- •Лекция № 1 Тақырыбы: Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәні, әдісі
- •Өсімдіктер әлемінің негізгі даму кезеңдері (в.Г.Хржановскийден)
- •Лекция № 2 Тақырыбы: Өсімдіктердің клеткалық құрылысын зерттеудің тарихы.
- •Лекция № 3 Тақырыбы: Ядроның бөлінуі. Митоз. Мейоз.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Лекция № 4 Тақырыбы: Ұлпалар туралы жалпы түсінік.
- •Лекция № 5 Тақырыбы: Ұлпалар туралы жалпы түсінік.
- •Лекция № 6 Тақырыбы: Органография. Өсімдіктердің вегетативті мүшелері.
- •Лекция № 7 Тақырыбы: Тамыр және тамырлар жүйесі.
- •Лекция № 8 Тақырыбы: Өркен және өркендер жүйесі.
- •Лекция № 9 Тақырыбы: Жапырақ және оның құрылысы.
- •Лекция № 10 Тақырыбы: Сабақ.
- •Лекция № 11 Тақырыбы: Өсімдік органдарының метаморфозы. Өсімдіктердің көбею жолдары
- •Лекция № 12 Тақырыбы: Гүл. Гүлдің құрылысы. Шығу тегі
- •Лекция № 13 Тақырыбы: Тұқым. Жемістер туралы жалпы түсінік.
- •Лекция № 14 Тақырыбы: Тұқымдар мен жемістердің таралу жолдары. Гүлшоғы. Гүлшоғының классификациясы
- •Лекция № 15 Тақырыбы: Өсімдіктердің экологиялық топтары
- •Лекция № 16 Тақырыбы: Ылғалды қажет етуіне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарға бөлінуі
- •Лекция № 17 Тақырыбы: Өсімдіктердің жарықты қажет етуіне байланысты экологиялық топтарға бөлінуі. Лианалар. Эпифиттер. Жастық тәрізді өсімдіктер.
- •Лекция № 18 Тақырыбы: Жоғары сатыдағы симбиотрофты, сапрофитті, паразитті және жартылай паразитті өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері.
- •Лекция №19 Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік формаларын жүйелеу. Сүректі жартылай сүректі, шөптесін өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылықтары. Ағаштар және шөптесін өсімдіктердің алуантүрлілігі.
- •Лекция № 20 Тақырыбы: Гүлді өсімдіктердің онтогенезі монокарпты және поликарпты өсімдіктер. Өсімідіктер тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар.
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Лекция № 13 Тақырыбы: Тұқым. Жемістер туралы жалпы түсінік.
Жоспар:
1. Тұқымның классификациясы.
2. Жемістің морфологиясы
1. Тұқым. Тұқым дегеніміз тұқымды өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше. Ол сырты жеміс қаппен қапталған ұрықтан және қор жинайтын ұлпадан тұрады.Өсуге қолайсыз жағдайда (салқында, құрғақшылықта) тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақ уақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілікті болған жағдайда тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі.
Тұқымның классификациясы. Қор заттарының қай жерде жиналуына байланысты: эндоспермде, периспермде, ұрықта, эндоспермде және периспермде, эндоспермде және ұрықта тұқымның бес типі болады.
Тұқымдарды жарнақ санына қарай – дара ,қос және көп жарнақты деп үшке бөледі. Дара тжарнақты тұқыммен танысу үшін бидайдың дәнін алған дұрыс. Дәннің жоғарғы деп аталатын ұшында көбінесе ақ түсті қалың түшкелер болады,оны айдарша дейді. Оның қарама – қарсы жағы төменгі ұшы делінеді,ол түксіз; оның бауыр жағында ұзынынан созылған сайы жағын – бауыр жағы,ал дөңес бетін-арқа жағы деп айтады. Бөрткен бидайдың дәнін өткір ұстарамен ұзынынан тіліп, қақ бөлсе,оның төменгішет жағында азғантай ғана орын алып жатқан ұрық көрінеді. Дәннің ішіндегі одан басқа бөлімі-эндосперм деп аталады. Эндопермдегі қоректік заттармен азықтанып,ұрық өседі және өседі. Ос жарнақты тұқымдар, өсімдіктердің тұқымдарына қор заттарының жиналуына қарай, эндоспермсіз және эндоспермді болып екі топқа бөлінеді.
Қос жарнақты тұқымдар деп, морфологиялық құрылысы жағынан екіден артық жарнақты болатын тұқымдарды айтады, ал ондай тұқымдары бар өсімдіктерді көп жарнақты өсімдіктер деп атайды.
Тұқым дегеніміз құрамында ұрығы бар,әлі өсіп жетілмеген кішкене ғана өсімдік:тұқымның құрамында ұрыққа қоректі заттары және сыртында қауызы болады.Тұқымның мөлшері ,пішіні,түсі, салмағы жағынан әр түрлі болады. Дәннің сыртында тұқым қабығымен бірігіп біткен жеміс қабықтары қауыз болады. Қауыз бен тұқым қабығының астында оның ұрығы мен эндоспермі болады.
