Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osimdikter anatomiyasy jane morfologiyasy lekci...doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Лекция № 14 Тақырыбы: Тұқымдар мен жемістердің таралу жолдары. Гүлшоғы. Гүлшоғының классификациясы

Жоспар:

1.Тұқымдар мен жемістердің таралуы.

2. Жай және күрделі гүлшоғы.

1. Көптеген өсімдіктердің піскен жемістері мен тұқымдары жел (анемохория), су (гидрохория), жануарлар (зоохория), адам арқылы (антрохория) таралады. Себебі эволюцияның барысында жемістер мен тұқымдар көптеген бейімдеушілік қасиеттеріне ие болған. Олар жемістердің қанатша тәрізді өскіншелері (үйеңкі, қайың), түкті талшықтары (тал, терек, мақта), желайдары (бақбақ), қармақша тәрізді қайтарылған тікенектері (сарысояу), ұсақ тікенекшелері (итшоған), сояу тікендері (теміртікен) және басқалар жатады.

Қабықшалары шырынды болып келетін жемістерді жануарлар, әсіресе құстар жақсы жейді. Көптеген өсімдіктктердің жемістері қақырап ашылған кезде дәндері шашылады. Жемістер мен тұқымдардың көп жерлерге таралуы түрдің тіршілік етуі мен жер бетінде шарықтап өсуін қамтамасыз етеді.

2. Гүл шоғы деп өркеннің жоғарғы, көп жағдайда шашыраңқы тармдалған, гүл беретін бөлігін айтады. Гүлшоғының өсінің буындарында жапырақтар орналасады.

Гүл шоғының жекелеген гүлдерден биолгиялық артықшылықтары болады. Оларға мыналарды жатқызады.

а) гүл шоғында тозаңданудың жүру мүмкііндігі бірден -бір арта түседі;

б) гүл шоғындағы гүлдердің ашылуына байланысты,олардың сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен зақымдануы азаяды.

Гүл шоғының классификациясы. Гүл шоғының екі типі болады: күрделі гүл шоғы, бұл жағдайда гүлдер негізгі өстің тармақтарында орналасады және жай гүл шоғы, бұл жағдайда гүлдердің сағсғы болады, немесе сағсқсыз тікелей негізгі өстің өзіне орналасады

Күрделі гүл шоғы өстерінің ұзындыққа өсу ерекшеліктеріне қарай симподиальды (шектеулі) және моноподиальды (шектеусіз) болып екіге бөлінеді. Күрделі симподиальды гүлшоғының негізгі өсі гүлмен аяқталады, гүлдерінің ашылуы жоғарғы жағынан басталып, бүйірлік бұтақтарына қарай жүреді, ал егерде гүлдері бір деңгейде орналасқан болса, онда олардың ашылуы шоқтың ортасынан шетіне қарайжүреді. Күрделі симподиальды гүл шоғына мыналар жатады.

Монохазий- негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екінші реттегі жаңа өс пайда болады, ол да гүлмен аяқталады. Бұдан соңғы пайда болған гүлдер де осы ретпен бүіріліп өсіп, гүлдеп одан әрі жалғаса береді. Монохазий бұйра және ирек гүл шоқтары болып екіге бөлінеді.

Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүлдердің барлығы оның не кілең оң жағында, не тек сол жағында біріңғай орналасса, мұндай гүлшоғын бұйра гүл шоғы деп атайды.(помидорда, көкбасгүлде,меруертгүлде)

Гүлшоғы орналасқан негізгі өсі гүлмен аяқталса, оның төменгі жағынан кеткен гүл бұтақтарының бірі оның оң жағынан, екіншісі сол жағынан езектесіп кетіп отырса, онда мұндай гүл шоғын ирек гүлшоғы деп айтады.

Дихазий – негізгі өсі гүлмен аяқталады, оның тұменгі жағынан екі қарама-қарсы орналасқан жаңа өстер кетеді, олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады. Осылайша гүлшоғының бұтақтануы одан әрі жалғаса береді. Бұл жағдайда жаңа өстер аналық өстер біршама биік тұрады. Соның нәтижесінде төменгі реттік гүлдері – жоғарғы жағында орналасады (қалампырда – гвоздика, теңге жапырақта – манжетка және т.б.)

Плейхазий – негізгі өсі бір гүлмен аяқталады, оның төменгі жағынан екіден көп қарама-қарсы немесе кезетесіп орналасқан, өз кезегінде гүлдермен аяқталатын жаңа өстер кетеді (сүттігінде, қызыл ырғайда, гортензияда және т.б.)

Тирс. Тирс деп негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып гүлмен аяқталатын, ал бүйірлік өстері симподиальды бұтақтанып гүлдер беретін аралас гүлшоғын атайды. Көшілік жағдайда тирсті қосарлы ирек (сабынкөк - норичник), немесе қосарлы бұйа гүлшоғы ретінде (шайқурайда – зверобой ) қарастырады.

