тұқымдасына жататын сүректі өсімдіктер туысы. Терек тұқымынан, тікпе шыбықтары мен тамыр атпаларынан және қалемшелерінен өсіріледі. Тұқымынан егілгендері 10 – 14 сағатта өніп шығады да, күздің аяқ кезінде ұзындығы 50 см –ден асады, ал қалемшесінен өсірілгендері бір жазда 1 – 4 м-ге дейін жетеді.

Жөке ағашы өзі аттас сүректі өсімдіктердің бір туысы. Жөке ағашына жататын түрдердің ерекшеліктері; жапырақтары – сағақты, оның тақтасы дөңгелектеу немесе сопақтау келеді де, бұтаққа кезектесіп орналасады; гүлдері – қос жынысты, симметриялы, хош иісті, ақшыл сары түсті, шоғырланған; жемістері – бәр немесе кейде екі ұялы болатын жаңғақша.

Майда жапырақты жөке ағашы – биіктігі 30 м-ге жететін, жуандығы 1м – дей болатын үлкен ағаш.

Қырлы сабақтар. өсімдік сабақтарының пішіні жұмыр болумен қатар, қырлы болып та кедеседі. Жұмыр сабақтардыі ішкі бөліміндегі механикалыө ткань түрлері колленхима , айнала біркелкі болып орналасқан болса, қырлы сабақтардың бұл механикалық тканьдері көп өсімдіктерде әр жерде топ- топ болып орналасады да, олардың орналасқан жерлері білеуленіп, қырланып кетеді. өсімдік түріне қарай, олардағы сабақтың қырлануы да әр қилы болып кездеседі. Мысалы, к а к т у с т а р – қо жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің бір тұқымдасы. Какеустардың ішінде екі туысының ғана кәдімгі өсімдіктердікі тәрәзді өсіп тұратын жапырақтары мен сабақтары болады, ал оның қалған түрлерінің сабақтары мен жапырақтары түрлерін өзгертіп, бірі – тікенге немесе сояуға, екіншісі – етжінді мүшеге айналып кетеді. Кактустардың гүл серіктері түрлі түсті, аталықтары көп, ал аналығы бірнеше жеміс жапырақтарынан құралған, жемістері де түсті және етжінді жидек тәрізді болады.

Кактустарды тұқымынан және вегетативтік жолмен өсіріп көбейтеді. Кактусты сабаөтың қос қырлы жалпақ және көп қырлы түрлеріне, сонымен қатар сабақ және жапырақ метаморфозына пайдаланады. Көп өырлы сабақ жалғыз кактустарда ғана емес, шөптесін өсімдіктерден валерианада, люффада, жалбвзда, картопта кездеседі.

К а р т о п – алқа тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Картоптың жер ьетіндегі сабағы – үш қырлы жапырағы- тақ қауырсынды, гүлінің түсі әр қилы ақ, көгілдір, қызыл, желектері мен аталығы – 5; жемісті- жидек, оның ішінде сарғыш түсті көптеген тұқымы болады. Картоптың түйнегі – ионың столон деп аталатын жер астындағы сабағының түрін өзгертіп жіберген ұшы түйнекте көптеген көзшелері болады. Ол көзшелердің әрқайсысында үш- үштен бүршік орналасады. Картопты отырғызғаннан кейін бұлардың біреуі ғана өсіп шығады. Сортынаң айдалған жерінің өңделуіне және агротехникасының жүйесіне қарай бір түп мәдени картопта 4 – 5 сабақ болады.

4. Өсімдік сабақтарының консистенциясы. өсімдік сабақтарының жұмсақ – қаттылығы, жуан - жіңішкелігін жұқалық – етжінділігін, борпылдақ – шымырлығын, мықтылық – морттығын, тармақты – тармақсыздығын, бітеу – қуыстығын сабақтың консистенциясы деп атаймыз. Өсімдіктердің сабақтары осы жағынан қарағанда шөптесін және сүректі болып екіге бөлінеді.

Шөптесін сабақтары дпе, жер ьетіндегі сабғы онша сүректенбейтін және вегетациялық дәуірінің соқында жемісінен тұқымынан басқа органдары қурап қалатын өсімдіктер сабақтарын айтады.

В е г е т а ц и я л ы қ д ә у і р дегеніміз - өсімдік өскіні мен өркеннің еккен тұқымынан немесе тамыр сабағынан өсіп шыққан күннен бастап, оның жаңа тұқымы піскенге дейінгі басынан өткізген мерзімі.

Ш ө п т е с і н ө с і м д і к т е р с а б а ғ ы н ы ң ж а с ы н а қ а р а й а з жылдық, көп жылдық болып екіге бөлінеді және өзек құрылысына қарай қуыс өзекті, жұмсақ өзекті және шымыр бітеу өзекті болып та келеді.