Ұрықтың төменгі жағында жұмырлана біткен жуандау келген алғашқы тамыры , оның үстінгі жағында ұрықтың жаңадан шығып келе жатқан алғашқы сабақшасы мен алғашқы жапырақшасы және қалқаншасы жатады.Қалқанша эндосперм мен ұрықтың екі арасында жатады. Эндоспермнің сыртын қаптап жатқан бір қабат клеткалары текшеленіп келген. Бұл клеткаларда дені белок заттарынан тұратын алейрон дәндері болады, сондықтан оларды алейрон қабаты деп атайды.
Қос жарнақты өсімдіктер тұқымның анатомиялық құрылысын зерттеу ушін фасольдің дәні мысал болады. Тұқымдардың жер бетіне өніп шығуына қарай өсімдіктерді мынадай түрлерге бөледі. Тұқым жарнақтары жер бетіне алғашқы сабағымен бірге ілісе шығатын өсімдіктер.
тұқым жарнақтары жер бетіне шықпайтын өсімдіктер.
Көп өсімдіктердің тұқымдары піскен соң, біраз уақыт тыныштық дәуірде болғаннан кейін, қолайлы жағдайлар туғанда өне бастайды. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар.Барлық өсімдіктер тұқымының өнуі үшін су, жылу, ауа және түрлі ферменттер қажет.
2. Жемістер туралы жалпы түсінік. Морфологиясы. Жемістерді классификациялау. Жеміс дегеніміз тұқымдды қорғауға ,ал кейбір жағдайларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін,ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуіне негізгі рөлді гинецей атқарады.Кейбір өсімдіктер ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды.Жай жемістерден біріккен жемістің айырмашылығы сол,ол бір-бірімен біріккен бірнеше гүлден, немесе гүл шоғынан тұрады.
Құрылысы. Жеміс перикарпиден (грек. Пери-жанында,карпос-жеміс:жемістің тұқымды қоршаған бөлігі) және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий дегеніміз бір немесе бірнеше аналықтың гүл түйінінің қабырғасынан, көп жағдайда гүлдің басқа бөліктерінен –аталық негізінен, күлте және тостағанша жапырақшалардан , сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын ,жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий үш қабаттан тұрады.: сыртқы-экзокарпадан, ортаңғы- мезокарпалан және ішкі-эндокарпадан тұрады.
Жемістің түрлері: Жемістер алуан түрлі болып келеді. Қарапайым апокарпты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар.жақсы жетілген ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценкарпиялар деп атайды. Жалпы жемістерді жай және күрделі деп екі топқа бөледі. Егер жеміс гүлдің тек бір ғана аналығынан дамыса-ол жай. Ал бірнеше аналығынан дамыса-күрделі болып табылады. Жай және күрделі жемістердің одан арғы классификацйясын жасағанда мынадай белгілерді: перикарпидің консистенциясын,яғни(қаттылығын,жұмсақтығын,құрғақтығын,шырындығын) тұқымның санын, перикарпидің қақырауын (қақырайтын немесе қақырамайтын), жеміс беретін жеміс жапырақшаларының санын негізге алады.Жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жемістер деп ,екі топқа айырады.
Құрғақ жемістер: қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер:шиелі жемістер және сүйекті жемістер болып бөлінеді.
Қақырайтын құрғақ жемістердің ішіндегі тұқымның саны бір-бірден немесе өте көп болуы мүмкін. Бұларды қорапша тәрізді жемістер деп атайды. Олар өздерінің қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай былай бөлінеді. Таптама, Боб, Бұршаққын, Қорапша.
Қақырамайтын құрғақ жемістердің перикарпиі құрғақ, бір тұқымды болып кледі.Бұларды жаңғақ тәрізді жемістер деп атайды. Бұған жататындар; Жаңғақша,жаңғақ, тұқымша,дән,қанатты жеміс.
Жидекті жемістерге перикарпииі етженді болып келетін, жидек тәрізді көп тұқымды жемістерді жатқызады. Бұған жататындар; жидек,алма, асқабақ,т.б. Сүйекті жемістерге бір тұқымды, эндокарпиі қатты, сүректенген жемістер жатады. Бір сүйекті жемістерге грек жаңғағы, өрік, шие, алхоры, шабдалы т. б. жатады. Көп сүйекті жемістерге таңқурай жатады. Сонымен қатар жемістерді:жиынтық жемістер, бөлшекті жемістер,бунақты жемістер,біріккен жемістер деп бөледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұқымның құрылысы қандай?
2. Перисперм мен эндоспермнің айырмашылығы неде?
3. Жемістің шығу тегі мен құрылысы қандай?
