Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арал кітап.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Арал қазан төңкерісі, Азамат соғысы жылдарында

1917 жылғы Қазан төңкрісіне дейін Арал Қазалы уезіне қарады. 40 мыңға жуық шаңырақ бір болысқа біріктірілген. Арал өңіріндегі халық балық аулаумен, мал ұстаумен айналысты. Аталған мерзімге дейін-ақ Ресейдің- Астрахань, Саратов, Еділ өзені жағалауындағы қалалардан орыстар және басқада ұлтардың уәкілдері қоныс аударды. Арал аймағы коптеген босқындардың мекеніне айналды. 1914 жылдың өзінде-ақ Арал теңізінің жағасы Әмудария мен Сырдария өзендерінің бойы империалистік соғыстан қашып, Еділ мен Дон, Каспий мен Азовтан, Бессарабиядан келген адамдардың панасы болды. Патша үкіметінің өкілі Н.А.Зарудный былай деп жазады: “Арал теңізінің байлығы, Сырдарияның ескі арналары және суландыру каналдары, тамаша суармалы жерлері, балықшылық және егіншілікпен айналысуға толық мүмкіншіліктің болуы босқын халықтарды жеткілікті дәрежеде қамтамазыз ете алады ”. осылай дей отырып, ол үйлердің көпшілігінің Орынбордан әкелініп ағаштардан орыстық типпен салынған, ал жергілікті халық үйді саз балшықтан соғатынын айтады.

Арал теңізі мен Әмударияны “Хива” атты акционерлік қоғам болған. Олардың қатарында Еділдің кеме игерушісі Лапшин, Гузин, Сиротин деген кәсіпкерлер бар еді. Красильников, Меккев, Кесин, Марков сияқты кәсіпкерлер Арал теңізінің балығын емін-еркін иеленді, олжаға кенелді, ауланған балықты тұздап, кептіріп, тоңазытып Ресейге темір жолмен жөнелтіп отырды. Көпестердің жеке үйлері және өндіріс құрылыстары болды. Олар құрылыстарды Бөген, Аманөткелде де салды. 1909 жылы Арал кеме жөндеу зауыттарының негізі қаланды. Сөйтіп, Арал өңірінің көшпенді жері – Аттықұдық-Арал қаласы атанды. 1924 жылдың 2- шілдесінде Қазалы уездік мәжілісінің шешімімен Арал поселкесінде аудандық атқару камитеті құрылды.

1929 жылы Арал қыстағы аудан орталығы болып бекітілгенде, 1938 жылы наурыз айының 24 жұлдызында ҚазақССР-і Жоғары Кеңестің жарлығымен қала атағы берілді. Қызылорда облысының құрамына енді. Осыған дейін Арал Ақтөбе облысына қарап келді.

1917 жылы кеңес өкметі Арал ауданында алғашқылардың бірі болып орнады. Сойтіп, жаңа жүйе 70 жылдан астам өмір сүрді.

Балық шаруашылығы

Балық шаруашылығы аудан экономикасының шешуші саласы. Аралдықтардың ата кәсібінің негізі ертеден-ақ қалған. 1900 жылдардың басында волгалық ккеме иемденушілер Лапшин, Бузын, Сиротин т.б. арал теңізі мен Әмударияда “Хиуа” акционерлік қоғамын құрған. Бұлар балық аулаған. Оны өңдеген, сатқан. Орасан зор табыс тапқан.

Балық аулау өзіндік тарихы бар кәсіп. Сырдария бойындағы Қазалы, Райым, Аманөткел, Бөген, Қарашалаң елді мекенінде тұратын халықтар қолдан құралдар жасап, ау, жылым, шанышбай, қармақ, т.б балық аулап күнелткен.

1901-1904 жылдары Орынбор-Ташкент темір жолын салу балық шаруашылығының дамуына ең мүмкіндік ашты. Аралға Волга бойынан, Астрахань өңірінен балық аулауды, өңірді білетін, оны мамандық деп иеленген балықшылар келіп қоныстана бастады.

