Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арал кітап.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Халыққа білім беру

Халыққа білім беру ісі ертеректен-ақ өзіне назар аударды, бірақ патша үкіметі, оның жергілікті ұйымдары бұл саланың жоғарғы дәрежеде дамуына мән бермеді.

Ауылдағы қазақ балалары діни мектепте білім алып, құранды араб тілінде оқыды. Олардың өзі де жекеше болып, оларды бай адамдар ұстады.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін барлық еліміз сияқты аудан тұрғындарының сауатсыздығын жою, балалардың мүмкіндігіне қарай ана тілінде оқуына жағдай жасады. Мектеп жасындағы балаларды жалпы және тегін оқыту мақсатында санақ жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындардың сауатсыздығын жоюда елеулі жұмыстар басталды. Осы мақсат үшін сауатты, дауыстап оқу курстары, шайхана-клубтар ұйымдастырылып, алғашқы оқулықтар шығарыла бастады.

Ауылағы көшпелі және жартылай көшпелі жергілікті тұрғындардың өмір салты мектептердің жқмысын бірқалыпты жүйеде түсіруде қиындықтар туғызды. Көптеген жағдайда ата-аналар балаларын мектепке тек қана қазан және қараша айларында апарып, жазғы жайылымға оралар наурыз, сәуір айларында ашылып отырған.

1917 жылға дейін ауданда Арал теңізі темір жол, Сексеуіл, Қамбаш санцияларында бастауыш мектептер болған. Оларда орыс тұрғындарының-темір жолшылардың және балық саласының кәсіпкерлерінің балалары ғана оқытылған. 1917-19 жылдар аралығында Арал теңізі станциясы жанындағы бастауыш мектепте марий ұлттық әдебиетінің классигі Сергей Григорьевич Григорьев сабақ берген. Ол 1937 жылы “халық жауы” деп танылып, репрецияға ұшыраған. 1988 жылы оның туғанына 100 жыл толған.

20 жылдары барлық ауылдарда қазақ бастауыш мектептері, оған шаруаның балалары тартылды. Ал, қазақ қыздарын оқуға тарту қиын шаруаның бірі болды. Ал ата-аналар қыз балаларын оқытпаудың барлық шараларын қарастырды.

Осы мерзімде мектептерде мамандығы бар мұғалімдерде жетіспеді. Қазан төңкерісіне дейін Орта Азия мен Қазақстанның бес облысында мұғалім кадрларын даярлайтын екі оқу орны, Ташкен және Верныйда (Алматыда) мұғалімдер даярлайтын оқу орнын негізгі формасы болып көп жылдар сақталды, оларға жергілікті халықтың уәкілдері тартылды.

30 жылдарда Қамбаш, Бөген, Қаратерең, Ауан, Ұялы, Райым және қалада бастауыш мектептер ашылды, оларда 2000 астам балалар оқыды.

Арал мұнайының болашағы

«Аралдың терең табаны- 2001» экспедицияның жұмысының нәтижесі теңіз суы қайтқан жерде, бірақта ұлтанда төбешік болып көтеріліп тұрған жазықтағы жай төбе емес мүрделер қордасының бой көтерген биіктік екені, олардың ұзындығы 23,5 ені 9,5 метр, бұрын қоныс болғанын анықтайды. Онда керамика күйдіретін зауыттар да болған қала да, түрлі бұйымдар да адам денелері де топан судың астында қалған. Арал теңізінің табаны бірнеше рет зерттелді. Мұнай қоры барлығы туралы әртүлі болжамдар айтылды.

Бұған дейін Арал теңізінің табанында екі жерде геологиялық барлау жасалынған. Соңғы мәліметтер бойынша Аралдың солтүстік, батыс және шығыс көлемін қамтитын жерінде мұнайдың мол қоры жатқаны анықталды. Зерттеушілер мұнда Қазақстанның Каспийден кейінгі ірі мұнай теңізі атқылайтынына сенімді. Бұл еліміз картасында тағы бір «мұнайлы клондайк» пайда болады деген сөз. Аса зор жаңалық – Аралдан сарқырайтын мұнайдың сапасы әлемдік деңгейде ең жоғары орында тұрған Кувейд мұнайына өте жақындығы.