Аз жылдық өсімдіктерге бір- ақ жеміс беретін өсімдіктер жатады. Аз жылдық өсімдіктің өзі бір жылдық болуы мүмкін. Бір жылдық шөптесін сабақта өсімдіктер- бір ғана вегетациялық дәуір ішінде өседі де, көктемде егілген ескі тұқымынан күзде қайтадан жаңа тұқым пісіп шығады, одан соң вегетативтік органдарының барлығы бірдей қурап қалады. Бұдан арпа, бидай, тары, сұлы, жүгері, қияр, қауын, қарбыз, және басқа ауыл шаруашылық дақылдары мен көптеген сол сияқты жабайы өсімдік түрлері жатады. Екі жылдық шөптесін сабақты өсімдіктерге егілген тұқымынан бірінші жылы вегетативтік органдарын жетілдіріп, екінші жылы жемісін тұқымын шығаратын қсімдіктер тобы жатады. Мысалы, сәбіз, қызылша т б.

С ә б і з- шатыр гүлділер тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Сәбіз – екі жылдық, ал оның жабайы түрі көп жылдық өсімдік, оның, бір жылдығы да кездеседі. Мәдени сәбіз – екі жылдық өсімдік, ол көбінесе овощ және жем үшін өсіріледі. Мұның тұқымы ұсақ . Оның қылтықты қауызынан тазартылған 1000дана тұқымының салмағы 1,1 – 1,5 г болады. Тұқымынан егілген сәбіз, жоғарыда айтылғандай, бірінші жылы дегелектенген жертаған жапырақтары мен тамыр жеміс сабағын шығарады да ,ал екінші жылы гүлдеп, тұқымын береді. Тұқымын бергеннен соң оның вегетативтік органдары қурап қалады. Сәбізді екі жылдық өсімдіктер сабағына ғана мысал ретінде емес, сонымен қатар жертаған, түктенген ұзын сағақты, көптеген қауырсын тілімді, сондай- ақ қобылы жапырақтар түріне де, күрделі шатырлы гүл шоғырлары мен қос жынысты және айқас тозаңданатын гүлдерге, қуыс өзекті сабақтарға, тамыр мен сабақтың бірлескен метаморфозына мысал ретінде де қарастырамыз.

Қ ы з ы л ш а – алаботалар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдіктердің бір туысы. Мәдени қызылшаның өзі екі жылдық шөтесін өсімдік. Мәдени қызылшаның – ас қызылшасы , жем қызылшасы және қант қызылшасы деген түрлері өсіріледі. Көп жылдық өсімдіктер – егілген тұқымнан өніп шыққан сабақтары көптеген жылдар бойы өсіп тұратын өсімдіктер тобын. Көп жылдық сабағы бар шөптесін өсімдіктер жеміс беретін жылдарының санына қарай – м о н о к а р п т ы және п о л и к а р п т ы деп екіге бөлінеді.

М о н о к а р п т ы өсімдіктер – вегетативтік органдары көптеген жылдар өсетін және сол жылдардың ішінде бір – ақ рет жеміс тұқым беретін, кейін курап қалатын өсімдіктер. Бір жылдық шөптесін өсімдіктердің жемістердің бәрі монокарпты. Оларға қарағанда, көп жылдық монокарптылар түрі жер жүзінде әлдеөайда аз болады. Көп жылдық монокарптыларға бамбуктің кейбір түрлері жатады.

П о л и к а р п т ы көп жылдық шөптесін өсімдіктер сабағына мысал ретінде алатын өсімдіктер толып жатыр. Олардың көпшілігінің сабақтары түрін өзгертіп (метаморфозданып), тамыр сабаққа айналып кетедіде, жер астында өседі. Олар қолайлы жағдайда өз бойындағы қосалқы немесе жанама бүршіктерінен өркендер шығарып, жер бетіне қаулап өсіп шығады. Дегенімен бұл вегетациялық дәуірдің аяғында жыл сайын қурап қалып отырады(беде, жоңышқа, бидайық, қалуен және т.б.)

А ғ а ш- ерекше көзге түсетін жуан дің-сабағы және одан жуанды-жіңішкелі бұтақтар шыққан кронасы бар өсімдіктер. Ағаштар негізгі дің-сабағының биіктігі 7м-ден (арша)150м-ге дейін (эквалипт пен секвойя)барады. Ағаштың 60-70 проценті дің-сабағын,20проценті бұтағын, 5-20проценті тамырын құрайды. Ағаштар 50-жылдан-15000 жылға дейін жасайды. Мысалы,қайың 400жыл, жөке ағашы1000 жыл, емен 2000жыл , баобаб 4000-5000жыл, ал кейбір сирек кездесетін ағаштар бұдан да әлдеқайда көп жасайды.Сабағының биіктігі 35м, жуандығы 35 м келетін бір кипаристің (сауырағаш)10000жасқа келгендігі анықталған, Чикаго университетінің профессоры Чемберлен Австралияның макроцамия деген ағашын сипаттай келіп, оның ұзындығы 1м- ге жеткенде-3000жыл, ал 6м-ге жеткенде 12000-15000 жыл жасайтындығын анықтаған.