Көшіп келудің көпшілігі Аманөткел және Бөген елді мекеніне қоныстанды. 1901-1904 жылдарда Аманөткелге бірден Оралдақ 40 отбасы көшіп келді. Балық кәсібін жақсы меңгерген орыс көпестері жергілікті халықтарды балық аулаудың қыр-сырына үйретті, екінші жағынан оларға аз мөлшердегі жалақы беріп қанады. Олар ұнатпағанын балық аулаудан шығарып, ау-құралдарын тартып алды. Балықшы кәсіпкерлер оларды белгілі жылдарға келісім шартпен қабылдап, балық аз ауланған жылдарда, әсіресе қыс айларында, қуып жіберді, жалақысыз қалдырды.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Арал ауданының балық, тұз басқа да кәсіпорындары мемлекет қарамағына алынды. Орталық үкімет жергілікті өнеркәсіп орындарына материалық көмек көрсетті.

Арал өңірінде балық өсіру және оны аулау барлық уақытта үкімет органдарының назарында болды. 1925 жылы қазақ автономиялық республикасының (қазақ АССР) халық камиссариаты бүкіл Арал теңізі мен Әмудария бойында балық аулау және оны қорғау туралы Ереже қабылданды. Бұған дейін 1923 жылы Арал қаласында Арал балық аулау инспекциясы құрылған болатын, кейіннен 1925 жылы “Арал мемлекеттік балық трест” құрылуына байланысты. Арал балық инспекциясының көптеген қыметтері балық тресіне берілді де оған балықты аулаудың ережелерін қорғау-бақылау. Қызметі қалды. Сөйтіп Арал қаласында мақссаты бір, әрқайсысының өз өкілеттілігі бар екі мекеме қатар өмір сүрді. Сонымен қатар балықты теңіз бен дарияда өсуін, уылдырық шашу кездерін, қайсы жерде шашатынын, балықтын түрлерін бақылайтын түрлерін бақылайтын, зерттейтін қазақтың ғылымти балық өсіру шаруашылығы (КазНИНРХ) институтының Аралда ихтиология бөлімшесі құрылды. Ихтиология бөлімшесі су өсімдіктерін, теңіз жәндіктерін және оларды пайдалану жолдарын белгілеумен айналысты.институт арнаулы қайықпен, лабораториямен басқа да құралдармен жабдықталды.

Ихтиология бөлімшесі ашылысымен Аралға белгілі ғалымдар келіп қызмет жасады, балықтарға зерттеу жүргізілді, соның нәтижесінде көптеген ғылыми еңбектер жазды. Арал теңізі, оның балығы, болашағы ғалымдардың назарынан тыс қалған жоқ.

Осы кезде Аралда балықтың 21 түрі болды, оның ішінде кәсіпкерлік маңызы бар бекіре, тыран, сазан, торта, қаяз, ақбалық, айнакөз, қылыш балық, шортан, жайын, тісті, т.б. балық өсті.

1936 жылға дейін Арал теңізіндегі балық өндірісі түгелдей Арал мемлекеттік балық тресінің құрамында болды. Мысалы, теңіздің оңтүстік жағалауындағы Мойнақ, Үрге, Үя-сай, Май-паст, Қазақдарья балық аулау, қабылдау, өңдеу зауыттары түгелдей Аралға қарады. Мұның басты себебі Арал мемлекеттік балық тресі тікелей Мәскеуге, одақтық тамақ өнеркәсібі халық комиссариатына қарайтын. 1925 жылы Қамбаш станциясынан балық орталығы Аралға көшіп келді. Міне осы жылдардан бастап Арал қаласына халықта бұрынғыдан да гөрі көп жинала бастады. Жұмыс қолын керек ететін балық кәсіпшілігіне байланысты әртүрлі өндіріс орындары да ашыла бастады. Треске тікелей бағынатын- көлік, жабдықтау, байланыс, шаруашылық, құрылыс, бөлімдері болды. Сонымен қатар Судоверфі, тұз бөлімі, өқу комбинаты, басқара бөлімдері да басқа да балық тресінің әртүрлі саласына жауап беретін бөлімдер құрылды. Әрбір бөлімдер өздерінің басқаратын саласы бойынша министрлігіндегі бөлімдерден нұсқаулар, тапсырмалар, ұсыныстар алып отырды.