Арал мұнайын тездетіп пайдалану республика үкіметіне байланысты.

2001 жылғы тамыздың 2-сі Қызылорда қаласында «Арал аймағы проблемалары мен даму перспективалары» деген тақырыпта республикалық кеңес өткізілді.

Онда геологиялық-барлау материалдарына сүйене отырып, Арал теңізі табанында шамамен 200 миллиард тонна көлемінде темір қоры бар екені анықталды. Арал жағалауының солтүстік-батысынан көмір, бор, минералды бояулар пигменттері, теңіз табанына жақұт, Жақсықылыш ойпатынан сульфатты көп ұлу тасты кеніші табылды. Олай болса осылардың бәрі де осы аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға қалтқысыз қызмететеді деген сенім мол.

Жоғарыда Әму мен Сырдарияның суының аз келуінен Аралдың тартылып кеткені туралы жазсақта мына бір фактілерді қоса айтқанымыз орынды болар. Арал теңізі экваториясының кеміне байланысты өңірдегі ауаның ылғалдылығы 18 пайызға дейін төмендеп, жылдың жылы уақыты ауру бір айға кеміген, жердің тұздануы салдарынан табиғи жайылымдардың көлемі мен олардың өнімділігі 4 есе азайған. Жарамды жерлердің 13 пайызы табиғи өнімділігі мүлдем жоғалған. Теңіз табиғатының құрауымен қатар дариядағы су мөлшерінің күрт түсуі себепті яғни облыстағы жер аумағының 70 пайызы шөлейтке айналған.

Қазақстан Республикасының Үкіметі Арал проблемасын, ол төңіректегі халықтың келешегін жақсартуға бағытталған шараларда нақты аталды. Шетелдік инвесторлардың көмегімен қазір Арал ауданындағы бөген және Қаратерең елді мекендерінде жалпы құны 5,3 АҚШ доллары тұратын ұм көшінін тоқтату жобасы жасалған. Кіші Аралды сақтап алу, судың Шардарадан Аралға дейін барынша аз шығынмен жетуін қамтамасыз ету, плотиналар мен су тораптарын жөндеуден өткізу шаралары қолға алынуда. Арал мен Қазалы аудандарының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында Арал-Сарбұлақ су құбыры желісінде Араб экономикалық дамуының Кувейт қоры 13,5 миллион доллар.

Дүниежүзілік банк пен республика үкіметі Сырдария өзенін зерттеу және Сүлтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жобасына 86 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы бөліп отыр. Қазір ұзындығы 14 шақырым болатын. Көкарал бөгетінің құрылысы басталды. Мұнда балық шаруашылығының дамытуға да қаржы қаралған.

Шетелдік инвесторлар Арал мұнайына көңіл аударып отырғанын айтқан жөн. Өткен жылы «Құланды энергокорпорейшн» қазақ-американ біріккен кәсіпорны мен «Қазақкаспишельф» компаниясы Құланды түбегінде барлау жұмыстарын да жүргізді. Олар мұнайды өндірістік негізде өндіруге болады деген болжам жасайды. 2003 жылы Аралдың шығыс жағындағы Жіңішкеқұм аймағында Құмкөл мұнайшылары жұмыс істей бастады. Бұл өңірде де мол мұнай қоры бары анықталып отыр. Қазір Жосалыда мұнай 0000000 салынып, пайдалануға берілді. Егер таяу уақытта Жіңішкеқұм аймағынан мұнай қазу басталса, ол үлкен істерге негіз болмақ. Мамандар бқл орайда Құмкөл-Жосалы-Арал –Кеңқияқ мұнай құбырының салуы басталады деген болжам бар. Демек Арал мұнайын игеретін уақытта алыс емес. Теңіз қазынасын жеделтетін халық игілігіне пайдалану, сол арқылы елдің еңсесін көтеру үкімет жоспарында тұжырымдалуы қажет. Жаңа ғасырдағы, Аралдың тағы бір байлығы оның қара алтыны болмақ.