Күрделі моноподиальды, немесе рацемозды (шектеусіз) гүлшоғы. Күрделі моноподиальды гүлшоғының негізгі өсі ұзақ уақыттар бойы шексіз ұзындыққа өседі, гүлдерінің ашылуы өстің төменгі жағынан басталып жоғары қарай жүреді, ал егерде гүлдеі бір деңгейде орналасқан болса онда олар шоқтың шетінен ортасына қарай ашылады. Күрделі моноподиальды гүлшоғына мыналар жатады.

Сыпыртқы гүлшоғы.сыпыртқы гүлшоғының төменгі бүйірлік гүл беретін өркендері жоғарыларына қарағанда жақсы дамып , күшті тармақталған болып келеді.

Қалқанша гүлшоғы. Қалқанша гүлшоғының төменгі гүлдерінің сағағы жоғары гүлдерінің сағағына қарағанда ұзындау болып келеді. Соған байланысты гүлшоғындағы гүлдердің барлығы бірдеңгейде орналасады (мыңжапырақ , түймешетен , тобылғының кейбір түрлері).

Күрделі масақ. Күрделі масақтың негізгі өсі моноподиальды бұтақтанып , бүйірлік тармақтары береді. Осы бүйірлік тармақтарда гүлдер сабақсыз , отырмалы болып орналасады. Оларды масақшалар , ал тұтастай гүлшоғын күрделі масақ деп атайды.(60- сурет)

60-сурет. Күрделі мопоподиальды гүлшогыры: А-күрделі масақ (бидайык — пырей); Б-күрделі шатыр (аскөк — укроп); В-сыпырғы (сирень).

61-сурет. Жай моноиолиальды гүлшоғыры:

А - масак гүл (нарқасай — вербена); Б-собықгул (калла — белокрыльник); В - сырға гүл (терек — тополь); Г-шашак гүл (мойыл - черемуха); Д – шатыр гүл (пияз — лук); Е-шоқпарбас гүл (беде- клевер); Ж-себет гүл (календула): 1 - жамылғы; 2-ложе; 3-орама.

Күрделі шатыр. Гүлшоғының қысқарған негізгі өсінен , ұзындықтары бірдей екінші реттік өстер кетеді, ал олардың басында сағақтары қысқа болып келетін гүлдер орналасады. Көп жағдайда екінші реттік өстердің түп жағында олардың барлығына ортақ орама жапырақшалар (общая обвертка) , ал гүл сағақтарының түп жағында жекелеген орама жапырақшалар түзіледі. Жоғарыда келтірілгендерден басқа да күрделі гүлшоқтары болады, оларды агрегатты гүлшоқтарына жатқызады. Агрегатты гүлшоқтары деп әр түрлі гүлшоқтарының типтерінің бір гүлшоғын түзуін айтады. Өстері ұзын болып келетін жай гүлшоқтары. Гүлшоғының бұл түріне жататындар. Шашақ гүл. Гүлшоғының өсінде орналасқан жеке гүлдердің сағақтарының ұзындықтары шамамен бірдей болады. Масақ гүл. Негізгі өсте орналасқан гүлдердің сағақтары жоқ , отырмалы болып келеді. Сырға гүл. Негізгі өсі жұмсақ , оған орналасқан гүлдердің сағақтары болмайтын, төмен салбырап тұратын масақ. Гүлдеп болған соң мұндай гүлшоғы әдетте түсіп қалып отырады. Собық гүл. Негізгі өсі қатты жалпайған , құрылысы жай масақ секілді, сыртын жамылғы деп аталынатын бір немесе бірнеше орама жапырақтары жауып тұратын собық. Өстері қысқа болып келетін жай гүлшоқтары. Бұларға жататындар (61 сурет). Шатыр гүл. Гүл шоғының негізгі өсі қысқарған, оның жоғарғы жағынан ұзындықтары бірдей болып келетін гүлсағақтар кетеді. Олардың әрқайсысы гүлмен аяқталады (пияз). Шоқпарбас гүл. Бұл негізгі өсі қысқарған және аздап етженді болып келетін , ал оның үстіңгі бетіне орналасқан көптеген жеке гүлдер не сағақсыз , отырмалы , не болмаса өте қысқарған сағақты болып келеді. Нәтижесінде жай шатыр гүлге ұқсас шоқпарбас гүлшоғы түзіледі. Себет гүл. Негізгі өсі табақша тәрізді болып жалпайған, оның үстіңгі бетінде шетінен ортасына қарай ашылатын, тығыз орналасқан отырмалы гүлдері болады. Себетінің астынғы жағынан жоғарғы ұсақ жапырақтары черепица тәрізді болып жауып тұрады (гүлкекре – василек, ромашка, күнбағыс).

Бақылау сұрақтары:

1. Жемістердің таралу жолдарының түрлелі

  1. Гүл шоғының түрлерінің айырмашылықтары неде?

  2. Өстері қысқа болып келетін жай гүлшоқтары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]