Б ұ т а – бір тұқымнан өсіп шыққан өсімдік сабағы тамырдың мойын түбінен бастап –ақ тармақтанып, түптеніп, топ-топ болып өседі. Бұлардың әрбіржеке сабақтары ұзын-қысұалығыжәне жуан-жіңішкелігі жағынан бір келкі болады. Оларда ерекше көзге түсерліктей негізгі жуан дің-сабақтары болмайды (тобылғы,жыңғыл, боз қараған,итмұрын т .б. ). Қазақстан тереториясындамұның барлық түрі де өседі. Бірақ оның -бір жеріндегі өскен түріекінші жерде өспеуі мүмкін. Сондықтан оның Қазақстанда өсетін түрлеріне тоқталамыз.

Жыңғыл-жыңғыл тұқымдасына жататын сүректі өсімдіктердің бір туысы. Жыңғылды тұқымынанда, тамыр кескінділерінен де әсемдік үшін өсіруге болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ол сиреньнен де кем түспейді.

Т о б ы л ғ ы- раушан гүлдер тұқымдасына жататын сүректі өсімдіктердің бір туысы.Бұл да көбінесе түптеніп өсетін бұта. Тобылғыны тұқымынанда тамыр атпаларынанда,сұлатпа шыбығынанда, жасыл өркендерінің кескінділеріненде және түбірінен өсіп шыққан шыбығынанда өсіруге болады. Ол аязға, құрғақшылыққа төзімді келеді, жазық және жарықжерде өте жақсы өседі.

Тобылғының Қазақстан жерінде өсетінінің ішінен-шайқурай жапырақтас тобылғыға тоқталамыз. Шайқурай жапырақтас тобылғы- басқа шіліктермен аралас өседі және таулы жердің субальпілік деңгейіндегі құрғақ беткейлерінде де кездеседі, бойы 50-150 см –дей болады.

И т м ұ р ы н- раушан гүлділер тұқымдасына жататын бұталардың бір туысы. Гүлінің түсіне қарай итмұрын ақ,қызылжәне сары болып үш түрге бөлінеді. Итмұрынның біраз түрі(раушан гүл дегені) әсемдік үшін өсірледі. Гүлдерікөрікті , хош иісті болады. Одан әтірмай алады. Итмұрынды телітуші ретінде пайдаланып, раушан гүлінің жаңа сорттары алынады. Сонымен қатар итмұрынды қоршау –дуал ретінде пайдалануға болады.

Итмұрынды бұта сабақты өсімдіктерге мысал ретінде систематикалық алаңының оқу-тәжірибе участогының айналасына қоршап дуал ретінде, әдетте итмұрынды қазып әкеліп отырғызады. Мұнда мынаны ескеру керек: мәңгі жасыл және жапрақтары күзде түсіп қалатын итмұрын түрлері бар.

Біріншісіне- жер тоңазыған кезде топырағымен қопарып әкеліп отырғызған жөн, ал екіншісін жапырақтары түскеннен соң; күзде немесе көктемде бүршіктері бүртпей тұрып отырғызу керек. Сонымен қатар итмұрынды қалемшелерінен де өсіруге болады. Итмұрынды бұта сабақты өсімдіктерге ғана емес, сонымен қатар оны тақ қауырсын күрделі жапырақтыларға,эпидермис метаморфозына, бояулы,дәрі-дәрмекті және өте құнды гүл-бақшалық өсімдік түрлеріне, борпылдақ(жұмсақ) өзекті сабақтарға, айқас тозаңданатын көп аталықты және аналықты гүлдерге мысал ретінде пайдаланады. Жартылай бұта. Жартылай бұта сабағының түп жағы сүректеніп, ұшы шөптесін күйде қала беретін өсімдіктердің бір тобы. Жартылай бұтаға әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің көп түрі жатады. Мысалы; қара жусан, ем шалфей, жебіршөп, дәрмене, қаражидек, ақ қаңбақ(сор қаңбақ), қараматау т. б. Д ә р м е н е-күрделі гүлділер тұқымдасына, жусан туысына жататын жартылай бұтаның бір түрі. Ол Қазақстан жерінде ғана өседі.Қазыр оның түқымынан өсіріп көбейтеді де с а н т о н и н деген дәрі алады (Оңтүстік Қазақстан).

57-сурет Сабақтың алғашқы жоне соңғы құрылысының дифферен-іациялануы (бөлінуі) (сызба-нүсқасы):1-тобелік меристема; 2-жапырак бастамасы (листовой примордий) меристемалык цилиндр; 4-өзек; 5-прокамбий; 6-алғашкы кабык; 7-ал-шкы флоэма; 8-алгашкы ксилема; 9-камбий; 10-эпидерма; 11-перицикл \-эндодерма; 13-соңгы флоэма; /4-соцгы ксилема; 15-алгашкы кабыктыі 'ренхимасы; 16- колленхима.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сабақтың анатомиялық және морфологиялық құрылысы

  2. Сабақтың түрлері

  3. Вегетациялық дәуір дегеніміз не

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]