Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арал кітап.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Арал тағдары толғатқанда

Соңғы 5-10 жыл ішінде Арал теңізін сақтап қалу жолында Совет үкіметі қазір 20 жылға шақталған үлкен шаралар істеп жатыр. Бұл шаралар бойынша Ертіс Аралға, Сібір өзендері Каспийге құймақ. Соңғы кезде “Правда” газеті “проблемы и суждения” деген атпен атпен жаңа рубрика бере бастады. Осымен байланысты Арал қашан, қалай туған, оның тарихы қандай, ғылымда Арал қалай әңгімеленеді, Арал қайткенде сақталады – дегенге анықтық енгізіу артық емес сияқты. Көп түкірсе көл деген ғой.

Қай теңіз болса да өзен суы емес, ертедегі мұздықтар қалдығы екені мәлім. Теңіздердің суын тұщыту, оның деңгейін сақтау жағынан өзендердің қызметі зор. Сол негізде онда балық өрбиді. Балық деген жәндік өте сезімтал, су бір елі азайса, одан жаппай көше бастайды. Көп ғасырлар бойында Әму және Сыр Аралдың буланған суының орнын толтырып, суалтпаған. Егер Арал бүтіндей құрғап кетсе, оның аңғарын бірір өзен сумен тез толтыру мүмкін емес. Теңіз суы неғұрлым тұщы болса, ол балыққа жақсы қоныс. Арал теңізі тұщы, бірақ, ішуге жарамайды. Олай болса Ертіс суын Аралға әкелуді тездеткен және сол суды Жосалы емес, Шымкент – Арыс – Отырар маңынан құйғызған жөн. Арыс жері Жосалыдан 800 метр биік болса, төменнен құйған су жоғарыға бармайды. Ол түгілі осы күнгі Сырдың батысында жатқан Баршын, Дәуқара, Шымбай шөлдерінің өрісі де Қаратау етегіндегі ойпатқа түсіп кеткен бүгінгі сыр өзенінің арнасынан кемінде 200-300 метр биік жоғары. Отырардан құйған суды дарияның ескі аңғарына жібермей батысқа аударса, тіпті жақсы. Сонда оның пайдасы жалғыз Баршын, Дәуқара, шымбай далалары Тұранның айрықша гүлденген, ең абат, нулы-сулы аймағы болған. ХVI ғасырдағы су жолының өзгерісінен соң бұл далалар шөлге айналған. Өйткені Сыр суы Қалғандария (Жаңақорған) тұсынан бұзылып, шығыстағы ойпатқа ауып кеткен соң, батыста жатқан бес дарияға (Қалғандария, Баршындария, Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария) су бармай қояды. Қуаң мен жаңадария ХІХ ғасырдың басына дейін өмір сүріп келген.

Хорезм, Әму және Сыр, Арал тарихы жер жүзі ғылымынан үлкен орын алған. Үлкен түркология Бартольдтан басталады. Соны С.П.Толстов совет ғалымдары байытты. Тұранның төрінде жатқан Үзбой, Әму, Сыр тарихы жөнінде ғылым, ертегі, эпос, аңыз әрқилы сойлейді. Соның бәрі тегін емес. Мысалы ХІV ғасырда өмір сүрген парсы географы Хамдаллах Казвини Жейхун (Әму) бұрын Аралға құюшы еді, Әму мен Сыр Каспийге құятын болды деген. XV ғасырда өмір сүрген атақты Әбілқазы өзінің “Шежіре – и түрік” деген еңбегінде бұрын Әму мен Сыр Каспийге құйған, 1573 жылдан бастап бұлар Аралға құятын болды деген. Оның ойыншак хұжрие санауы бойынша 996 жылдары Әму мен Сыр құярлығында үлкен топан болған, осы күні Құзыоқұм орнында жатқан варахш теңізі дүмпуге ұшырып, аралға лап берген. 40 қала су астында қалған. Әбілғазы бір сөзінде Аралдың бұрынғы ұлтанында Дахлания (адай) елі тұрушы, олардың да қаласы түгелдей теңіз астында қалды, желсіз күндері су астынан сол қалалар көрініп тұрады дейді. Оның ойынша, Үзбой - Әмудің ескі арнасы, ол көне Үргеніштің түстік бетіне жақындап, Балхан тауларының Шығыс етегін орап өріп, Сарықамысқа құйып, содан соң тұп-тура кейін ағып, Краснавод түбіндегі Қарабұғаз қолтығы арқылы Каспийге құйған. В.Бартольдтан бастап, көптеген тарихшылар Әбілғазы пікірінде болып келді. Әрине, бұл пікірлер бірден-бір дұрыс деректерге қосылмауы мүмкін.