“Аралбалықтрест” балықшыларға қажетті түрлі өнімдерді Мәскеуден алып тұрған, сүт, ұн, консерві, нан, киім, байпақ, қолғап, сырмақ, шалбар, баскиім, шапқат, жаз киімдерінің түрлері. Бұларды “Арал балық трестінің” бұйрығымен әр зауытқа, елді мекендерге бөліп жіберіп отырылды. Осы мақсаттар мен міндеттерді шешіп отыру үшін Арал балықшылар тұтыну одағы құрылып (Рыбаловпотеребсоюз) оның құрамына жергілікті кооперациялар енді. Бұлар балықшыларды тұтыну тауарлары және тамақ өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Ал бұл кооперация Мәскеудегi “Центрсоюз” деп аталатын ұғымға бағынды. Трестің тұз бөлімі балықшылардың басқа да халықты қамтамасыз ету үшін тұз комбинатына айналды. Балық кәсіпорындары: балық зауыты, қабылдау пункттері балықты қабылдады, тұздады, қатырды, ысытады, және тоңазытты. Осы кезде 6 балық зауыты болды: Бөген, Ұзынқайыр, Ұялы, Аван, Үшкөл, Қызылорда. Балық өнімдерін тоңазытып қатыратын тоңазыту цехы 1972 жылы салынды, күн сайын 30-40 тонна балық қатырылды.

Арал теңізінде 30-жылдарда 38 балық колхоздары болды. 1940 жылы бассейндегі балық шаруашылықтары Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді. Қарақалпақ республикасына 13 балық колхозы қарады: 8 март, Ворошилов, Микоян, Калинин, Сталин атындағы т.б.

Солтүстік Аралда 22 колхоз болды: Қаратерең, Бөген, Қарашалаң, Шевченко, Қасқақұлан, Қызылбалықшы, Ақшатау, Сталин жолы, Аманөткел, Райым, Шөмішкөл, Бірлестік, Тастүбек, Жамбыл, Ленин, Балықшылар, Жаңажол т.б.

Қазалы ауданында 2 колхоз болды: Микоян атындағы және Жаңажол. Қызылорда да 4 балық колхозы болды: Игілік 1-мамыр, Қызыл шиелілік, Қызыл Октябрь.

Бұлардың барлығында, 1940-1950 жылдары 8 мың балықшы, 6.5 мың жұмысшы мен қызметкерлер еңбек етті. Балықшылық елді мекендерде 20 мыңнан астам адамдар тұрды.

Балық колхоздарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ететін 2 (КРС) (Бөген және Қуаңдария) маторлы балық станциялары болды. Сонымен қатар алғашында екеу, кейіннен бір машина-мелиоративтік станса құрылды. Ол меезгіл-мезгіл су жолдарын қамыс пішінен тазартылып, судың тез жүруіне жағдай жасады. МРС-тың әрбір шаруашылықты бақылап отыратын аудандары болды.

Арал теңізі ондағы балық шаруашылықтары балық аулауды жыл сайын ұлғайта түсті.

Балықшылар балықты теңізден, Сырдариядан және Қамбаш, Ақшатау, Қаракөл, Райым, Жалаңаш, Шөмішкөл, Қотанкөл, Тұщыкөл, Қарашалаң т.б. көлдерден аулады. Әдейі айтатын жәйт, көлдердің, дарияның, жағалауында отырған отырықшы балықшылар ешбір уақытта наурыз айынан бастап сәуір, мамыр, маусым, шілде, және тамыз айларында балық ауламаған. Отырған жерлерінің барлығының улдырық шашып көбеюіне үнемі мүмкіндік берген. Бұл айларда балықшылар көшіп жүріп теңіздің Қаратүп, Жыңғылтөбе деген жерлерінен аулап келеді. Ал, күздеен бастап, қыс айларында аталған отырықшы жерлерінен аулаған, қыстағы балық аулау әдісі жаздағы балық аулаудан ерекше. Осыған сәйкес әр мезгілде әртүрлі балықшы құралдары болуы қажет. Балық аулайтын құралдардың аттары төмендегіше: жылым қайық, ау қайық, қабадан қайық, қыс жылым, жаз жылым, күз жылым, кермеше, ахан ау, сазан ау, тыран ау, торта ау, шемая ау, т.б. Балықшылардың кәсіби құралдары: ескек, желқом, су ат шана, хамут, терте, тағаның шегесі, сүзгі, шыған, жазы, т.б.

