Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osimdikter anatomiyasy jane morfologiyasy lekci...doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Лекция № 16 Тақырыбы: Ылғалды қажет етуіне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарға бөлінуі

Жоспар:

  1. Ылғалды тропикалық өсімдіктер.

  2. Ксерофиттер. Гидрофиттер. Мезофиттер.

  3. К. Раункиер классификациясы

1. Ылғалды тропикалық зона өсімдіктері жылылық пен ылғалдылық жеткілікті жылдың төрт мезгілі біркелкі ретіменөтетін тропикалық ағаш өсімдік өсетін өте қолайлы жер. Тропикалық өсімдіктер мәңгі жасыл, сырты жылтырап тұратын жапырақтары бар, үлкен, ағаш, лианды, эпифитті, өсімдіктер түрлері көп орман экватордың екі жағына орналасқан.

Африка / Конго өзені жағалауы /үлкен көлдер аумағы, Мадагаскардың шығыс жағалауы, Оңтүстік Америкада /Амозонка аңғары/ Гвиана Орталық Американың шығыс жағалауы, Антиль аралының көпшілік бөлімі /Австралияда/ Жаңа Гвинея, Тынық мұхит аралдары, Австралияның тропикаға жақын жерлері – Азияда –Филиппин, Молук, Зонд аралдары

Тропикалық ормандар-қоңыржай климат ормандарынан бір-біріне анық ажыратылады. Тропика ормандарына ағаш ағаш өсімдік түрлері өте көп, тіпті қатар тұрған екі ағаш түрін табу қиын. Бразилияда кв. Иль жерде-ге жуық ағаш түрінің өсіп тұрғаны кездескен . Тропикада ағаш түрінің көптігінен жоғарыдан қарағанда біркелкі емес теңбілденіп тұрады.

Тропикалық ормандардың кейбір жерлерінен балтасыз өту мүмкін емес. Жапырақ. Тропиклық белдеудің өз сипаттамасы тәріздес өсіп тұрған өсімдік жапырақтарында – үлкендеу, етті, құрамында кремнезем болғандықтан қатты, жапырақ сырты жылтырап орманға мәңгі жасыл түс беріп тұрады. Құрылысы ксероморфты өсімдіктерге тән қасиет. Ылғалдылық жылылық жеткілікті тропикалық аймақта өсіп ксеромрфты болуы қалай? Тропика өсімдігі биік бағана тәріздес жапырақтары сабақтың жоғары жағына орналасқан. 4-6 ярусты, сондықтан ыстық кезеңдерде жапырақтағы судың көп булануы, ал тамыр, сабақ арқылы жеткізілетін судың аздығы/жетіспеуі –диспорапорция –дисбаланс жапырақ сыртының жылтырап тіке келген күн сәулесімен шғылысуы жылтыраған жапырақ тақтасынан жаңбыр суының тоқтамай ағып кетуі-жапырақтың ксероморфты ерекшелігінің дәлелеі. Тропикалық өсімдіктердің систематикалық құрылысында 2-3 ярусты пальма ағаш тәріздес папоротниктер, бамбуктер құрады. Бұл өсімдіктерде бұтақталған жапырақтары етті де, қатты, бірақ күн сәулесі «шақырайып» жете бермейді, жаңбырда ағаштар жапырақтарынаққан екінші жаңбыр ретінде жетеді. Ылғалдылық жеткілікті болғандықтан 2-3 ярус бұталы өсімдіктері ксероморфты емес мезофитті құрылысы бар өсімдіктер.

2. Сыртқы ортаның қаңдайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынадай экологиялық топтарға бөледі.

Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімделушіліктер тән — кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппараттарының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтары көп мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр системасын түзеді. Жарыққа қатынасына байланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта көлеңкелі жерде өседі.Бұлар негізінен орманның төменгі ярусын құрайтын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық лпалары жетілмеген, хлорофиллдері аз болады. Бір өсімдіктің бөрікбасының деңгейінде жарык, сүйгіш және көлеңке сүйгіш жапырақтар деп бөледі. Жарық сүйгіш жапырақтардың көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Ойткені ашық күнде, барлық уақытта осімдіктерге жарық көп түседі де оны қыздырады, нәтижесіңде судың булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда гигрофиттердің белгілерімен сөйкес келеді.

3. Бір-бірімен туыс емес организмдер бірдей жағдайда тіршілік етуге бейімділі отырып ұқсас белгілерге ие болады (морфологиялық бейімделу). Тіршілік ету ортасының экологиялық жағдайларына бейімделуі организмдердің тіршілік формалары (экобиоморфа) деп атайды. Бір тіршілік формаларьша жататын организмдер эртүрлі экологиялық топтарға жатуы мүмкін. Тіршілік формалары деп шығу тегі эртүрлі, бірақ бірдей жағдайда тіршілік ететін, экологиялық-морфологиялық бейімделушіліктері ұқсас организм топтарын (өсімдіктер немесе жануарлар) атайды. Өсімдіктердің тіршілік формалары туралы ұғымды алғаш per 1806 жылы неміс ғалымы А. Гумбольдт қолданды. Ал өсімдіктердің тіршілік формалары туралы классификащяны дат геоботанигі К. Раункиер жасады. Классификация негізіне жылдың қолайсыз кезіндегі жаңару бүршіктерінің жер бетінен қандай биіктікте орналасуы алынған. К. Раункиер классификациясы бойышынша өсімдіктер тіршілік формаларының мынадай 5 типі бар:

1. Фанерофиттер (грекше phaneros - көрінетін, phytos - өсімдік) жаңару бүршіктері қабыршақпен қорғалған және топырақ беіінен жоғары (30 см-ден биіісте) орналасқан өсімдіктер (ағаштар, бұгалар, лианалар).

2. Хамефиттер (сһатаі - жерде) - жаңару бүршіктері топырақ бетінен 20-30 см биіктікте орналасқан өсімдіктер (бұгашықгар, жартылай бұгашықтар, кейбір көп жылдық өсімдіктер).

3. Гемикриптофиттер (һеті - жартылай, kriptos - жабылған) - жаңару бүршіктері жерге түскен қармен, жапырақтармен қорғалған және топырақ бетінде орналасқан өсімдіктер.

4. Криптофиттер (kriptos - жабылған) немесе геофиттер (geo- жер) - жаңару бүршіктері тамырсабақга, түйнекте, пиязшықга орналасып, топырақ (геофиттер) немесе су ішінде (гидрофит) өсетін өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің жер беті мүшелері қысқа қарай өледі. Криптофиттерге көпжылдық өсімдіктер жатады.

5. Терофиттер (thews - жаз) жылдың қолайсыз кезін (қыс, куаңшылық) тұқымтүрінде өткізеді. Оларға бір жылдық өсімдіктер жатады.

6. Эпифиттер (ері - үстіңде) - тамыры топырақта орналаспайтын, агашты

өсімдіктердің діңгегівде тіршілік ететін әуе өсімдіктері. Орманда - қьшалар, кейжағдайда - мүктер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]