Совет дәуірінде өмір сүрген А.С.Кесь өзінің “Русло Узбоя и его генезис (1939., геологдар И.П.Герасимов пен К.К.Марков өздерінің Ледниковый период на територии СССР” (1939) деген еңбектерінде Үзбой тарихта болған дария емес, Арал – Сарықамыс – Үзбой Валдени дәуірінен кейін туған сулар, Үзбойдан табылған көлбақалар соңғы замандікі деген. Хорезм экспедициясына арналған еңбегінде С.П.Толстов Кесь пікірін жақтап шығады. Мұның жаңалығы даусыз. Бастапқы Арал – Варахш болған, оның орыны- осы күнгі Қызылқұм/ Ерте заманда Каспий мен Арал варахш. Сарықамыс тұтасып жатқан. Арал суы қарақұм ойпаты арқылы Қаспийге емес, Каспий Аралға құйса да ғажап емес. Қызылқұм мен Аралқұмнан көлбақа сүйегі көп табылды. Қарақұм- жыбырқай құм деген сөз, ол үрмелі құмнан кенже. Құм атаулының ағын сумен келетінін ескерсек, ерте заманда Әму мен Сыр варахшқа құйған. Каспий мен Аралды қосатын ойпат- Қарақұм, Қарабұғаз бен Сарықамыс. Толстовтың айтуынша, Сарықамысқа Әму емес, соның бір ғана бұтағы – Дариялық жылғасы құйған. Содан батысқа қарай Құрша каналы қазылған. Вазир, Шемаха, Аққала, Адақ сол Құрша каналының бойына салынған дейді.

Сарықамыста қала жоқ. ХVI ғасырдан соң Үзбойға су бармай, Сарықамыс шөлге айналады. 1558 жылы Үзбойдағы Вазир қамалында болған ағылшын ғалымы Антони Дженкистон Сарықамысқа су аз баратын болыпты, бұл өңір ұзамай шөлге айналады деген. Тостов экспедициясы осы пікірдің дұрыстығын дәлелдеп береді. Каспий жері Аралдан биік.

Әбілғазы айтқан топан Варахш көлін жойды, бұрынғы су жолдарын бұзды. Сырдың батысында бес дария пайда болғанын жоғарыда айттық. Соған да, қарамай Сыр “Құмсаға” деген жерден бұзып, Жаңақорған ойпатына түсіп кетті. Онысы- Қалғандария еді. Сол топанда Әмударияның да ағысы өзгереді. Баршын, Дәуқара шөлінде тақадай тегіс тақырлық көп. Бұл тасқын сумен ығысқан лаййдың ізі болу керек. Аралдың суын сақтау үшін Азов-Каспий-Арал акрасын қосу мақсатқа жақынырақ. Бірақ та оның бір қауіпті жағы бар, олай етсек, бүкіл Орта Азия теңіздің астында қалуы мүмкін. Мұны геологтар зерттеуі тиіс. Үстірт пен Ақтөбе жері су астында болмаса керек.

Арал, Сыр, Әму жайында Орта Азия эпосының да материалдары да аз емес. Қала, қамал, канал жайындағы аңыздардың шегі жоқ. Гүлдіршін (Гүлістан), Дию-қала, Қырық қыз, Жанкент, Самарканд, Қой қырылған, Бүркітқала, Бұхар, Тақияташ, Исфиджаб, Отырыр жайындағы шежірелер шаш етектен. Бұхардың бір аты- Варахш болса керек. Оны Оғызханның баласы Теңізхан салған екен дейді. Орта Азияда болған соғыстар “Бозұғлан”, “Қөрұғлы”, “Алпамыс”, “Қорқыт”, “Қобыланды” жырларынан орын алған. Авазханның құс аулайтын келін жыр “һаудек көл” (Варахш) дейді. Ертөстіктің шал құйрығы Арал түбінен алтын қазан алып шығады. Бұл Аралды қазақтың алтын ошағы болған теңіз дегендік болса керек. Айсұлу, Ханшайым жайындағы аңыз ертегі, жырға өткен қазақ эпосы оғыздар дәуірінде туған десек, “Қорқыттан” бастап, көптеген аңыз, эпос Арал төңірегінде туған.

Арал тарихында генезис жағынан қарағанда Каспийдің бір тарауы, су саға болып шығады. Тұранды қазақ ертеде “Жерұйық” деген. Бұл атау оған әбден қонады. Бүгінгі Тұран- Орта Азия болса, ол барлық қазына байлығының абадстан аймағы болады. Бірақ, оның байлығын біз әлі толық игеру- келешектің міндеті.

(“Қазақ Әдебиеті газеті, 1978жыл”)

Арал ауданының географиясының өзіндік ерекшеліктері бар, ол негізінен шөлейт аймаққа жатады. Қызылорда облысының батыс жағына орналасқан, Солтүстікте Жезқазған, Батыста Атырау, Ақтөбе аймақтарымен, Оңтүстікте Қарақалпақ республикасымен шектес. Ауданның көлемі 55 мың шаршы шақырым, ортадағы Арал қаласы. Арал жері миллиондаған жыл бұрын Тұран ойпатында орналасқан, теңіз асты болған. Кейін қара жерге айналып, биік төбелі шыңдар, құм пайда болды. Шығыста Қызылқұм, Солтүстікте Қарақұм, Кіші құм, Батысында Аяқ құм теңіз жағалауына дейін созылып жатыр. Бұл халықтың мал өсіріп, егіс егіп тіршілік жасауына мүмкіндік берді. Сол сияқты өңірде таулар мен биік төбелер де бар: Жақсы қылыш, Жаман қылыш, Ақшатау, Райым, Нұрша тағысын тағылар. Ал теңізінің батыс жағалауында да теңізге төніп тұрған бірнеше шыңдар, биік жарлар кездеседі. Атап айтқанда Үшшоқы, Бөген, Қаратөбе, Изенді т.б.