Арал теңізінде балық аулаған балықшылар мен олардың ұрпақтары бұл құралдардың аттарын, атқаратын қызметін жақссы біледі.

Аталған құралдардың бәрін МРС мекемесі дайындайтын, балықшыларды олар қамтамасыз етіп отырған.

Бұл құралдар күтімді қажет етеді. Ау мен жылымды балығын қайырғасын жинап алғасын кептіру, суландырмай сақтау қажет. Балықшы балықты дұрыс ұстағысы келсе құралдарын мұхият күте білу керек.

Балық құралдарын белгілі мамандар жасайды. 50-жылдары жылым құралдарының торы фабрикада тоқылып келетінді, ал су (сетка) капрон жіп болып келеді. Сондықтанда бүкіл Арал теңізі балықтарына ау-құралдарын жеткізу үшін Бөгенде, Қасқақұланда, Ұялыда, кейіннен зауыттардың орталығында арнайы ау-құрал цехы ашылды, сонда оларды тоқыды. Цехта 10-15 әйелдер болатынды, басқаратын цех бастығы маман адам болатын. Балықты мол ұстау осы тоқылған құралдардың сапасына байланысты. Мысалы, жылының және аудың қалқысының байланысуы дұрыс болмаса олар суда дұрыс тұрмайды, олай болса балықты ұстауы да нашар болады. Сондықтан балықшылар құрал алғанда оны жасаған да торларын сәйкес келтіру керек.

60-жылдары аулау құраларын жетілдіру жөніндегі ұсыныс-пікірлер құралдар жасайтын фабриккаларға дәлелді түрде жазылды. Соның арқасында аудың түсі көк, сары қоңыр т.с.с болып келетін болды, сөйтіп, балықшылардың, қолмен атқаратын көп жұмыстары жеңілденді. Бұған дейінгі уақытта ау, жылым торлары жәй жіптен жасалынатын болған. Сондықтан оларды 2-3 күнде бір рет, болмаса күнінен бір рет кептіріп тұрған. Сонда ғана олардың төзімділігі, пайдалану, мерзімі ұзартылып отырған. Кейіннен осы құралдардың бәрі жібек, одан кейін капрон жіптерінен жасалынып, бұлар ылғалдан қорықпайтын, тек қана анда-санда кептіріп қойса жеткілікті. Бұл да балықшылардың уақыттарын алатын жұмысын босатты.

50-жылдарға дейін балықшылар балық аулауға шыққанда 4-5 шақырым жерге қайықты есіп немесе қопа, таяздау жерге келсе таяумен таянып жүретін болған. Бұл өтке ауыр жұмыс. Дене күші мықты адамдарда шыдамайтын-ды. Сондықтанда да ертеректе балық аулауға бармайтын-ды. Ол кезде желқом болмады. Ау қайықты екі адам кезекпен еседі, таянады, ал жылым қайықта төрт адам отырады, себебі жылым салу үшін кем дегенде 8 адам болуы тиіс. 50-жылдардан кейін балықшылар қайығына желкен берілді. Ол ауыр жұмысты жеңілдетті. Балық аулау техникасы, әдісі әрбір кезеңде жаңарып отырды. 70-жылдарда жылым-ау қайықтарына мотор салынды. 10,20,30 аттың күші бар мотор салынғанда балықшалықтардың қуанышында шек болмады. Бұрынғы таяулар, ескек, желқом ұмытылды.

Арал теңізінде мұз астынан балық аулаудың да техникасы мен тәсілі дами түсті. Мұз ойықтары сүйменмен ойылса, бұл ауыр жұмыс, біртіндеп техникамен ойналатын болды. Сол сияқты түйемен айналдыратын техникамен ауыстырылды.

Отан соғысы жылдарында жастарды, әйелдерді балық аулауға тартып, зауыттың өндірістік жоспарлардың артығымен орындалуына келелі үлес қосқан. 1945 жылы Арал қаласындағы балық зауытына кәсібі жоғары азамат есебінде, мұздатқыш және балық тұздау цехына бастық етіп шақырылды, онда 1958 жылға зейнетке шыққанға дейін, жемісті еңбек етіп, өзінің кәсібінің жоғарылығы және адамгершілігімен көпшіліктің құрметіне иеленді. Қиндай өңдеп шығарған балықтары Мәскеу көрмесінде де жоғары орын алды. Сол үшінде Қиндайда КСРО балық өнеркәсібінің шебері деген құрметті атақ берілді.

Балықты қыста да, жазда да аулайды. Балық теңіздің әр жерінде, әртүрлі болады. Сырдарияның Қаратереңнің төменгі жағында Арал теңізіне құяр жері бар. Тамыз айында бұл жерден мол балық ауланады. Жазғытұры айларда, су жыли бастағанда, шөмейке балығы көп болады, ол негізінен теңіздің ең терең жерінде Ұялы жәәне Ауан жағында. Ол жаққа балықшылар мерзімді уақытқа көшіп барып аулайды.

Арал ауданының тарихында желтоқсан айында балықты Қамбаш көлінен аулайды. Бұл көл барлық колхоздарға ортақ, аулауға кірісу үшін Қамбаш көлін өзара бөліседі. 1940-1965 жылдар арасында әрбір колхоз Қамбаш көлінен 400-500 центнерден балық аулаған.

Енді бір өнімді балық беретін көл – Ақшатау. Мұның барлығында қыс айында аулайды, көл болғанмен терең болған. Сазанның сапасы өте жоғары.

Арал ауданында бірнеше көл бар. Оның бірі Шөмішкөл, бұған су Сырдариядан құяды, қамысы көп, суы таяз.

Балықты көп беретін жерлер Қаратерең, Қарашалаң, Бөген, Аманөткел болған.

Балық шаруашылығы 90-шы жылдардан бастап тоқырауға ұшырады. Арал балықшыларының қара шаңыраағы – “Аралбалық” комбинаты өмір сүруін тоқтатты. Нарық экономикасы тұсындағы жекешелендіру желеуі Аралдың атын әлемге танытқан атақты кәсіпорыннан айырып қана қоймай, жаңа заманның көшуіне ілесуге тосқауыл жасады. Қасиетті ата кәсіптің берекесімен бой көтерген, талай ұрпақтың маңдай тері сіңген, дәстүрлі мен тарихы жазылған комбинаттың қазір ізі ғана қалды.

Балық кәсіпшілігі – нарық қатынасына бейімделу үстінде.1996 жылдан бастап “Аралдан Категатқа дейін” атты халықаралық Дания-Қазақстан жобасы жұмыс үстеуде. Сонау 70–жылдары теңіз тартылып, суы тұздана бастаған кезде ұлы теңізге кабала балығы жіберілген болатын. Даниялық әріптестер камбала аулаудың шебері ғана емес, оны өңдеп, экспортқа шығарудың маманы болатын. Дат балықшысы Курт Кристенсен бастаған жанашырлар аралдықтарға ау-құрал, тоңазытқыштар әкеліп, теңіз камбаласын аулаудың қыр-сырына машықтандырды. Соның нәтижесінде балық зауыттары жабылып, аз қалған бригадалар қайта кооперативтерге бірігіп, ата кәсібіне оралды. Бүгінгі таңда ондаған кооперативтер мен серіктіктестер 400-ге тарта балықшыларды біріктіріп отыр. Олардың өнімдерін қабылдау және сатудағы “Ақнур”, “Қызмет” т.б. ЖШС-лар айналысып келеді.

Жуырда Қазақстан Республикасы Үкіметтің “Арал аймағын дамыту және қолдау” туралы арнайы қаулы шықты. Үкімет бағдарламасына сәйкес Қызылордада мүдделі министрліктердің қатысуымен республикалық кеңес өтіп, онда аймақта балық шаруашылығын дамытудың перспективалары талқыланды. Осы мақсатта Қамыстыбас балық өсіру питомнигінің өндірістік қуаты үш есе арттырылып, жылына 12млн майда шабақ өсіруге мүмкіндік алды. Соңғы жылдары питомник МАШАВ бағдарламасымен жұмыс істеп, Израйлден құны 143 мың доллар тұратын уылдырық шайқау кешенін алды. Жаңа технология бойынша бірнеше балық түрін өсіріп, көлдерге жіберіп, олардың қорын көбейтуге негіз қалайды.