(З.Шүкіров. сыр бойы романынан)

Аудан жерінде қамыс, жыңғыл, шағырселеу, жусан, сексеуіл және тағы басқа өсімдік түрлері өседі.

Аралдың ауа райы көбінесе жазда құрғақ, жиі аңызақ жел тұрып, шаңдатып топырақ соғып тұрады, жаңбыр өте аз жауады. Кей жерлерде жаз бойы жаңбыр жаумайды, қысы суық. Қыста аяз 30°-40° градусқа, ал жазда ыстығы да осы шамаға дейін барады.

Жан-жануардан: қоян, қасқыр, тышқан, киік, ондатр, түрлі құстар, барлығы 270-ке тарта әртүрлі жәндіктер өмір сүреді.

Арал жер асты қазба байлықтарға бай өңір: Жақсықылыш көлінен тұз шығады, оны бір Қазақстан Республикасы ғана емес, ТМД елдері түгелдей пайдаланады. Құрлысқа қажетті тас, құм өндіріледі. Ғылыми зерттеулер аудан өңірінде көмір, алибастр, бақалшақ тастар, сульфат, мұнай, газ және басқа да пайдалы кендердің барлығын анықтаған.

Арал теңізінде ұзындығы 20 шақырымнан астам, керемет байлығы бар аралдардың бірі- Барсакелмес. ХІХ ғасырда көптеген экспедициялар Барсакелмеске бет алып ешнәрсе шығара алмаған. Ал Кривожиженко, Бореловтың экспедициясы барысында қайықтары қирап, көптеген адамдары қаза болып, өздері әрең дегенде “Барсакелмеске” табан тіреп, “Бұл аралдың аты шындық” екен деп қайран қалады.

Оның жағалауы құмдау, негізгі жері құнарлы, өсімдіктің бірнеше түрлері бар, мал жайылымына қолайлы. Аралда мыңдаған киіктер мен жүздеген құландар өмір сүрген. Жазғытұрым көптеген құстар келіп жұмыртқалаған. Ол кезде Арал құстардың даусымен у-шу болатын. Аралда жыланның бірнеше түрлері мен кесірткелер көп болған. Олар суға құлағанда шаңы жатқан. Жергілікті халық Аралға барып құс атып, аң аулаған. Тек қана 1897 жылдың күзінде 300-ге жақын киіктің мүйізі дайындалған екен.

1929 жылы “Барсакелмес” мемлекеттік табиғи қорығына айналады, ол аңшылық қауымдастығы түрінде құрылған. 1939 жылғы 10 желтоқсаннан бастап мемлекеттік қорық мәртебесіне ие болды. Қазір мұнда тұяқты жануарлар, аң-құстар түрлері де бар екені белгілі.

Бірақ, 80 жылда су азайып, теңіз деңгейі төмендеп, тұздануы артқан соң енді құландар жерсінбей, тегіс қырылып, қалар деген қауіп тұрды да өқландарды Қапшағай, Балқаш, Маңғыстау, Үстірт, Бетпақдала өңіріне таратып, орналастырды. Осылар өнім бермейді-ау деген 50 құлан аралда қалдырылды. Сол 50 бас құлан бұл күнде өсіп 137 басқа жетіп отыр. Олар қазір сол жерге қалыптасып үйренген.

Қорық немен ерекшеленеді? “Қорық теңіз ортасындағы ғажайып, әсем аралға орналасқан. Жер бетінде мұндай биік құз бар. Сол жерде аралдың барша сұлулығы, керемет табиғат бояулары, жан-жануарлары тегіс алақандағыдай көрінеді ”.

Әр жердің тарихи атауы болатыны сияқты Барсакелмес жайлы да аңыздар көп. Бұл жөнінде Аралда алып айдаһар болғандығы жөнінде қызықты да, қорқынышты әңгімелер жетерлік. Десе де Барсакелместің ертеден құпия сыры болғандығы оған адамды ғана емес, ержүрек саяхатшыларды да қызықтырғанын білеміз.

Кезінде бұл жерде Мәскеу, Ленинград, Ташкент, Алматы қалаларының ғалымдары ғылыми зерттеулер жүргізіп, студенттері тәжірибеден өткен. Мұнда үлкен ғылыми кітапхана әлі күнге дейін сақталған. Соңғы жылдары Ғылым Академиясы Зоология институты мен Білім министрлігі бірлесіп, Ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Қазір қорықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салынып, бұл мақсатта бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мекемеде арнайы көлік бөлініп, скважина қазылып, қорықшалардың саны, жыл санап артып келеді. Бұл әрине дүниежүзілік маңызы зор табиғи орынды аялап білген адамзат тіршілігі екені сөзсіз.