Сыр бойындағы көлдердің 70пайызына жуығы аудан көлеміне орналасқан. Соңғы жолдары тендер арқылы көлдердің жеке қожалықтарға беру, олардың көл суы мен байлығын қорғау жұмыстарын бақылау шралары жүзеге асуда. Көлдер мен арналарды суландыру жұмыстары жүргізілуде.

Аралдың келешегі- Кіші теңіз екені белгілі. Он жылдан астам уақыттан бері бір салынып, бір бұзылып келе жатқан Көкарал бөгеті енді халықтың көптен бергі арманын жүзеге асырмақ. Бүкілдүниежүзілік банк пен Республика үкіметінің қаржыландыруымен басталған. “Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру” халықаралық жобасының жұмыстары басталы. Ғасыр жобасында жаңа ғылыми-техникалық негізінде ұзындығы 14 шақырым Көкарал бегеті салынады. Бұл әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, экологиялық жағдайды сауықтыруға негіз қалайды. Жоба бойынша балық шаруашылығын дамытып, байырғы кәсіпкерлікті өркендетуге бағыт алынып отыр

Тұз өндірісі

Арал өңірі бір балығымен ғана емес тұзымен де талай елді тамсандырды. Аралдың тұзын пайдаланбайтын ел бұрынғы КСРО-да кемде-кем еді. Тұзды пайдаланбайтын халық шаруашылығының саласы жоқтың қасы, ал жеке адам өмір, оның сүруі тұзбен тікелей байланысты екені көпке мәлім.

Осы тұз Арал теңізінің солтүстік жағасында орналасқан Арал қаласыннан 21 шақырым жердегі “Жақсықылыш” деп аталатын жерден шығады. Жергілікті тұрғындар көлдің бетіндегі тұздарды қолмен жинап күнделікті балық пен етті тұздау үшін пайдаланған. Оны қазып алу, сату, оны басқа жаққа жіберумен жергілікті халық айналыспаған. Бірақ емші адамдар оны киелі зат деп адам емдеуге пайдаланған. Мал өсірумен айналысқан көшпелі халық үй мүлкімен бірге тұзды да қаптап, тиіп алып жүрген.

Жергілікті халық тұз қадірін білгенмен оны өңдеумен айнаалыспаған. Тұз байлығының барлығын 1870 жылы тұңғыш рет анықтаған, жарияланған- тау-кен инженері Р.С.Польм деген орыс ғалымы болған.

Арал тұзын пайдалану Орынбор-Ташкент темір жолының салынуына байланысты. 1913 жылы орыс көпесі Астахов, іле-шала өзбек саудагері Қ.Өмірали Мыңбаев алғаш рет көлдің сарқылмас байлық көзін игере бастады. Екеуі бірлесіп темір жол бойындағы Шөміш және Сапақ бекттерінен сауда базарын ашқан. Олар бұл жұмысқа жергілікті халықты пайдаланған, оларға аз көлемде жалақы берген. Олар 1910-1917 жылдар аралығында 100 мың тоннадан астам тұз өндіріп, одан көп мөлшерде пайда тапқан. Отан соғысы жылдарында түйемен тасып, жолаушыларға тұз сатушылар, тұзды Сапақтан, Шөміштен әкелді. Оларға Жақсықылыштан тұз алуға рұқсат етілмеді. Сатушылардың айтуынша бұл тұздар жер бетінен, әрі сапасы жоғары деген болжамдар айтылды. Олай болса тұз бұлағы Жақсықылыш көлінде ғана емес Арал ауданының басқа жерлерінде де бар екені белгілі.

Аралтұз кенішінің кәсіпкерлік ретінде өндірістік негізде жұмыс істеуі- Қазан төңкерісінен кейін ғана жүзеге асқан, екіншісі Сексеуіл тресі. Арал балық тресіне қарайтын тұз қоймасы және тұз ұнтайтын цех болған. Сексеуіл тресіне – “Аралтұз” “Сапақтұз”, “Шөміштұз” деген өндіріс орындары қалған. Трестің ірір толық кеңсесі Ташкент қаласында болған, ал Арал қаласында оның өндірістік базасы орналасқан.

1925-1926 жылы Аралбалықтресі мен Орта Азия мемлекеттік параходство арасында екі жақты келісім-шарт жасалыпты. Шарт бойынша Арал балық тресі Параходствосы тұзды тасымалдауға міндеттелген.

Парахоство кемемен Аралдан-Мойнаққа, Аралдан-Ұзынқайырға тұз тасып жеткізу ісі ұйымдастырылды.

Аралбалықтресінің сол жылдары тұз өндіретін, өңдейтін қосымшасы болған. Оған, “Жақсықылыш”, “Ыстық”, “Жуантөбе”, “Шөміш” деген жерлерден өндірілген тұздар келіп тұрған. Осы жылдарда Аралдан 3120 тонна тұз өндіріліп, сатылды. 1926 жылы Мәскеуде “Гловос” 1925 жылы тұз қазатын “Соль” атты артель құрылады, ал 1927 жылы кеңес үкеметі тұз өндіретін артельді мемлекеттік кәсіпорын “Сольтрес” деп атайды. 1946 жылға дейін оның кеңсесі Арал қаласында орналасқан.

1928 жылы “Сольтресі” және “Аральсульфат” бірігіп “Аральсульфат” болып аталған. “Сульфат” 1932 жылы экскаватормен өндірілген. “Сульфат ” поселкесі 1933-1934 жылдарда салынған.“Сульфат” кезінде әйнек шығарылған. Әйнек зауыты Арал қаласында болды, ол жабылғасын зауыт үйі 14 мектепке берілген.

“Аралсоль” комбинатының өнім шығаруы жылдан жылға үдей түсті. Егерде 1935 жылы 82,8 мың тонна тұз келсе, ол көрсеткіш 1950 жылы 250,7 мың тоннаға жетті. Комбинат жыл сайын жаңа техникамен қамтамасыз етіліп отырды. Мысалы, 199-АМК комбайны сағатына 250 тонна тұз казады.

Комбинат бірнеше цехтардан тұрады, тұз қазу, тұз өңдеу, тұз қаптау, темір жол механикалық, жылу, электр, құрылыс, автотрактр, қосалқы шаруашылық. Аралтұз комбинатында тұз қазу, түсіру жқмыстары жылына 600-650 мың тонна аралығын негізгі өндірістік буыны – тұзды өңдеу цехы. Бұл процесс механикаландырылған, күрделі кезеңдерден тұрады, жаңа техниканы енгізу нәтижесінде тұздың сапасы “Басқұндақ” тұзынан әлде қайда жоғары.

Арал-сульфат темір жол құрылысы 1928 жылы басталып, 1932 жылы аяқталған, оның ұзындығы 53 км. Екі трест қосылғаннан кейін паравоздар ауыстырылды. Тұз өңдейтін ғимараттар салынды.

Нарықтық экономика жағдайында комбинаттың өндірістік-экономикалық көрсеткіштері төмендеп кетті. 1995 жылы тұз қазу 45 пайызға кеміді. Кезінде одақтың 50-ден астам қалаларына өнім жөнелткен аралтұздықтар күрделі жағдайда қалды.

1993 жылы, комбинат “Аралтұз” комбинатында АҚ-ы тарихының жаңа беті ашылды.

Арал өнеркәсібінің көшбасшысы- Аралтұз АҚ нарықтық қатынастар талабына сай-экономикалық тиімділік пен кеншілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын көтеру бағытында жұмыс істеуге ұмтылуда. Кәсіпорындарға жаңа технологдар енгізу, өнім рыногын қалыптастыру, оның сапасын арттыру мақсатында бірқатар шаралаар атқарылды. Қыстау халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға маңыз беруде. Аралдың ақ алтынын өндіретін алып кәсіпорын өзінің байырғы еңбек және тарихи дәстүрлерін жаңартатын уақыт та келді.